kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Математика әлеміне саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математика   әлеміне  саяхат   туралы   түсінік  беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Математика әлеміне саяхат"»

Тақырыбы: Менің сүйікті балабақшам.

Өткізілген күні: 14.02.2017 жыл.

Мақсаты: балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру,достық қарым-қатынас сезімдеріне тәрбиелеу.

Міндеттері: үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету, балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту, айналасындағы адамдарды жақсы көруге тәрбиелеу.

Әдістер: түсіндіру, әңгіме, ойын.

Көрнекілік: балабақша суреті, безендірілген бөлме.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме балалар? Көңіл-күйлерің жақсы ма? Балалар бүгін ерекше күн.  Біздің сабағымызға көптеген  қонақтар келіп отыр, олай болса қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Балалар:

Сәлем беріп сіздерге,

Бас иеді ұл мен қыз.

Болашағы Отанның,

Азаматы біздерміз.

Мұғалім:  Жарайсыңдар балалар !Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің сүйікті балабақшам!» деп аталады. Балабақша- бұл біздің екінші үйіміз. Біз таңертең балабақшаға келіп күні бойы осы жерде тәлім-тәрбие аламыз, ойыншықтар ойнаймыз, тамақтанамыз, сондықтанда балабақшаны екінші үйіміз деп айта аламыз, солай ғой балалар! Ендеше балалар барлығымыз бір-бірімізге, қонақтар мен ұстаздарға жақсы көңіл-күй сыйлайықшы. Қане шаттық шеңберін құрайық.

Балалар:

Еліміз тыныш болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Дастарханнан дәм кетпесін,

Көңілімізден сән кетпесін.

Тәрбиеші: Рахмет жарайсыңдар. Балалар, сендер күнде қайда келесіңдер?

Балалар: Біз балабақшаға келеміз.

Мұғалім: Ертеңгісін балабақшаға келгенде достарымызға не дейміз?

Балалар: Қайырлы таң!

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар. Балабақшада сендер не істейсіңдер?

Балалар: Балабақшада біз білім аламыз, тәтті тағамдар жейміз, ойыншықтар ойнаймыз.

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар. Ендеше сүйікті балабақшамыз туралы қонақтарға тақпақ айтып берейік.

Шахмир:

Жауқазындай балабақшам бар,

Деп мақтанам бәріне.

Меңгерушісі балабақшамның.

Көріктіде сәндіде,

Шаршамаңыз Саматовна,

Бізге тәлім беруде!

Нурмухаммад:

Әдіскері бақшамның ,               

Жайдары жүз, ай қабақ.

Сайпиева  ханымымыз,

Жүреді бізді аймалап.

Мухаммаджан:

Бала бақша есігін,

Сәби болып ашқанбыз.

Балапандай өсірген,

Тәрбиешіме мың алғыс.

Диана:

Тыңдауышы мойнында,

Өлшеуіші қолында.

Ақ халатты дәрігер,

Әр қашан өз орнында.

Фарангиз:

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Олға, солғаны үйреткен,

Спортшымызға мың алғыс.

Ислам:

Аспазшымыз ақ жүзді,

Келбетті де, мейірімді.

Бізге тамақ әзірлер,

Тамақтары тәп-тәтті.

Элер:

Еденді кім жуатын,

Жолатпай шаңды қуатын.

Тазалықшыға мың алғыс,

Көрінбей жүріп тұратын.

Шахзода:

Бұл екінші үйіміз,                                                                                     

Бір туғанбыз бәріміз.                                                                                        

Біз осы үйдің гүліміз,                                                                

Біз осы үйдің сәніміз.

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, балабақшаларың туралы әдемі тақпақтар білесіңдер екен.

Орнымыздан тұрайық,

Олға, солға қарайық.

Тақпақ айтып шаршадық,

Біраз сергіп алайық. дей  отырып біз сендермен сергіту сәтін өткізейік.

Балалар теледидарға қарап  музыкалық сергіту сәтін өткізеді.

Ғажайып сәт: Есік қағылып топқа Қызыл телпекше кіріп келеді.

Қызыл телпекше: Сәлеметсіңдерме балалар, мен бүгін сендердің балабақшаларыңа қонаққа келдім. Балабақшаларың қандай әдемі! Мені білесіңдерме? Мен «Қызыл телпекше» ертегісіндегі Қызыл телпекше боламын. Мен сендерге жол-жөлекей гүлдер тере келдім. Бұл гүлді сендерге сыйға тартамын, бірақ менің бір шартым бар. Бұл гүлдің артында сиқырлы сұрақтар жасырынған, кімде-кім сұраққа жауап бере алса ғана гүлді сол балаға тарту етемін. Қанеки қошақандар көздеріңді жұмыңдар, мен өзімнің қызыл телпекшемді  қай баланың басына кийгізсем сол бала сұраққа жауап береді.

Балабақшада сен немен ойнағанды  ұнатасың?

Саған балабақшаның қандай тамағы ұнайды?

Сенің балабақшаң қалай аталады?

Балабақшаға деген жақсы тілектер айта аласыңба?

Балалар сұраққа қызыға жауап береді.

Қызыл телпекше: Жарайсыңдар балалар, сендер балабақшаларыңды өте жақсы көретіндерің көрініп тұр, ал енді мен үйіме қайтайын. Достарыма сендердің балабақшаларың туралы әңгімелейтін боламын. Сау болыңдар!

Балалар: Сау бол Қызыл телпекше!

Мұғалім: Ал енді балалар, біз сендермен «Менің сүйікті балабақшам» тақырыбында құрастыру ойынын ойнаймыз. Мына жерде балабақшаның қырқылған суреттер тұр, осы суреттерді біз өз  орнына қойып жапсырып шықсақ, балабақшаның суреті бейнеленеді. Ал ендеше балалар суреттерді жылдам жапсырып шығайық.

Балалар қырқылған суреттерді жылдам құрастырады.

Мұғалім: Ал енді балалар біз сендермен бүгінгі АҰОҚ аяқтаймыз, Сабақтың соңында балабақшаға деген жақсы тілектерімізді айтайық.

Балалар: Еліміз тыныш болсын, балабақшамыз гүлдене берсін, елбасымыз аман болсын, ауылымызда үлкен балабақша салынсын, достарымыз көп болсын.

Мұғалім: Ал осымен сабағымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет!
Сау болыңыздар!







































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сөйлеу тілі.
Тақырыбы: Қыс қызығы.
Мақсаты: Табиғат көріністерін сипаттау. Қыс мезгілі, қыстағы адамдардың, жануарлардың тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіру.
Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекіліктер: Қыс мезгілінің көрінісі слайд. Қыстағы жануарлардың тіршілігі (слайд).
Үлестірмелі құралдар (пластмасс стакан, қағаз қиқымдары, түтікше, аққала бөлшектері).
Шаттық шеңбері:
- Балалар, көңіл-күйлерің қандай?
- Тамаша
- «Дарын» балабақшасы қандай?
- Тамаша.
- №8 топтың балалары қандай?
- Тамамша.
Жарайсыңдар, балалар.
Үлкенге де ізет,
Кішіге де сіз.
Барша жұртты құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Әдептен озбай бүгінгі келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Қонақтарға сәлемін алақанмен үрлеу арқылы  жібереді.

Балалар, жылдың қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
Қыс мезгілінің ауа райы қандай болады?
- Қар жауады, аяз болады, боран соғады, мұз қатады.
Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
- Тон, малақай, етік, шалбар, жейде, қолғап, мойынорағыш, баскиім киеміз.
Балалар ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?
- Боранның.
Ендеше боранды қимылмен қалай көрсетеміз?
(қолдарын жоғары көтеріп жәй және  қатты дыбыс шығарып гуілдейді.)
Ал, қатты аяз болғанда не істейміз? (қолдарын қусырып,аяқтарын топылдатады).
-Ал,күн шыққанда не істейсіңдер? («алақай» деп қолдарын шапалақтайды).
-Жарайсыңдар осындай көңіл – күймен сабағымызды одан әрі жалғастырамыз.
1 слайд. (Қыс көрінісі).
- Шырша, ағаштар, айналаның бәрі аппақ.
- Дұрыс ағаштар, шыршалар неге орнаған?
- Қарға.
Ендеше, қыс туралы тақпақ білесіңдер ме?
Ақерке:  Қандай суық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.

- Дұрыс, қардың түсі қандай?
- Ақ.
- Ия, қар аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл. Қар туралы тақпақ білесіңдер ме?

Адия: Қар жауыты далаға,         
Қар жауыпты қалаға.                            
Сырғанаймыз біз енді,                         
Отырып ап шанаға.    

Арыстанбек: Аппақ, аппақ қар аппақ,        
Айналаның бәрі аппақ.  
Қырау-қырау жол аппақ,
Қар жамылған тал аппақ.

Ал,қардың үлпілдек екеніне көзімізді жеткізу үшін мына үстел үстіндегі стакандағы түтікшені үрлеп көрейік.
(Балалар үстел үстіндегі  стакандағы түтікшені үрлейді, ондағы қағаз қиқымдарының ұшқанын көреді).
Стакандағы қар ұшты ма?  - Ия.
Қар ұшқындап, жапалақтап, борандатып жауады екен.
Қарды жеуге болады ма?   - Жоқ.
Қар аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл екеніне көзімізді жеткіздік.
Сергіту  сәті: Аппақ қылып өңірді,
Қар жауды, қар жауды.         (Қарды шашу).
Көңілді  балалар,
Қызығып секірді, секірді.

2 слайд. (сұр қоян, мен ақ қоян суреттері көрсетіледі).
- Айнала аппақ қар. Адамдар жылы киінеді. Тіпті жануарлар да қыстың келгеніне қуанатын сияқты. Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? Сұр қоянды. Олардың да түстері өзгеріп кетіпті. Қоянды байқай алмайсың. Оның тоны аппақ қар сияқты.

3 слайд. (Балалардың жемсауытқа жем салып тұрған суреті).
- Бұтақтан-бұтаққа ұшып-қонып жүрген құстарды көруге болады.
Оларға қыста жем табу қиынға түседі. Сондықтан адамдар жемсауыт жасап, оларды қоректендіреді.

4 слайд. (мысық және ақ аюлардың суреттері).
- Аяз суық болса қыстыгүні балалар түрлі ойын ойнайды. Жануарларда қарды қызық  көреді? Мысалы, мына мысыққа және ақ аюға қараңдаршы. Қармен бетін жуып жатқан сияқты немесе қарды қызықтап тұрғандай.

5 слайд. (шанамен сырғанап жүрген балалардың суреттері).
Шанамен сырғанап жүрген балалардың суреттері.
Шана – қысқы сырғанайтын ойын көлігі.
Шана туралы тақпақты кім айтып береді?

«Шана» Қ.Мырза Әлі.
Қыр басына шарқ ұрып,
Бір орында тұрмаймыз.
Шана сүйреп барамыз.
Қырдан төмен ағамыз.
Қалдықтіпті алқынып,
Ұшқан құстай зулаймыз,
Қандай ауыр шанамыз.

Қыста  күн суық,аяз болады.
Аяз - қыс мезгілінің қатты суық күні.
Боран - қарды, топырақты бұрқыратып соғатын қатты жел. Қыста ақ түтек боран соғады. Ондай күні далада ойнауға болмайды.
Мұз - су аязда мұз болып қатады. Мынау  ыдыстағы суды біз сабақтан соң сыртқа шығарып қоямыз. Суымызға не болғанын көреміз.
Сөздік  жұмыс. Аяз, боран, мұз, шана.

Қыс қандай екен? Көңілді екен.
Қыста не жауады? Қар  жауады.
Қандай қысқы  ойындарды білесіңдер? Аққала жасаймыз, шанамен сырғанаймыз, қармен ойнаймыз.
Ендеше, мына үстел үстінде тұрған аққаланың бөліктерін алып аққаланы құрастырамыз. (Балалар аққаланы құрастырады).
Қорытындылау. Мадақтау.




















Мақсаты: Балаларға жемістер мен көкөністер туралы білім беру, геометриялық пішіндерді қайталау, табиғатты аялауға, әсемдікті көріп, сезіне білуге тәрбиелеу.
Билингвалды компонент: алма - яблоко, алмұрт - груша, қияр - огурец, қызанақ - помидор.
Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Күз табиғаты бейнеленген суреттер, жеміс - жидектер, көкөністер, әр түсті геометриялық денелердің макеті, ұзын - қысқа, әр түсті таяқшалар.
Көрнекі құралдар: Желім , қылқалам, сүлгі, сары фон жасалған қағаз.
Жаңа сөздік: Бау - бақша, бақ, жемістер, көкөністер.
Пән  аралық байланыс: Коммуникация, Таным, Шығармашылық.

«Шаттық шеңбері»
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші:
- Амансың ба, алтын күн!
- Амансың ба, көк аспан!
- Амансың ба, Жер - Ана!
- Амансың ба, достарым! Жылуыма жылу қос! Міне, менің қолым!
- Сәлеметсіңдер ме !(хормен)
- Балалар , біз көңілді саяхатқа шығайық .
- Балалар, мынау не? Кім біледі? ( Геометриялық денелердің макетін
көрсетеді)
- Үшбұрыш!
- Түсі қандай кім айтады?(көк)
- Ал мынау не?
- Ол төрт бұрыш.
- Түсі қандай?(қызыл)
- Ал мынау қандай геометриялық дене?
-Дөңгелек (дұрыс)
- Дөңгелектің түсі қандай?
- Ақ.
- Балалар, бәріміз пойызға отырып, саяхатқа барайық.
Қимылды ойын: «Поезд»
Қатар, қатар тұрайық,
Кәне, кәне сұрайық
Кімнің болса бойы ұзын-
Паравозы ол поездың.
Ал,паравоз, баста алға
Бәрімізді басқара
Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Ал, кәне, балалар, тоқтайық,
Пыш – ш-ш-ш-ш,
Енді поездан түсейік.
Бірінші аялдама - «Дүкен».
Балалар, күз мезгілінде диқандар егін орады, бау-бақшалардағы жемістер мен көкөністер піседі.( балалардың назарын стол үстіндегі жемістер мен жидектер,көкөністерге аударады)
-    Дарын, сен көкөністерді сатып ал.
-    Тоғжан, жеміс-жидектерді сатып алсын.( Екі бала екі себетке жинайды.
-    Қане, Самат қанша көкөніс сатып алыпты, бәріміз бірге санайық.
(атын атаңдар) 4 көкөніс (сәбіз, пияз,қызанақ, қияр).
-    Жарайсыңдар!
-    Тоғжан не сатып алды?
-    Жеміс - жидектер.
-    Кәне, атын атап, қанша екенін санаңдар. Жеміс-жидектер 4 (алма, жүзім, алмұрт, өрік).
-    Балалар, осы алма ,жүзім, өрік, алмұрт қайда өседі?
-    Ағаштарда өседі.
-    Дұрыс айтасыңдар. Сәбіз, қияр, пияз, қызанақ қайда өседі?
-    Бау - бақшада өседі.
-    Балалар, сонымен көкөністер бақшада ,жемістер ағашта өседі екен.
Ойын «Көкөністер мен жемістерді ажырат».
Алмұрт:
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Өрік:
Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Жүзім:
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып түзілдім.
-    Балалар, саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.
Кімнің болса бойы ұзын-
Паравозы ол поездың.
Ал,паравоз, баста алға
Бәрімізді басқара
Пыш-пыш, пыш-пыш.
-    Тоқтаңдар! Одан әрі жол жоқ. Алдымыздан көрінген не?
-    Көл.
-     Көлден өту үшін не керек? (көпір)
-    Дұрыс. Олай болса алдымен көпір салайық, ол үшінбізге мына әр түсті ұзын,қысқа таяқшалар қажет.
-    Ұзын, қысқа таяқшаларды салыстырамыз.
-    Кім көмектеседі?
-    Медина, көмектесе ғой.
-    Жарайсыңдар! Бәріміз көпірден арғы бетке өтейік. Балалар. Біз бау-бақшаға келіп қалдық. Бау-бақшада не өседі?
-    Алма.
-    Алма қызыл, тәтті болады.
-    Бой жаза алмай ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім ,айтыңдаршы,
Бұл қай кезед болады?
-    Күз мезгілінде.
-    Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?
-    Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады, адамдар, балалар жылы киінеді.
-    Өте жақсы. Балалар, сендер шаршап қалған сияқтысыңдар. Бойымызды сергітіп алайық.  
Сергіту сәті:
Саябаққа барамыз,
Алма теріп аламыз.
Ең үлкенін, тәттісін
Себетке біз саламыз.(2 рет)
Балалар, бәріміз бау - бақшаның ішінде орналасқан стол басына отырайық. Мен алманы сары қағазға жапсырамын. Сендер де осы алманы жапсырасыңдар. Кәне, барлығымыз дұрыс отырып, мұқият қараймыз. Сендер әдемі, әрі таза жапсырады екенсіңдер. Балалр, бізге бағбандар сыйлық дайындап қойыпты. Балалар себеттен алмаларды алады.
-    Алманың дәмі қалай екен?
-    Тәтті.
-    Бүгін саяхат сабағында не жайлы айттық?
-    Жемістер мен көкөністер жайлы айттық.
-    Геометриялық денелерді және оның түстерін ажырата білдік. Ұзын,
қысқа таяқшаларды салыстырдық. Алманың тәтті дәмін білдік. Балалар, бүгінгі сабаққа барлығың да жақсы қатыстыңдар.


Күтілетін нәтиже:
Білу: көкөністер мен жемістерді ажырата білу;
Түсінуге тиіс: жемістер ағашта өседі, көкөністер бау-бақшада өседі;
Істей білу керек: балалар сары қағаз бетіне алманы жапсыра алады.









Мақсаты: Балалардың көлік туралы түсініктерін бекіту, тиянақтау. Балалардың қызығушылықтарын дамыту. Жол ережелерін сақтауға  тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: Көліктердің түрлері, жер, су, әуе, желкен, кабина, желкен таяғы, терезе дөңғалақ, т.б.

Қолданылатын құралдар: Үнтаспа, көліктер түрлерінің суреттері, айыншықтар: кеме, ұшақ, автобус; бағдаршам және оның белгілері, сыйлықтар.

Балаларға арналған құралдар: карточкалар, қарындаш, қалам салғыш, тәрелке, бағдаршам, билет түрлері, аяқталмаған суреттер; 

Алдын-ала жұмыс: Балалармен көліктер мен саяхат сюжетті рөлдік ойынын ойнау, жол. Белгілері жайлы д/о, тақпақтар қайталау.

 Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың әрекеттері

Мотивизациялық- қозғаушылық

 Балалар қарандаршы бүгін бізге ДЫМБІЛМЕС келіпті. Кәне, барлығымыз амандасайықшы!

Ал, сіз бізге сонау жақтан қалай жеттіңіз?

(Дымбілмес өзінің қандай көліктер арқылы жеткенің жұмбақ арқылы жасырып айтады. Шешімдерін табу арқылы бүгінгі тақырыпты ашамыз.)

Балалар амандасады.

 

 

Олар жауабын табуға тырысады.

Ұйымдастыру-ізденушілік 

 Балалар кейіннен қонаққа өздерінің көліктер жайлы жаттаған тақпақтарын айтады.

 Ұшақ. Кеме

   Бұлттар менен көктегі,
   Теңізді жүздім балықтай,
   Мен боламын туысқан.
   Дүниені кездім жалықпай
   Озып шығам құстарды,
   Көліктердің бір түрі,
   Қанат қақпай ұшамын.
   Мен боламын қайықтай.

    Машина

   Төрт аяғым дөңгелек,
   Адамсыз мен жүрмеймін,
   Барлық жерге жеткізіп,
   Қаласаңыз апарам.

Осыдан кейін Дымбілмеске көліктер жайлы түсінігін бекіту үшін дидактикалық ойындарды ойнауға кірісеміз.

1)  Д/о: «Жер, су, әуе» Балаларға көлік түрлері көрсетіледі, ал олар оны классификациясын карточка арқылы көрсетеді.

2)  Д/о: «Не артық?» Балалардың алдына үш сурет қойылады. Ал, балалар оның ішінен артық затты алып тастайды.

 (ұшақ, зымыран, жүк машина)

3) Д/о: «Өз көлігіне отыр!» Балаларға таратылған билеттер бойынша балалар өзінің көліктеріне отырады. (Музыка әуені арқылы) Кейіннен, көліктердің орындары ауысып, өз орындарын табады.

4) Д/о: «Көлікті аяқта» Балалар көліктердің жетіспейтін бөліктерін салады, атап береді.

5) Д/о: «Бағдаршамның белгілерін ата»

 Балалар Дымбілместің қоржынындағы белгілердің мағыналарын түсіндіреді. Бағдаршам жайлы тақпақтарын айтады:

         Бағдаршам

   Ашса кезек үш көзін,
   Айты деп үш сөзін:
   Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
   Жүрме жолға таласып.

6) «Шындық, жалған» Балаларға шындыққа сай келмейтін және келетін сөйлемдерді айту. Балалар оны бағдаршам арқылы дұрыс, дұрыс еместігін айтады.

Балалар өздерінің тақпақтарын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жер, су, әуе суреттерін көтеріп отырады.

 Артық көлікті алып, неге екенің түсіндіреді.

Барлық балалар қатысып, шапшан орындауға тырысады.

 

Қарындашпен өз беттерінше орындайды.

 

Тек, қол көтеріп, толық жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Бағдаршам көздері арқылы балалар анықтап, көрсетеді.

Рефлексивті-

түзетушілік

Балалар енді Дымбілмеске өзіміздің сабаққа қатысқанымызды бағдаршам арқылы бағалауды үйретеміз. Қызыл – сабаққа қатыспадым,

 Сары – сәл ғана ат салыстым,

 Жасыл – сабаққа өте жақсы қатыстым.

Соңында Дымбілмес, жүк машинасының ішінде тұрған сыйлықтарын береді.

Сыйлықты алғасын, өз ризашылықтарын айтып, қоштасыды.

 

Күтілген нәтиже:

Білуі тиіс: Көлік және оның  түрлерін білуі тиіс;

Болуы тиіс: Жол ережесі жөнінде түсініктері болуы тиіс:

Жасай алуы: Артығын табу, жетіспеген бөлігін салу, көліктерге байланысты тақпақтарды мәнерлеп айта алуы тиіс;

















Мақсаты: Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту. Ойлау  есте сақтау және зерделенуін, сөздерді анық айтуға машықтау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жаратылыстың әрбір заты мен мүшесін құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету. Сүйіспеншілік, мейірімділік  қасиеттерін дамыту
Көрнекілік: бөлме гүлдері, гүл қопсытқыш, табиғаттың суреті
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ – жауап, әңгімелеу
Шаттық шеңбер:
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң,достарым!
Шеңберге тұрайық
Жылулық сыйлайық!

Доброе утро, учитель
Доброе утро, друзья
Посмотрите друг на друга
Пожелайте добра!

Good morning good morning
Good morning to you
Good morning good morning
We are glad to see you!

Т:- Біз  қазір неге ұқсап тұрмыз?
Б: - Күнге
Т.- Иә балалар жер атаулының  атауының қайнар көзі – күн - ол бізге не үшін керек?
Б: Күн бізге  жарық, жылу береді
Т: Бәріміз күнге қолымызды созайық! Күннен не алдық?
Б: жылу  алдық
Т: Осы күннен алған жылуымызды бір бірімізге  таратайық - балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Б: Көктем мезгілі

Қыс айларында ауа райы қандай болды?
Б: Қыста күн боран,суық болды.
Есік соғылып ішке Жер Ана кіреді: /. О, менің перзенттерім! Менің қойыным кең. Сендерді әр уақытта мейірімді құшағыма аламын. Менің саялы бағымды, мөлдіреген таза кіршіксіз өзен – көлдерімді, сиқырлы сазды үнді құстарымды, жалпы табиғат атаулыны аялап, сүйіңдер. Бұл кейінгі ұрпақ, сендерге аманат.
Балалар сендер кім келгенін білдіңдерме?
Жоқ
Бұл -Жер Ана.

Табиғат дегеніміз - бізді қоршаған орта, оған (аспан, су, ағаш, гүлдер, өсімдіктер, күн) жатады. Табиғат өздігінен, адамның қатысуынсыз жаралған табиғи заңдылық. Ол тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді. Тірі табиғатқа – ағаш, гүл, шөп, т. б олар өздігінен өседі. Өлі табиғатқа су, тас, құм жатады. Олар өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ.
Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Біз оған  ұқыптылықпен қарауымыз керек.  Бау - бақшада және өсіп тұрған ағаштар мен гүлдерге қомқорлық жасау керек.
Күн, су, ауа, гүл, адам айтысы
Күн: Бота
Мен шуақты күнмін! Мен бәрінежылуымды,, нұрымды, беремін. Егер мен болмасам,табиғатта болмас еді Сондықтан табиғатқа көрік беріп тұрған менмін!
Су: Жұлдызай
Мен мөп - мөлдір, тап - таза, сыңғырлаған сумын. Мен болмасам осындай сұлу табиғат болар ма еді? Табиғатқа көрік беріп тұрған мен.
Гүл: Ақзия
Мен әсем гүлмін!егер мен болмасам жер үсті жайнайтын ба еді? Менің арқамда табиғат әсем болып тұр. Табиғатқа көрік беріп тұрған мен ғана.
Ауа: Ағила
Мен таза ауамын! Табиғаттағы барлығы мен арқылы демалады Егер мен болмасам ешкім тіршілік ете алмас еді. Табиғатқа ең керекті менмін.
Адам: Асел
Мен дүниедегі ең күшті, ақылды адаммын.  Менен асқан ешкім жоқ бұл жалғанда. Сондықтан да бұл өмірдің иесі де киесі де менмін.
- Дұрыс айтасыңдар!
Күн болмаса жарық жылуды қайдан аламыз.
Су болмаса өсімдіктерді, қалай суарамыз
Ауа болмаса қалай тыныс аламыз
Гүл болмаса табиғатымыз әдемі болмайды
Адам осы қоршаған ортадағы талдарға өсімдіктерге пайдасын тигізеді, күтіп баптайды.
Балалар біздер тәртіпті балалармыз. Табиғатты қорғау біздің міндетіміз.
Т: ендеше  гүлдер бағына саяхатқа шығамыз.
«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
Т: балалар гүлдер не үшін керек?
Б: Бөлменің ауасын тазартады, біздердің көңіл - күйлерімізді көтеру үшін, біз гүлдерге қарап қуанамыз, әдемілік үшін қажет.
Т;енді  гүлді қалай отырғызу керектігін  үйренеміз. Барлығымыз мұқият қарап отырыңдар. Бөлме гүлін отырғызамыз
Құнарлы қара топырақ толтырылған гүлдің құтысын   кішкене тереңірекетіп қазып гүлдің көшетінтамырын үзіп алмай кішкене ыдыска саламыз.
Түбіне су құямыз
Түбін жақсылап топырақпен нығыздап басамызүстіне тағы су құямыз
Міне; гүлімізді отырғыздық гүліміз әдемі болып ,өсу үшін тағы су құямыз
«Табиғатты аялайық» ойыны
Әр бала табиғат түрлерін плакатқа жапсырып , табиғат көрінісін бейнелейтін тыйым сөздерді айту керек.
Гүлді жұлуға болмайды.
Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді
Суды ластауға болмайды, өмір жоқ
Күнімізді бұлт баспасын,
Көбелекті өлтірмеңдер, ол- әдеміліктің белгісі
Құсты атуғаболмайды, құс адамның досы
жасыл  шөпті жұлуға болмайды , ол жерімізге көрік беріп тұрады
Аңдарды қорғауымыз керек , ол- біздің байлығымыз

Т: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.
- Кәне, балалар, барлығымыз қонақтармен қоштасайық.
Кәне барлығымыз тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы,
сау  - саламат болайық
сау  болыңыздар!































Мақсаты:
Білімділік: Дыбыстық құрылымы әр түрлі үш және төрт дыбыстардан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасауды жетілдіру. Сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету. Жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Әріптерді танып білуге деген қызығушылықтарын арттыру. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ойын - ойнау арқылы сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелілік: Балалардың білімдерін жетілдіру және қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, ребус, DVD, экран.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, айту, көрсету, жасату, сұрақ - жауап.
Биллингвалды компонент: Сәлеметсіздерме! Здравствуйте!, сөз-речь, сөйлем- предложение.
Сәлемдесу
Ұл - қыз сәлем береміз
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы
Сәлем - сөздің анасы
Орнымыздан тұрайық
Сәлемдесіп алайық.
Сәлеметсіздерме! Здравствуйте! Гуд монинг!
Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз қандаймыз
Күліп шыққан таңдаймыз
Біз қандаймыз қандаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжісуді білмейміз.
Біз бір құшақ гүлдейміз.
Таңғы тілектер.
Ал енді, жүректен шыққан жылы тілектерді келген қонақтарға сыйлайық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Қараңдаршы бізге көптеген қонақтар келіпті. Ендеше келген қонақтарға өзіміздің білімімізді көрсетеміз бе?
Тәрбиеші: Қай ертегі деп ойлайсыңдар?  Ендеше «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейік.
(Балалар ертегінің мазмұнын өзгеріспен еске түсіреді.Ертегіде бауырсаққа жолыққан кейіпкерлердің тапсырмалары болады, соны орындаса  бауырсақты босатып жібереті айтылған)

1.СЛАЙД
ҚОЯН ТАПСЫРМАСЫ
Бауырсаққа көмектесу үшін Қоянның тапсырмасын орындауға балалар біз көмектесейік.
а) Сұрақ - жауап
- Ал қазір жылдың қай мезгілі? - (көктем мезгілі)
- Көктемде неше ай бар? (көктемде үш ай бар)
- Қазір көктемнің нешінші және қайсы айы? (Екінші,  Сәуір айы)
- Бүгін сәуір айының нешінші күні? (бүгін сәуір айының 20 күн)
- Ал аптаның қайсы күні? (аптаның бейсенбі  күні)
- Сәрсенбі аптаның нешінші күні? (аптаның 3 күні)

ә) Жұмбақпен жұмыс
- Ал енді, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
- Естілмеген құлаққа, естілмейді бірақ та ол не? (бұл дыбыс)
- Дыбыс деп нені айтамыз?(дыбыс деп әріптердің жуан және жіңішке айтылуын дыбыс дейміз)

б) Келіңдер балалар дыбыстарға толық түсінік кіргізіп алайық?
Тақтаны тақылдатып ұрып балалар, сендер не естідіңдер? (дыбыс естідік)
- Ненің дыбысын есітдіңдер?(тақтаның)

в) DVD - дан дыбыстар қою
- Ал енді дыбыстар нешеге бөлінеді (дыбыстар 2 ге бөлінеді)
- Қандай қандай болып? (дауысты және дауыссыз)
- Дауысты дыбыстар қандай түспен белгілейміз? (дауысты дыбыстарды қызыл текшемен белгілейміз, дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз)
- Қазақ алфавиті неше әріптен құралған? (40 әріп, 2 таңба)
- Сөздер қалай құралады? (сөздер дыбыстардың әріптердің бірігуінен құралады)
- Ал сөйлемдер қалай құралады? (сөйлемдер сөздердің бірігуінен құралады)
- Ал әріп дегеніміз не? (әріп дегеніміз дыбыстардың таңбалануы).
Тәрбиеші: балалар қоянның осындай тапсырмаларын бауырсаққа орындауға көмектесіп едік, қоян бауырсақты жібере салды. Қараңдар бауырсағымыз жол бойында әндетіп келеді. Сол сәтте алдынан қасқыр шыға келеді де жібермейді.
Қасеке мені жіберші мен саған ән салып берейін дейді сонда қасқыр айтады менің бірнеше тапсырмаларым бар соны орындасаң жібере саламын дейді.

2.СЛАЙД
ҚАСҚЫРДЫҢ  ТАПСЫРМАСЫ
а) Ертегі айту (тынымсыз тіл туралы)
Ауыз деген қуыста тынымсыз тіл өмір сүріпті. Ол аппақ тістерді қатарластырып қойып өзіне қорған, ал екі еріннен ашылып жабылатын есік жасап алыпты. Ауыз арқылы дыбыстар, кезек - кезек сыртқа шығып тұрады екен. Кейбір дауысы бар дыбыстар көңілді ән салып жүреді екен. Ал кейбір дыбыстар ән салуды ұнатпайтын болыпты, себебі олардың дауысы жоқ екен. Ән салмай тып - тыныш өтіп бара жатқан дыбыстарға ренжіген тынымсыз тіл оларға ылғи кедергі жасауға тырысады екен. Дауысы жоқ дыбыстарды сыртқа жібермеу үшін біресе таңдайға жабысып тұрып алып, біресе тіске тақалып алады екен, кейде еріннен жасалған есігін жауып алады екен. Ертегі сендерге ұнады ма?
ә) Дидактикалық ойын:  «Сөз ойла, тез ойла» (сергіту сәті)
Шарты: Допты лақтырып қағып алу арқылы А,Ә, Б, т.б. дыбысынан келетін сөздерді тез айту.
б) Ребустарды шешу
•    Абай  (Ребустің шешуінен шыққан сөзді талдау)
Тәрбиеші: Абай Құнанбаев кім?
Балалар: Абай Құнанбаев ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің қалаушы, композитор, аудармашы.
•    Отан (Ребустің шешуінен шыққан сөздерді талдау)
Тәрбиеші: Отанды қалай түсінеміз?
Балалар: Отанды, туған жерді, құдіретті еліді сүйеміз және мақтан етеміз.
Мақал-мәтелдер:
- Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.
-Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.

•    Қазақ (Ребустің шешуінен шыққан сөздерді талдау)

Тәрбиеші: Біздің ұлтымыз кім? Тағы қандай ұлттарды білеміз?
Балалар: Қазаз, өзбек, татар, тәжік, орыс т.б.
Тақпақ:
Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз.

•    Балабақша
Тәрбиеші: балабақшамыз қалай аталады? Тобымыздың аты қалай? Балабақша мекен-жәйін атаңдар.
Балалар: №5 «Нұрбөбек», «Құлыншақ», Шаталюк көшесі -40 үй.
Тақпақ:
Балабақшам базарлы үй
Қаладағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.

Тәрбиеші: балалар бауырсаққа қасқырдың тапсырмасын орындауға көмектестік, ал бауырсағымыз жолға түсіп алып зырылдап барады. Осы сәтте алдынан аю кездесе қалады. Аюда оны жібермей олда тапсырма береді, уайымдаған бауырсақ бізден көмек күтіп тұр. Балалар бауырсаққа көмек береміз бе?
Балалар: әрине көмектесеміз.

3.СЛАЙД
АЮДЫҢ  ТАПСЫРМАСЫ
а) «Буынға буын қос» ойыны
Буын ұйқас: буындарды орналастырып, сөздер құрастырады.
Ақ - ақ - ақ
Сарғайды күзгі жапырақ.
Са - са - са
Ызыңдайды маса.
Із - із - із
Бақшадағы сәбіз.
Ой - ой - ой
Қорада тұр қой.
Ай - ай - ай
Ұшып кетті торғай.

Кер - кер – кер
Тоқтар аға ғарышкер.

ә) Сергіту сәті.
Кубизм әдісі арқылы балаларды ортаға жинап, әріпті кубикті лақтыру арқылы кім қағып алса сол бала, қолындағы кубиктің бетінде қай әріп соған сөз құрап айту керек.
б) Дыбыстық талдау
Балық (5 дыбыс, 5 әріп, 2 буын)
Б-дауыссыз, ұяң дыбыс
А-дауысты, жуан дыбыс
Л- дауыссыз, үнді дыбыс
Ы- дауысты, жуан дыбыс
Қ-дауыссыз, қатаң дыбыс.

Қант (4 дыбыс, 4 әріп, 1 буын)
Қ-дауыссыз,қатаң дыбыс
А- дауысты,жуан дыбыс
Н- дауыссыз, қатаң дыбыс
Т- дауыссыз, қатаң дыбыс.

Сүт (3 дыбыс, 3 әріп, 1 буын)
С-дауыссыз, қатаң дыбыс
Ү-дауысты,жіңішке дыбыс
Т-дауыссыз, қатаң дыбыс.

Тәрбиеші: балалар бауырсаққа аюдың тапсырмасын орындауға көмектестік, ал бауырсағымыз әрі қарай жолға түсіп алып зырылдап барады. Осы сәтте алдынан қу түлкі  кездесе қалады. Түлкі оны жегісі келеді. Бауырсақ мені жібере көрші мен атай мен әжейге жетуім керек дейді. Олай болса бауырсақжан сен сондай дәмдісің мен саған өте қиын тапсырма мына хатта  беремін соны орындасаң сені жіберейін атаң мен әжеңе дейді. Жарайды орындап көрейін деп бізге қарап тұр. Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?
Балалар: әрине көмектесеміз.

4.СЛАЙД
ТҮЛКІНІҢ  ТАПСЫРМАСЫ
Мәтін
Достық.
Қорқақ қоян келді секіріп ортаға. Жыртқыш қасқыр олда келді осында. Қорбаңдаған  аю келеді әнекей. Қутыңдаған түлкі жетті мінекей. Барлығы да бауырсақты жақсы көреді. Аңдар бауырсаққа қол жеткізу үшін тапсырма берді. Тапсырманы орындауға «Құлыншақ» тобының балалары көмектесті. Балалардың көмегімен бауырсақ аңдардың досы болды.
Тәрбиеші: балалар сендердің бауырсаққа көмектесулеріңнің арқасында бауырсақ  аңдармен достасты. Бауырсақ жаңа достарын  әжей мен атайға қонаққа ертіп барды. Балалар көмектесу мен достасудың арқасында бауырсаққа көмек бердік.  
Бауырсақ ертегісінің басты кейіпкер бауырсаққа балалардың қамқорлығының арқасында барлық қауіпті жеңіп шықты. Риза болған бауырсақ балалар сендерге рахмет айтуда.
Қорытындылау:
Тәрбиеші: балалар бүгінгі іс-әрекетіміз қай ертегінің желісімен құрылды?
Балалар: «Бауырсақ» ертегісі бойынша
Тәрбиеші: аңдар бауырсаққа қандай тапсырмалар берді?
Балалар: сөз, сөйлем деген не екенін, дыбыстардың дауысты, дауыссыз болатындығы туралы, буынға буын қосу, дыбыстық талдаулар және мәтін оқу тапсырмалары болды.
Тәрбиеші: балалар бүгінгі қамқорлықпен өткен іс-әрекетке ризасыңдар ма?
Балалар: ризамыз.
Тәрбиеші: олай болса балалар,  орнымыздан тұрып «Ризамыз!» өлеңін айтып іс-әрекетімізді аяқтайық.
«Ризамыз!» өлеңі (хормен)
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз кәзірге.
Риза болып қонақтар сіздерге,
Қамқорлық сезімін сыйлаймыз.



Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, адам өміріне пайдасын, төрт түлік малға не жататынын, дыбыстарын ажыратып,төлдерін тануға баулу.

Дидактикалық ойындар арқылы танымдық, ойлау қабілеттерін,әлеуметтік құзыреттілігін дамыту.

Үлкендердің еңбегін бағалай білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, жануарлардың дыбыстары, үн таспа.

Билингвальді  компонент: Үй жануарлары-домашние животные.

Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: Дидактикалық ойындар, тақпақ жаттау, тілдерін дамыта отырып іс- қимыл әрекеттерін жетілдіру. Үй жануарларының суреттерін қарастыру, еңбек туралы, тиым сөздер, әңгімелесу.

Барысы:

Шаттық шеңбер:

Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Достарымды көргенде,
Қуана қарсы аламыз

Балалар, сендердің жайлауға  қонаққа барғыларың келе ме?

Олай болса қазір бәріміз ауылға Ата мен Әжеге қонаққа барайық!

Ауыл алыс, біз жаяу жете алмаймыз.

Атамыз өзінің атшанасын беріп жіберген екен, соған мініп, жақсы көретін әнімізді айтып барайық. «Қошақаным»

Балаларды Ата мен Әже қарсы алды. Айналайындар, келдіңдер ме, құлындарым, ботақандарым. (Осы кезде сиырдың мөңіреген дыбысы естіледі).

Ата: Балалар, қорадан қай жануардың дыбысы естіледі?

Балалар: Сиырдың дыбысы естіледі.

Дидактикалық ойын: «Дыбысынан тап»

Шарты: Дыбыстаған жануардың атын атау.

Ата: Балаларым, біз сиырдан басқа қой, жылқы, ешкі асыраймыз, қыс мезгілі болғасын қазір қорада тұр.

Атаға, балалар қораны тазалауға, қарды ашуға  көмектесіп, малдарды қораға қамасады.

Ата:үй жануарларының адамға пайдасы көп,Әжелерің сиыр сауады, сиырдың сүтінен май, қаймақ, құрт, ірімшік жасап, айран ұйтады.

Әже: Қарақтарым, мен бауырсақ пісірейін деп қамыр ашытып қойып едім, бауырсағымды  пісірейін.

- Балалар, Әже біз де бауырсақ пісіруге көмектесейік.(Балалар,ермексаздан бауырсақ жасайды )

- Балалар, ата мне әженің қорасында неше сиыр, жылқы, түйе бар екенін санап берейікші (балалар санайды).

Ата: Ой, балалар, санауды жақсы үйреніпсіңдер.Жарайсыңдар!

Міне, ауылға келіп үй жануарларымен таныстыңдар, осылай жиі-жиі келіп тұрыңдар.

Ата, Әже енді біздер балабақшамызға қайтайық. Рахмет, сау болыңыздар!

Сергіту сәті:

Аяздан бір қорықпаймыз,
Қорықпаймыз суықтан.
Біз қолғаппен тон киіп,
Шаңғы мен шана тебеміз.

Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап»

 Шарты: Үй  жануарларының суреті ілініп тұрады, қасына төлдерін тауып қойып, атын атау.

Балалар, жануарлар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?.

            Түйе малдың үлкені,
            Жылқы малдың үркегі.
            Сиыр малдың сүттісі,
            Қой түліктің құттысы.

Жануарлар туралы қандай тиым сөздер білесіңдер?.

Малды теппе.
Ақты төкпе.
Малды басынан ұрма.
Малды теріс мінбе.

Еңбек туралы қандай мақалдар білесіңдер?.
         Гүл ексең терлеп,
         Оның аты – Еңбек.
         Кесте тіксең зерлеп,
         Оның аты – Еңбек.
         Қиындықтың бәрін,
         Еңбек қана жеңбек.

Қорытынды: Балалар үй жануарларын адамдар өсіреді, асырап, олар үшін қоражайлар салады,олардың төлдеріне қамқор жасайды. Сендерде үлкендерге көмектесіп жануарларға қамқор болыңдар.

Осымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті аяқталды.

Қош сау бол









Мотивациялық қозғаушылық

Жылулық шеңбері:

Қол алысып,қәне біз

Достасайық бәріміз

Айтарым бар сендерге

Тез тұрыңдар шеңберге

Қандай жақсы бір тұру

Достарменен бір жүру     

Балалар шеңбер бойына тұрып жылулық шеңберді өлең шумағына сәйкес қимыл-қозғалыспен орындайды.

 

 

 

 

 

 

Ізденуші-ұйымдастырушылық

 

 

 

Ғажайып сәт: Қонаққа Қызыл телпек қыз келеді.

Қызыл телпек қыз кіреді. Саламатсыңдар ма балалар!

Менің атым Қызыл телпек. Қандай сендер әдемісіңдер.

Тәрбиеші: Қызыл телпек сен қайдан келе жатырсың?

Қызыл телпек: мен орманнан келе жатырмын орманда қасқыр мені ұстап алып жегісі келді бірақ мен жемеуін сұрандым ол маға көптеген тапсырма берді сол тапсырмаларды орындамасам қасқыр мені жеп кояды. Балалар маған көмектесіңдерші, қасқырдың тапсырмасын орындауға?

Тәрбиеші: Ал Қызыл телпек тапсырмаңды айт.

1-тапсырма: Шатырдың түстерін атау және неше қызыл, сары, жасыл, көк түстері барын айту үш тілде.

2-тапсырма: «Көңілді шатырмен» ойын ойнау.

Тақырыбы: «Орныңды тап»

Ойының шарты:

3-тапсырма: Шатырдың суретін салу.

Тәрбиеші. Алақанға қараймыз

                   Жылы сезім табамыз

                   Ақылды болып өсеміз

                   Биіктерге жетеміз

Манка ұнтағының бетіндегі матаны алады.

Балалар бұл жерде сендер ештеме көріп тұрған жоқсыңдар, қазір сендер ең ақылды, іздемпаз балалар боласыңдар.

Балалар сендерге бір айта кететін жағдай манка ұнтағын ауызға салуға болмайды?

Шашуға тағы да болмайды?

Жеуге де болмайды?

Балалар манка ұнтағын алақандарыңмен ұстаңдаршы қатты ма жұмсақ па?

Балалар бүгін бізге қонаққа келген Қызыл телпек қызға ғажайып көңілді шатырды манка ұнтағынан сурет салып  сыйлайық (әдіс-тәсілдерін түсіндіру)

«Көңілді шатыр»

Мақсаты: Қандай түсті шатыр болса,сондай түсті шатырдың бейнесін салу.

Тапсырма аяқталған соң балаларды тапсырманы жақсы орындағаны үшін мақтау.

 

 

 

 

 

 

Балалар Қызыл телпек қыз мен амандасады үш тілде

 

 

 

 

Балалар қызығушылықпен көмектесуге келіседі.

 

 

 

 

Балалар тапсырманы мұқият тыңдайды.

Балалар шатырдың түстерін атап,неше қызыл, көк, сары, жасыл түс барын үш тілде айтады.

 

 

 

 

 

Балалар өлең шұмағын педагогпен бірге қайталап қимыл-қозғалыстарды жасайды.

 

Балалар манка ұнтағын ұстап катты екендігін айтады.

Балалар Көңілді шатырдың суретін салады.

Балалар қызығушылықпен тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті түзетушілік

Қорытынды:

Бүгін бізге қонаққа кім келді?

Қасқыр Қызыл телпек қызға не берді?

Қасқырдың  кай тапсырмасы сендерге ұнады?

Оқу қызметіне белсене танытқан балаларды мақтау, мадақтау.

Мен келдім, міне бүгін ортаңызға

Амандық тілеп сізге баршаңызға

Саулығын берсін деймін бәрімізге!

