kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен - Отанымның патриотымын

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған "Мен - отанымның патриотымын" атты жас сарбаздар байқауының сценарийі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен - Отанымның патриотымын»

1-ші желтоқсан - Тұңғыш Президент күні

«Мен – Отанымның патриотымын!» атты жас сарбаздар

байқауының сценарийі


Мақсаты: Жас ұрпаққа елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін шындау.


ФОН: Музыка


1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» орай өткелі тұрған «Мен – Отанымның патриотымын» атты жас сарбаздар байқауына қош келдіңіздер!


2-жүргізуші:

Президент қызметін Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Ол - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!


1-жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлем мойындаған, жа­һан­ға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі за­манның лидері; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Ке­меңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі.


2-жүргізуші: Елбасымыз – тарих толғатып туған ғасыр­дың тұлғасы, елінің жанын ұғатын, хал­қын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы; еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең білгірі, аңқылдаған ақ көңіл; кекшіл емес, тек­шіл; жікшіл емес, көпшіл; жұртты сендіре де, иландыра да алатын, өз елім менің – өзегім дейтін Азамат.


1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Мен – Отанымның патриотымын» атты жас сарбаздар байқауын ашық деп жариялаймыз!

Г И М Н

2- жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған құттықтау сөз мектеп директоры Құрмашев Бекзат Жанатбекұлына беріледі.

1- жүргізуші: Біздің Президентіміз — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын мықты саясаткер.




2- жүргізуші:

Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.


1-жүргізуші:

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!-дей отырып, Жас сарбаздарымыздың байқауын бастасақ. Алдымен бүгінгі байқауға төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Мектеп директоры Құрмашев Бекзат Жанатбекұлы

  2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдисов Мейрамбай Қасенханұлы.

  3. Әлеуметтік – педагог Шакиров Далел Латифұлы.

  4. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ақтанбаев Ілияс Әбдірахманұлы.

  5. Мәдениет және бұқаралық ақпароат министрі – Долқын Ақнар.

  6. «Жас ұлан» ұйымының президенті Русланұлы Темірлан.


2-жүргізуші:

Бүгінгі жас сарбаздар байқауына 6 звод қатысқалы тұр. Звод командирлерімен таныстырып өтсек: 1-звод – 10а сыныбы, командирі – Оразбек Тілеубай.

2-звод – 10ә сыныбы, командирі – Құралсын Бауыржан.

3-звод – 9а сыныбы, командирі – Жұмабек Абдуали.

4-звод – 9ә сыныбы, командирі – Бақбаев Батыр.

5-звод – 8а сыныбы, командирі – Жанұзақ Әділбек.

6-звод – 8ә сыныбы, командирі – Тұрсынхан Абдулазиз.


1-жүргізуші:

Баййқауымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейік:

  1. Саптық тұрыс. Командамен патриоттық ән орындау.

  2. «Кім мерген?» байқауы. Әр командадан 1 ұл және 1 қыз бала қатысады.

  3. Командирлер сайысы.

  4. Автоматты жартылай бөлшектеп жинау сайысы. Ортаға әр командадан 2 қатысушыдан шақырамыз.

  5. Эстафеталық ойындар жарысы. Әділқазы алқасы сіздерден әр сайыс сайын командалардың ұпайын қойып отыру сұралады.


2-жүргізуші:
Құрметті жас сарбаздар сіздерге сәттілік тілей отырып, ортаға:


1-зводты, яғни 10а сыныбының командасын 1 сайыс - Саптық тұрыс. Командамен патриоттық ән орындауға ортаға шықырамыз.

Ортаға 2-звод – 10ә сыныбының командасын шақырамыз.

Ортаға 3-звод – 9а сыныбының командасын шақырамыз.

Ортаға 4-звод – 9ә сыныбының командасын шақырамыз.

Ортаға 5-звод – 8а сыныбының командасын шақырамыз.

Ортаға 6-звод – 8ә сыныбының командасын шақырамыз.

1-жүргізуші:

2-сайыс: «Кім мерген?» байқауы. Әр командадан 1 ұл және 1 қыз оқушының ортаға шығуын сұраймыз.


2-жүргізуші:

  1. 3-сайыс: Командирлер сайысы. Звод командирлерін ортаға шақырамыз.

  2. 4-сайыс: Автоматты жартылай бөлшектеп жинау сайысы. Ортаға әр командадан 2 қатысушыдан шақырамыз.


1-жүргізуші

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала – Қазақстаным.

5а сынып оқушылары Абекова Аружан мен Анетова Ақеркенің орындауында «Елбасы - көшбасшы» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

5-ші соңғы сайыс – Эстафеталық ойындар жарысы.


