Саба?ты? ма?саты: ?тілген та?ырыптар?а байланысты ?айталау есептерін шы?ару
саба?ты? міндеттері: К?бейту б?лу амалдарымен есептеу да?дысын машы?тандыру;
санны? ?лесін табу да?дыларын дамыту;
Ба?ан бойынша ?ш та?балы сандарды ?осу, азайту да?дыларын ?айталау ;
Жай, к?рделі те?деулер да?дыларын шешу да?дыларын жетілдіру.
Просмотр содержимого документа
«Математика п?нінен 3 сынып бойынша саба? жоспары»
Матеметика 3 сынып сабақ:40
Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыпты қайталау, есептер шығару
Міндеттері:
Көбейту, бөлу амалдарымен есептеу дағдысын машықтандыру;
Санның үлесін табу дағдыларын дамыту;
Баған бойынша үш таңбалы сандарды қосу, азайту дағдыларын қайталау;
Жай, күрделі теңдеулер шешу дағдыларын жетілдіру;
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, логикалық ойлау дағдыларын арттыру;
Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже :7-ге көбейту, бөлу кестесін құра, есептей біледі, өзін –өзі бағалай алады.
Модульдері: СТО ,ОЖЕ ,ТжДОЖ ,ОҮБжОБ, ДО (диалогтық оқыту)
Бағалау:формативті бағалау, бағалау парағы
Деректер:тақта, стикерлер, постерге арналған қағаз, маркерлер
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақта қолданылатын әдіс –тәсілдер: стикердегі тапсырмалар, «конверттегі тапсырма», постер, «галереяны шарлау», «лездеме сұрақтар»,«бес саусақ»
Сабақ кезеңдері | Уақыт | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Білу | 2мин 5мин | Ынтымақтастық атмосферасын құру «Қайталау білім айнасы» Үй тапсырмасын, өткен тақырыпты пысықтау | Оқушылар шаттық шеңберіне шығып стикердегі тілектерін оқып алмасады «Ізгі тілектер»стикер түсіне байланысты жұптарын таңдайды. Стикердегі жазылған ретпен үй тапсырмасын өткен тақырыпты пысықтау Сұрақтар арқылы 7 санына байланысты ұғымдарды қайталау, 7-нің көбейту, бөлу кестесі | Оқушылар жұптарымен отырады №7 есепті оқып тексереді, бағалайды /смайлик арқылы/ |
Түсіну | 7мин | «Конверттегі тапсырма» 1конверт-«Жеті атаны» атау: Көбейту 2 конверт – «Жеті қазынаны атау» Бөлу 3 конверт – «Аптаның жеті күні» 5 санының көбейту кестесі Постер жасау, ережелерді еске түсіру | Мұғалім 2 жұпқа және 1 оқушыға жеке тапсырма береді 1 жұп – Көбейту сөзіне постер жасау 2 жұп – Бөлу сөзіне постер жасау Рамазан-5 тің көбейту кестесін құру | Әр жұп өз постерлерін қорғайды, бағалау «Бағдаршам» арқылы |
Қолдану | 4 мин | Санның үлесін табу суретпен жұмыс /жеке оқушылармен жұмыс / | Суреттерді таратып беру , дөңгелектің үлесін айту, тақтада жазу | Қолпашату |
Сергіту сәті | 2 мин | | Оң қолымда 5 саусақ, , Сол қолымда 5 саусақ, Екі қолды қосқанда , Болады екен 10 саусақ. Оң аяқта 5 башпай, Сол қолымда 5 башпай , Екі аяқты қосып ап, Адымдаймыз сарбаздай. | Оқушылар жаттығулар жасайды. |
Талдау | 15мин | «Галереяны шарлау» /Астана қаласының көрнекті жерлері туралы мағлұмат/ 1.Бәйтерек 2.Ақорда 3.Акванариум 4.Ханшатыры 5.Нұр-Астана мешіті | Әр оқушыға жеке тапсырмалар , ноотбук арқылы суреттерін көру Ақорда:күрделі теңдеу Ханшатыры: күрделі теңдеу Нұр –Астана мешіті: баған бойынша есептеу, дұрыстығын тексеру: 1000- 479 Бәйтерек: Баған бойынша есептеу , дұрыстығын тексеру: 929-488 Акванариум: 15 см таспабауды теңдей 5 бөлік-ке қайшымен қиды .Бір бөлігінің ұзындығын тап. | Әр оқушы өзіне берілген сурет туралы айта кетеді және берілген тапсырманы тақтада орындайды . Оқушылар тексеріп , жазып, бағалап отырады. |
Жинақтау | 5мин | «Лездеме сұрақтар» Сұрақ –жауап арқылы өткен тақырыпты пысықтау. | 2+2+2+2+2 өрнегін қандай амалмен алмастырамыз? Көбейту амалының компоненттері қалай аталады? Көбейтуге кері амал қандай? Бөлу амалының компоненттерінің аталуы? Санның 2-ден бір үлесін қалай атаймыз? Ширек дегеніміз санның қандай үлесі? Көбейту амалының қандай қасиеті бар? | Оқушылар шапшаң жауап беру керек , бағалау парақшасына белгілеп отыру |
Үйге тапсырма беру , бағалау | 3 мин | Үйге тапсырма беру, оқушылардың бағалауы | №6 амалдардың орындалу тәртібі сақтай отырып есептеу Оқушыларға өздерін бағалау парақшасындағы ұпайларымен есептеуге мүмкіндік беру | Өзін –өзі бағалау парақшасындағы қойған ұпайларына байланысты бағалау, мұғалімнің жиынтық бағалауы |
Рефлексия | 2 мин | «5 саусақ» | Оқушыларға параққа қолдарының суретін салғызу | Оқушылар параққа қолдарының суретіне нақты бүгінгі сабаққа байланысты ойларын жазады |
Бағалау парағы
Оқушының аты | Үй тапсырмасы | Постер жасау, қорғау | Санның үлесін табу | Галереяны шарлау (жеке тапсыр- ма орындау) | Лездеме сұрақтар | Қосымша тапсырма | Барлық ұпай саны | Орташа баға |
Әділбек | | | | | | | | |
3 ұпай – қатесіз, толық жауап болса
2 ұпай – болмашы қате болса, жауап толық болмаса
1 ұпай –қате шығарып, өз қатесін түзесе
0 ұпай мүлдем қатыспай, тапсырмасы қате болса