Сабаққа байланысты деректі материал: Тек тоғыз материал магниттелу қабілетіне ие. Олар ферромагнетиктер тобына жатады. Мыс, алюминий, алтын, және т.б сияқты металдар магниттелмейді. Магниттің екі полюсі бар: солтүстік жіне оңтүстік. Олар сәйкес қызыл және көк түске боялады. Солтүстік полюсі N әрпімен, оңтүстік полюсі S әрпімен белгіленеді. Біртекті полюстер бір бірінен итеріледі, ал әртекті полюстер тартылады. Диалог және қолдау көрсету саралау бойынша (Ұ) «Доп лақтыру» әдісі Сұрақтарға жауап беру: - Магнит қандай заттарды тартады? - Магниттің неше полюсі бар? - Олар қалай аталады? - Олар қалай белгіленеді? - Олар қандай түспен боялады? - Магнит кедергінің арғы жағындағы заттарды тарта ала ма? - Магниттердің бір бірімен әрекеттесетін/ әрекеттеспейтінін тексеріңіздер? - Магниттің күшін өзгертуге немесе оның магниттік қасиетін жоюға болады ма? - Магниттерді қай салада пайдаланады? Дескриптор: Сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап береді. Оқулықпен жұмыс. «Ойлан, топтас, талқыла» Ұ. (МК).Бұрағыш магнит пе? Затты қалай магниттеуге болады? Бұрағыштар мен қысқыштарды не үшін магниттейді? Тапсырма арқылы саралау Т. «Зерттеу» әдісі Бағалау критерийлері: магниттік қасиеті бар денелерді анықтайды. А деңгейі: Табақшадағы құмның арасынан бірнеше темір шегелер мен бұрандаларды, пластмассаның бөлшегін табу. Оқушылар табақшаның бетімен магнитті жүргізіп, магниттік қасиеттерге ие заттарды тауып, шығарып алады. Дескриптор: Табақшадағы құмнан темір шегелер мен бұрандаларды, пластмассаның бөлшегін және магниттік қасиеттерге ие заттарды табады. Бағалау критерийлері: Тартылатын, тебілетін заттарды анықтап, кестеге толтырады. В деңгейі: Сынып ішіндегі магниттік қасиеті бар заттады анықтаңыз. Ол үшін қолыңызға магнит алып, айналаңыздағы заттарға жақындатып көріңіз. Тартылатын, тебілетін заттарды кестеге жаз. Дескриптор: Сынып ішіндегі магниттік қасиеттері бар заттарды анықтайды. Тартылатын, тебілетін заттарды кестеге жазады. Бағалау критерийлері: Заттарды магниттеу арқылы қасиеттерін анықтайды, магниттеуге болмайтын заттарды байқайды. С деңгейі: Магнитті үстелдің үстіне қойыңыз. Магнит полюстерінің бірінің ортасынан шетіне қарай қайшымен жүргізіңіз. Қайшыны бірнеше рет әрі міндетті түрде бір бағытта: ортасынан шетіне қарай жүргізу қажет. Қайшының магниттелгенін оны кішкентай шегеге жақындатып тексеріңіз. Үстелдің үстіндегі басқа металл заттарды магниттейді. Мысалы, сым. Зерттеу нәтижесінде оқушылар барлық металдарды магниттеуге болмайтынын байқайды, заттардың барлығы магниттеу қасиетіне ие емес екенін болжайды. Дескриптор: Қайшыны магниттейді. Магниттелмейтін металл заттарды байқайды. Дәптермен жұмыс. (Ө) Магниттердің қасиеттері. Бұл тапсырмада оқушылар сөйлемдегі бос орындарды толтырады. ҚБ «Жасыл қаламмен белгіле» әдісі арқылы бағаланады. Ж. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы Бағалау критерийлері: Әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін сиппаттайды. Тапсырма Заттар магниттік қасиетке ие болу үшін не істеу керек? Қарапайым тәжірибелер жасай отырып, заттарды магниттеп көр. 1)Магнитті жеке тұрған қағаз қыстырғышқа жақындат. Ол магнитке тартылды ма? 2) Енді оларды басқа қағаз қыстырғыштарға кезекпен жақындатып көр. Не байқадың? Қағазқыстырғыштар неліктен бір-біріне тартыла бастады? 3) Енді магнитті алып таста. Не болды? Қағаз қыстырғыштар неліктен шашылып қалды? 2-тәжірибе 1) Шегені/ инені/ түйреуішті бірнеше минут бойы бір бағытта магнитке ысқыла. 2) Содан соң оны қағаз қыстырғышқа жақындат. Не байқадың? Қағазқыстырғыш затқа тартылды ма? Неліктен? Дескриптор: тәжірибе барысында байқалған үдерісті сипаттайды және түсіндіреді; - тәжірибе нәтижесі бойынша қорытынды жасайды. | Фиксики мультфилімі. Магниттің қасиеттері. Ютуб желісінен Мұғалімге арналған нұсқаулық. 164-165 бет Жаратылыстану 2 бөлім. 75 бет Бұрағыш, бұрандалы шеге Мұғалімге арналған нұсқаулық. 164-165 бет Гипотеза мен зерттеуді жүргізуге арналған материалдар: қайшы, бұрама шеге, қыстырғыштар, кішкентай шеге, алюминий, мыс, болат сымдар, тиын. Жаратылыстану. Әдістемелік нұсқаулық 59-жұмыс парағы. «Магниттік қасиеттер» 61 б Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. |