Жақсы, ендеше 70 өнерлеріңді ортаға салып, дарынды болуларыңа тілектеспін.
Тілек шеңбері:
Армысың, асыл күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым.
Сұрақ арқылы 4 топқа бөлу.
- Жерге ең жақын жұлдыз не?
Күн. І топ
- Жердің серігі не?
Ай ІІ топ
- Глобус –ненің үлгісі? «Жердің»
- Олай болса жер ІІІ топ жер
Жерді қоршаған бүкіл дүние қалай аталады?
Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады. ІҮ топ - Ғарыш
3. Үй жұмысын тексеру
Оқушылар жауаптарын тыңдау
Жер-Күн жүйесіндегі Күннен бастап санағандағы үшінші планета. Күнді айналып жүрген 9планетаның ішінде Жер мөлшері мен массасы бойынша 5 орында.Ал Жер тұрпаттас планеталардың (Меркурий,Шолпан,Жер,Марс) ішіндегі ең үлкені.
Жер-шар тәрізді екенін бұрынғы адамдар білген жоқ.Олар жүре берсек жердің шетіне шығамыз деп ойлаған. Келе-келе жиһанкездер қаншама жүргенімен жердің шетіне шыға алмайтынын білді. Жер шар сияқты екеніне тұжырым жасаған грек ғалымдары .Олар бұған дәлел ретінде Ай тұтылғанда оны қалқалаған Жер көлеңкесінің дөңгелек болатындығын келтіреді.
Орта ғасырлардағы дүние жүзін айналу саяхаттары Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеді.Еуропадан шыққан теңізшілер үнемі шығыстан батысқа қарай жүзіп отырды.Сонда өзінің шыққан жеріне қайта оралған.
Жердің шар тәріздес екендігін ашық теңізде немесе тегіс жазықта көрінетін көкжиек дөңгелек пішінді болып келеді.
Таулы жерлерде таңертең көкжиектен әлі көтеріле қоймаған Күн сәулесі таудың басын шалады. Егер Жер тегіс шыққан Күн сәулесі таудың етегінен басына дейін бірден түсер еді.
Теңіз жағасында тұрған адамға алыстап бара жатқан кеме көрінбей қалады. Бұл Жердің дөңестігіне байланысты.
Қазіргі кезде ғарыш кемесінен түсірген суреттер Жер-шар тәрізді дене екенін дәлелдеді.
Ал біз шар үстінде тұрғанымызды неге байқамаймыз?
Глобус –латын тілінен аударғанда шар деген мағына береді.
Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі ГЛОБУС деп аталады.
Глобуста Жер шары ондаған млн. есе кішірейтіліп алынады. Жер шарының мұндай алғашқы үлгілері орта ғасырларда жиһанкездер дүние жүзін айналып шыққаннан кейін жасала бастады.Глобуспен түрлі тәжірибе жасауға болады.Жердің өз білігінен айналуын және Күнді айнала қозғалуын, олардың қандай құбылыстар тудыратынын глобусты пайдалану арқылы оңай түсінуге болады.
Глобус ХҮ ғ. бастап шыға бастады.
Әлемдегі жалғыз глобустар мұражай Австрия еліндегі Вена қаласындағы Ұлттық кітапханасында орналасқан. Бұл мұражай 1956 жылы ашылған. Қазір мұражайда 590 экспонат бар.
1998 жылы жасалған алып шар американың Ярмут қаласының штаб — пәтерінде қойылған. Глобус қаңқасы жеңіл алюминийден істелінген. Диаметрі 12 метр , рекорд Гиннеса кітабының өкілдерінің айтуы бойынша, бұл глобус әлемдегі ең үлкен глобус болып келеді.
Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістіктерін мұхит дейміз. Мұхиттың құрлыққа кіріп жатқан бөлігін теңіз дейміз.
Жер шарында 4мұхит бар аттарын айтып,картадан көрсету.
