Мен Жарылқасын Әбділлә Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент орта мектебінің 3 «Б» сынып оқушысымын. Ұстазым Нурпейсова Бану әпкей. Ол кісі біздерден бар білгенін аямайды. Менде ұстазым секілді мұғалім болғым келеді.
Бос уақытымда өлең шығарғанды, ертегі құрастырғанды, сөзжұмбақтар мен ребустар шығарғанды ұнатамын. Өзім шығарған өлеңдеріммен сіздермен бөліскім келеді.
Анашым
Аяулы менің анашым
Әрқашан маған панасың.
Ақ сүтін беріп әлдилеген,
Тәрбиеші, ақылшы, данасың.
Айналайын, ақ анам!
Құтты болсын мерекең,
Гүл көктемдей құлпырып,
Бақытты бол жан анам!