Оқушылар мақалдарды оқып не туралы екенін айтады.
Отан оттан да ыстық.
Отанды сүю — от басынан басталады.
Отан үшін күрес —Ерге тиген үлес.
Отансыз адам — Ормансыз бұлбұл.
Мақал отан туралы. Отансыз адам өмір сүре алмайды. "Отан" деген сөзді жиі естиміз. Бұл бізге бала кезімізден таныс. Отан туралы айтқанда туған жеріміз, балалық шағымыз өткен жер туралы ойлаймыз. Сен алысқа кетсең,өз үйіңді сағынасың.Туған жердің топырағы,ауасы,жусаны мен гүлдері,жалаң аяқ ойнаған жерлерің-сенің туған жеріңді құрайды.Туған жерсіз адамның күні жоқ.Яғни барлық адамның туған жері,елі болмақ. Менің туған елім-Қазақстан.
