Сабақтың мақсаты: Оқушыны Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс» атты әңгімесін түсініп оқуға, әңгімелей білуге үйрету; әңгіменің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Оқушыларды жылдамдыққа, алғырлыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық (Жүректен жүрекке)
-Оқушылар жылы сезімдерін арнайы тілектерін жүректерге жазып, бір-біріне ұсынады.
Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-Үйрену Ә.Асылбеков өлеңін жатқа айту.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
Ойын «Тапқыр»
Неге қарап нені жасағанын анықтау.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.Тақтадағы суретке қарап не айтар едің?(еңбек
еткен балалар жайлы суреттер).
-Ендеше, балалар,бүгінгі тақырыбымыз осы еңбек туралы. Мәдіхат
Төрежановтың «Қолғабыс» мәтінімен танысамыз.
-«Автор орындығы» ойыны
(«Бұлбұлдың әні, « Өз ізі»)
Ү. Жаңа сабақ:Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс» атты әңгімесін түсініп оқып көрелік.
Оқулықпен жұмыс. Дұрыс, түсініп, жалғастырып оқу.
Сөздік жұмыс.Бидайық – көп жылдық (астық тұқымдас) жабайы өсімдік. (Сөйлем құрастыру.)Арғын мен атасының арасындағы диалог сөзді тауып оқы. Диалог деп нені айтамыз?
Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлеуін диалог деп атайды.
Атасының немересіне риза болған сөзін тауып оқы.
Өнерді үйрен де жирен.
YI Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
(Тақтаға толықтыру)
ҮІ.Топпен жұмыс
Оқушыларды екі топқа бөліп, мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, мына сөзжұмбақты шешу. І топ
Атасы қымызды қандай ыдысқа құйып алды? (торсыққа)
Арғын мен атасы қайда келді? (Көктомарға)
Атасы таза ауада демалғанды неге ұқсатады? (қыранға)
Атасы шөп шабуға дайындалып, нені шыңдайды? (шалғы)
Арғын атасынан не сұрап ішті? (қымыз) (тоқым)
ІІ топ
Арғын атасына не жасайын деп ниет білдірді? (қолғабыс)
Атасы Арғынға не ұстатты? (тырнауыш)
Атасы шөпті немен шапты? (шалғы)
Шөпті неге тиеді? (арба)
Арғынның әкесі қол шалғымен шөп шаба білуді не дейді? (өнер). (қағар)
Сонымен, «Тоқым қағар» деген сөз шықты. Осы шыққан сөзді қалай түсінесің? Ол нені білдіреді?