Дей отырып қонақтармен қоштасу.

Қош сау болыңыздар!

- Қонаққа Қызыл телпек қыз келді.

Қасқыр Қызыл телпек қызға тапсырма берді.

Көілді шатырмен жаттығу жасау.

Манкамен шатырдың суретін салу.

Шатырдың түстерін ажыратып айту.

 

Балалар өлеңді айтып қонақтармен қоштасады

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Манка ұнтағын қолданып жұмыс жасауды

Меңгеруі: түстерді ажыратып,санауды

Жасай алуы: Жаттығуларды қимыл-қозғалыспен орындай алды

Тәрбиеші: _Раимкулова Б.Э.







































Мақсаты: 

1. Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, суретке қарап сөйлем құрау арқылы білімдерін қорытындылау;

2. Тапсырма беру арқылы тура және кері санату, геометриялық пішіндерді ажырату, логикалық есептерді білу арқылы балалардың білімін тиянақтау;

3. Балаларды табиғатты сүйе білуге, аялауға, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, салыстыру.

Көрнекіліктер: «Сиқырлы қалам» және «Ақылды балапан». Ертегілер суреттері, атрибуттар, текшелер, жолақтар, 1-ден 10-ға дейінгі сандар, музыка.

Сөздік жұмысы:  Ертегі – сказка - turnip, қасқыр – волк -wolf , ешкі – коза -goat , сандар – цифры - counts, пішіндер – фигуры -shapes , мысық – кошка - cat, қыз – девушка -girl , сиыр – корово -cow , ағаш – дерево -tree , сатушы – продавец -seller , тауық – курица -hen , тышқан – мышка -mouse .

Жұмыс барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – шығармашылық

Ән-күй залына кіріп, дөңгеленіп отырады. Тақтаға ілінген ертегілер, үлестірмелі материалдар қойылады. Интерактивті тақта пайдаланылады.

Таңғы жиын:

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық,

Жинаған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.

Сәлеметсіздер ме, балалар?

Қалдарыңыз қалай?

Бүгінгі сабағымызға дайынбыз ба?

Ендеше балалар, сабағымызды бастайық. Өз орындарына отырғызу.

 

Балалардың назарын ертегілер саяхатына аудару.

 

Балалар шеңберге тұрып, жүреккке жинаған жылы шуақтарын сыйлайды.

 

 

 

- Сәлеметсіз бе!

- Жақсы.

- Иә, дайынбыз.

Ізденіс–ұйымдас

тырушылық

 

-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Елордамыз қай қала?

-ҚР-ң елбасы кім?

-ҚР-ң рәміздерін ата.

Енді балалар біз қазір ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ертегілер еліне паравоз болып барайық.

«Қасқыр мен жеті лақ»

 -Қандай ертегі еліне келдік?

-Ой, балалар мына жерде ешкі жылап отыр екен. Кәнекей, не үшін жылап отыр сұрап көрейік.

-Ешкі, ешкі сен неге жылап отырсың?

Ешкі: Менің лақтарымды қасқыр босатпай жатыр, егер тапсырмаларымды орындасаң ғана босатамын дейді. Ал, мен  тапсырмаларды орындай алмай отырмын.

Балалар ешкінің жағдайы мәз емес екен. Кәнекей, тапсырмаларды орындауға көмектесеміз бе?

1.1-ден 10- ға  дейін тура және кері санау (қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде).

Дидактикалық ойын:

«Жоғалған санды  тап»

Тақтаға сандарды бейнелеп, жоқ санды балалар өздерін айтып, табады (қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде).

2. Кім санамақ біледі?

3. Сандардың көршісін  тап (қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде).

4.Мына  суреттер қандай пішіндерден және түстерден құралған?

5.Логикалық  есептерді шеш:

Жан-жаққа кетті зымырап,

Мысықтан қорыққан тышқандар

Қорапқа кірді біреуі,

Артынан кетті екеуі,

Тығылды сонда нешеуі?

 

Ағаш басында сегіз торғай отыр, оның үшеуі ұшып кетті. Барлығы қанша қалды?

Қасқыр: Жарайсыңдар, сендер барлық тапсырмаларды белсенді орындадыңдар, мен лақтарды босатамын.

Ешкі риза болып, қоштасып кетеді.

Балалар кілемшеге отырып, психологиялық жаттығу жасап  шаршағанымызды басайық.

Сергіту сәті.

«Ақ бұлақ»

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Бұл ертегі кезінде балалар, біз ешқандай тапсырмаларды орындамаймыз. Біздің бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерінің бейнесін сомдап, ертегі желісі бойынша көрініс көрсетеді.

Балалардың дайындаған көрінісі "Мақта қыз бен мысық" ертегісі. әрқашанда достығымыз жарасып,

тату - тәтті өмір сүрейік достар. Балаларды мадақтап, орындарына отырғызу.

Қазақстан

Астана

Н.Ә.Назарбаев

Ту, Елтаңба, Әнұран

Балалар ертегілер еліне саяхатқа даярланады.

 

 

-«Қасқыр мен жеті лақ»

- Көмектесеміз

 

 

Ешкінің берген тапсырмаларын қарап, орындалуға дайындалады.

 

 

 

-Балалар тура және кері санайды.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.

Балалар тақтада көрсетілген сандарды мұқият қарайды да, жоқ сандарды белгілейді.

Санамақ:

Бір дегенім - бесік,

Шықтым содан өсіп.

Екі дегенім - елім,

Далам, тауым, көгім.

Үш дегенім - үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім - төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім - бақыт,

Бағалайтын уақыт.

5,3,7,10 сандардың көршісін табады.

Сурет бойынша пішіндерді ажыратады.

 Дөңгелек – круг – circle

Үшбұрыш – триугольник-triangle

Шаршы – квадрат – square

Сопақ – овал-oval

Сары – желтый – yellow

Жасыл – зеленый – green

Көгілдір – голубой – blue

Қоңыр – коричневый-brown

-Үш – три - three

- Бес – пять – five

Балалар ешкіге көмектескендеріне қуанып, ешкімен қоштасады.

Балалар орындарынан тұрып, кимыл-қозғалыстарын қайталайды.

Ертегі көрінісіне қатысатын балалар дайындалып, өз өнерлерін көрсетуге шығады.

Мұғалімнің айтқанын тыңдап, балалар бір-біріне күлімдеп, құшақтасады.

 

Сабақты қорытындылау.

Диаграмма жасау: 

-Бүгін біз қайда саяхат жасадық?

-Бірінші қандай ертегіге кездестік?

-Онда қандай тапсырма орындадық?

-Екінші ертегіміз қандай?

-Ертегі желісі бойынша не істедік?

Жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.

Тосын сый.

Ешкі балаларға өзінің алғысын айтып, ертегілер елінен әкелген сыйлығын береді.

Кәнекей балалар шеңбер құрайық,

Қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

 

 

-Ертегілер еліне

-«Қасқыр мен жеті лақ»

-Сандарды тура және кері санадық, санамақтар айтық, пішіндерді ажыраттық.

-«Мақта қыз бен мысық»

-Көрініс көрсеттік.

 

Балалар ешкіге көмектескендеріне қуанып, шаттанады.

 

 

 

Шеңберге тұрып, қонақтармен қоштасады.

 

 

























Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Денсаулық», «Шығармашылық».

Білім бөлімі: Жаратылыстану, Көркем әдебиет, Дене тәрбиесі, Жапсыру.

Тақырыбы: Үй жануарлары.

Мақсаты: Үй жануарларының мекен ету ортасы, қоректенуі туралы түсінік беру. Жұмбақ, көрнекіліктер пайдалана отырып, үй жануарларын қорғауға қамқор болуға үйрету. Төлдерінің аттарын атай және ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына сүйіспеншілікпен тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жануарлар макеті, атрибуттар, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Билингвалды компонент: түйе-верблюд, сиыр-корова, қой-баран.

  Қызмет түрі

                    Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалар  іс-әрекеті

Мотивациялық

 Қозғаушы

-    Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеге қарасақ, ең алдымене біз нені көреміз?
-    Дұрыс, күнді көреміз.
-    Күн бізге не береді?
-    Олай болса бір-біріміздің қолымыздан ұстап бүгін бізге келген қонақ-апайлармызға жылы лебізімізді білдірейік.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Төрімізге еніпті,
Амандасу үлкенге.
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.

-    Күнді
-    Жылу береді, нұр береді.

 

 


-    Балалар жылуылық шеңберін жасап, орындарына жайғасады.

 

 

Ұйымдастыру-ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетекші-жөндеуші

 

 

-Ал, балалар бүгінгі оқу іс-әркетіміз ерекеше болмақ. Себебі, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер қандай тақырыпта әңгімелейтінімізді табатын боласыңдар.
   Жұмбақ жасыру:
1.    Өзі ірі жануар,
Үстінде екі тауы бар. Ол не?
2.    Басында мүйізі бар,
          Үстінде киізі бар. Ол не?

3.    Аласа ғана бойы бар,
  Айналдыра киген тоны бар. Ол не?
Дұрыс таптыңдар.
Балалар, енді осы жануарларды қазақ-орыс тілдерінде қалай аталатынын бірге қайталайық.
Билингвалды компонент: Түйе-верблюд,          Сиыр-корова, қой-баран.
-Бұл жануарлар орманда өмір сүре ме, әлде үйде ме?
Дұрыс айтасыңдар.
-Балалар, бүгінгі іс-әрекетіміз «Үй жануарлары» туралы болмақ.
-Ал, балалар үй жануарлары туралы тақпақтар білесіңдер ме?
(Балалар тақпақтарын айтып шығады)

 

 

 

 

 

 

 

-Жарайсыңдар!
(Үстел үстіндегі үйдің, қораның және жануарлардың макеттеріне балалардың назарын аудару)
-Балалар, қараңдаршы үй жануарлары үйде мекен етеді екен.
-Үй жануарларының тұратын жерін не деп атаймыз?
-Үй жануарлары немен қоректенеді екен?
-Дұрыс айтасыңдар.
-Мынау- сиыр, ол бізге не береді?


-Ал, мынау жылқы, халқымыз жылқы малын керемет бағалаған.
-Жылқының бізге қандай пайдасы бар, бізге не береді?
-Мынау- қой, ол бізге не береді?


-Мынау- түйе, оның дене құрылысы ерекше, ол бізге не береді?
-Ал, мынау –ешкі, ол бізге не береді?

-Жарайсыңдар! Үй жауарлары өте пайдалы екен.
      Сергіту сәті:
Бала бала балақан,
Қәне қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.
-Ал, енді балалар, « Жыл басына таласқан хайуанаттар» туралы ертегіні өзіміз ойнап шығайық.
- Ертегіші: Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде. Бұрынғы өткен заманда жануарлар ұзақ пікір таластырыпты, түн ортасы ауғанша дауласыпты. Тек тышқан ғана тіс жармапты. Ақырында бәрі шаршаған кезде, тіпті түйе түгілі, әтештің өзі сыбырлап сөйлейтін дәрежеге түскенде, тышқан өз ұсынысын айтыпты.

 

-Ертегіші: Осы кезде барлығы таласып: «Біз көреміз, біз көреміз»,- деп тұрғанда, тышқан айқай салады.

-Ертегіші: Түйе бойына сеніп, жыл басынан құр қалыпты.
-Рахмет балалар.
-Ал, енді балалар осы жерден бір ойын оинап жіберейік.
Д/О: « Даусынан таны».
Ұжымдық жұмыс: Бос қораны үй жануарларымен толтырайық.
Шарты: Бос қораға үй жануарлары және төлдерін жапсырып, төлдерінің аттарын ажыратып айта білуі керек.
-Жарайсыңдар балалар, сендер жапсырған жанурлармен қорамыз толды.

 

 

-Балалар,біз бүгін қандай жануарлармен таныстық? Қане біртіндеп  үй жануарларын атайықшы?

-Балалар, жыл басына қандай жауарлар таласты?
-Жыл басы қандай жануар болды?
-Біз қораға қандай жануарларды жапсырдық, атайықшы?
 -Рахмет балалар бүгінгі іс-әрекетке өте жақсы қатыстыңдар.

 

-    Балалар ойлана қызыға тамсанып қарайды.
-    Түйе

-    Сиыр

-    Қой

-    Қазақша-орысша сөздерді айта біледі

-    Бұл жануарлар үйде өмір сүреді
-Азамат:
Қой сүйеді баласын қоңырым деп, ештеңені білмейтін момыным деп.
-Бақкелді:
Сиыр сүйеді баласын торпағым деп, қараңғыда баспаған қорқағым деп.
-Бота:
Түйе сүйеді баласын боташым деп, Жаудыраған көзіңнен тоташым деп.
-Ділдә:
Ешкі сүйеді баласын тағым деп, Тастан тасқа секірген шұнағым деп.
-Нұртілек:
Жылқы сүйеді баласын құлыным деп, тұлпар болып жүгірер жұрыным деп.

-Балалар таңдана назар салып қарайды.
-Қора.
-Жем, шөп жейді.

-сүт, май, қаймақ, айран, ірімшік береді.

-Мінсе-көлік болады,қымыз береді, етін жейміз.
-Етін жейміз, жүнінен киімдер тоқимыз.
-Қымыран ішеміз, жүнй өте пайдалы.
-Сүтін ішеміз, етін жейміз.
-Сергіту сәтін іс-қимылмен жасады.
-Балалар назар аударып, ертегіні сахналайды.
-Тышқан: (Бота)
Бұл таласқаннан еш нәрсе шықпайды. Келіндер, бәріміз мынаған келісейік. Таңертең күнді кім бірінші көрсе, сол- жыл басы болсын.
-Ит:(Азамат)
 Дұрыс, дұрыс.
-Ұлу:(Ділдә)
 Тышқан тура айтады!Осыған келісейік.
-Тауық: (Жанель)
Ай, қандай ақылды!
-Түйе:(Бағжан)
Онда қайтеміз, шығысқа қарай бұрылайық, күнді тосып тұрайық!
-О тышқан сен ақымақ бас! Шынымен-ақ күнді бірінші көремін деп ойлайсын ба?
-Тышқан: (Бота)
Уақытында байқап көрерміз.
-Түйе:( Бағжан)
Сенің сенетін түгің жоқ! Мен бәрінен биікпін, демек күннің шығуын басқалардан ерте мен бірінші көремін.
-Тышқан:(Бота)
О, алақай, алақай күнді мен көрдім!

-Ойынды қызыға ойнады.
-Жауарларды жапсырып шығады.
-Үй жануарларымен.
-сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы.
-Балалар жауап береді.
-Тышқан.
-Балалар сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттеріне қуанады.

              

Күтілетін нәтиже:


Іс-әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалардың іс-әрекеті:

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

«Ертегілер» әнін тыңдау.

-Балалар, өлең сендерге ұнады ма?

-Өлең не туралы?

-Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

-Ертегілер қалай басталады?

-Жарайсыңдар, жауаптарың маған ұнады. Ал сендер қонаққа барғанды жақсы көресіңдер ме?

-Ендеше біз бүгін ертегілер еліне қонаққа барамыз.

 

Балалар өлеңді тыңдайды.

-Иә, ұнады.

-Ертегілер туралы.

-Иә, жақсы көреміз.

-Ерте, ерте, ертеде

Ешкі жүні бөртеде.

-Баяғы өткен заманда.

-Иә, жақсы көреміз.

Балалар қуанады.

Ұйымдастырушылық -ізденушілік

-Балалар, ертегілер еліне қарай жол тартайық. Мынау қандай ертегі? Бұл ертегі қалай басталады?

