Сабақтың тақырыбы: Л дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушыларға Л дыбысы мен әрпін таныту және жазылуын меңгерту. Дыбыстық, буындық талдау жасай білуге үйрету. ә) дамытушылығы: Оқушыларды оқуға жаттықтыру, сауатты және әдемі жазуға машықтандыру, өз бетінше жұмыс орындауға баулу, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыта отырып, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіру.
б) тәрбиелігі: Оқушыларды белсенділікке, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке баули отырып, үй жануарларын сүюге, күте білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, «Топтастыру», «Бес жолды өлең», Көрнекілігі: суреттер, әріптер, кесте, топшамалар,
Пәнаралық байланыс: дүниетану, өзін өзі тану.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Өткенді қайталау.
- Өткен сабақтарда қандай дыбыстармен таныстық?( А, Т, П, Н, Ғ, Р)
- - А қандай дыбыс? (Жуан дауысты дыбыс)
- - Т, П дыбыстары ше? (Қатаң дауыссыз дыбыс.)
- - Н, Р дыбыстары қандай дыбыс? (Үнді дауыссыз дыбыс)
- - Ғ дыбысы ше? (Ұяң дауыссыз дыбыс)
1.Топшамада жазылған сөздерді оқыту.
( парта, апта, Анар, аттар, арпа, Панар, ара.)
«Орамал тастамақ» ойыны.
-Дыбыс деген не?
-Әріп деген не?
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
Л дыбысы бар сөздер айтқызу.
«Топтастыру»
Л дыбысы бар сөздерді топтастыру.
Л дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында келеді.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы суреттермен жұмыс.
Ала, лақ сөздерін буынға бөлу, буын түрлерін анықтау.
А-ла (а-ашық буын, ла- ашық буын) лақ- бітеу буын
Оқулықтағы буындарды, сөздерді қайталап оқыту.
1. Сөздікпен жұмыс
Арал, алға, тар, тал сөздерінің мағынасын түсіндіру. Кісінің аты-жөні бас әріптен басталып жазылатынын айту.
2. Лақ сөзіне «Бес жолды өлең» құрастыру.
1. Не? Лақ.
2. Қандай? Әдемі, ала.
3. Не істеді? Жүгірді, секірді, маңырады.
4. Сөйлем. Лақ асыр сап жүгірді.
5. Синоним. Төл.
«Ақ серек, көк серек» ойыны.
2. Сөйлемдер оқу.
- Ата, нан ал.
- Талғат, алма ал.
- Анар, гүл ал.
4. Сөзге дыбыстық талдау жасау. Оқушылар текшемен жұмыс жасайды және ауызша айтады.
Талап, Та-лап ( Слайдтан көрсету.)
Т- қатаң дауыссыз дыбыс
А-жуан дауысты дыбыс
Л- үнді дауыссыз дыбыс
А- жуан дауысты дыбыс
П- қатаң дауыссыз дыбыс
Сергіту сәті.
Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы жүзбенен,
Маңдайынан сипайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Дәптермен жұмыс.
Л әрпін тақтаға жазып көрсету. Оқушылармен бірге ауада жазу.
Оқушылар дәптерге Л бас әрпін және кіші әрпін жазады.
ІV. Ой толғау.
Тест. «Бағдаршам» ойыны.
Оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес қызыл, сары, жасыл түстерді көтереді.
- Дауысты дыбысты тап.
Т А Р
2. Дұрыс жазылған сөзді көрсет.
Лақ Лағ Ылақ
3. Ашық буынды көрсет.
ат ла тал
4. Л қандай дыбыс?
Қатаң д/сыз д. Ұяң д/сыз д. Үнді д/сыз д.
Фонетикалық жаттығу.
Ла-ла-ла- Асан жақсы ба. а.
Лау-лау-лау- желбірейді жа. ау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
Сабақ аяқталды.