Пәні: Әдебиеттік оқу. | Күні: | Кабинет № 13 | Мұғалімі: К.М. Копбергенова |
Сабақтың тақырыбы: | М.Төрежанов. Бұлбұлдың әні |
Жалпы мақсат: | Мәтіннің мазмұнын меңгерту,табиғатты аялауға,құстарды қорғауға тәрбиелеу,тіл байлығын,көркем сөйлеу дағдысын дамыту. Ұғымталдыққа,ұйымшылдыққа,зейін қоя білуге, өз пікірін дәлелдей білуге үйренеді. СТО стратегиясына байланысты міндет: Негізгі мәселені жеке, жұппен,топпен анықтай алады. |
Оқыту нәтижелері: | Оқушылар сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады,өз пікірлерін айта білуге үйренеді. |
Әдістер | Түсіндіру,баяндау. |
Көрнекілігі | А-4 қағаздар, плакаттар,оқулықтар,маркерлер.АКТ |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөлу | Оқушыларға сұрақ-жауап бере отырып,сол сұрақтардың жауабы бойынша топтарға бірігеді. | Оқушылар сұраққа жауап беріп,өз топтарына отырады. | Сұрақтар жазылған қағаздар |
Қызығушылықтарын ояту | Жаңбыр дыбысы,күннің күркіреуін таспадан тыңтады. -Таспадан нені көрдік? -Олай болса,үй тапсырмасын кім айтады? «Жаңбыр»өлеңін жатқа айту. І топ.Сұрақ өлеңді ақын қандай көңіл күймен жазған деп ойлайсың? ІІ топ:Жаңбырдан бізді не қорғайды? Соның суретін салып көрсетіңдер. ІІІ топ:Жаңбыр жауып басылғанда табиғатта қандай құбылыс болады?Суретін салу. | Әр топ өз ойларын ортаға салады | Плакат,маркер |
Сабаққа дайындық кезеңі. «Болжау» стр. | Интернет желісі арқылы құстардың дыбысын тыңдап,оның қандай құс екенін табу. Қазақтың бұлбұл дауысты әншілері туралы айтып кету. | Оқушылар құсты тауып,дыбысын тыңдайды. | Интербелсенді тақта |
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: | Мәдіхат Төрежанов. Ақын,қоғам қайраткері 1921 жылы туған. Шығармалары: «Өз ізі», «Еркіннің еңбегі» | Оқушыларға тақырыпты сатылай түсіндіру керек. | Интербелсенді тақта. |
Сергіту сәті | Жадыны дамытатын ойын мәтінге байланысты сөздер беремін сол сөздерді оқушылар есте сақтап алып, ретімен орналастыру керек. | Оқушылар естерінде қалған сөздерді ретімен орналастыруға тырысады. | Интербелсенді тақта. |
Оқулықпен жұмыс | Мәтінді тізбектей оқыту,бөліктерге бөлу ЖИГСО әдісі | Бөлінген мәтінді бір-біріне түсіндіреді,қорғайды,сахналайды. | Оқулық |
Шығармашылық жұмыс | І топ:Бұлбұл құсты сипаттау. ІІ топ: «Бұлбұл»сөзіне дыбыстық талдау жасау. ІІІ топ:Бұлбұл құстың дауысын салып көрсет,бұлбұлға «Сэнквейн»стр. бойынша бес жолды өлең жазу. | Оқушылар құсты сипаттайды,дыбыстық таладау жасайды,дауысын салады. | |
Рефлексия кезеңі | БББ стр. | Оқушы бүгінгі сабақтан алған әсерін стикерге жазады. | Алақан үлгісі,стикер. |
Үйге тапсырма: | Мәтінді оқып,түсіну,құс,әнші туралы мәлімет жинау. | Оқушылар берілген тапсырма бойынша мәліметтерді іздеп табады. | Оқулық,қосымша материалдар |