Просмотр содержимого документа
«1-сынып?а арнал?ан "Ертегілер елінде" атты сыныптан тыс шара жоспары.»
Тәрбие сағаты: «Ертегілер елінде»
Мақсаты: Оқушыларды ертегі еліне саяхатқа шығару арқылы әр пәнге деген қызығушылығын ояту. Әліппе оқулығындағы алған білімдерін қорыту.
Әдісі: ойын, ертегі
Пән аралық байланыс: әліппе, математика, дүниетану, дене шынықтыру
Көрнекілігі: слайд, шарлар
Күтілетін нәтиже: Оқушылар ертегі еліндегі тапсырмаларға толығымен жауап береді. Әліппеде алған білімдерін көрсетеді.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата-аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын!
Көз салып қараңызшы боймызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Ән:« Жас тәуірдің түлегіміз»
Бүгінгі әліппемен қоштасу кешімізді «Ертегілер елінде» атты мерекелік кешпен бастағалы отырмыз.
Ерте, ерте, ерте де бір хан өмір сүріпті. Ханның жанында үнемі екі уәзірі болыпты. Хан бірде қалың ойға шомылып ұзақ отырыпты, жанындағы уәзірі
1 – уәзірі: Хан әке сіз ұзақ уақыт бойы тұңғиыққа ойланып отырсыз. Елдің қамын ойлап отырсыз ба?
Хан: Ия мен бүлдіршін балалардың келешегін ойлап отырмын. Мен осы елді билеген уақытта елімнің балалары сауатты болса деймін.
2 – уәзір: Неліктен уайымдайсыз, қазір балалар білім алып жатыр емеспе.
Хан: Ия, білім алып жатырғаны шын. Алайда мені үнемі бір сұрақ мазалайды.
1 – уәзір: Ол қандай сұрақ:
Хан: Білімнің бастауы қайдан шығады екен. Мені сол қызықтырады.
2 – уәзір: Сізді сол сұрақ қызықтырса, әр пәннің білім деңгейлерін көрейік.
Мұғалім: Біз оларды қалай бір жерге жинаймыз – деді хан. Хан мен уәзірлер ұзақ талқылау жасап бір шешім қабылдады.
Хатшы: - Уа, халайық, халайық. Баршаныз бермен қараңыздар. Ханның бұйрығы бар. Құлақ салып тыңдаңыздар.
Уа халқым, білімнің бастау шыңын іздеген едім. Әр пән өз өнерлерін көрсетіп менің алдымда білімнің бастауы өзі екенін дәлелдесе ат басындай алтын беремін.
Мұғалім: Әр пәннің өкілдері жинала бастады. Бірінші кезекте математика елі.
Математика елі: (Айганым, Камиль, Малика, Аният, Амирхан)
Айғаным: Армысыздар, жиналған қауым және хан әке. Білімнің бастауы әрина математика елінен басталады. Себебі біз барлық уақытта керекпіз. Математика баланың логикасын және есептерді, гиометриялық фигураларды, формулаларды үйретеді.
Камиль:
Математика сырлары, Қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз сіздерді
Малика 1 – тапсырма
Ретімен тізбелі Әрбір санды даралап, Қайсың барсың бізге енді Айтып берер санамақ?
Амирхан сұрақ қояды.
Адамда қанша бауыр бар?
Біреу.
Қанша өкпе бар?
Екеу.
Бір тоқсанда неше ай бар?
Үшеу.
Есеп шығаратын амал қанша?
Төртеу.
Күнде оқылатын намаз қанша?
Бесеу.
Әлемде қанша құрлық бар?
Алтау.
Бір аптада неше күн бар?
Жетеу.
Малда қанша жілік бар?
Сегіз.
Домбыраның пернесі қанша?
Тоғыз.
Цифрлар қанша болды?
Он.
Міне өстіп жаңалап
Айтып шықтық санамақ.
Аният: 2 – тапсырма
Ал, балалар, балалар!
Қанша сан бар жазайық.
Қарап тұрмай, сандарды,
Қайта-қайта санайық.
Хормен (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10)
Амирхан: 3 – тапсырма Салыстыру.
10 * 9 8 * 7
4 * 5 6 * 5
3 * 1 10 * 8
Айганым: 4 – тапсырма
Математикалық жұмбақ.
Үш алманы бақтағы Кірпі алып жинады Ең әдемі біреуін Ақ тиінге сыйлады. Ыдыстағы алманың Санап көрші қалғанын
Малика 5 – тапсырма
Санның құрамын анықта.
Математика елі: Хормен
Көңілді тапқырлар, білгіштер Бар өнерін алдарына салады. Кім білімді көп оқыған болса егер, Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Хатшы: Хан әке «Математика елі» өз өнерлерін көрсетіп берді. Келесі кезекте дүниетану елі бізге өз білімдерің көрсетеді.
Өсімдік мүшелерін ата? (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
Әмина: 3 – тапсырма
Бар ма, жоқ па – оны анық білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
Серик: 4 –тапсырма
Табиғат құбылыстарына не жатады? (қар, жаңбыр, бұршақ, шық, боран)
Арай: 5 – тапсырма
Өсіп тұрған бұл не? Жаз болса жайнап. Саясында ән салып, Құстар жүрген сайрап.
Дүниетану елі:
Табиғат біздің анамыз, Жер–Ана біздің панамыз. Таза болса табиғат Біз де аман боламыз.
Хатшы: Хан әке «Дүниетану елі» өз өнерлерін көрсетіп берді. Келесі кезекте денсаулық кепілі дене шынықтыру елі бізге өз өнерлерін көрсетеді көрсетеді.
Дене шынықтыру елі:Абзал: Армысыздыр, жиналған хауым және хан әке. Денсаулық зор байлық деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Дені саудың жаны сау.
Сабина: Денсаулық ол – шыныққан Барлық денең мүшесі. Денсаулық ол - тыныққан Жүйке тамыр жүйесі.
Мансұр: Денсаулық ол - күлуің Көңіл – күйің жадырай, Денсаулық ол – жүруің, Ешбір жерің ауырмай.
Нурканат: Түзу отыр, қисаймай, Бүкіреймей, жантаймай. Күш сап бас пен арқаға, Жатып алма партаға.
Айлана: Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ. Досың спорт, таза ауа, өсімдік. Ала жүріп, осылардың сыйлығын – Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.
Дене шынықтыру елі: « Еріншектер биі»
Хатшы: Хан әке «Дене шынықтыру» өз өнерлерін көрсетіп берді. Келесі ел өздерінің қай елден келгенің айтпай отыр.
1 – уәзір: Онда ол ел сайысқа қатыспайтың болады. Ханның бұйрығына бағынбайтын ол қандай ел?
Хан: Жоқ, уәзірлер тынышталыңдар. Келіп өз білімдерің көрсетсің. Бәлкім білімнің бастауы осы елден шығар көрейік.
Бақытгүл: Дұрыс айтасыз хан әке. Әрине білімнің бастауы бізден тарайды. Біз қай елден келгенімізді білу үшін тапсырмаларға жауап беру керексіздер.
Жанеля: Уа, халайық, әдемі өскен раушан гүлін көріп тұрсыңдар ма? Егерде тапсырмаларға дұрыс жауап берсендер біздің қай елден екенімізді білетін боласыздар.
1 – тапсырма. Жанерке
Бiлiмнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
2 – тапсырма Жанеля
Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулiм көктей шынары.
Биiгiне бойлаған,
Қанбайды адам құмары
3 – тапсырма: Жанерке
Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы.
4 – тапсырма Бақытгүл
Бар бiлiмнiң бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кiтап тiл ашқан?
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, білімнің бастауы әліппеден тараған. Барлығымыз бүгінгі қоштасқалы отырған «Әліппемізді» ортаға шақырайық.
-Әліппе, әліппе, әліппе.
-Рахмет саған, Әліппе! Рахмет саған, Әліппе!
Саида: Армысыңдар, жас достар! Армысыңдар, ата – ана! Болашаққа жол ашар, Әліппең келді ортаңа. Менің атым – Әліппе! Мені анаңдай дәріпте! Мені оқып, ер жеткен, Әпкең сенің, ағаң да!
Хан: Міне уәзірлерім білімнің бастауы қашанда әліппеден тараған. Қай ғалымды, ойшылда, заңгерде, ұстазда осы әліппеден білім алған.
Хормен: Білімнің кілті әлеппеден тараған.
Әліппенің
Оқушылар өз өлеңдерін айтады:
Мұғалім: Әліппенің әр сөзің саралап айтсақ
Амирхан: Ә — әлемді Әмина: Л – легімен Аният: І – ізгілік Рауза: П – парасатпен Камиль: П – паш Айганым: Е – етеміз. Мұғалім:
Хормен «Әліппе» әні. Әліппеге арналған тақпақтарын айту
Бүгінгі күн тойбасы деп саналар, Балалардың есімі әулеттерге таралар. Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар. (шашу) Қымбатты балалар! Сендердің зейін қойғыштықтарың, еңбек сүйгіштіктерің және білімге құштарлықтарың арқасында жеткен алғашқы жеңістеріңмен құттықтаймын. Сендер алфавиттің бүкіл әріптерін жаттап алдыңдар, әрі өздеріңнің тұңғыш оқулықтарың – «Әліппе» бойынша оқуды үйрендіңдер. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қана қойған жоқ, оның беттері сендерді бір - бірлеріңмен тату, дос болуға, адамгершілікке үйретті, мектеп ережелерімен таныстырды. Білім баспалдағына өрлеген сапарларыңыз сәтті болсын!