Тынық мұхитының аумағы қалған үш мұхиттың аумағын қосқандағыдай.
Құрлықтың мұхиттармен қоршалған ірі бөліктері материк деп аталады. Материк –алтау.
4.Жаңа сабақ
А)Кіріспе.
Жұмбақ шешу.
Самұрық құс самғады,
Көктен өтіп.
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы. (Ғарыш кемесі)
Ғарыш кемесі дегеніміз- адамның ғарышта ұшуына арналған ғарыштық
ақпарат.1957 жылы 4 қазанда ұшырылған.“Восток” ғарыш кемесімен ұшқан.
Ғарышкер киімі қалай аталады? (скафандр)
( бейнеролик)
Зымыран қалай ұшады? ( бейнеролик)
Ғарышқа сәлем
Үздіксіз ізденуден жалықпаймыз,
Оқимыз, табансыз танытпаймыз.
Ержүрек Тоқтар,Талғат, Гагариндей
Көз ілмес қия шыңға шарықтаймыз.
Қазақтың жері бар ма нәр тамбаған,
Байқоңыр, бақытыңа мың таңғалам.
Өзіңсің жер кіндігі- өзгеде жоқ,
Құшағын айқара ашқан, дархан далам.
Адамзат ақылы асқақ, дара зейін,
Шертеді жаңа ғасыр шаттық күйін.
Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
(сергіту сәті көзге арналған, слайд)
5. Оқулықпен жұмыс:
Оқиды, тапсырмаларға дайындалады.
6. Дәптермен жұмыс:
Керекті мәліметтерді түртіп жазып алады. Ғарышкерлердің есімдерін.
Сұрақтар:
1. Алғаш рет ғарышқа ұшқан ғарышкер.
1961 жылдың 12 сәуірінде, бір орынды «Восток» кемесімен, тұңғыш рет Совет Одағының азаматы Юрий Алексеевич Гагарин ғарышқа көтерілді,
2. Ұлы Отан соғысының «Қос қарлығашы» Әлия мен Мәншүк болса, аспанның «Қос қарлығашы» көкті бағындырған кім?
3. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қашан көтерілді?
1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 13” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіді. 1991ж қазаннаың 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.
4.Гиннестің үздік табыстар кітабына жазылған қай ғарышкер?
1994ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабынде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған.
2001ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген
5. Ғарышты бағындырған жануарлар.
Лайка
Лайка орбитаға жеткен ең бірінші жануар. Оны 1957 жылдың 3 қарашасында Кеңес Одағы әлемінің екінші жасанды серігі – «Спутник -2» бортында ұшырды. Лайка кабинасына телевизиялық камералар мен қысымды өлшеу үшін сенсорлар орнатылды.Сенсорлар сонымен қатар, Лайканың қан қысымын, тыныс алу жиілігін және жүрек соғысын өлшеп, микрогравитация әсерін зерттеуге арналды. Оның кемесінде қону аппараты жоқ болатын. Сондықтан Лайка ғарыш кеңістігінде келмеске кетті.
Белка мен Стрелка
Бірінші рет орбитаны айналып, Жерге аман оралған иттер-Белка мен Стрелка (19.08.1960 ж.)
6. Ғарышқа ұшқан адамды кім не дейді?
Американың ғарыш кемесімен ұшқан адам «астронавт» деп аталады. Қытай кемесімен аттанса , «тайконавт» делінеді. Малайзия ғарышкері ұшқаннан кейін « ангкасаван» деген сөз де пайда болған. Ағылшындар астронавты да, космонавтты да қолданады.
7. Тұңғыш әйел-ғарышкер кім?
Әлем тарихында алғаш рет ғарыш кеңістігіне әйел адам көтерілді”. Осылайша, дүние жүзіне 1963 жылы маусымның 16-сында Мәскеу радиосы Валентина Терешкова ғарышқа көтерілген алғашқы әйел адам екенін хабарлады.