Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол — өмірді сақтап қалу.
Көп жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете білу, сақтана білу т.с.с… Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауы денсаулыққа және өмірге қаншалықты маңызды екенін білу керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Күзгі демалыстағы қауіпсіздік ережелер»
Күні: 26.10.2018
Пәні: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Күзгі демалыс уақытының қауіпсіздік ережелері
Мақсаты:
1.Білімділік: Балалардың үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.
2. Дамытушылық: табиғаттағы қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту.
3. Тәрбиелік: өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
алғашқы дәрігерлік көмектің қарапайым түрін көрсете білуге үйрету;
• Ойлау, пайымдау, еске сақтау, логикалық ойлау дағдыларын дамыту;
• өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс-тәсілдер: сұрақ жауап әдісі, өзіндік жұмыс әдісі
Көрнекіліктер: презентация, плакат, бейнебаян
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды топқа бөлу.
Түрлі түсті қағаздар арқылы оқушыларды топқа бөлу, топтың атын құру, топ басшысын сайлау
Оқушылар сіздердің топтық жұмыста, осы сабақта белсене қатыссаңыздар, сіздерге сабақ соңында ТОСЫН СЫЙ күтеді.
Тақырыпты ашуға арналған кроссвордтарды шешу
1 – ші топ
1.Қыста не жауады? ҚАР
2. Дүкеннен бір зат алғанда дүкеншіге не бересің? АҚША
3. Сендер тұрып жатқан жер? АУЫЛ
4. Тышқанның үйі .. ІН
5. Әке сөзінің орысша аудармасы ПАПА
6. Шөлдегенде не ішесіңдер? СУ
7. Ұсақ сөзінің синонимы қандай? ІРІ
8. Қыс сөзінің орысшасы ЗИМА
9. Дене шынықтыру сабағында немен ойнайсыңдар? ДОП
10. Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін? ТІГІНШІ
11. Аспан қандай түсті? КӨК
ҚАУІПСІЗДІК
2-ші топ
1.Үйге кірер кезде ең бірінші не ашасыңдар? ЕСІК
2. Мечта сөзінің қазақша аудармасы АРМАН
3. Төрт аяғы бар,
Басында екі таяғы бар,
Иегінде екі сақалы бар. ЕШКІ
4. 24 сағат бойы жұмыс жасайтын адамның дене мүшесі қандай? ЖҮРЕК
5. Жұмадан кейін екі күннен кейін қай күн келеді? ДҮЙСЕНБІ
6. Ешкінің төлі ЛАҚ
7. Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. ТҮЙЕ
8. Ақ сөзінің антонимы ҚАРА
9. Тышқанның үйі ... ІН
ЕРЕЖЕЛЕРІ
ЖАРАЙСЫҢДАР БАЛАЛАР
- Қауіпсіздік ережелері туралы не білесіңдер?
- Қандай қауіпсіздік ережелері бар?
- Ол ережелерді сақтау керек пе?
- Осы ережелерді өмірде қолданамыз ба?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау
ІІ. Негізгі кезең
Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол — өмірді сақтап қалу.
Көп жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете білу, сақтана білу т.с.с… Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауы денсаулыққа және өмірге қаншалықты маңызды екенін білу керек.
Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайға ұшыраған кездерде сабырлық сақтау керек. Осы Қауіпсіздік бұрышы бөлімінен өмірге ең керекті қауіпсіздік ережелерімен таныса отырып, дер кезінде өз өмірімізді сақтап қалуға тырысайық. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану әркімнің міндеті.
Техника кауіпсіздігі
Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі
Ø Егер сен үйде жалғыз қалсаң, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпа.
Ø Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды.
Ø Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастрөл тұр. Олар – ыстық. Оларды алу үшін арнаулы қолғап не шүберек керек.
Өрт қауіпсіздігі ережесі
Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.
Су қауіпсіздігі
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
— Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
— Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
— Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
— Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
— Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.