М??алім: Армысыздар ??рметті ?она?тар, о?ушылар! Ш?кірттерді? ?олдарына т???ыш рет ?стап, бетін аш?ан о?улы?ы «?ліппе». Барлы? ?ылымны? атасы, болаша?ымызды? негізі - ?ліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ерте?гілігімізді бастайы?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі. Сыныптан тыс шара»
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі
Нургалиева Жазира Ныгметтолаевна
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі. Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.
Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі - әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
Б.Ералы Қайырлы күн, уа, халайық! Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, Білім іздеп, инемен құдық қазғандар, Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.
Жасмина Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға.
Расул
Өтті оқу сан сабақ Бүгін үлкен салтанат Оқулықпен достассаң Әліппемен қоштаспақ
Балалар мен сендерге сұрақ қойғым кеп тұр. Сендер сұрақтың жауабын табыңдаршы. Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не? Хормен: Болашаққа жол ашар - Ол сүйікті - Әліппе! Ол сүйікті - Әліппе! Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық. Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
- Армысыңдар жас достар! Армысыңдар, ата - ана! Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға. Білім деген ғажаптың, Әліппесін меңгерген. Келешегі қазақтың, Басталады сендерден. Таудай болса талабың, Айтары көп әріптің Қуанышы баланың Қуанышы ананың Жақсы білім көрімдік, Болсын бізге халайық. Не үйретіп, не білдік, Қане, ортаға салайық!
Альнура Әліппем менің Әліппем, Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен.
Эльнура
Әсел Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріпте, Оқимыз қазір ертекте, Үйреткен оны Әліппе!
Ән: Ақыл берді Әліппе
Мансур Әліппе деген алтын жол Апарар сені алысқа. Жеңіл емес ауыр жол Тырысып бақ намысқа.
Айшабибі Бар кітапқа бас болған Әліппе - ғылым анасы. Әліппеден басталған Даналықтың данасы.
А.Ералы
Әліппені құрметте, Күтіп ұста кірлетпе. Кішілерге табыс ет. Дақ түсірмей бір бетке.
Мұғалім: - Балалар, өнер - білімнің барлығы да мектептен басталады. - Біздің білім алатын ордамыз - мектеп. -«Мектеп - кеме, білім - теңіз». Мектеп – екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні мектепте өтеді.
Диляра Мектебің мынау, класың, Осында он жыл тұрасың. Тарыдай болып кіресің, Таудай болып шығасың
Айша
Алфавитті үйрендік, Онда жүйе, қалып бар. Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар.
Ән: Әліппе
Шыңғыс Алфавиттің А тұрады басында Әрқашан да Ә тұрады қасында. Байқадың ба? Б тұрады үшінші. Ал осының сыры неде? Түсінші:
Дильназ А деген ол – аналар ғой ардақты, Ә деген ол – әкелер ғой салмақты, Б деген ол - балалар ғой әдемі. Біздің елде үшеуі де кәделі.
Абдолла Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан!
Әліппе: Рахмет балалар. Қане бері қарайық, Зейін қойып тыңдайық Әріптерді танысақ Қызық ойын ойнайық.
Ойын: Сауат ашу пәнінен "Адасқан сөздер"
Енді математика пәнінен есеп шығарайық. Парашютті айлығына қондыруымыз керек.
Жұмбақтар шешу:
Табақта үш алма Қолымда екі алма Қосқанда барлығы Болады неше алма? (5 бес)
42 жауынгер Сапын түзеп тұрады, Бүлдіршіндер қауымы Сырын терең ұғады. (Алфавит)
Жазу жазып жалықпаған, Жаза - жаза арықтаған. (Бор)
Алты қырлы, Алтын сырлы. (Қарындаш)
Үйреткен ілімді, Қырық екі білімді. (Алфавит)
Қабат - қабат қаттама, Ақылың болса, аттама. (Кітап)
Өшірді, сүртті, Өзгені құртты, Өзін де құртты. (Өшіргіш)
Апта күндерін ата? Қазір қай мезгіл?
Қазақстан Республикасының Президенті?
«Тауда» жоқ
«Таста» бар
«Жауда» жоқ
«Доста» бар
( С әріпі)
«Теңізде» жоқ
«Балықта» бар
«Семізде» жоқ
«Арықта» бар
( Қ әріпі)
Гаухар
«Әліппе»даңғыл жол ашты Жаңадан пәндер жалғасты Әліппе сырын ұқтырған Рахмет ұстаз алғашқы.
Айгүл: Келгенімде алдыңа Қызыл арай гүл алып, Жақын тарттың жаныңа Шәкіртім деп қуанып.
Данил: Сипадың да басымнан, Әліппені ұсындың. Бақытымның осыдан Басталғанын түсіндім.
«Мұғалім ол біздің» әні.
Мұғалім: - Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң - қуанып, ренжісең - жұбататын асыл адам – Ана! - Ана - біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау - біздің парызымыз. Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата - аналарымыздың үлесі бар. Ендеше біздер ата - анамызға ризашылығымызды білдіреміз.
Нұртілеу: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың, Ақ сүт, беріп өсірген, ол да сенің анашың. Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың, Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Ән: «Ақ мамам»
Би: Қыздар биі
Сұлтан: Әріптерді жаттаймыз, Есте мықты сақтаймыз. Ұмытпаймыз бәрін де Атын, затын, түрінде.
Ән: Ералы мен Жасминаның орындауында «Рахмет саған -Әліппе!»
Дәулет: Әліппемен қош айтысып қаламыз Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата - ана қуанышқа ортақ бол Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Би : Теңізшілер
Ән: Қош бол,құтты әліппе
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын.Сабақты жақсы оқыңдар! «5» болсын алар бағамыз, Біліммен бақыт табамыз, Өнер - білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз! Қош болыңдар, балалар! Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе! Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға ана тілін аламыз. Ата - ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Бүгінгі күн тойбасы деп саналар, Балалардың есімі әулеттерге таралар. Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар. (шашу)