Просмотр содержимого документа
«Мені? ?йімні? ауласы. 4-сынып »
22-сабақ 4-сынып
Күні_________________
Лексикалық тақырыбы: атам мен әжемнің үйі
Грамматикалық тақырыбы: жіктік , тәуелдік жалғау
Мақсаты:
1. Тақырып бойынша жоспардағы тапсырмаларды орындау, жаңа сөздерді қайталау. Оларды ауызекі сөйлеуде қолдану. Оқушыларды суретке қарап, өз беттерінше сөз тіркестерімен сөйлемдер, әңгіме құрай білу деңгейіне жеткізу. Жіктік жалғауды дұрыс қолдана білу және аңықтап айта білу
ойлау, есту қаблеттерін дамыту, сөздік қорын молайту
3. оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру
Сабақтың көрнекілігі:
суреттері, сызбалар, карточка, фишка- жүректер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а/ сәлемдесу
ә/ түгендеу
б/ сұрақ жауаптар:
- Сәлеметсіңдер ме,балалар? - Сыныпта кім жоқ? - Бүгін нешесі? - Аптаның қай күні? - Бүгін ауа-райы қандай? - Қазір жылдың қай мезгілі?
1. Оқулық бойынша диалогті оқыту - Сөйлесуді жолдасыңмен оқы.
- Жанар, сенің атаң мен әжең бар ма?
- Иә, бар. Олар ауылда тұрады.
- Атаңның үйі үлкен бе?
- Менің атамның үйі төрт бөлмелі. Бөлмелері өте үлкен, кең. Еденде текемет, қабырғада кілем ілулі. Жататын бөлмеде әдемі сандық бар. Сандықтың үстінде атамның домбырасы тұр. Ас үйде кішкене дөңгелек үстел бар. Үстелдің үстінде қымыз құятын ыдыстар тұрады. Маған атам мен әжемнің үйі өте ұнайды. Ал сенің атаң мен әжең қайда тұрады?
- Менің атам мен әжем қалада тұрады. Олардың үйі де өте әдемі. Сен ертең әжемнің үйіне қонаққа кел.
- Жақсы, рахмет, келемін.
- Сау бол!
- Сау бол!
VІ Бекіту
Жазу минуты
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауды қойып жаз.
1. Менің үй... . 2. Сенің бөлме... . 3. Сіздің кілем... . 4. Оның домбыра... . 5. Біздің ыдыс... . 6. Сендердің туыс... 7. Сіздердің сандық... 8. Олардың қонақ... .
V. Қорытындылау
VІ. Үйге тапсырма
1.Сөздерді қайталау
2. деңгейлік тапсырма
3.Үстел, теледидар сөздерін тәуелде.
АТАМ МЕН ӘЖЕМНІҢ ҮЙІ
Сөздік
кілем – ковер
сандық – сундук
қымыз – кобылье молоко
дөңгелек – круг
қонақ –гость
ұнайды-нравиться
1-тапсырма. Сөйлесуді жолдасыңмен оқы.