2-жүргізуші

Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізге сенімдіміз!


1-жүргізуші:

Ертегі әлеміндегідей өмір сүріп жатқан Қазақ елі-күн сайын емес, сағат сайын өсіп, Өмір — атты дауылды теңізде, Нұрсұлтан- атты кемеңгер көшбасшымен татулық кемесінде жүзе берсін!

5а сынып оқушысы Сансызбаева Айсұлуды «Туған жер» әнімен қарсы алыңыздар!


Қорытынды сөз кезегін және жеңімпаз командаларды марапаттау үшін ортаға әділқазы алқасын шақырамыз.


2-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын! Сау болыңыздар!


Бекітемін

Мектеп директоры

_______ Құрмашев Б.Ж.

« » _____ 2018 ж.


2018 - 2019 оқу жылындағы 1-ші желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары



Іс-шара атауы

Өтілетін орны

Мерзімі

Жауапты

1

ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына арналған кітаптар көрмесі


Оқырмандар залы

26-30

қараша

Кітапхана меңгерушісі

Қасымова Н.Б.

2

«Мен – Отанымның патриотымын!» жас сарбаздар байқауы


Спорт залы

Сағат 12.05 мин.

30-қараша

АӘД пәнінің мұғалімі А.Букенбаев

ПҰ Жұмаділова А.Қ.

«Жас Ұлан» ұйымы

3

1-ші желтоқсан - тұңғыш Президент күніне арналған ашық сынып сағаттарын өткізу


1-10 сынып

Оқу кабинеттері

26-30 қараша

1-10 сынып жетекшілері

4

ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына арналған «Балалық шақтың аспаны» атты көркем фильм көру


Мәжіліс залы

5-7 сыныптар

28-қараша

Тарих пәні мұғалімі Қошқарбаев Д.Т.

5

Қалалық шараларға атсалысу


26-30 қараша


Мектеп ұжымы

















1-оқушы:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлем мойындаған, жа­һан­ға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі за­манның лидері; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Ке­меңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі.



2-оқушы:

Елбасымыз – тарих толғатып туған ғасыр­дың тұлғасы, елінің жанын ұғатын, хал­қын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы; еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең білгірі, аңқылдаған ақ көңіл; кекшіл емес, тек­шіл; жікшіл емес, көпшіл; жұртты сендіре де, иландыра да алатын, өз елім менің – өзегім дейтін Азамат.


3-оқушы:

Көшбасшымыз — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.



4-оқушы:

Біздің Президентіміз — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын мықты саясаткер.



5-оқушы:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.






























































































































































1 жүргізуші: 2 жүргізуші: Көк Ту - ән. (Ту ұстаған оқушылар залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.) Мектеп оқушыларының монтажы

2 жүргізуші: Келесі сөз кезегі аудандық «Жас Отан» жастар қанаты ұйымының атынан беріледі. Ел тынысын тереңінен танып кең, Шарапаты бар адамға дарып тең. Елбасының есімі бұл тарихта Қалар анық өшпес алтын әріппен. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне байланысты мерекелік салтанатты жиын жабық деп жарияланады. Г И М Н Көк Ту әні. Ту ұстаушылар шығып кетеді.

Марапаттау рәсімі Тұңғыш Президент күні мерекесіне байланысты ауданымыздың көркеюі мен экономикасының өсуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтар марапатталады. Марапаттау үшін аудан әкімі __________________және аудандық мәслихаттың хатшысы_______________ортаға шақырамыз. Концерттік бағдарлама Бір басында кемеңгерлік, даналық, Елін сүйген елі үшін жаралып. Сол кісідей болса - болсын әр алып Адамдықтың аласармас үлгісі Бір өзінен жатқаны шын таралып Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне Әсем әнді шырқата бір салалық! Назарларыңызға аудан өнерпаздарының мерекелік концертін ұсынамыз. Қадірлі көпшілік, Тұңғыш Президент күні мерекесінің салтанатын арттыру мақсатында облыс, республика жұртшылығына өнерімен танылған, талантты әнші, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Анна Вундер өз қолдаушы өнерпаздарымен әсем әннен жинақталған концерттік бағдарламасын Сіздердің алқаңызға ұсынғалы келіп тұр, қабыл алыңыздар!



Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/scenarii/1900-president.html#utm_source=read?Like

© www.ZHARAR.comТақырыбы:           Астана – Қазақстан Президенттің символы

Мақсаты: Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев туралы терең мағлұмат беру;Елбасының өмірін, еңбек жолын

үлгі-өнеге ете отырып,  елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген

саясатын үлгі ету. Туған жарге, Отанға деген  сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы,

құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.

Көрнекілігі:портреттер, фотосуреттер, еліміздің рәміздері, Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары.

Барысы: Ұйымдастыру (психологиялық дайындық)

-Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Қараңдаршы біздің шеңберіміз қандай керемет!Ол жай шеңбер емес, оның сиқыры бар (шеңбер бойымен алдын ала дайындалған айналар қойылған)

-Әрқайсысыңыз өз айналарыңды алып, артына қарасаңдар, бір құпия табасыңдар.

Егер күлкі бейнеленсе, онда бір-бірімізбен күлімдей қараймыз, алақан бейнеленсе- қолымызды қысып амандасайық, күн бейнеленсе- жақсы ықыласпен сәлемдесейік, Жүрек бейнеленсе- құшақтасайық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Мұғалім: Көзімізді ашсақ ертегі әлеміне тап болдық.

Ертеде әлемді аузына қаратқан, төрткүл дүниені тамсандырған, дәулеті мен сәулеті тасқан, халқы бір-бірімен тату тұратын, қаласы көркем, даласы дархан, аққуы ұшып, қазы қонған, ел бастаған көсемі, сөз бастаған шешені бар бір ел болыпты. Жаны таза, жүрегі адал паң даланың иесі, сұлу сөзбен садақ иген, ешкімге ұқсамайтын, дара болмысты мұндай халық жер бетінде болмаса керек. Тағдырдың тар жол тайғақ кешуіне дес бермеген қажыр-қайраты, қаһармандығы, адалдығы, бірлік-берекесі біте қайнасқан ерекше қасиетімен әлем жұртын назарына аударыпты. Бақыт деген құстан қайда барып тұрақтайсын десе ынтымағы жарасқан елге деген екен. Ал, бақыт құсы бұл елден ешқайда кете алмапты.

Ендеше балалар осы бір құпияның сыры неде, бұл қай ел екенін бәріміз бірдей іздеп көрейік.

Елбасының дүниеге келуі.

Көрініс:

: Шынымен-ақ шырылдаған нәресте үнін ести алмай өтеміз бе деп жүргенде анасы Райымбек бабаның басына барып зиярат етіп қайтқан түні түнде түс көреді.Түсінде буырқанып, дөңбекшіп жатқан теңізді көреді.Теңізге түседі су әуелі белінен, көкірегінен, содан соң мойнынан асады. Бір кезде басы көрінбей кетеді, тұншығамын деп қорқады, бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатады, аяғы теңіздің түбіне бір тиіп, бір тимейді. Келе жатып су түбінен мылтық тауып алады, Иығына мылтықты асынып алып, аршындай басып теңізді кешіп өтеді.

: Осы түсін ағайындарына жорытқанда «Алла жар болсын, түсің жақсы екен, құдай ұл береді сендерге» дейді. Шынында көп ұзамай анасы бойына бала біткенін сезе бастайды. Сөйтіп 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында осы елдің болашақ көшбасшысы өмірге келеді.

Бұл халқының бағына туған бүгінде әлем таныған көшбасшысына айналған қазақ деген қайсар халықтың президенті Н.Ә.Назарбаев еді.

: Нұрлы ғұмыр нұрлы мекеннен, жанарына нұр тұнған балалықтан, санасына сыр тұнған дала даналықтан бастау алады. Ойынмен еркелеп, еңбекпен есейіп, намысын жігеріне қайрап, тау өзеніне малтып, қыран қиялмен қияндарға қалқып өр мінезді ер мінезбен атастырып, жігіт болып толысады. «Батыр болар балаңды бетінен қақпа, белін бу» деген қағидамен қағу көрмей, еркін өсіп, ер жеткен бала Сұлтан батыр бабалардың басқан іздерімен балалықтың балдәуренін өткізіп, көнелерден жеткен көсем сөзбен сусындады.

Көрініс:

Таңертеңгі шайдың кезі

Сұлтан: Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.

Анасы: Ол қандай түс, балам?(елең ете қалады)

Сұлтан: Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да осы Шамалған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығағарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.

Анасы: Балам сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген жақсы нәрсе Алла тілеуіңді берсін балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен.

Мұғалім: Анасы баласына ақ батасын беріпті.

Міне анасының жорыған түсі дәл келіп, бүгінде аз ғана уақыт ішінде әлемді аузына қаратқан Қазақ елін басқарып, атақ-дәрежесі күллі дүниені шарлап кетті.

 

Мұғалім: Ендеше балалар бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына арналған «Кемеңгер көшбасшымен – татулық кемесінде» тақырыбында өтпек.

Біз білетін Н.Назарбаев-ол

Ұлағатты әке

Мейірімді ата

Өнер иесі

Н.Ә.Назарбаев

Жазушы

Ұлтжанды азамат

Ақын

Сарыарқа, Үшқоңыр, Елім менің т.б.

Олай болса президенттік қызмет туралы кім айтады, ол қызметті қандай адам атқара алады?

1-оқушы: Елдің, халықтың сенімін, үмітін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті жаны Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы, мәдениетті құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін, нағыз патриот қана атқара алады. Балалар Елбасымызды тағы да қандай қырынан танимыз?

.Ол

Әнұранның авторы

Қазақстан Республикасының президенті

Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының бас қолбасшысы

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы

                                                      ЕҚЫҰ төрағасы

Елбасы оқушы көзімен…

1
2. Н.Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәр­биеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жиған, тілін, тарихын, мәдение­тін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлт­жанды Азаматы; қалың елдің жанашыры; мұңдасы, тағдырласы; қорыққанға – қорған, тарыққанға – пана, зарыққанға сана бола білген өз елінің шын перзенті; алдағыны болжай білетін, ертеңгісін де оза ойлай білетін көсемі; елінің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары; халық­аралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен тере­зесі тең, сөйлескенде сөзі асатын, егес­кен­де еңсесін басатын, елдескенде мейі­рі­мін шашатын аузы уәлі, сөзі дуалы саясаткері.

3.
Н.Назарбаев – адамзат тарихын терең білетін, замана ағымын жіті ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пай­даланып, ата-бабадан қалған асыл өнегені әдемі ұштастырып келе жатқан стратег, тәуелсіздік заманының бірнеше ұрпағын өсіріп келе жатқан тәлімгер.

4.
Көк түрктің кіндігінен жаралғандар­дың ішінен озып туғаны да, түрк тектес халықтардың лидері де – Н.Назарбаев. Күні кеше ғана Түркияның Премьер-министрі Т.Ердоғанның Назарбаевты “түрік әлемінің лидері” дегені — сол мойындаудың келісті көрінісі.

Марафон туралы. Болашақ жастардың қолында

Мұғалім: Елбасы ата-бабалардың төрт аманатын көзінің қарашығындай сақтап, қорғап, әлемге танытуға күш салып, еңбек етуде. Ол аманат-Ел, аманат-Жер, аманат-Тіл, аманат-Тәуелсіздік. Осы аманатқа адалдық көрсетіп, бүкіл Қазақстан халқының тағдыр-талайын жауапкершілікке алуы. Сондай-ақ еліміздің 20жылдағы қол жеткізген жетістіктері Елбасының атқарған еңбегінің көрінісі.

Елбасының өзекжарды ойлары:




Мұғалім: Бәріміз жақсы білетін Назарбаев, міне, осындай адам.


2-оқушы: Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымыз өзімізге бұйыратын болды. Ең бастысы қоғамның саяси тұрақтылығымен бірлігіне жетті.

3-оқушы: Бірлікті ту, татулықты тұғыр еткен қазақ елі жасасын.

4-оқушы: Ырыс ынтымаққа жолығады, дәулет бірліпен толығады.

Бәрі: Болашақтың іргесін бірге қалаймыз.

«Есіл ер»

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың

Халықпен бірге ашығасың да, халықпен бірге тоясың

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

Халықтың мұңы мұңдайтының да, халықтың жыры жырлар жыр,

Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жүр.

Соңыңа ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,

Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан қалдыр құр.

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,

Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген

Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,

Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.

Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,

Ананың тілі, баланың тілі, сөйлей білесің не тілде.

Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,

Саған сенбесек кімге сенеміз осынау жердің бетінде..

Т.Молдағалиев

Ән: Нұр аға

Мұғалім:

Orynbasar 25.11.2014 жауап берді 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Мен - Отанымның патриотымын

Автор: Жумадилова Анар Қалибайқызы

Дата: 04.12.2018

Номер свидетельства: 488810

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Интеллектуалды сайыс жоспары Тақырыбы " Мен - Отанымның патриотымын""
    ["seo_title"] => string(64) "intellektualdy_saiys_zhospary_takyryby_men_otanymnyn_patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "488544"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1543751967"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Мен өз Отанымның патриотымын"
    ["seo_title"] => string(31) "mien_oz_otanymnyn_patriotymyn_4"
    ["file_id"] => string(6) "351662"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1477247018"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Мен өз Отанымның патриотымын!"
    ["seo_title"] => string(31) "mien_oz_otanymnyn_patriotymyn_1"
    ["file_id"] => string(6) "348096"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476121097"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Мен өз Отанымның патриотымын! тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(45) "mien_oz_otanymnyn_patriotymyn_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "348107"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476122084"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Мен - кіші Отанымның патриотымын."
    ["seo_title"] => string(34) "mien_kishi_otanymnyn_patriotymyn_1"
    ["file_id"] => string(6) "433053"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1508315513"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства