| І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа даярлау. Адам — бұл бір тұтас әлем, егер ғаламды түсінгің келсе, алдымен өзіңді таны. Абай Құнанбайұлы «Айырмашылықты сезіну» ойыны (когнитивті, эмоционалды, физикалық және әлеуметтік дағдыларды дамытуға арналған жаттығу). Оқушыларға үстелде тұрған тосынсыйлар қорабына назар аудару ұсынылады. Мұғалім үш оқушыны шақырып, қорапқа қолдарын салып, ішінде не жатқанын қолдарын қораптан шығармай анықтап табуды сұрайды. (Қорапта алма, картоп, анар бар). Мұғалім балаларға осы заттардың арасында не ортақ екенін және оларды бір-бірінен қалайша ерекшелендіретінін анықтауға тапсырма береді. Оқушылар дың жауаптарын кестеге жазу керек. Мысалы: | Картоп, алма,анар | | | | Ұқсастығы неде? | Айырмашылығы қандай? | | | | Пішіні дөңгелек. Қабығы, мәйегі бар. Барлығы жеуге жарамды. Денсаулыққа пайдалы (құрамында дәрумендер бар). | Пішін ерекшеліктері (картоп сопақша, анардың құйрығы бар, алманың таяқшасы бар). Әр түрлі өсу орны (картоп – жердің астында, анар мен алма - ағашта). Әр түрлі топтарға жатады (картоп - көкөніс, алма және анар - жемістер) Дәмдері әртүрлі. Түстері әртүрлі. Олардың құрамында әртүрлі дәрумендер бар | | | Талқылауға арналған сұрақтар Айырмашылығы қандай? Пішін ерекшеліктері (картоп сопақша, анардың құйрығы бар, алманың таяқшасы бар) Әр түрлі өсу орны (картоп – жердің астында, анар мен алма - ағашта). Әр түрлі топтарға жатады (картоп - көкөніс, алма және анар - жемістер). Дәмдері әртүрлі. Түстері әртүрлі. Олардың құрамында әртүрлі дәрумендер бар. Бірдей, бірақ сонымен қатар айырмашылықтары да бар заттарды тағы қалай атауға болады? (тамақ, сусындар, киім және т.б.) -Адамдар туралы, сен және біз туралы дәл солай айта аламыз ба? -Сен және біздің ортақ қасиеттеріміз бен айырмашылықтарымыз көп пе? 2. Әрі қарай мұғалім сыныпты екі топқа бөліп, бетпе бет тұрып, екі шеңберге - ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Екі шеңбердегі қатысушылардың саны бірдей. Сыртқы шеңбердің қатысушылары қарама-қарсы серіктестеріне: «Біз екеуміздің ұқсастығымыз...» деген сөзден басталатын сөйлемді айтады. Мысалы: «Біз жер планетасында өмір сүріп жатырмыз, біз бір сыныпта оқимыз» және т. б. Ішкі шең бердің қатысушылары: «Сен және біздің айырмашылығымыз...». Мысалы: «Біздің көздеріміздің түсі әртүрлі, шашымыздың ұзындығы да әртүрлі» және т.б. Содан кейін жүргізушінің бұйрығымен ішкі шеңбердің қатысушылары серіктесін ауы стырып, (сағат тілімен) қозғалады. Бұл рәсім ішкі шеңбердің әрбір қатысушысы сыртқы шеңбердің әрбір қатысушысымен кездескенше дейін қайталанады. Осылайша, сыныптастар бір-бірімен жақынырақ танысады: олар бір-біріне қа лай ұқсас, немен ерекшеленеді, кімнің мүдделері мен әдеттері ортақ және т.б. айырмашылықтары белгілі болады. Осы жаттығу орындалғаннан кейін оқушыларға сұрақтарға жауап беру ұсынылады. • Жаттығу кезінде қандай сезімде болдың? • Басқалар туралы (қызықты, таңқаларлық) не білдің? 3. Мұғалім барлық оқушыларды еденде бормен алдын-ала белгіленген сы зықтан тыс тұруға шақырады және оның әлеуметтік құзыреттілігін сипаттайтын белгілі бір жеке қасиеттерді атайды. Оларға не сәйкес келетінін естігеннен кей ін, балалар мұғалім еденге бормен салған басқа сызыққа көшеді. (Ойынның бұл бөлігінде қол шапалақтауды қолдануға болады. Мысалы, оқушылар сыныптаста рына, аталған сипаттамаларға сәйкес келгенде қол шапалақтайды). Сипаттамалары: Ата-аналарға кім көмектеседі, алға қадам жаса… Кішілерге кім қамқорлық жасайды… Достарын кім жақсы көреді…- Үлкендерге кім құрмет көрсетеді… Басқаларға жағымды сөйлегенді кім жақсы көреді… Кім жақсы істер жасайды және т.б. Мұғалім қорытынды жасайды және сабақ тақырыбына алып келеді: Біз бәріміз әр түрліміз, бірақ сонда да ұқсаспыз, әрі теңбіз! Біз жақсы және мейірімді адам болуға тырысамыз 2. Негізгі бөлім Ақпараттық блок Интерактивті: жәбірлеу туралы мультфильмді қарау және талқылау (бастауыш сыныптағы балалардың ерекшеліктеріне сәйкес) «Мира мен Гоша туралы» мультфильмі, «Ұят» сериясы https://www.youtube.com/ watch?v=4cJ7YT6Zhis Мұғалім мультфильмді көргеннен кейін оқушыларға сұрақтарға жауап беру арқылы өз сезімдерімен бөлісуді ұсынады: • Гошаның орнында қалай әрекет етер едің? Ата-анаңа / мұғаліміңе / до старыңа не болғанын айтар ма едің? Неліктен? • Өзің ең жақсы қасиетіңді анықта және ата. Бұл саған өмірде қалай көмек теседі? • Егер сенде супер күш таңдау мүмкіндігі болса, ол қандай болар еді? Не үшін ондай күшке ие болғың келеді? Мұғалім оқушылармен әртүрлі жауап нұсқаларын талқылайды және олардың таңдауын түсіндіруді сұрайды. Жауаптар балалардың эмпатия қабілетін және тал дау жасау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Мұғалім талқылауды аяқтайды: «Біз әртүрлі дағдыларға, күштерге, қабілеттерге ие бола аламыз және осылайша бір-бірімізден ерекшелене аламыз. Бұл әр тұлға ның бірегейлігі. Бірақ барлық адамдарда болуы керек қасиеттер де бар». Мұғалім бұл қасиеттерді атайды: басқаларға мейірімді болу, құрмет көрсету, бір-біріне көмектесу, өзін және басқаларды ести білу. Оқушыларға тізімді толықтыру ұсы нылады. Таңдауға арналған ойында «Суперқаһарманмен сұхбат» рөлдік ойыны Мұғалім оқушыларды жұпқа бөлуді ұсынады. Әр жұпта 1 сұхбат алушы (фильм дегі, мультфильмдегі немесе ертегідегі суперқаһарман/кейіпкер) және 1 сұқбат беруші бар, ол кейіпкерге оны қызықтыратын сұрақтар қояды. Мысалы: 1) Сеннің атың кім? 2) Сенің сүйікті түсің қандай? 3) Сүйікті фильм/мультфильмің қандай? 4) Сүйікті әнің? 5) Сүйікті кітабың/ертегің? 6) Сүйікті тағамың? 7) Сүйікті киім стилі? 8) Сүйікті хоббиің? 9) Сенің ең жақсы қасиеттерің? 10) Сен өскенде кім болғың келеді? 11) Сенің арманың қандай? Сұқбат барысында қатысушыларға суперқаһарманның жауаптары үшін қиялда уға рұқсат етіледі, сонымен қатар сен өзіңе жауап бере аласыз. Шығармашылық сұқбат үшін микрофон ретінде қаламдар/қарындаштар ұсынылады. Серіктеспен жұмыс істеу-өзіңізді түсінуге жақсы мүмкіндік. Кері байланыс өз ойларын тудыруы мүмкін. |