-Дұрыс айтасыңдар, Мақтақыз не себепті мысықтың құйрығын кесіп алды?

-Ал енді жолымызды жалғастырайық.

Мына бір қыздың аты кім?

-Қызыл телпек қайда бара жатыр?

-Жарайсыңдар, сендер көп ертегілер біледі екенсіңдер, ал мынау қандай ертегі?

Осы ертегіге еніп көрейікші.

-Балалар, бізге Қарлығаштан хат келіпті, ашып оқып көрейікші.

Хат: «Құрметті балалар! Сендер бұл ертегілер еліне ену үшін менің тапсырмаларымды орындауларың керек. Сонда ғана ертегілер еліне ене аласыңдар!

-Балалар, тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба?

І-тапсырма: Жұмбақтарды шешіңдер

  1. Сұрғылт тартқан түсі бар,

Ақсиған көп тісі бар.

Ауылды ториды,

Ууууу деп ұлиды. Бұл не?

-Ендеше, қасқырды шақырайық.

  1. Қорбаң, қорбаң етеді,

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып-ап,

Қыста ұйқыға кетеді. Бұл не?

-Ендеше, аюды шақырайық.

  1. Селтиіп екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

Сәбізді жақсы көреді,

Шошынып, секіріп, жортады. Бұл не?

-Ендеше, қоянды шақырайық.

  1. Оны «қу» деп, қылады күлкі

Шынындада айлакер, қу.

Бұл не?

-Ендеше, түлкіні шақырайық.

-Жарайсыңдар балалар ертегі кейіпкерлері түгел жиналды. Енді келесі тапсырманы орындайық.

 

ІІ-тапсырма: «Бауырсақты құрастыр».

 

ІІІ-тапсырма: Ертегілер еліне денсаулығы мықты балалар енеді. Жаттығулар жасаңдар.

«Бауырсақ» ертегісін тәрбиешінің басқаруымен сахналандыру.

 

-Мақта қыз бен мысық.

-Бір күні Мақта қыз үй сыпырып жүріп, мейіз тауып алады.

-Мысық қатықты төгіп тастайды.

 

-Қызыл телпек.

-Әжесінің үйіне.

 

 

-Бауырсақ ертегісі.

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

-Иә.

 

 

 

 

 

-Қасқыр.

Қасқыр келеді.

 

 

 

-Аю.

Аю келеді.

 

-Қоян.

Қоян келеді.

-Түлкі.

Түлкі келеді.

 

Балалар сурет  қиындыларынан бауырсақты құрастырады.

Балалар АКТ-дан сергіту жаттығуларын жасайды.

 

-Балалар рольдерге бөліп ойнайды.

Рефлекстік-түзетушілік

-Балалар біз бүгін қайда қонаққа бардық?

-Ең бірінші қайсы ертегіге жолықтық?

-Екінші ертегіміз қалай аталады?

-Ал қандай ертегіні ойнап шықтық?

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Жарайсыңдар!

-Ертегілер еліне.

-Мақта қыз бен мысық.

-Қызыл телпек.

-Бауырсақ ертегісін.

-Иә, ұнады.

















аңғыстау облысы,Бейнеу ауданы
Бейнеу селосы "Бейнеу бөбекжайы" МКҚК
II топ тәрбиешісі Елеусинова Назира  

Білім беру саласы

Шығармашылық.

Бөлімі

Бейнелеу

Тақырыбы

Үй құстары

Мақсаты

Балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту. Үй құстарына қамқор болуына оларды күте білуге тәрбиелеу, және тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Әр түрлі геометриялық пішіндерден құстың бейнесін салуды үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер

Құстардың суреті, үлестірмелі материялдар, қарындаштар ақ қағаз, акварель, қылқалам,орамал.

Билингвалды компонент

Құс-птица, Әтеш-петух, балапан-цыпленок.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Балалар қане бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап "Қуаныщ шеңберін" құрайық.

 

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

 

Балалар шеңберге тұрады.

 

Тақпақ жолдарына сай

Қол қимылдарын

Жасайды.

 

Ізденуші ұйымдастырушы

Балалар менімен ойын ойнағыларың келеме

Ендеше "Даусынан таны"ойынын ойнайық.

Мақсаты: Құстың даусы естіледі сендер сол

Қай құстың даусы екенін табатын боласыңдар

Бүгінгі оқу-іс әрекетіміздің не жайлы болатынын сезген боларсыңдар.

Бүгін біз "Үй құстарымен" танысатын боламыз.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Қыс мезгілінің ерекшеліктері неде?

Құстар қыста жылы жақтарға ұшып кетеді.

- Құстар неше топқа бөлінеді?

- Қандай болып бөлінеді?

- Дала құстары және үй құстары болып бөлінеді.

- Дала құстарына нелер жатады?

- Үй құстарына нелер жатады?

Дұрыс таптыңдар балалар.

Слайдпен жұмыс: Дидактикалық ойын:

"Бұл қай құс"

Мақсаты: Құстардың түсін, пішінін дауыстарын атау.

- Сендер үй құстарын білесіңдерме?

Слайдтан үй құстарының суреті шығады

Балалар қай құс екнін табады дауыстарын

Салады.

Жарайсыңдар балалар мен жаңа балабақшаға келе жатып әдемі қорапша тауып алдым бұл қорапта не бар екенін білгілерің келеме ашып қарайықшы.

- хат бар екен бұл хатты бізге тауық жазыпты.:

- Салеметсіздерме балалар мен балапандрыммен серуендеп жүріп оларды

Жоғалтып алдым балапандарымды табуға көмектесіңдерші-дейді тауық.

- Балалар көмектесемізбе?

Сол кезде әуенмен ішке сауысқан кіріп келеді.

- Саламатсыздарма балалар. Мен жаңа балабақшаларыңның үстінен ұшып өтіп бара жатып сендердің дауыстарыңды естіп қалдым тауықтың балапандарын мен едім ұрлап жасырып қойдым, сендер менің үш тапсырмамды орындасаңдар балапандарын тауыққа қайтарамын.

Қане балалар сауысқанның тапсырмаларын орындаймызба?

1. тапсырма: Жұмбақ.

үреді ойқастап бой тастап

Басында айдары бар, иекте сақалы бар"

"Көлде жүрген көп сиыр

Жетіп барсаң жоқ сиыр."

 

"Күн батса қонақтап қалқыған

Таң атса жерден жем шоқыған"

2 тапсырма:

Ойын "Дұрыс орналастыр"

Мен сендерге құстардың бейнесі салынған карточкалар таратып беремін бұл карточкаларда құстардың дене мүшелері бөлінген сендер соларды құрастыруларың керек.

3 тапсырма: сурет салу.

Мына балапандарды әдемілеп бояп береміз мен сендерге қағаз таратып беремін, бұған балапандардың бейнесі үзік сызықтармен салынған, үзік сызықтар үстін басып сызып сары түске бояп шығасыңдар.

Сергіту сәті.

Қаздар қанат қағады

Қаңқ-қаңқ деп дауыстап

Ұшып-ұшып алады

Жем шоқиды тоқылдап.

 

Жарайсыңдар балалар бояуды жалғастырамыз, бояп болған балаларды мақтау басқа балаларға көрсету.

Ойын: "Ұшты-ұшты"

Міне үш тапсырмаңды орындадық сауысқан енді тауықтың балапандарын жасырып қойған жеріңнен апарып бер.

Сауысқан:-Өте тапқыр екенсіңдер  балапандарын апарып берейін. Сау болыңдар.

Ия

Балалар дауысты тыңдайды жауабын табады.

 

 

 

 

 

 

 

Қыс.

Үш ай бар.

Қар жауады, күн суық болады.

Екі топқа бөлінеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әтеш, тауық, үйрек, балапан

 

 

 

 

 

Әтеш -ку-ка-ре-ку

Тауық-қыт-қыт-қыт

Үйрек-қаңқ-қаңқ

 

 

 

 

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды

 

 

Тауықтың балапандарын табуға қуана келіседі.

 

Ия

 

 

Әтеш.

 

 

Үйрек.

 

Тауық.

 

Балалар қиынды суреттерді құрастырады

 

Балалар орындарына отырып үзік сызықтар үстін басып сызып шығады.

Балапандарды сары түске бояп шығады.

 

Балалар орындарынан тұрып қимыл-қозғалыстар арқылы сергіту сәтін жасайды.

 

Ойынды сауысқанмен бірге ойнайды.

Сауысқан балапандарды жасырған жерінен алып балалармен қоштасып шығып кетеді.

Рефлексивті-түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытындылау:Біз не білдік?

Ұй құстары туралы. қонаққа кім келді

Сауысқан келді.

Балаларды мақтау мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек

Құстарды айыра білуі.

Нені игереді

Ойындарға деген қызығушылығы

Нені біледі

Қылқаламмен жұмыс жасай білуі.





















Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы
МКҚК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі
Кулмурзаева Айтуган Балыкбаевна

Білім беру саласы: Қатынас әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: көркем әдебиет, құрастыру.

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Мақсаты: Ертегідегі кейіпкерлерді атай білу,заттардын түсін,көлемін ажырата білу. Балаларға қойылған сурақтарға дұрыс жауап беріп, сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту. Сөздерді анық айтуға,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Достық пен жанашырлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру, әдістемелеу.

Көрнекіліктер: «Шалқан, жеті лақ пен қасқыр, үйшік», ертегі желісі, бойынша суреттер, аю,түрлі-тусті қағаз, желім, сүлгі, ақ қағаз.

Шаттық шеңбері:

Шаттық шеңбері:
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп апайды қарашы.
Бәріңе де ізетпен
Иіліп сәлем береміз.
Сәлеметсіздер ме?

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыс айларын атап беріндерші?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қыс айында ауа-райы қандай болады?
- Суық, аяз.
- Далада не жауады?
- Қар жауады.
- Қардың түсі қандай?
- Ақ түсті.
- Адамдар қандай киімдерін киеді?
- Жылы киімдерін.
- Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
- Иә.
- Қандай ертегі білесіңдер?
- «Шалқан, бауырсақ, жеті лақ пен қасқыр, қызыл телпек, үйшік».

Бүгін бізде ерекше сабақ болады біз сиқырлы поезға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. (Балалар бір-бірінің иығынан ұстап пойыз дыбысымен журеді)


1-аялдамаға келдік шалқан ертегісін слайд арқылы көрсету. Бұл қандай ертегі: -кейіпкерлерін айту.
2-аялдама – слайдпен  жұмыс
- Бұл қандай ертегі?
- Шалқан ертегісі.
- Осы ертегілер кейіпкерлерін атандаршы?
- Ата, әже, немересі, күшік, мысық, тышқан.
- Ешкінің неше лағы бар?
- Жеті лағы бар.
- Ешкі тамаққа кеткенде лақтарына не айтып кетті?
- Ешкімге есікті ашпа.
- Қасқыр лақтарды қалай алдамақшы болды?
- Өлең айтып.
- Қане, балалар лақтар туралы тақпақ айтайықшы:
Шөре,шөре лағым,  
Тентек болма шырағым.
Секеңдемей деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
              

* * * * * *

Балалар тағы да сиқырлы поезға отырып келесі аялдамаға барады.
3-аялдама: Орман. Сол орманда аю жылап отыр.
Тәрбиеші: Аю сен неге жылап отырсың, саған не болды?
Қалай мен жыламаймын, мына жерде үйшік тұрды, мен оған сыймай сындырдым, содан бәрі қашып кетті,кім маған көмектеседі?-деп балалардан сұрады.
- Балалар аю қай ертегіден келді?
- Үйшік.
Тәрбиеші: Жылама аю,біздің балаларымыз сондай ақылды.
Қане балалар аюдың көңілін көтеріп,аю туралы тақпақ айтып, бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп,теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Тәр: Аю, саған біздің балаларамыз үйшік жапсыруға көмектеседі.Ол үшін біз топқа қайтайық.
Аю балаларға рахмет айтып, орманға қайтады. Сау болыңдар, балалар!
 
* * * * * *
Ғажайып сәт: Бауырсақ секіріп топқа кіреді.
Балалармен амандасады.
- Сәлеметсіздер ме балалар?
- Мені таныдыңдар ма?
- Иә.
- Мен кіммін?.
- Бауырсақсыз.
- Мен кімнен қаштым?
- Атадан, әжеден, қасқыр, аю, қоян, түлкі.
Тәр: Ал сені түлкі жеп қоймадыма?
Бауырсақ мен оны алдадым, түлкінің тұмсығына отырмай қашып кеттім.
- Қане, балалар қарайықшы, бауырсақ тулкіні алдап қайда қашты екен.
Слайд арқылы көрсету.
Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен,олар маған қайда барғандарын айтып бере алама?
- Сендер не көрдіңдер,не істедіңдер?
Егерде сендер маған толық жауап берсеңдер, мен сендерге сыйлық беремін.
Бауырсақ:мен өз ертегіме барайын, сендерге арнаған сыйлығымды берейін (сыйлық тарту) cау болыңдар!

Қорытындылау:
Балалар бүгін барлығың оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар,тапсырманы жақсы орындадыңдар:

Орнымыздан тұрайық
Әдепті бала болайык                                      
Көріскенше күн жақсы.
Сау –саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Слайд аркылы өткен ертегілерін жатка айту.
Болуы: түрлі-түсті қағазбен, желіммен жұмыс жасай білу.



















аты облысы, Балқаш ауданы
"Бөбек" балабақшасының тәрбиешісі  
Қожабекова Қарлығаш Қыдырбекқызы

 

Білім беру саласы: "Коммуникация" Көркем әдебиет

Тақырыбы: "Жабайы аңдар"

Мақсаты:

БМ: Әңгіменің мазмұнын сурет бойынша әңгімелеу.

Дм: Жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту,

ТМ:Оларды қорғауға,қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Суреттер

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Ұйымдасыру кезеңі

Балалар шеңбер бойына тұрып,төмендегі өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.

Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауа да салайық
Жүрек жылуын салайық
Осы жақсы лебіздерді
Балаларға сыйлайық.

- Бәрекелді, қандай тамаша: Мен сендер сияқты ақылды, сүйкімді, тәртіпті балалардың болғанына өте қуаныштымын. Енді бәріміз орнымызға барып жайғасып отырайық.

Кіріспе әңгіме

Теледидардан жабайы аңдарды көрсету. Балалар, сендер хайуанаттар бағына барып көрдіңдер ме?

Олай болса, біз бүгінгі оқу қызметінде жабайы аңдар туралы әңгімелейміз. Суреттер бойынша әңгімелеу.

- Суретте қандай аңдарды көріп тұрсыңдар?    Жабайы аңдар  

- Жабайы аңдарға нелер жатады.

- Неліктен жабайы аңдар дейміз?                                               

- Олар қай жерде мекендейді?         Орманда жүреді

- Аю балаларымен не істеп жатыр?      Ойнап жатыр

- Аюдың баласын қалай атайды?         Қонжық

- Қасқырдың баласын қалай атайды?        Бөлтірік

- Түлкінің ерекшелігі неде?           Қу, тұмсығы үшкір

Оқу іс-әрекетін ойынмен аяқтау:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп,теріп алайық                                   құлпынайды тереді және оларды санайды.

Себеттерге салайық.

Нені білуі керек: сурет бойынша әңгіме құрауды.

Нені меңгерді: жабайы аңдардың мекендейтін жерін біледі.

Нені білді: жабайы аңдардың аттарын айтып, бір-бірінен ажыратып, олардың қимылын келтіру.       




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Түлкі мен Тырна» ертегісі

Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.

Көрнекіліктер: Суреттер, хрестоматия, ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: тырна, түлкі

Билингвальды компонент: тырна-журавль, түлкі- лиса.

Іс-әрекет кезеңі

                   Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 Мотивациялық-қозғаушылық

   Ұйымдастыру кезеңі.

   Шаттық шеңбері:

   Алақанды ашайық,
   Күннің нұрын салайық,
   Жүрек жылуын салайық,
   Осы жақсы лебіздерді
   Бір-бірімізге сыйлайық.

Балалар шеңбер бойында тұрып, қайталайды.

 Ұйымдастырушылық –ізденістік 

   Кіріспе әңгіме.

   - Балалар өткенде қандай тақырып өттік?

   - Балалар «Ана» туралы.

   - Қандай тақпақ жаттадық?

   - Ана туралы.

   - Қане балалар ана туралы тақпақты айтайық.

   Ана–біздің күніміз,
   Ананың біз-гүліміз.
   Ұландарды қуантып,
   Аман-есен жүріңіз.

   - Балалар бұл тақпақта аналарымыз туралы айтылған.

   - Өте жақсы.

   - Балалар біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Түлкі мен Тырна» ертегісімен танысайық.

   - Мен сендерге ертегіні оқып беремін, сендер мұқият тыңдаңдыр.

   Ертегінің мазмұнын сендер айтып бересіңдер.

   «Түлкі мен Тырна» ертегісін оқу.

   Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын ашу.

   - Түлкі кіммен дос болыпты?

   - Түлкі тырнаның балаларын неістеді?

   - Тырнаның мойыны қандай?

   Билингвальды компонент: тырна-журавль, түлкі- лиса.

   - Балалар сендердің алдарында суреттер тұр ,сол суреттің ішінен  ертегідегі ұнаған кейіпкерлеріңді қарындашпен қоршаңдар .

   - Балалар сергіту сәтін жасайық.

   Сергіту сәті.

   Қанат жаям жалма-жан
   Талпынғандай ұшуға.
   Иіліп келіп қол созам
   Аяғының ұшына.

   «Тоты құс» ойыны.

   Тоты құс-ау, тоты құс.

   Жақсы көрер досымыз,

   Әнге құлақ тосыңыз,

   Кім боламыз осы біз?-деп, кілт тоқтап артында тұрған баланың атын атайды.

 

«Ана»

 

 

Балалар бірге «Ана» туралы тақпақты айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Тырнамен.

   - өлтірді.

   - ұзын.

Балалар қайталайды

тырна-журавль,

түлкі- лиса.

Балалар суретпен жұмыс жасайды

Қимыл қзғалыс арқылы көрсетеді.

 

 

Балалармен ойын ойналады.

Рефлексиалық-түзетушілік

      Қортындылау.

   - Түлкі қандай аң?

   - Тырнаның мойыны қандай?

 

   - Қу.

   - Ұзын



































2 "Қуаныш" балабақшасының
тәрбиешісі Ержан Индира Ақылбекқызы

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Оку қызметі: Сурет салу.

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»

Мақсаты:  

1. Танымдылық: Балалаларға жыл мезгілдерінің ерекшеліктерімен қоршаған әлеміндегі табиғат құбылыстарымен таныстыру, табиғат құбылыстарын қағаз бетіне бейнелеу арқылы сурет салудың әдіс-тәсілдерін үйрету.

2. Дамытушылық: Балалардың ой-қиялдарын дамыту; өзін басқа заттың немесе тірі жанның орнына қойып сезіну іскерліктерін дамыту. Дұрыс сұрақ қоюға және сұрақтарға толық жауап беруге, байланыстырып сөйлеуге машықтандыру. Мазмұнды суреттер бойынша қиял- ғажайыптарды елестетіп, суретті  жалғастыру іскерліктерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Табиғатқа мекендеушілердің өміріне қызығушылыққа және суретті ұқыпты бояп, іс-әрекетті дұрыс орындауға тәрбиелеу; Табиғатқа қамқорлық сезіммен қарауға баулу.

Алдын ала жұмыс: Ауа-райын бақылау, жыл мезгілдер туралы көркем сөздерді жаттау, әңгімелесу.

Қолданылған техналогиялар: Триз технологиясы, монтессори техналогиясы, ұжымдық жұмыс.

Көрнекіліктер: Айналаны қоршаған әлемнің үлгісі және жыл мезгілдерінің суреті, сиқырлы экран, сиқырлы қорапша, ғажайып алаң, алдын ала дайын жапсырылған сурет, су бояқ, сулы майлық,құрғақ майлық.

Сөздік жұмыс: Көңілді «Жыл мезгілдері».

Билингвальды компонент: Жыл мезгілдері-времена года, қыс-зима, көктем-весна, жаз-лето, күз-осень.

Оқу қызыметінің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

1 Мотивациялық қозғаушылық  

 

Шаттық шеңбері: Біз қандаймыз,

қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз,

күлімдеген күндейміз

Еш уайымды білмейміз,

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

Ауа-райын бақылау:

Тәрбиеші: Балалар, оқу қызыметімізді бастамас бұрын ауа-райын бақылаймыз.Қолымдағы сиқырлы қорапшаны пайдалану арқылы әр-қайсысымыз ішіндегі кез келген суретті алып ауа-райын бақылай аламыз.

Тосын сый: (есікті тоқылдатып жыл мезгілінің бақылаушы ханшайымы кіреді)

Шеңберде тұрып, қайталайды, қимылымен көрсетеді.

 

 

                                                     

 

 

Балалар сиқырлы қорапшаның ішінен суреттерді алып әр түрлі бейнелерді айта отырып, ауа-райын бақылайды.

 

 2. Ұйымдастыру – іздестіру

 

 

Б.х: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Б.х: Балалар, мен жыл мезгілінің бақылаушы ханшайымымын. Әр жылда, жыл мезгілдерін ауыстырып бақылап отырамын. Балалар, мен сендерге арнайы қонаққа келдім. Сендердің білімдеріңді тексергім келді.

Тәрбиеші: Жыл бақылаушы ханшайымы, төрлетіңіз. Біз жыл мезгіліне жеке-жеке тоқталып өтеміз. Балалардың білімін тексерсеңіз болады. Осы сәтті пайдаланып,алдымен балалармен сізге сиқырлы экран арқылы көңіл күй сыйлаймыз.

- Балалар, біздің тақырыбымыз жыл мезгіліне байланысты болмақ. Яғни бүгінгі тақырыбымыз "Жыл мезгілдері"

Сөздік жұмыс: "Жыл мезгілдері"

сиқырлы экран

Тәрбиеші: Балалар, сиқылы экранға назар аударайық. Сендердің де көңіл-күйлерін бүгін қуанышты, жақсы болсын дегім келеді.

(Балалардың назарын сиқырлы экранға  аударып, қоршаған әлемнің суреттеріне көңіл бөліп қызықты суреттерді сұрақ- жауап  арқылы әңгімелейді).

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінің жаман жағы қандай?

- Ал жақсы жағы қандай?

- Қыс мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі болады?

- Көктем мезгілінің жаман жағы қандай?

- Ал жақсы жағы қандай?

- Көктем мезгілінен кейін қандай мезгілі болады?

- Жаз мезгілінің жаман жағы қандай?    

- Ал жақсы жағы қандай?

Билингвальды компонент: Жыл мезгілдері-времена года, қыс-зима, көктем-весна, жаз-лето, күз-осень.

 - Ал, балалар, енді біз қыс мезгіліне байланысты шығармашылық саласын орындайық.

- Менде бір таныс суретші адам бар.

- Ол бізден көмек сұрайды. Суретші қыс қызығы суреттерін салғысы келіп, суреттерді бастады, бірақ аяқтаған жоқ.

Біз өткен оқу қызметінде дәстүрден тыс суреттердің қандай түрлерін қолдандық?

- Дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше біз, суретшіге көмектесе отырып дәстүрден тыс сурретті пайдалану арқылы тіс щеткасы және мақта оралған таяқшаны   пайдаланамыз. (тәрбиеші балаларға жасалу жолдарын толықтай түсіндіреді).

Жұмыстарын аяқтаған соң, не салдың деп, сұрақ қойып, балалар жұмысын әңгімелету.

- Жарайсыңдар балалар, сендер суретші аяқтамаған жұмысын сендер аяқтап бердіңдер. Сендер шаршаған шығарсыңдар, бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті: «Көңілді әуен»

(әуен ойналады, балалар тәрбиешімен бірге іс-қимылдар жасайды)

- Жарайсыңдар балалар, бәріміз орнымызға жайғасайық.

- Балалар, қыз мезгілінен кейінгі көктем мезгіліне байланысты бақылаушы ханшайым сендерге жұмбақ жасырғысы келіп отыр. Жұмбақты шешуге дайынсыңдар ма?

Жұмбақтар:

1. Күн ұзарып қар еріп,
Су сайларға толады,
Бұл қай кезде болады?

2. Көлігі жоқ көшеді,
Өзін кезбе деседі.

3. Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын,
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың.

4. Жылт-жылт етеді
Жылғалардан өтеді.

- Жарайсыңдар балалар!

-Балалар, бәріміз тақтадағы суретке назар аударайық. Бұл сурет өте көңілсіз болып тұр екен.

- Бұл суретке не жетіспейді екен?

- Дұрыс айтасыңдар, балалар!

- Ендеше балалар, біз бұл көңілсіз суретті дайын қиылған ұсақ суреттерді әр қайсысын өз орнын тауып жабыстырайық.

- Енді, балалар,біз жабыстырған жаз мезгілі бейнеленген сурет көңілді болып шықты ма?

- Бұл қай мезгіл?

- Өте дұрыс айтасыңдар!

- Балалар,мына суреттегі бейнені қараңдаршы.Қай мезгілдің суретіне ұқсайды?

- Ендеше балалар,кім күз мезгілі туралы тақпақ айтады?

- Өте тамаша,балалар!

 -Балалар, біз, бағанадан бері жыл мезгілдерін атадық, олардың жақсы жаманын айыра білдік.                                                                        - Енді мен сендермен сол жыл мезгілдері туралы ойын ойнағым келіп тұр. Бұл ойынның аты"Ғажайып алаң" деп аталады. (тәрбиеші балаларға ойынның шартын түсіндіреді.)

- Бақылаушы ханшайымы, біздің балалардан қандай әсер алдыңыз?

Б.х: Жарайсыңдар балалар, мен сендерге келіп көптеген жақсы әсер алдым. Сендер барлығын біледі екенсіңдер. Қойылған сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Әр жыл мезгілдерін қалай болатынын, суық-жылуын айыра білдіңдер. Көңілсіз суретті де көңілді етіп шығара білдіңдер .Жыл мезгіліне байланысты тақпақ және жұмбақты шеше білдіңдер. Өзіммен бірге сендерге әкелген арнайы сыйым бар. (Бақылаушы ханшайым балаалрға мадақтап сыйлықтарын таратып береді.) Енді рұқсат болса қайтайын. Сау болыңдар балалар!

- Сәлеметсіз бе!

Балалар сиқырлы экранға назар аударып, ондағы әр түрлі суреттерге әңгіме құрап тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

- Жыл мезгілдері.

 

 

- Қыс мезгілі.

- Суық, тоңамыз т.б

- Далаға аққала жасаймыз, шана тебеміз.

- Көктем мезгілі.

- Жер балшық болады т.б

- Күн жылына бастайды т.б

- Жаз мезгілі.

- Күн ыстық болса басымызға күн өтеді.

- Суға түсеміз, тауға шығамыз т.б

- Жыл мезгілдері: времена года, қыс-зима, көктем-весна, жаз-лето, күз-осень.

 

 

 

 

 

-Тіс щеткасымен, бастырмамен,жіппен,май шаммен.

Балалар басталған суретті тіс щеткасымен және мақта оралған таяқшаны пайдаланып су бояқ арқылы әр түрлі түспен бояп шығады.

Балалар бояған суреттеріне назар аударып, не бояғанын және нені қолданғанын айтып береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар әуен ырғағымен іс-қимылдар жасайды.

 

 

 

 

- Иә, дайынбыз.

 

 

 

 

- Көктем.

- Бұлт.

- Жаңбыр

- Ағын су.

 

 

- Жәндіктер, ағаштар,

гүлдер, көбелектер, құстар,

бұлттар, күн.

Балалар дайын ұсақ суреттерді әр қайсысын өз орнына жабыстырады.

- Иә, көңілді болып шықты.

- Жаз мезгіл.

- Күз мезгіліне ұқсайды.

Іңкәр:

Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.

Әлібек:

Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан. 

Тәттісі көп не түрлі.         

Төрт баладан ойын алаңына шығып ондағы ғажайып алаңның белгіленген жерде тұрады. Әуен ойналады, балалар дөңгеленген  ғажайып алаңынан айналып жүгіреді. Онда төрт мезгілдің суреттері болады. Әуен тоқталған кезде балалар да тоқтайды. Балалар қай суретке тоқталады сол суретке қарап, ненің суреті және неге байланысты екекнін әңгімелеп береді. Балалар ойынды қызықты өткізеді.

- Сау болыңыз!

3. Рефлексация коррекциялау

 

 

 

- Балалар, бүгін біз қызықты не білдік?

- Жыл мезгілдерінің өзгерістері қандай болады екен?

- «Сиқырлы экран» арқылы біз не білдік?

- Жыл мезгілінің суық пен жылуын және пайдасы мен зиянын білдік пе?

- "Ғажайып алаңы" ойыны сендерге ұнады ма?

- Жарайсыңдар балалар,осымен біздің оқу қызметіміз аяқталды. Сендерге көп-көп рахмет!

- Енді балалар, бізге қонаққа келген айпайларменен де қоштасайық.

- Сау болыңыздар!

Балалардың жауабы.

 

 

 

 

- Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Табиғат құбылыстарын қағаз бетіне бейнелеу арқылы сурет салудың әдіс тәсілдерін біледі.

Игереді: Өз қиалдарымен елестету арқылы суретті аяқтауды игерді.

Меңгереді: Суретті бояп, іс-әрекетті дұрыс орындауды меңгерді.





































Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика

Білім беру саласы: Таным.

Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі математика»

Мақсаты: Балаларды 1-ден 10-ға дейін санап жаттықтыру. Геометриялық пішіндер туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік: көп заттардан затты ажыратып алуды үйрету, жыл, апта, ай туралы білімдерін, ұзын-қысқа ұғымын бекіту.

Дамытушылық:ойын арқылы қанша неше деген сұраққа жауап бере білуге, тапсырманы дұрыс орындай білу іскерлігн арттыру.

Тәрбиелік: балаларды өзара тапсырманы ұқыпты орындауға, бір-бірімен сыйластықта болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, слайд, ойын әдісі.

Көрнекілік: сандар, санау құралдары, суреттер, геометриялық пішіндер, дид.ойын, ойыншық жануарлар, үйшік т.б.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздендіру-

Ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Күн шығыпты алақай
Бәріміз тату болайық.

- Балалар, біздің республикамыз қалай аталады?

- Рәміздерге нелер жатады?

- Бір жылда неше мезгіл бар?

- Бір аптада неше күн бар?

- Балабақшаға неше күн келеміз?

- Неше күн демаламыз?

- Қазір тәуліктің қай мезгілі?

- Балалар қандай ертегілерді білесіңдер?

- Бүгін біз «Үйшік»ертегісі бойынша математика оқу қызметінен тапсырмалар орындаймыз.

- Тапсырманы орындаймыз ба?

- Алаңқайда ескі үйшік тұр еді. Бірде оның жанына тышқан келіпті. Үйшікке жету үшін 2 жол жатыр. Тышқан қай жолмен бару керектігін білмей тұр.

- Көмектесеміз бе?

- Қандай жолмен барады?

- Алдарыңда екі түрлі жолақша бар. Соны салыстырамыз. Тышқанды қандай жолақшаға қоямыз?

Жарайсыңдар балалар үйшікте неше аң тұрады?

- Үйшікке бақа секіріп келеді. Бақа жылап:

- Балалар көмектесіңдерші. Моншағымды жоғалтып алдым» дейді.

- Балалар көмектесеміз бе?

- Алдымызда әр түрлі геометриялық пішіндержатыр, содан моншақ жасап берейік.

- Балалар бұл қандай түстер?

- Рахмет!

- Бақа мәз болып, үйшікке барып тұрады.

- Үйшікте неше аң тұрады?

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп алып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып секірді.
Бір кезде қоян келеді.

- Үстіңгі жолақшаға шыршаларды, ал астыңғы жолақшаға саңырауқұлақты қоюды тапсырады.

- Шырша нешеу?

- Ал саңырауқұлақ ше?

Қоян үйшікке секіріп кіреді.

- Балалар үйшікте неше аң бар?

Алыстан үйшікті түлкі көреді.Ол балалардан санамақ сұрайды.Сөй-тіп үйшікте неше аң тұрады?

Кенет үйшікке ырылдаған қасқыр келеді.Суретті жұмбақтар шешеді.Қасқыр да үйшікке кіреді.

Үйшікте неше аң тұрады?

Орманнан қорбаңдаған аю келеді.

- Бұл не айқай, бұл не-шу?

Мені үйшікке кіргізіңдерші.

- Балалар,аю үйшікке сия ма?

- Неге?

- Аюға үйшік құрастырып береміз бе?

Геометриялық пішіндерден үй құрастырайық.

Балалар шеңберге тұрады.

Амандасады.

Қазақстан.

 

Ту, елтаңба, әнұран.

Төрт мезгіл бар.

Жеті күн.

Бес.

Екі.

Таңертең.

Бауырсақ, Шалқан, Қызыл телпек, Қасқыр мен жеті лақ т.б.

Ия.

Ия.

Қысқа жолмен.

Балалар ұзындығын салыстырады.

Қысқа жолақшаға

Бір.

Ерасыл:

Бірім, бірім, бірім бе,
Бір көжек бар інімде.

 

Ия.

Балалар әр түрлі пішіндерден моншақ жасайды.

- Қызыл, көк, сары..

 

-Екі.

- Балалар тапсырманы орындайды.

Балалар салыстырады.

 

 

- Көп.

- Біреу.

 

- Үш.

- Төрт.

Бір дегенім - бүркіт

Қалады аңдар үркіп

Екі дегенім-есек,

Білмейді ол есеп.

Үш дегенім-үкі,

Аулап жейді түлкі

Төтр дегенім-тиын

Сан білмесең қиын.

- Бес.

Балалар жұмбақты шешеді.

- Жоқ.

Себебі, ол өте үлкен.

Балалар пішіндерден үй құрастырады.

Рефлексивті

түзетушілік

Дидактикалық ойын:

«Адасқан санды ретімен орналастыр»

Мақсаты:араласқан сандарды ретімен қою керек.

- Жарайсыңдар, балалар!

- Балалар сендерге тапсырмалар ұнады ма?

- Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

- Мадақтау.

 

Балалар сандар ретін табады.

Көрсетеді.

 

- Ия.

Сұрақтарға жауап берді.

 

Күтілетін нәтиже:

Білді: 1-ден10-ға дейін тура, кері санауды, геометриялық пішінді ажыратады;

Игерді: ұзын-қысқа, көп-аз ұғымдарын түсінді;

Меңгерді: тапсырмаларды орындай білуді;



































Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
"Балдәурен" жекеменшік балабақшасының
тәрбиешісі: Суйеубаева Айгул Отесиновна

Мақсаты: балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдістер: Әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ айту, ойын, сұрақ-жауап, сергіту, шаттық шеңбері.
Көрнекіліктер: отбасы суреттері.

Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері:
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.

- Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?
- Ал, киіз үйде кімдер тұрады?
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Дұрыс айтасыңдар.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.
- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.
Жұмбақ: Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған.
Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар? (отбасы)
- Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
Отбасы туралы әңгімелеу.

Ойын: " Мынау кім?"
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атау.
Сергіту жаттығуы:

Бас бармағым – атам
Балан үйрек  - әжем
Ортан терек – әкем
Шылдыр шүмек – анам
Кішкене бөбек мен!

- Отбасы мүшесін ата.
- Отбасында кімді жақсы көресің?
- Отбасында кімге сыйлық жасайсың?
- Анаңа қалай көмектесесің?
- Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба?
- Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсың?
- Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің?
- Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы.

Ойын: «Неге теңеймін». Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Оқушыларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т. б. айтылады.

- Өте жақсы балалар.

Қорытынды:

- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік.
- Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік.
- Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік.
- Ойындар ойнадық.
- Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер.
- Бәріміз бірге отбасымызға тілек сөздер айтып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!







Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№23 «Айзере» балабақшасы
Тәрбиеші: Избастиева Марияш Сагиновна

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Сабақтың тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер

Сабақтың мақсаты:                                    

Білімділік: Күз туралы білімдерін толықтыру, көкөністер мен жемістердісипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту. Адамдар еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу қабілетін,эстетикалық талғамын дамыту.

Тәрбиелік: Адамдар еңбегін құрметтей білуге және табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі: көкөністер мен жемістер суреті, муляждар, қуыршақ театры, музыка.

Алдын- ала жұмыс: көкөніс, жеміс-жидектердің қағаздан қиылған бейнесі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, сергіту сәті Венн диаграммасы.

Сөздік жұмыс: «береке», «ырыс», «молшылық», «жомарт». 

                                                                    

Әрекет кезеңдері

Тәрбишінің  іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

Мотивациялык      қозғаушы

 

 

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барлық жанды құрметтеп
Бас иеміз біз.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілінде неше ай бар?

- Күз Күз мезгілінде ауа – рай қандай болады?

- Күз мезгілі туралы қандай тақпақ болады?

Бүгін аптаның қай күні?

Өткен оқу іс -әрекетін еске түсіру.

- Балалар қане кім маған төрт түлікті атап береді?

- Төрт түліктің қандай пайдасы бар?

- Төрт түліктің төлдерін атайықшы?

- Өте жақсы, балалар.

- Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберін орындайды.
 

- күз мезгілі

- үш ай бар

- салқындай бастайды,далада жаңбыр жауады.

2-3 бала тақпақ айтады.

 

- дүйсенбі

 

- балалар сұрақтарға жауап береді.

Іздену – ұйымдастырушы

Жаңа оқу қызметімен таныстыру. Балалар қазір мен сендерге өлең оқып беремін.

Өрік, шие, бәрі бар,
Қауын, қарбыз көбейді.
Жегің келсе бәрін ал,
Неге аласың демейді.
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.

- Балалар бұл өлеңде қай мезгіл туралы айтылған?

- Неліктен күзді жомарт күз деп атаймыз?

Дәнді дақылдарға: күріш, бидай, жүгері жатады.

- Берекелі күздің сыйлары көкөністер мен жемістерге тоқталамыз. Көкөністерге: қауын, қарбыз, жуа, картоп, сәбіз, қызанақ, орамжапырақ, асқабақ, қызылша, қияр, жатады. Көкөністер жерде, бақшада өседі, ал жемістер ағашта өседі. Жемістер мен көкөністер дәрумендерге өте бай. Көкөністерді тамақ пісіргенде қолданамыз. Ал жемістерді жейміз, тосап, шырын қайнатамыз. Қане балалар жемістер мен көкөністер туралы тақпақ білеміз бе?

Өте жақсы, балалар көкөністер мен жемістер туралы тақпақ біледі екенсіңдер.

Ой, мынау кім? Балалар?

Наф – наф саламатсыз ба?

Қане балалар, орнымыздан тұрып, бір серігіп алайықшы.

Сергіту сәтті:

Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп,теріп алайық
Себеттерге салайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Күз мезгілі, күз мезгілінің жомарттығы туралы айтылған.

 

- Себебі күзде барлық жемістер мен көкөністер, дәнді дақылдар піседі. Күз мезгілі өзімен бірге құт – береке, ырыс алып келеді.

 

 

 

Мен алмамын, алмамын,
Балдай тәтті бар дәмім.
Мен ерікпін, ерікпін,
Бай – бақшаға көрікпін.

Қане тіке тұрайық
Бау – бақшаға барайық
Жеміс теріп алайық
Қалтамызға салайық.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

 Рефлексті-коррекциялаушы

Ал сендер неге дауласып келесіңдер? Біздің балаларымыз көкөністермен жемістерді ажырата алады. «Жемістер мен көкөністерді ажырат» дидактикалық ойыны.

Шарты: жемістер мен көкөністерді ажыратып, түсін, пішінің айту. Ой, жақсы балалар деп екі торай шығып кетеді. Наф – наф келеді. Балалар сендер білесіңдер ме?

Олардың барлығы еңбектің арқасында болады. Еңбек туралы мақал – мәтел білесіңдер ме?

Өте жақсы балалар, ал енді торайлар мен сендерге сабаққа өте жақсы қатысқан балаларды айтып өтейін. Сау болыңдар, осымен сабағымыз аяқталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Еңбек түбі береке.

 

- Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

 

Күтілетін  нәтиже:

Білуі керек: Жемістер мен көкөністерді ажырата білуі ;

Болуы керек: Жемістер мен көкөністер туралы түсініктері;

Баланың  қолынан  келуі: Көрнекілік суреттерді пайдалана білуі және әңгімелеу керек.























Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№25 «Толағай» балабақшасы МКҚК
№15 «Болашақ»
МАД тобының тәрбиешісі: Кодарова Айгуль Атабаевна

 

№15 «Болашақ» тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Коммуникация, Таным, Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу, Сөйлеуді дамыту, Жапсыру
Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз»
Мақсаты:
Білімділік: балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Дамытушылық: балалардың ойлау қабілетін дамыту, тақпақтар, мақал–мәтелдер, тыйым сөздер  айтқыза отырып, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Әдіс–тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ–жауап, дидактикалық ойындар, мақтау, мадақтау, қорытындылау.
Керекті құралдар: Дала, үй құстары, қыстайтын құстар, альбомның ақ беті, геометриялық пішіндер, желім, сүрткіш.
Алдын ала жұмыс: құстар туралы тақпақтар мен мақалдар, тыйым сөздер жаттау.

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеттері

 

 

 

 

 

Мотивациялық - қозғаушы

Тәрбиеші балаларды топқа бір қатармен кіргізіп, шеңбер құрады.

- Балалар айналаға қараңызшы, тобымыз бүгін ерекше безендірілген, айнала шарға, гүлге толы, - деп топқа назарларын аударып, көңіл-күйлерін көтереді.

- Балалар қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келген екен, қане шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасайықшы.

 

- Жарайсыңдар балалар, енді орындарымызға отырайық.

Балалар бір қатармен топқа кіріп, шеңбер құрады, топтың әсем безендірілгеннін көріп қуанады.

Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған жер – Ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
Аман – есен болайық,
Бейбітшілік қалайық.

- Сәлеметсіздер ме, апайлар.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Балалар орындарына отырады.

 

Тәрбиеші:

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыста ауа–райы қандай болады?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Кім қыс айларын атап береді?

- Балалар, бүгін бізде Қоршаған ортамен танысу оқу қызметі, қане өткен тақырыпты есімізге түсіріп өтейікші. Біз не туралы өттік?

- Бізді қоршаған орта қалай аталады?

- Оған не жатады?

- Біз табиғаттың әсемдігіне, сұлулығына таң қалып, қызығамыз, оны біз қалай білдіреміз?

- Табиғат аясында не істейміз?

- Табиғат нешеге бөлінеді?

- Тас, құм, су, қар, мұз, тау, күн, жер, топырақ қай табиғатқа жатады?

- Ал адамдар, жануарлар, құстар, ағаштар, жәндіктер, гүлдер, балықтар қай табиғатқа жатады?

- Осы екі табиғат бір–бірімен байланысты. Бүгін біз құстар жайлы әңгімелесеміз.

Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта» ойыны

Шарты: мен сендерге сөйлемнің басын бастаймын, сендер аяқтайсыңыздар.

- Құстар ұша алады, өйткені ...

- Құстар қоректенеді ...

- Көктемде қайтқан құстар ...

- Аяздан қорықпайды ...

- Үй құстары ...

- Құстар қорғайды ...

- Құстар бір–біріне ұқсайды, ....

«Құсты және ұясын құрастыр» ойынын ойнаймыз.

(Геометриялық пішіндерден құс бейнесін, ұясын құрастыру)

Фонетикалық жаттығу:

Бала қарға – қарқ, қарқ (бәсең дауыспен)
Ана қарға – қарқ, қарқ (орта дауыспен)
Әке қарға – қарқ, қарқ (қатты дауыспен)

Таңғажайып сәт:

(Қолында рогаткасы бар)  Айдос кіреді.

Тәрбиеші:

- Сен кімсің?

Айдос:

- Мен Айдоспын.

- Қолыңдағы не?

- Қолымдағы рогатка, құс атайын деп едім.

- Балалар, құсты атуға бола ма?

- Олай болса балалар, біз Айдосқа құстар туралы тақпақтар айтып берейік.

-Айдос сен бізбен бірге мына кестені аяқта.

- Мынау қандай құс?

- Қандай бөліктерден тұрады?

- Құстар қайда өмір сүреді, мекендейді?

- Құстар қояннан кіші, арадан үлкен.

- Түсі ақ, қара, қызыл.

- Құстарға өмір сүру үшін не қажет?

- Құстардың пайдасы мен зияны.

- Өте жақсы. Балалар, Айдосқа мақал – мәтелдер, тыйым сөздерді айтып берейік.

Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшайық.
Торғай болып  қонайық.
Сауысқан боп секіріп
Тоқылдақ боп шоқиық
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып – ұшып алайық
Орнымызға қонайық.

- Жарайсыңдар балалар, бүгін біз осы құстардың бірі торғайдың суретін жапсырайық. Біз кеше күннің екінші жартысында алдын ала жұмыс жасап торғайдың дене мүшелерін қиып қойған болатынбыз. Олай болса балалар, алдымыздағы  ыдыстағы пішіндерді алып торғайды жапсырайық.

- Балалар торғайымызды жапсырмас бұрын, мені мұқият тыңдап алыңыз, желімді қолданған кезде желімді аузымызға салып жеуге болмайды, партаға немесе үстімізге жағуға болмайды, желімді қолданып болғаннан кейін желімді ішіне қарай бұрап, аузын жауып орнына қоямыз.

- Айдос, көрдің бе, біздің балалар құстарды қалай аялайды, қорғайды, мәпелейді, ал сен болсаң бұзақылып жасап құстарды атасың.

Айдос:

- Кешіріңдер балалар, мен енді құсты атпаймын, бұзақы болмаймын.

- Қане балалар, Айдосты кешіреміз бе?

Айдос:

- Рахмет балалар, мен енді бұзақылық әдетті қайталамаймын.

(Айдос балалармен қоштасып шығып кетеді)

Балалар:

- Қыс мезгілі.

- Суық болады, жаңбыр, қар жауады.

- Қыс мезгілінде үш ай бар.

- Желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары.

- «Қысқы еңбек» тақырыбында сурет бойынша әңгімеледік.

- Табиғат деп аталады.

- Айналамыздағы заттар жатады.

Балалар эмоциямен көрсетеді.

- Табиғатты аялаймыз, қорғаймыз, демаламыз, сүйеміз, одан көп қуаныш аламыз.

- Табиғат екіге бөлінеді, өлі және тірі табиғат.

- Өлі табиғатқа жатады.

- Тірі табиғатқа жатады.

- Оның қанаты бар.

- Құрт, құмырсқа, жәндіктер, дәндермен.

- Тырна, ұзақ, аққу, қарлығаш.

- Қарға, торғай, сауысқан.

- Әтеш, тауық, үйрек, қаз.

- Ағаштарды.

- Жүнімен, қанатымен, құйрығымен, тұмсығымен, жұмыртқасымен, аяғымен ұқсайды.

Балалар қайталайды.

Балалар тақпақ айтады.

Нұрлан:
Ой балалар, балалар,
Құстарда да ана бар
Құстар да бала бар.
Құс ұясын бұзбайық
Обалына қалмайық

Ақнұр:
Шыр – шыр еткен торғайды
Қорғамасақ болмайды.
Кіп – кішкентай торғайлар
Ағаштарды қорғайды.

Ерасыл:
Таспен атып торғайды
Ұя бұзған оңбайды
Құс өкпелеп кетеді.
Бақшамызға қонбайды.

- Торғай.

- Басы, денесі, қанаты, құйрығы.

- Орманда, жағажайда өмір сүреді.

- Ауа, су, күн, жәндік.

- Ағаштарды тазалайды.

Балалар мақал – мәтелдер, тыйым сөздерді айтады.

Мөлдір:
Құстың ұясын бұзба,
Ағашты сындырма.

Саят:
Құстарың жұмыртқасын жарма.

Арман:
Құс жеткен жерге қонады

А.Бексұлтан:
Қарлығаш көктем нышаны.

Асияна:
Қара құс басып жейді,
Сұңқар шоқып жейді.

Алихан:
Қаз бен үйректің пайдасы көп.

Нұрлыбек:
Құсқа тас лақтырма.

Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар торғайдың суретін жапсырады.

 

 

 

 

 

- Кешіреміз.

 

Қорытынды:

- Бүгін біз не жайлы әңгімелестік?

- Құстардың қандай пайдасы бар?

- Балалар сендерге үлкен рахмет. Бүгінгі оқу қызметімізге барлығыңыз жақсы қатыстыңыздар.

 

- Құстар жайлы – құстар біздің досымыз.

- Құстар ағаштарды құрт – құмырсқадан, шыбын – шіркейлерден тазалайды.

 
































Білім беру саласы:
 «Қатынас», «Шығармашылық», «Денсаулық», «Таным», «Әлеуметтік орта»

Тақырыбы: «Жыл мезгілдерінің сыры»































Мақсаты: балалардың төрт мезгіл қыс, көктем, жаз, күз туралы түсініктерін кеңейте отырып, әр жыл мезгілінің өзгерістері жайлы әңгімелей айтуға, мақал-мәтелдер арқылы жеткізе білуге үйрету, төртке дейінгі сандарды санай білу. Сөйлемді дұрыс толық сөйлеммен айтуға тәрбиелеу. Дыбыстарды анық дұрыс айтуды, әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктерін дұрыс жеткізе айтуға оны бейнелеп, бояу түстерін дұрыс бере білуге тәрбиелеу.

 

Әрекет кезеңдері

        Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

Мотиватциялық-  қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Ағаш, бұта, жасыл шөп
Жайқалып өскен гүлдер көп,
Рахмет саған, қайырымды жер.
Бізге берген таза ауа көлеңкені,
Жапырақ жидек пен жемістер,
Рахмет саған, ғажайып өсімдіктер.
Жапырақты жұлмаймыз,
Бұтақты біз сындырмаймыз.
Су құямыз қараймыз,
Аялаймыз, қорғаймыз.

Балалар бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

- Өте жақсы балалар, ал енді орнымызға отырайық!

- Балалар жыл мезгілдерін кім біледі?

- Дұрыс айтасыңдар! Жылдың он екі айы бар.

Күз айлары, қыркүйек, қазан, қараша.

Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.

Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.

Шаттық шеңберіне тұрады.

 

 

 

 

 

Бәрі бірге қонақтармен амандасады.

- Сәлеметсіздер ме апайлар! 

Балалар орындарына отырады.

 

- Қыс, көктем, жаз, күз – деп атап тауып суреттерін тақтаға іледі.

Іздену-ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ерте, ерте, ертеде атақты жыл патшалығы болыпты. Олардың екі қызы, екі ұлы болыпты. (көктем, жаз, күз, қыс) Осы төрт баласының мінезі әр түрлі болыпты. Жыл патшайымы осы төрт жылды бағып-қағып өсіріпті. Күндердің күнінде осы мезгілдер айтысып қалыпты.

 

Олар былай деп айтысады:

 

Одан кейін күз былай дейді:

 

Одан кейін қыс былай дейді:

 

Табиғат патшайымы: Бәрекелді, бәрің жиналып қалыпсыңдар ғой, бұл не жиын? (әуенмен кіріп келеді)

 

Табиғат патшайымы: Орынсыз таласқандарың дұрыс емес. Бәрің де адамдарға керексіңдер. Сендер көктем, жаз, күз, қыс болып өзгеріп тұрмасаңдар олар өмір сүре алмаған болар еді. Барлық кезеңнің  өз кереметтері бар. Сондықтар таласпай адамдарға қалтқысыз қызмет жасауға тырысыңдар. Олар табиғаттың кереметтерімен ғана күн кеше алады.

 

Балаларға төрт жыл мезгілінің боялмаған суреттері беріледі.

 

Сергіту сәті: (слайд арқылы)

 

 

 

Балалар, көктем мезгілі келгенін қалай байқаймыз?

 

 

 

 

 

 

Көктем туралы мақалды кім біледі?

 

 

 

 

 

 

Қыс мезгілі келгенін қалай байқаймыз?

 

 

 

 

 

Қыс туралы мақалды кім айтады?

 

 

 

 

 

Ендеше, «Кім жылдам?» деген ойын ойнайық.

 

 

 

 

 

Қазір қандай мезгіл?

Балалар, күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

 

Ендеше, күз туралы мақалдарды кім біледі?

 

Ендеше, жаз мезгілінің келгенін қалай білеміз? Қандай ерекшеліктер бар?

Тағы кім маған жаз туралы мақалдар айтады?

Дидактикалық ойын:«Не 4-еу болады?»

Мақсаты: Саны 4 болатын заттарды тауып айтуға үйрету

Дұрыс жауабы үшін балалар жұлдызша алады (мадақтау)

Көктем: меннен тіршілік көзі басталады. Адамдар қыстан аман шығып, жадырап, қайта түлеп, қызу еңбектерін бастайды. Табиғаттың ең тамаша кезең әрине менмін.

Жаз: жарайды, көп мақтанбай-ақ қой. Менсіз адамдар не істеген болар еді? Егер менің аптап ыстығым болмаса, егін, бау-бақшаларың пісер ме еді? Ал сендер суға шомыла алар ма едіңдер? Табиғаттың ең кереметі менмін.

Күз: өте дұрыс айтқандарың бірақ, адамзатқа менің де қажетім бар. Барлық еңбек атаулының қызған шағы менде, егін, бау-бақшалар жиналып, қыбырлаған жанның бәрі қыс қамына кіріседі. Ал сендер жеміс-жидекке тоймаған болар едіңдер.табиғаттың ең бір жақсы кезеңі менмін.

Қыс: пай-пай мақтануларын. Табиғаттың ең керемет кезеңімін. Меннен күшті ешкім жоқ, барлық жерді ақ бояуға бояп, түрлі өрнектермен безендіріп, табиғатқа сұлулық беретін мен. Жаңа жылды менсіз қарсы алмайсыңдар ғой? Көрдіңдер ме? Табиғаттың ең күшті кезеңі менмін.

Бәрі: Табиғаттың керемет кезеңі кім екен деп таласып жатырмыз.

Бәрі: Дұрыс-дұрыс орынды айттыңыз. Бізден қателік болды. Түсіндік.

(Балалар төрт топқа бөлініп, әр жыл мезгілінің өзіне тән түсімен бояйды. Мысалы: күз мезгілін сары түспен т.с.с.)

Тынық күнде бір мезет,
Жел тұрады гуілдеп
Құлақ салып тыңдасаң,
Дыбыстайды у-у-у-у деп.

Бұлт үйірілсе аспанда,
Түнереді атырап.
Жаңбыр жауса бір мезет,
Дыбыстайды тырс-тырс – деп.

Айналадағы гүлдер бүршік атып, көшеге көшет отырғыза бастайды. Салқын жақтан құстар ұшып келеді. Адамдар жеңіл киіне бастайды.

1. Сәуір болса,
Күн күркірер.
Күн күркіресе,
Көк дүркірер.

2. Қысына қарай көктемі,
Диқанына қарай кетпені.

Қыс мезгілі келгенде ауа-райы суытып, айнала аппақ қарға жамылады. Адамдар қалың киіне бастайды. Құстар жылы жаққа ұша бастайды.

1. Қыс азығын, жаз жина.

2. Арбаңды қыста сайла,
Шанаңды жазда сайла.

3. Ақ қар көп болса,
Ақ нан көп.

(Балалар мезгілдердің өзіне тән ауа райы түрлерінің және ерекшеліктерінің суреттерін орнымен тақтаға жапсырады.)

 

-Күз.

Күз мезгілінде ауа рай салқындау, жаңбырлы болады, жапырақтар сарғайып түсіп жер бетін сары алтынға малады.

 

1.Егіндікті күз суарар,

Күз суарсаң, жүз суар.

2.Жаз-береген,

Күз-алаған

3.Көктемде түскен бір дән,

Күздің күні мың дән болады.

Жаз мезгілінде күн жылынып, құстардың шиқылдаған дауыстары естіліп, айнала жасыл түске енеді.

1. Жаздың қамын қыс ойла,
Бір ойлама, үш ойлама.

2. Жазда шөпті жинасаң,
Қыста мал азығы.

Көбелектің 4 қанаты, үстелдің 4 аяғы болады, 4 қабатты үй болады, мысықтың төрт аяғы, сиырдың төрт аяғы.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Балалар, бүгін сендер не білесіңдер?

Бір жылда неше мезгіл бар екен?

Атап айтқанда?!

Дұрыс айтасыңдар!

«Табиғатты аялайық» балалар.

Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Жыл мезгілдерін.

 

 

Төрт мезгіл.

Көктем, жаз, күз, қыс

 

Күтілетін  нәтиже:

Нені білуі керек?: Ауа-райы түрлерін, мезгіл атауларын.

Нені игереді?: Әр жыл мезгілін өзіне тән түспен бояй білді.

Нені білді?: Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін атай білді.























Ақтөбе қаласы
№31 «Күншуақ» мектепке дейінгі ұйымының
логопеді: Давлетова Алия Халилкызы

Тақырыбы: Қыстайтын құстар

Тобы: Арнайы ортаңғы тобы

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Тіл дамыту

Мақсаты: Қыстап қалатын құстар туралы балалардың  сөздік қорын кеңейту. Зат есімнің септелуін қолдануға, салыстырып әңгімелеуге дағдыландыру. Зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Дауыс екпінін түзету. Табиғатқа сүйіспеншікпен қарауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: заттық, мазмұнды суреттер, қиынды суреттер.

Әрекет кезеңдері

Логопедтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

  - Логопед балалармен сәлемдеседі. Шаттық шеңберін орындауға шақырады.

  - «Тосын сый».

  - Балалар бүгін бізге қонаққа қуыршақ Айсұлу келіпті. Сендермен бірге сабақ оқығысы келеді екен. Қарсы емессіндер ме?

   - Балалар жиналып шеңбер құрып, бір-біріне жылы лебіздерін айтады.

 

 

   - Әрине қарсы емеспіз.

Ұйымдастыру іздену

   - Балалар біз жақсы сөйлеу үшін қандай жаттығулар орындау керекпіз?

   - Артикуляциялық жаттығулар «Тәтті тосап», «Сағат» т.б.

   - Тыныстау жаттығуы. «Ыстық шәй» (балаларға картоннан жасалған кеселер таратылады)

   - Қуыршақ Айсұлу қыстайтын құстарды айтқанда шатасады екен. Сендердің көмектесулерінді сұрайды. Көмектесеміз бе? Ендеше, қыстайтын құстарды айтайық. (қыстайтын құстардың суреттері көрсетіледі)

«Салыстыру»

   - Балалар қыстайтын құстар бір-біріне ұқсамайды екен. қанеки салыстырып сипаттама беріп көрейік. (салыстырып, қандай  айырмашылығы бар екенін айту).

   - «Не артық?» дидактикалық ойыны

Логопед балаларға суретте қыстайтын құстар арасына үй және жыл құстарын қосады, ал балаларға онын ішінен артық құстарды атап, көрсетуін сұрайды.

   - Сергіту сәті.

   - Логопед балалармен музыка әуенімен  сергіту сәті сөздері мен қимылдарын сәйкес орындайды. 

   - «Кім жылдам» ойыны

   - Балалар мына қиынды суреттерді құрастырсақ, бір құстың суреті шығады. Ол қандай құс екенін білгілерін келеді ме? Ендеше құрастырайық.

   - Тіл жаттығуларын.

   - Балалар айнаның алдында артикуляциялық жаттығуларды орындайды

   - Балалар кеседегі шәйді үрлейді.

 

   - Иә, көмектесеміз.

   - Балалар тапсырмаларды орындайды, қайталайды, көрсетеді.

 

   - Балалар құстарға сипаттама береді: қандай  айырмашылығы бар екенін айтады. Қарға үлкен, торғай кішкентай, қарғаның түсі қара, ал торғайдың түсі қоңыр, т.б.

 

   - Балалар қыстайтын құстардың арасында артық құстарды табады, атайды.

 

   - Балалар сергіту сәті  сөздерін қимылдарға сай орындайды, көңіл-күйлерін көтереді, демалады.

   - Иә, білгіміз келеді. Балалар қиынды суреттерді құрастырады.

Рефлексивті түзету

   - «Не жоқ?»-дидактикалық ойын.

   Тақтада бар суреттерді кезекпен жасырады, ал балалар не жасырғанын тауып айтады.

  - Қорытындылау: марапаттау, кім жақсы жұмыс істегенін сұрау.

   - Балалар тапсырманы бірлесе орындайды.

 

   - Балалар бір-біріне баға береді. 

Күтілетін нәтиже

Білу: Қыстайтын құстар туралы айтуды.

Игеру: Қыстайтын құстардың айырмашылығын табуды.   

Меңгеру: Сұраққа толық жауап беруді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
" Математика әлеміне саяхат"

Автор: Тайманова Акрыс Конысбаевна

Дата: 09.10.2017

Номер свидетельства: 431483

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Сабақтың тақырыбы: Математика әлеміне саяхат (сыныптан тыс шара)"
    ["seo_title"] => string(63) "sabaktyn_takyryby_matematika_lemine_saiakhat_synyptan_tys_shara"
    ["file_id"] => string(6) "494932"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547293054"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Саба?ты? та?ырыбы: Математика ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(49) "sabak-tyn-tak-yryby-matiematika-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "207008"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1430318543"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "«(10 – а) ?рнекті ?айталау». Математика ?леміне саяхат. "
    ["seo_title"] => string(53) "10-a-orniekti-k-aitalau-matiematika-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "157899"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421667571"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Математика әлеміне саяхат»"
    ["seo_title"] => string(31) "matiematika_lieminie_saiakhat_1"
    ["file_id"] => string(6) "399265"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489241854"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Тәрбие сағаты "Математика әлеміне саяхат""
    ["seo_title"] => string(45) "t_rbiie_sag_aty_matiematika_lieminie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "438904"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1510720435"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства