Просмотр содержимого документа
«Мен ?з Отанымны? патриотымын»
Тақырыбы: Мен өз Отанымның патриотымын!
Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер ,тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейту. Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сәлем саған алтын күн, Сәлем саған жер ана. Сәлем саған достарым, Сәлем саған ұстазым. • «Жалауша» - ойыны.Жалаушаны достарыңа бере отырып, әркім өз
жанындағы оқушыға өз тілегін айтсын. - Мен саған қуаныш тілеймін. - Мен саған сәттілік тілеймін. - Мен саған бақыт тілеймін. - Мен саған сыйластық тілеймін. - Мен саған ізгілік тілеймін және т.б.
ІІ.Қазақстан туралы бейнетаспа көрсету.Осы бейнетаспаны көре отырып көз алдарыңа не елестеді?
-Қандай көңіл –күйде болдыңдар? - Отан деген не, кім қалай түсінеді?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен. - Балалар біздің Отанымыз қалай аталады? - Біздің - Отанымыз Қазақстан. - Ендеше, бүгінгі сынып сағатымыз «Мен өз Отанымның патриотымын» деп аталады.
Мұғалімнің сөзі: Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Мен өз елімнің патриотымын. Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.
1-топ: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
2-топ: Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
3-топ: Отан- тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз- халқың.
Отан – өлең, Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
4-топ: Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Әр топқа тапсырма беру.
1-топ . «Отан» сөзін топтастыру
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.
Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
Аумалы- төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.
2-топ. Еліміздің рәміздері
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің
халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар
шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.
Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Әнұран. Әнұран мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
3-топ. Мемлекеттік тіл .Сөзжұмбақ шешу
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.
Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
4-топ.-Мен өз Отанымның патриотымын!
Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір адамды патриот дейміз.
Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын. Сол секілді мен де өзімді патриотпын деп толық айта аламын. «Отан от басынан басталды» демекші. Кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Халқымыздың өткен тарихы мені қатты қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалыққан емеспін. Бұның барлығы менің ұлтыма деген сүйіспеншілік, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі уақытта өзіміз секілді құрдастарымның бойында бірінші орында тіліне, еліне, жалпы айтқанда өзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін.
Әр топ берілген тапсырмаларын қорғайды.
Мұғалім: - Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?
«Жалғасын тап» ойынын ойнайық.
1 - оқушы: Отан от басынан басталады. 2 - оқушы: Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. 3 - оқушы: Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл. 4 - оқушы: Отан оттан да ыстық. 5 - оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің, Арың үшін алыссаң өлмейсің. Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптердің тұсына сөздерді іледі
Қ – Қазағымыз аман болсын! А - Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем! З - Заманымыз тыныш болсын! А - Аман болайық! Қ - Қыран құстай биік болайық С - Сарыарқа даласында бейбітшілік болсын! Т - Табиғатты аялайық А - Аман болсын еліміз! Н- Нанымыз көп болсын! Тілек ағашы (Оқушыларға жүрекшелер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, жүрекшелерді іледі.)
Қорытынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойында болу керек:
Отанға деген сүйіспеншілік;
Отанға деген адал сезім;
Отанын қорғауға дайын болу; Мен өз елімнің патриотымын!