kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош келдің жаңа жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Зал мерекеге сай безендірілген
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға

«Тұлпар» тобын
Ертеңгілік басталсын
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы:

 Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
(қол соғып киінген ата - аналар кіреді)
Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,. шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Балалар: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.
Айлин.М: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
 

Дамир: Шыршамызда қаншама
Түрлі - түсті шырақтар
Күлгін түсті тоқаштар
Жарқыраған алтын бар.
Абдуали:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Ертеңгілік басталды,
Аяз ата  басқарды.
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 – рет

( Аю келеді)
Аю: Сәлеметсіздерме балалар! Жаңа жылдарыңызбен!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар: Аю.
Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес.
Балалар: иә.

(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)
Маша:– Керемет.(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю жүгіріп келіп Машаны көтеріп алады)
Аю:- Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)
Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)
Жүргізуші: Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік. (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)
Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.
(шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі - түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.

Балалар: Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Сиыр:
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Балалардың тақпақтарына кезек берейік.
Нұрадин:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.

О.Раяна
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.

Эльдар:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар

Ақшақар: Ой бәрекелді балалар, қандай тамаша. Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр.
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге.
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі.
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын..
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.
Айбике:
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен.
Би:«Қуыршақ»
Аяз ата:
Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Нұрадин:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.
Еркеназ:
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын Ақшақар!
Мариям:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Ануар:
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.
Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын тышқан жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, тышқан қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.
(жылтыр сандық ішінен тышқан билеп шығады)
Тышқан:- Ау, сиыржан сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.
(Ата - аналармен сұхбат.)
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.
Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
Аяз ата: мына балаларда мықты екен. Енді мен дем алсам деймін.
Жүргізуші: Иә, ата, дем алыңыз, ортамызда биші ата - аналарымыз да бар. Тамашалайық!
Би: «Ергежейлілер»


Тышқан:
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Балалар: Қош бол Ескі жыл!
Сиыр:
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
Түлкі:- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкі
Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)
Қасқыр: Ах, түлкі, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо - хо. Охо - хо.
(осы кезде ит шыға келеді)
Ит:
Ей, қасеке, қасеке
Сен де адал емессің.
Мен тұрғанда қозы, лақ
Оңайлықпен жемессің.
Аф - аф - аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Тақпақ айтып беремін.
(Түлкі мен қасқырды үріп қуып жібереді)
Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды)

Жүргізуші: Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген ата - аналарды марапаттағым келіп тұр.
(ата - аналарға алғыс хат табыстау)
- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір.
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Аю: Балалар сендерге үлкен рахмет Машат екеумізде өзіміздің мекенімізге қайтайық. Сау болыңдар балалар!

Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош келдің жаңа жыл»

«Қош келдің, Жаңа Жыл!»
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы біздер ертегі әлеміне келіп қалыппыз ғой, қараңдаршы мына жерден нені көріп тұрсыңдар?
Ендеше біз осы жерде Жаңа жыл мерекесін тойлайық. Құрметті ата - аналар, қонақтар, «Алма» балабақшасының ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.
Ой балалар, мында кім жүр?
Бауырсақ: Сәлеметсіздерме балалар, аяз - ата балаларға апара жатқан сыйлықтар салынған қоржынды жоғалтып алыпты, сендер көрген жоқсыңдар ма? Мен басқа жерлерден іздеп келейін.
Қоян:
Мен қоянмын қорқақтау,
Кішкене тілім шорқақтау.
Балалар, сендер Бауырсақты көрдіңдер ме?
Жүргізуші: Ой, қоян, сен бауырсақты іздеп жүргенше, бізбен бірге Жаңа жылды қарсы ал. Біздің балалар жақсы өнерлерін көрсетеді.
Қоян:
Әнді сүйіп тыңдаймын
Бірге айтсақ шыңдаймын.

Жүргізуші: Ендеше бәріміз бірге ән шырқайық.
Хор: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Мынау кім екен?
Қасқыр: Кім дегенің қалай? Ол ең әдемі, ең батыл, ең мықты, ең шапшаң, ол мен - қасқыр.
Жүргізуші: А...... солай ма? Осында қалай келіп қалдың?
Қасқыр: Мен жай жүрмін, сендердің мерекелеріңе әдейілеп келдім. Ал сендер бауырсақты көрген жоқсыңдар ма?
Жүргізуші: Ал сен оны қайтейін деп едің?
Қасқыр: Жай, менің қарным ашты, ой айтып қойдым ғой.
Жүргізуші: Қасқыр, саған ұят емес пе? Сен неге оны қуалайсың.
Қасқыр: Мен бәрібір оны жеймін.
Жүргізуші: Сен оданда бізбен бірге Жаңа жылды тойла. Балалар, сендер қасқырға тақпақтарыңды айтып беріңдерші.

Айлин: Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.

Ақтолқын: Шеберін ай аяздың,
Әйнектерді қағаз ғып.
Әшекейлеп қойыпты,
Бірнеше ою ойыпты.
Суреттерді әр үйге,
Әйнектерді әрине.
Түнде салып береді..

Алихан: Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз

Дәулет: Ақ құрауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына


Абдуали: Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақтан киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты


Аю: Балалар қыста жейтін азығым таусылып қалды. Сендер бауырсақты көрген жоқсыңдар ма? Сендер неге әдемі болып киініп алғансыңдар?
Жүргізуші: Ооооооой аю, қараңызшы біздің балалар әп - әдемі киініп алған, себебі олар Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр. Келіңіз, төрлетіңіз.
Балалардың әдемі биімен көңіліңізді көтеріңіз.

Би: «Жаңа жыл»
Жүргізуші: Балалар, біздің мерекеге кімдер жетіспейді. Қанекей бәріміз бірге дауыспен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
1, 2, 3 Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!!!
Аяз ата: Сәлеметсіз бе, балаларым,
Балаларым балғыным.
Өмір гүлім, шалғыным.
Тілейтінім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың,


Ақшақар:
Сәлеметсіздерме балалар.Бәрің өте әдемі болып тұрсыңдар.Шыршаның шамын жағып алайық, қанекей бірге.....
Бәрі бірге: «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»
Аяз ата: Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс - алыс жолдардан келемін. Балалар мен сендерге әкеле жатқан сыйлығымды жоғалтып алдым.
Жүргізуші: Аяз ата, сіз қам жемеңіз, біздің балалар бар, жиналған аңдар бар, сізге көмектеседі. Мен өзіммен бірге жаңа жылды алып келдім.
Ескі жыл: Балалар менің сендермен қоштасатын уақытым келді. Мен сендермен уақытымды әр кез қызықты өткіздім. Сендерге үлкен рахмет. Жаңа жылда үлкен сәттіліктер тілеймін. Сау болыңдар балалар!

Балалар: Сау болыңыз!

Жаңа жыл: Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Жүргізуші: Балалар, Жаңа жылымыз ортамызға аман - есен келді. Ендеше Жаңа жылымызға ән орындап берейік.

Ән: «Жаңа жыл».
Мыстан: Ой, қандай әдемі, қандай биік шырша. Мына шыршаны алып кетсем қайтеді.
Қойшы, жолдан шаршадым, біраз тынығып алайын.

Түлкі: Маған жетер ешкім жоқ,
Мен сұлумын орманда.
(Бауырсақты іздеп жүргенін айтады)
Қанеки бірге таласа,
Менімен де, балалар,
Ойнасын ойын тамаша.
Ойын: «Шыршаны безендір» сайысы

Ойын үшін бірнеше лента, жылтырақ пен ойыншықтар (ойыншы санына қарай) қажет. Балалар екі кішкентай шыршаны безендіреді. Қай жұптың «шыршасы» әдемірек болса немесе қайсысы бірінші бітірсе, сол жұп жеңеді.

Мыстан:Мен жаңа келе жатсам, мына қоржынды тауып алдым. Бұл сендердікі емес пе?



Балалар:

Бұл Аяз атаның қоржыны

Мыстан:

А… ендеше сендер өлең айтың, би билеңдер, тақпақтар айтың сосын аласыңдар. Бірақ қоржынды ашып көрейін ішінде не бар екенін көрейін.


(Қоржынды ашады, ішінен сайқымазақ шығады)

Сайқымазақ:
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап,
Қызық күлкі тыңдаңдар!
(Амандасады ) мен Жаңа жылды тойлауға келе жатып, адасып қалдым, тоңып қоржынға кіріп жылынып отыр едім, Мыстан әже маған көмектесті ғой. Қанекей олай болса, барлығымыз менің қуанышыма би билеп жіберейік.

Би: Ергежейлілер
(Бауырсақ Аяз атаның қоржынын тауып келеді.)
Аяз ата: Балақандар, өздерің қандай өнерлі, ақылды, тәртіпті баласыңдар! Әрқашан езулеріңнен күлкі кетпесін, өмірлерің ұзақ болсын, болашақтарың жарқын болсын, денсаулықтарың мықты болсын!
Ата – аналарыңмен ата - әжелеріңнің қызығына ғана өсе беріңдер! Бізді басқа да балалар күтіп отыр, енді кетуіміз керек. Сендерге арналған сыйлықтарды қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рақмет! Жаңа – жыл сіздерге тек қуаныш, бақыт, денсаулық алып келсін!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қош келдің жаңа жыл

Автор: Есқуатқызы Айжан

Дата: 13.04.2021

Номер свидетельства: 578064

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""?ош келді? жа?а жыл!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-9"
    ["file_id"] => string(6) "246209"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446310294"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Қош келдің, Жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(28) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_12"
    ["file_id"] => string(6) "448069"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515170379"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "« Қош келдің Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(24) "kosh_keldin_zhana_zhyl_3"
    ["file_id"] => string(6) "498077"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549037543"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Жа?а жыл жарыл?асын""
    ["seo_title"] => string(20) "zhanazhylzharylkasyn"
    ["file_id"] => string(6) "275308"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452537938"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Жаңа жылдық ертеңгілік «Келді міне, Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(46) "zhana_zhyldyk_ertengilik_keldi_mine_zhana_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "493003"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545888027"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства