Тақырыбы: «Көшеде жүре білеміз бе?
Мақсаты:Жолда жүру белгілерін ажырата білу. Жол тәртібі туралы түсінік беру.
Балалардың көше, жолдың көлік жүретін бөлігін тротуар, жаяу жүргіншілер өтпелері, бағдаршам, көліктердің түрлері жайлы түсініктерін толықтыру, оларды бақылауға, тұжырымжауға,көшелерде өздерін дұрыс ұстауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:жиек жол, жаяу жүргіншілер.
Құрал жабдықтар: көліктер мен белгілердің суреттері.
Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы қозғашыу қызмет Психологиялық тренинг: «Достық шеңбері»
Сәлемдесу:
Ұл-қыз сәлем береміз.
Өнегелі өренбіз,
Біздер- қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы,
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар шеңберге тұрады, өлең жолдарын бірге қайталайды.
.Ұйымдастырушы ізденушілік. Балалар тақтадан не көріп тұрмыз?
Жолдар қандай болады?
Дұрыс жолда жүру тәртібін есімізге түсірейік.
Менің үш көзім бар.
Бір көзім «Кідір» дейді,
Бір көзім «Абайла» дейді.
Бір көзім «Қарап қалма» дейді.
Бағдаршам туралы тақпақ кім біледі?
Бағдаршам-өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз оның сырын біліп, тілін алу міндетіміз. Бағдаршам жол қозғалысына үш түсті жарығымен бағыт сілтейді.
Сергіту сәті: -Балалар көшеде біз тар жолымен, яғни жиек жолмен жүреміз.
-Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма?
-Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма!Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.
-Автобусқа міну тәртібін білесіңдер ме?
Ал енді, тақтадағы суретке назар аударыңдар. Жаяу жүргіншілерге арналған белгілерді мұқият есімізде сақтаймыз.Кеесі бейнеленген белгі-таңбасы- жер асты өтетін белгі. Бұл белгі қалаларда көп кездеседі.
Келесі таңбалы белгіде автобус бейнеленген.Әрбір жаяу жүргінші автобус,трамвай,тролейбус көп көліктерін аялдамадан кетуі қажет. Егер белгі болмаса жол жиегінде тосқан жөн.
Жол сақшысы:Балалар, мен сендерге «Сақ бол!» қимылды ойын әкелдім.Ойынның шарты:бәріміз шеңбер жасап тұра қаламыз, ол үшін бізге жол тәртібін реттейтін бағдаршам және жаяу жүргіншілер қажет.
-Балалар, сендердің жауаптарына көңілін толды, мені басқа бақшадағы балалар күтіп отыр.
Жол тәртібін білейік,
Аман есен жүрейік,-деп қоштасып шығып кетеді. Көшелер, көліктер.
Тегіс жолдар, кең жолдар, ұзын жолдар, қысқа жолдар.
Балалар өздері автобусты қай жерде, қалай күтетіндерін айтады.
Балалар шеңберге тұрады,жасыл түсті кқрсеткенде балалар жүреді,сары түсті көрсеткенде қол шапалақтайды, қызыл текшені көрсеткенде барлығы тыныштық сақтайды.
Транспорт түрлеріне байланысты жұмбақтар шешейік.
Төрт аяғы домалақ,
Адамсыз ол жүрмейді.
(көлік)
Өзі тым күшті
Аяғы тісті
Лезде тындырар
Қыруар істі.
(трактор)
Шабысқа тәулік бойы төзе алады,
Бір тұлпар, жаңылмайтын жорғасы бар.
Жүк емес жануарға жүз адамның
Доғасын сымға сүйреп, жолға шығар.
(трамвай)
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақта.
( бағдаршам)
Сөйлеуді ол білмейді
Бірақ «тоқта», «жүр» дейді
Күтілетін нәтиже:
а)Қолданады: жол ережелерін көшелерде.
ә)Түсінеді: жол белгілерін білу керектігін.
б) Ұғынады: жол ережелерін сақтасан сақ