Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, айдаһардың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнаты.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Құтты болсын, Жаңа жыл!»
«Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, айдаһардың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнаты.
(Зал ішінде жап-жасыл шырша, шыршада алуан түрлі ойыншықтар ілінген, түрлі түсті әшекейлермен безендірілген).
(залға балалар музыкамен кіреді)
Бүгін келді жарқырап
«Балдырған»тобы тағыда
Би билейді ,ән салып
Жасыл шырша жанында.
Сәлем бізден баршаға
Құттықтаймыз жар сала
Бүгін бізге Жаңа жыл
Қош келіпсіз шыршаға .
Жаңа жылда көңілді
Шырқалады әніміз,
Ата- аналар сіздерді
Құттықтаймыз бәріміз.
Жүргізуші: Балалар, бүгін бізде қандай мереке
Балалар: Жаңа жыл мерекесі!
Жүргізуші: Балалар, мына биік әрі жасыл әдемі болып тұрған не нәрсе? Қалай атаймыз ?
Балалар: Шырша.
Жүргізуші: Ендеше, шыршаға арнап ән айтайықшы.
Ән: «Жаңа жыл»
(сықырлаған қардың дауысы естіледі)
Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар,қонақтар!Жаңа жыл құтты болсын. Мен достарын Аққаламын. Сендердің өнерлерінді тамашалауға келдім.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Аққала, қош келдіңіз мерекемізге, біздің балаларымызбен би билесеңіз тамаша болатын еді.
Би: «Аққала»
Жүргізуші: (осы кезде телефонға хабарлам а.келген дауыс естілу керек) Масқара, балалар бізге хабарлама келіпті. Тау басындағы жауыз Айдаһар бізге келе жатырған Аяз Атаны, Ақшақарды және сыйлықтарды өзінің үңгіріне ұрлап, тығып қойыпты. Оларға бізден көмек қажет екен. Аққала не істесек болады?
(Залға өлеңмен Айдаһар келеді)
Айдаһар: Ха-ха-ха, бұл жаңа жыл мерекесі болмайды. Аяз Атаны, Ақшақарды тығып қойдым. Күштерін жетсе мені женіп, тауып көріңдер.(шығып кетеді)
Аққала: Балалар көңіл күйлерінді түсірмендер, мерекемізді жалғастырамыз. Мен қазір өзімнің құтқарушы достарыма хабарлама жіберейін. Құрметті менің құтқарушы достарым маған және менің кішкентай достарыма сендердің көмектерін қажет. Айдаһар Аяз Атаны, Ақшақарды ұрлап кетті, жаңа жылдық мерекемізді жалғастыру үшін оларды құтқару керек. Достарын Аққала.
(Осы кезде Өрмекші адам әуенмен кіріп келеді)
Өрмекші адам: Сәлеметсіңдер ме балалар, Аққала досым сенің хабарламанды алдым,мен ол Айдаһардың Аяз атаны, Ақшақарды тығып қойған жерін таптым. Бірақ жалғыз күшім жетпеді, әлсізденіп қалдым.
Аққала:Ой Өрмекші адам, келгеніңіз қандай жақсы болды. Бәріміз бірлесіп Аяз Атаны құтқаруымыз керек.
Өрмекші адам: Әрине, әрине бәріміз бірлесейік. Бәріміз күшімізді бір жерге жинасақ жауыз Айдаһарды жеңеміз, Аяз Атаны ортамызға қайтарамыз.
Жүргізуші: Ендеше біздің балалармен бірге ойын ойнайық. Біз ойын ойнап күш жинаймыз дегенше хабарламаны естіген тағы біреулер көмектесуге келіп қалар.
Ойын:Өрмекшінің жіптерін жинау
(Осы кезде залға әуен ырғағымен Фея келеді).
Фея: Сәлеметсіңдер ме балалар. Аққала, мен де сенің хабарламанды алдым. Білесіңдер ме балалар, мен сонау алыс ертегі әлемінен келіп, бүгінгі күн ерекше, сиқырлы, әсерлі болғанын қалаймын. Көңіл күйлерінді көтеруге тырысамын.
Ой, сендердің шыршаларының шамы өшіп тұр екен гой, қәне бәріміз сиқырлы сөзді бірге айтып шыршаның шамдарын жағайық.
Бәрі бірге сиқырлыт сөзді қайталап айтады.
Қуант бізді танырқат,
Шамдарынды жарқырат. 2 рет қайталайды.
(осы кезде әдемі әуен ырғағымен шыршаның шамдары жанады, балалар бәрі жадырап мәз болып қуанады).
Аққала: Фея досым сен өте мейрімдісін және біздің шыршамыздың шамын жағып бердің көп рахмет. Ендеше біздің кішкентай қыздарымыздың биін тамашалайық.
Би: «Шырша»
Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы би!
Ата аналармен ойын: «Жануарларды тап»
(әуен ырғағымен залға үлкен қап арқалаған Ит кіріп келеді)
Ит: Амансыңдар ма, балалар! Меніңде телефона хабарлма келіп, Айдаһардың ізіне түстім. Із қуып жүріп жол шетінде жатқан қап тауып алдым. Бұл Аяз Атаның сыйлықтары болар деп алып келдім. Қәне ашып көрейікші.
(қапты шешіп ашады, қаптың ішінен Доңыз шығады).
Доңыз: Сәлеметсіңдерме достар! Мен жаңа жыл доңызбын. Келесі жыл менмін. Сендер мені осы қаптан шығардыңдар көп рахмет. Мен Аяз атаны Ақшақарды көрдім. Айдаһар меніде ұрлап кеткен, бірақ мен түсіп қалдым. Сендерге де көмек бергім келеді.
Аққала: Қош келдің доңыз, біз сені көргенімізге қуаныштымыз, барлық достарым жиналды, қәнекей барлығымыз күшімізді біріктіріп, жауыз айдаһарға біз қандай мықты күшті екенімізді көрсетейік. Жауыз Айдаһарды сабасына түсірейік.
(осы кезде зал маңайында қарқылдап күліп жүрген Айдақарды бәрі жабылып ұстап алады да, аяқ-қолын байлап тастайды. Айдаһар жыламсырап кешірім сұрайды).
Айдаһар: Кешіріндерші мені достарым, мен өз кінәмді түсіндім. Сендердің жаңа жылдық мерекелерінді бұзбауым керек еді. Аяз Атаны жолдан адастырып дұрыс істемедім. Біз сыйлықтарға қатты қызығып кеттік. Біздің де сыйлық алғымыз келіп кетті. Сіздер тату-тәтті екенсіңдер. Біз де сіздермен тату болғымыз келеді.. Өтінеміз кешіріңдерші.
Аққала: Ой үш басты жауыз Айдаһар, сен ең алдымен Аяз Атадан кешірім сұрауың керек. Кане бізге тез айт Аяз Атаны қайда тығып қойдыңдар.
Айдаһар: Мына таудан өтсеңдер сол жерде біздің үлкен үңгіріміз бар олар сол жерде. Балалар бізді кешіріңдерші.
Жүргізуші: Достар сіздерге ақ жол тілейміз. Тезірек барып Аяз Атаны, Ақша қарды тауып мерекеге алып келіңіздер. Сіздер келгенше біздің балалар әдемі ән орындап берсін.
Ән: «Кішкентай шырша»
Жүргізуші: Балалар, біздің достарымыз тауға да жетіп Аяз Атаны, Ақшақарды құтқарып келе жатқан болар. Ендеше олар жолдан адаспай тезірек жетулері үшін бар дауысымызбен айқайлап Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аяз Ата, Аяз Ата
Ақшақар, Ақшақар 3 рет айтады
(әдемі әуен ырғағымен достар ортаға Аяз Атаны, Ақшақарды алып кіріп келеді, балалар қол соғып орындарынан тұрып қарсы алады)
Аяз Ата: Құтты болсын, балалар Келген Жаңа жылдарың Алаңдамай өсіңдер Еркелеп қыз, ұлдарым Өткен жылы келіп ем Бәріңді де көріп ем Жыл өткізіп келем деп Уәдемді беріп ем Ойларың мен бойларың да Бірдей өсіп қалыпты
Амансыңдарма балаларым.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Сүйсіңдірер маңайды Ақшақармын арайлы Жалт - жұлт еткен жүзімнен Күміс сәуле тарайды. Ақшақармын аппақпын Қалай тыныш жатпақпын Менсіз қыстың сәні жоқ Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Балалар: Қош келдіңіз, Аяз Ата, Ақшақар.
Аққала: Құрметті Аяз Ата міне біз сіздердің жолдарыңызға бөгет болған жауыз Айдаһарды қолға түсірдік. Ол өздерінің кінәсін мойындап кешірім сұрайды. Аяз Ата сіз не дейсіз?
Айдаһар: (жыламсырап) Аяз ата, Ақшақар бізді кешіріңізші, біздікі дұрыс болмады.
Аяз ата: Біз сіздерді бір шартпен кешіреміз. Сіздер маған уәде беріңдер «Бұдан былай ешқашан балаларды ренжітпеймін, ешкімге жамандық жасамаймын» - деп. Солай уәде берсеңдер ғана сіздерді босатуға рұқсат етемін.
Айдаһар: Балалар, біз сіздерді ешқашан ренжітпеуге сіздермен тату-тәтті дос болуға уәде береміз.
(осы кезде Аққала мен Фея Айдаһарды босатады, балаларда келіп көмектеседі).
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Бәріміздің бір-бірімізге тату-тәтті, кешірімді болғанымыз қандай жақсы болды.
Аяз ата, Ақшақар! Алыс жолдан шаршап келдіңіздер ғой, отырып дем алыңыздар. Балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.
Би: «Ақша қар»
(биден соң балалардың тақпақтарына кезек беріледі)
Тақпақтар:
Аязата мен Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді. Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аязата: Жарайсындар балаларым! Мені бүгін бір қуантып ,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Киген киімдерің кандай әдемі! Солай емеспе қызым!Ал енді біз жолға шығайық. Басқада балалардың өнерін тамашалайық .Ал балаларым ,сендер өссе беріңдер, өркендей беріңдер.Сау болыңдар!
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар
Балалар:Сау болыңыздар! Рахмет сіздерге!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар балалар, кейіпкерлер! Ескі жылды шығарып, жаңа жылды қарсы алайық. «Кұтты болсын Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталып қалды.Осындай керемет мерекеге атсалысқандарыңызға рахмет айтамыз. Жаңа жылымыз құтты болсын! Отбасыларыңызға тек бақыт қуаныш нұры жаусын.