kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жол ж?ру ережелерін білеміз бе?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: Жолда ж?ру ережелерін білеміз бе?
Ма?саты: К?шеде ж?ру ережелері бойынша ?алыптас?ан о?ушы т?йсіктерін, білімдерін пысы?тап, оны? ?мірдегі ма?ызын т?сіндіру.
О?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын тудырып, ой - ?рісін, белсенділігін дамыту. Сынып о?ушыларын жолдасты??а, са?ты??а т?рбиелеу.
К?рнекілігі: Жол белгілері, слайдтар, ?иыл?ан жі?ішке ?зын жола?шалар (зебра жолы), бордюр макеті, сюжетті суреттер, автобус макеті, лото ойынына ?ажетті сурет пен белгілер суреті.
Техникалы? ??рал: интерактивті та?та
                                                                             Барысы:
М??алім:
С?леметсі?дер ме, балалар? Біз ?мірімізді, денсаулы?ымызды ?ор?ауды? бірден - бір кепілі к?шеде ж?ру ережелерінен саба?тар ?ткізген болатынбыз. Б?гін осы к?шеде ж?ру ережелері бойынша ал?ан білімдері?ді пысы?тау ма?сатында «Жолда ж?ру ережелерін білесі? бе?» атты т?рбие са?атын ?ткізгелі отырмыз. Себебі, жолда ж?ру т?ртібін білу ?рбір бала, ?рбір адам ?шін ма?ызды деп білеміз.
- Ал к?шеде ж?ру т?ртібін білмеу неге ?кеп со?уы м?мкін?
1 - о?ушы: К?шеде ж?ру т?ртібін орындамау к?ліктерді? ж?ріп т?руына кедергі келтіреді, ж?мысшылар ж?мыс?а, о?ушылар саба??а, д?рігерге, бас?а да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі м?мкін.
2 - о?ушы: К?шеде ж?ру т?ртібін білмеуді? салдарынан адамдар жол апатына ?шырап жатады.
3 - о?ушы: Жолда ж?ру ережелерін білмеген о?ушылар к?лік астына т?сіп, ?ыршыннан ?иылып та жатады.
4 - о?ушы: Жол ж?руді? т?ртібін
Ережесін білеміз.
Са?тан?анда ?атерден,
Сау - саламат ж?реміз.
М??алім: Олай болса сендерге к?шеде ж?ру ережелеріне байланысты біраз с?ра?тар ?ояйын. Ал сендер келген ?она?тар?а бар білімдері?ді к?рсетуге тырысы?дар.
- Балалар, жол деген не?
5 - о?ушы: «Жол» деген с?зді? ?зі к?лік ??ралдары мен ж?ргіншілер ?оз?алатын аума? ??ымын ?амтиды. Б?л ?алалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, к?шелер мен б?рылыстар. Жол к?ліктер мен жаяу ж?ргіншілерге арнал?ан деп екіге б?лінеді.
- Жолда ж?руде біз білу керекті е? негізгі ереже ?андай?
6 - о?ушы: Жолда жаяу ж?ргінші мен ж?ргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен авток?ліктер к?лікті? негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН ж?реді, ал жаяу ж?ргінші ТРОТУАРМЕН немесе к?ше бойыны? о? жа? шетімен ж?ру керек.
- Тротуар деген не?
7 - о?ушы: Тротуар с?зі француз тілінен аудар?анда «жаяу ж?ргіншіге арнал?ан жол» дегенді білдіреді. Тротуар ?стінде ?андай да болмасын ойын ойнау?а немесе ж?гіруге болмайды. Б?л жаяу ж?ргіншіге б?гет жасаумен атар, аса ?ауіпті болып табылады.
- Жол жиегіні? бойында?ы ?апталдар не?
8 - о?ушы: Б?л – жол жиегі мен тротуар аралы?ын б?ліп т?ру ?шін ?алан?ан арнайы тас ?аптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір н?рсені жиектеуге арнал?ан жола?» деген с?з. Кейбір балалар осы бордюрді? ?стімен ж?руді ?ызы? к?реді. Ондай жа?дайды? а?ыры ?ай?ылы о?и?а?а со?тыруы м?мкін.
- Балалар, кейде ?иылыстарда?ы ба?даршам ж?мыс істемей ?алуы м?мкін. Б?л жа?дайда ба?даршамны? міндетін мемлекеттік автоинспекциясыны? ?ызметкерлері ат?арады. Оны РЕТТЕУШІ дейміз. ?азір Н?рд?улет реттеуші болады. Сендер оны? ?имылын ба?даршамны? ?андай сигналына с?йкес келетінін алдары?да?ы ?ызыл, сары, жасыл белгішелерді к?теру ар?ылы к?рсетесі?дер.
Н?рд?улет: (ала тая?ымен реттеуші ?имылын 2 рет к?рсетеді)
К?рсе? жолды? бойынан
МАЙ ?ызметкерлерін
Шаршау білмес, ей, ?лан,
Елеу керек е?бегін.
К?з салып ол ?ыра?ы,
Бос жібермей ?р к?нін,
?ада?алап т?рады
Жолда ж?ру т?ртібін.
- Жа?сы, балалар. Сендер к?шеде ж?ру ережелері жайлы к?п ??гімеледі?дер. Енді сендерді? білімдері?ді «Жол белгілерін білесі? бе?» деп аталатын лото ойыны ар?ылы ?орытындылама?пын. Сендерді? ?олдары?да белгі аты жазыл?ан карталар бар. Сол картаны жол белгілеріні? с?йкес суретіне теріс ?ойып шы?са?дар ?ызы?ты суретті к?ре аласы?дар.
( О?ушылар ?олдарында?ы жол белгісіні? атын о?ып, с?йкес суретке ?ондырады. Со?ында суретті тамашалайды)
- ?андай с?йлем шы?ты?
Хормен о?иды: Жолда ж?ру ережелерін са?та!
М??алім: Т?рбие са?атымызды ?орыта келгенде, бізді? ?алаларымызда сол сия?ты біз т?р?андай ауылдарды? б?ріне орта? жолда ж?ру ережесі енгізілген. Б?л ережені о?ушылар да, ?лкендер де, барлы? ж?ргіншілер мен ж?ргізушілер де б?лжытпай орындауы керек.
 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жол ж?ру ережелерін білеміз бе? »


Тәрбие сағатының тақырыбы: Жолда жүру ережелерін білеміз бе?
Мақсаты: Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.
Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жол белгілері, слайдтар, қиылған жіңішке ұзын жолақшалар (зебра жолы), бордюр макеті, сюжетті суреттер, автобус макеті, лото ойынына қажетті сурет пен белгілер суреті.
Техникалық құрал: интерактивті тақта
Барысы:
Мұғалім:
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.
- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?
1 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады.
3 - оқушы: Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады.
4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.
Мұғалім: Олай болса сендерге көшеде жүру ережелеріне байланысты біраз сұрақтар қояйын. Ал сендер келген қонақтарға бар білімдеріңді көрсетуге тырысыңдар.
- Балалар, жол деген не?
5 - оқушы: «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.
- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?
6 - оқушы: Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.
- Тротуар деген не?
7 - оқушы: Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.
- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не?
8 - оқушы: Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.
- Балалар, кейде қиылыстардағы бағдаршам жұмыс істемей қалуы мүмкін. Бұл жағдайда бағдаршамның міндетін мемлекеттік автоинспекциясының қызметкерлері атқарады. Оны РЕТТЕУШІ дейміз. Қазір Нұрдәулет реттеуші болады. Сендер оның қимылын бағдаршамның қандай сигналына сәйкес келетінін алдарыңдағы қызыл, сары, жасыл белгішелерді көтеру арқылы көрсетесіңдер.
Нұрдәулет: (ала таяғымен реттеуші қимылын 2 рет көрсетеді)
Көрсең жолдың бойынан
МАЙ қызметкерлерін
Шаршау білмес, ей, ұлан,
Елеу керек еңбегін.
Көз салып ол қырағы,
Бос жібермей әр күнін,
Қадағалап тұрады
Жолда жүру тәртібін.
- Жақсы, балалар. Сендер көшеде жүру ережелері жайлы көп әңгімеледіңдер. Енді сендердің білімдеріңді «Жол белгілерін білесің бе?» деп аталатын лото ойыны арқылы қорытындыламақпын. Сендердің қолдарыңда белгі аты жазылған карталар бар. Сол картаны жол белгілерінің сәйкес суретіне теріс қойып шықсаңдар қызықты суретті көре аласыңдар.
( Оқушылар қолдарындағы жол белгісінің атын оқып, сәйкес суретке қондырады. Соңында суретті тамашалайды)
- Қандай сөйлем шықты?
Хормен оқиды: Жолда жүру ережелерін сақта!
Мұғалім: Тәрбие сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда сол сияқты біз тұрғандай ауылдардың бәріне ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Жол ж?ру ережелерін білеміз бе?

Автор: Д?рмен??лова Л?ззат Ж?мам?рат?ызы

Дата: 13.01.2015

Номер свидетельства: 154555


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства