Психологиялық дайындық (3 мин) | Тренинг:Дене мүшесімен амандасу.Ең алдымен оқушылар қолмен,маңдаймен, иықпен, тіземен,табанның ұшымен, арқаларымен амандасады. | Көңіл-күйінің көтерілуі, қызығушылықтарының пайда болуы |
Кіріспе (5 мин) | 1. Бұл қай кезде болады? Жаз өлеңдерінің үзінділері. Аяз қысып, Өрнек сызып, Терезені торлайды, Бөбектерім , айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады. Өрік, алма, Шие, алша, Жидек,жүзім піседі, Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? Бұлттар төніп, Жаңбыр төгіп, Дымқыл тұман басады, Бөбектерім айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? Қар, мұз еріп Су көбейіп, Сай – салаға ағады, Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? | Оқушылар назар аударады. |
| Жаңа сөздер: Ауа райы Төмен Тыңдалым. Диалогті түсініп оқы Қысқы ауа райы Қыста ауа райы қандай болады? Қыста ауа райы өте суық болады? Қыста күн қандай болады? Қыста күн суық болады. Қыста не жауады? Қыста қар жауады. Ауаның температурасы қандай болады? Ауаның температурасы төмен болады. Көктемгі ауа райы Жазғы ауа райы Күзгі ауа райы ҮІ.Оқылым. 1-тапсырма бойынша оқылым әрекетін іске асыру.Сауатты оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын тексеру. Қыс түсті. Қыс айлары – желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста қар жауады. Адамдар жылы киімдерін киеді. Қыста балалар шаңғы, коньки тебеді.Қыс – жылдың ең суық мезгілі. Жаз – өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда балалар демелады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда балалар суға шомылады, күнге күйеді. Балалар жазды өте жақсы көреді. Көктем келді. Ағаштар гүлдеді. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады. Алмас қараторғайға ұя жасады. Оны ағашқа орнатты. Ұяға бір қараторғай келіп кірді. Алмас өте қуанды. Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Күзде салқын болады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күзде жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғая бастайды. Күн салқын болады. ҮІІІ.Айтылым Айтылым әрекетін іске асыру үшін мәтін бойынша сұрақтар құрастыру . Сергіту сәті Біздер тату тұрамыз, Гүл-гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз Жазылым. Дұрыс, бұрыс ойынын ұйымдастыру. Қыс айлары – маусым, шілде, тамыз. ( бұрыс) Қыста жаңбыр жауады. ( бұрыс) Адамдар жылы киімдерін киеді. ( дұрыс) Қыста балалар коньки, шаңғы теппейді. ( бұрыс) Қыс жылдың ең суық мезгілі. ( дұрыс) Көктем айлары – маусым, шілде, тамыз. ( бұрыс) Көктемде жаңбыр жауады. ( дұрыс) Көктемде құстар жылы жақтан ұшып келеді ( дұрыс) Көктемде ағаштар гүлдейді. ( дұрыс) | Оқушылар жаңа сөздермен танысып а) дұрыс айтуға дағдыландыру: -мәнерлеп оқу; -оқушылар мұғалімнен кейін барлығы дауыстап қайталайды: - оқушылар тізбекпен оқиды; б) сөз тіркестерін құрастыру; в) сөйлемдер құрастыру. Жұппен жұмыс Топпен жұмыс Мәтін бойынша «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойын ұйымдастыру. Ойын шарты: Оқушылар мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығады. Шеңбер бойымен отырады. Кез келген оқушы бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді.Соңына дейін солай жүреді Топпен жұмыс |