kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Интеллектуалды сайыс жоспары Тақырыбы " Мен - Отанымның патриотымын"

Нажмите, чтобы узнать подробности

интеллектуалды сайыс жоспары " Мен - Отанымның патриотымын" Білім марафоны 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Интеллектуалды сайыс жоспары Тақырыбы " Мен - Отанымның патриотымын"»



Сынып жетекшісі Джилкибаева Г.Х



Интеллектуалды сайыс

Тақырыбы «Мен - Отанымның патриотымын»
Сайыстың мақсаты: Пәндерді күнделікті өмірде қолдану қажеттілігін көрсету, алған теориялық білімдерін қолдана білуге, өз бетімен шешім қабылдай білуге, қажет уақытында тез, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру.

Сайыс барысы: Сәлеметсіздерме, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі бастағалы отырған интеллектуалды сайысқа қош келдіңіздер! Бүгін сіздер әр түрлі пәндердің жұмбақты да тылсым әлемімен танысасыздар. Бұл әлемнің қаншалықты қызықты да тартымды екеніне куә боласыздар.



Бәріңіз маған қараңдар!

Сайысымызды бастайық

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тастайық.

Интеллектуалды сайыста

Көрсетіп біздер батырлық

Ой толғалық жүйелі

Таңдайымызға татырлық.

Шақырамыз келіңіздер жарысуға,

Күш, өнер, біліммен алысуға,

Бар өнерді салыңыздар ортамызға,

Ал қанекей шығыңыздар сайысуға.

(Ортаға сайыскерлер шығады.)





Сайыс шарты: Интеллектуалды сайысына 3 Б сынып оқушылары бақ сынасады. Сайыс 5-кезеңнен тұрады.

1-кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» (таныстыру)

2-кезең. «Кім жылдам?» (пән бойынша сұрақтар)

3-кезең. «Кім жүйрік?» (логикалық сұрақтар)

4-кезең. «Ғажайып бестік»

5-кезең. «Тұлғалар»









1-кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» (таныстыру)

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Демеймін заман сөздері,

Түбі бүгін өзгерді.

Бағыңды сынап сайыста

Көрінетін кез келді, - дей келе «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» сайысына береміз. (Әр топ оқушылары өздерінің таныстыруларын айтады)



2-кезең. «Кім жылдам?»

2-кезеңде сұрақтар берілген. Егер де ол жауап бере алмаса келесі топ оқушылры жауап бере алады. Әр жауап 3 ұпаймен есептеледі.



1-сұрақ. Нөл температурада су неге айналады? (мұзға)

2-сұрақ. Құс жолы қандай пішінде болады? (шиыршық)

3-сұрақ. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы. (модем)

4-сұрақ. Үшбұрыштың қабырғаларының қосындысы не деп аталады? (периметр)

5-сұрақ. Ең кіші планета ? (Меркурий)

6-сұрақ. 9 х 8

7-сұрақ. Зат есім деген не?

8-сұрақ. Отбасына кімдер енеді?

9-сұрақ.  . Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қай тіл?

10-сұрақ. Бетпе-бет кездесіп, пікірлесіп ой бөлісу. (Ауызекі сөйлеу стилі)

11-сұрақ. Астана еліміздің қай жерінде орналасқан?
12-сұрақ Ауыл көлігіне не жатады?

14-сұрақ. Ас қорыту мүшелеріне не жатады?

15-сұрақ. Мұрын ... ағзасы:
16-сұрақ. Тағам адам үшін:
17-сұрақ. Ауаны неге көрмейміз?

18-сұрақ Қан айналым мүшелерін ата?


3-кезең. «Кім жүйрік?» (логикалық сұрақтар)



1.Тырналар әдетте топпен ұшқанда үшбұрыш жасап ұшады: алдында бір тырна, екінші қатарда екеу, үшінші қатарда үшеу, тағы да сол сияқты. Егер соңғы қатарда 15 тырна ұшып бара жатса, тырналар тобында барлығы неше тырна ұшып барады?

Жауабы: 120 тырна



2.Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?

Жауабы: 20

3.Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы осы жолды күніне екі шақырым жүріп, бір шақырым кейін қайтады. Жолаушы қыстаққа неше күнде жетеді?

Жауабы: 9 күнде

4.Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірден алады. Сонда бір асық дорбада қалады, бұл қалай болғаны?

Жауабы: дорбасымен бірге алады.

5.Қорада тауықтар және сиырлар бар: олардың аяқтарымен мүйіздерінің саны -100. Сонда қорада қанша тауық және қанша сиыр болғаны?

Жауабы: 8 тауық 14 сиыр

6.Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?

Жауабы: Барлық айда

7. Анасы 50жаста, ал қызы 28жаста. Бұдан неше жыл бұрын қызы анасынан екі есе кіші болды?

Жауабы: 6жыл



4-кезең. «Ғажайып бестік»

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын, - деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.

Бес ойыншы қатысады. Алдыңғы кезеңде жиналған ұпай үшінші кезеңде де сақталады.  Үшінші кезеңде мектеп бағдарламасына сай 5 пәннен сұрақтар қойылады.

5 топ. Өз пандеріне байланысты мамандық иелерін атап жазады.

5-кезең. «Кім алғыр?»

Бұл кезеңде қатысушылар мына тұлғалар жөнінде білген мағлұматтарын айтады: К. Горичева. А.Айымбетов. Н.Назарбаев. Қ.Нұртас. М.Жунісова

Қорытынды: Алған ұпай сандары бойынша жеңімпазды анықтау. Марапаттау.

Ойын толық, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.



Ойын толық жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып– дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Интеллектуалды сайыс жоспары Тақырыбы " Мен - Отанымның патриотымын"

Автор: Джилкибаева Гулжан Хасановна

Дата: 02.12.2018

Номер свидетельства: 488544

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Рефлексивный отчет по работу учителя"
    ["seo_title"] => string(43) "rieflieksivnyi_otchiet_po_rabotu_uchitielia"
    ["file_id"] => string(6) "415746"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1494912929"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства