kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М?діхат Т?режанов "Б?лб?лды? ?ні" ??гімесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

М?діхат Т?режановты? ?мірі, шы?армашылы?ымен танысу. "Б?лб?лды? ?ні" ??гімесіні? мазм?нын ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М?діхат Т?режанов "Б?лб?лды? ?ні" ??гімесі»

«Жармұхамбет орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Ашық сабақ

Тақырыбы : Мәдіхат Төрежанов «Бұлбұлдың әні»













Мұғалім : Қасымбекова М.М.













Жармұхамбет ауылы 2016 ж

Сабақтың тақырыбы: Мәдіхат Төрежанов «Бұлбұлдың әні»

Сабақтың мақсаты :

  1. Білімділік: Қазақтың жазушысы Мәдіхат Төрежановтың өмірі мен таныстыру. Бұлбұлдың әні мәтінінің мазмұнын ашу.

  2. Дамытушылық: оқушылардың оқуға , білім алуға деген қызығушылығын арттыру, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту.

  3. Тәрбиелік : оқушыларды жамандықтан аулақ болуға, жақсылыққа жақын болуға , адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, түсіндіру , сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, АКТ, плакаттар, кеспе қағаздар

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2-мин)

  2. Үй тапсырмасын сұрау (5-мин)

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин)

  4. Топтық жұмыс (12мин)

  5. Өзіндік жұмыс (5 –мин)

  6. Ширату тапсырмасы (2-мин)

  7. Сабақты бекіту (3-мин)

  8. Бағалау (2-мин)

  9. Қортындылау (2-мин)

  10. Үйге тапсырма (2-мин)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу , оқушылардың сабаққа қатынасуын және дайындығын тексеру , оқушы назарын сабаққа аудару, психологиялық ахуал.

Бүгінгі күн терезеден ,

Бізге күле тұр қарап.

Сондай жақсы көңіл күймен,

Басталады бұл сабақ.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Қабдыкәрім Ыдырысов «Жаңбыр» өлеңін жатқа айту.

Тақырып бойынша қосымша тапсырмалар орындау.

  1. Жаңа сабақ.

    1. «Ой қозғау»

Бұлбұлдың сайраған даусы естіледі.

Бұл не дыбыс?

Ол қандай құс?

Бұлбұл құстың даусы екені анықталады.



    1. Бұлбұл қандай құс?

Қандай ерекшеліктері бар деп ойлайсыңдар?

Бұл құстың адам баласына зияны немесе пайдысы барма?

Оқушылардың жауабын толықтыру. Бұлбұл құсы жайында мәлімет беру.

Бұлбұлдар - сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар. Қазақстанда екі түрі –кәдімгі, немесе шығыс, бұлбұлы  кездеседі. Дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр – маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салады. Олар жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп,орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Әнші құстар ретінде эстетикалық маңызы да бар.

3.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен мақсатымен танысу.

Төрежанов Мәдіхат (1921–1996)

30 сәуірде Ақмола (бұрынғы Целиноград) облысы, Алексеевский ауданы, «Трудовой» ұжымшарында дүниеге келген. 
1941 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы мектепте мұғалім болып жұмыс істеген.
«Бітпеген ойын», «Тең ойын», «Шегіртке мен ара», «Қанатбек пен Жанатбек», «Кім ақылды», «Түйе қалай өз көлеңкесін жоғалтты» секілді прозалық кітаптардың авторы.
«Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

  1. Оқулықпен жұмыс

Мәтінді мәнерлеп , түсінікті етіп оқу.

  1. Сол мәтін бойынша «Оқиға картасын» құрамыз.

Мәтін атауы




Кейіпкерлер

Ахуал






Шешім




Туындаған мәселе

Оқиға







  1. Мәтін бойынша демонстрациялық сурет салу.

  2. «Адасқан құстар» ойыны.Әр құсты өз мекеніне орналастыру.

  1. Жаңа сабақты бекіту.

Кеспе қағаздарды тарату арқылы сұрақтар қою.

Бұлбұлдың әні мәтінінің авторы кім?

Мәтін не жайында екен?

Мәтіндегі кейіпкерлерді ата?

  1. Үй тапсырмасы

  1. Мәтінді оқу, мазмұнын айту

  1. Білімді бағалау

Оқушыларды сабаққа қатысу деңгейіне байланысты бағалау

  1. Сабақты қорыту

Балалар бүгінгі сабаққа бәріміз жақсы қатыстық. Барлықтарың білімнің биік шыңынан көріне беріңдер.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
М?діхат Т?режанов "Б?лб?лды? ?ні" ??гімесі

Автор: Касымбекова Макпал Молдагалиевна

Дата: 17.05.2016

Номер свидетельства: 327850


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства