Просмотр содержимого документа
«Конспект урока познания мира 2 класс»
Пән: Дүниетану
Сынып: 2
Сынып жетекшісі: Журалиева А. Ж.
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Мақсаты: Оқушылардың білімін арттыра отырып, жануарлардың көп түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Жануарлардың топтарға бөліну ерекшеліктерін түсіндіре отырып, білімдерін тереңдету. Логикалық ой-өрісін дамыту барысында тапқырлыққа, танымдық қабылдауын
арттыруға дағдыландыру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, сөзжұмбақтар
Сабақтың типі: Жаңа ұғым беру
Көрнекілігі: суреттер, деректі фильм, сызбалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу рәсімдері
Амансың ба Алтын күн!
Амансың ба Көк аспан!
Амансың ба достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
Үй тапсырмасын тексеру «Өсімдік шаруашылығы»
Өсімдіктерге қажетті заттар. Сызба арқылы үй тапсырмасын бекіту.
Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Сөзжұмбақ арқылы «Жануар» тақырыбын ашу.
Ж
а
б
А
й
ы
А
қ
қ
У
қ
о
я
Н
т
а
У
ы
Қ
Л
А
қ
а
Р
ы
с
Т
а
н
Жаңа сабақ.
Кіріспе.
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың
түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың
2 млн-дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.
Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың айырмашылығы жүзеді.
Қосмекенділер.
Қосмекенділердің-4000 түрі бар. Олардың айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік етеді.
Сүтқоректілер
Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды.
Жорғалаушылар.
Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар. Олардың айырмашылығы бауырымен жорғалайды.
Жәндіктер.
Жәндіктердің – 700 000 түрі бар.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқытып, сұрақтарға жауап аламын.
АҢДАР
Жабайы
Үй жануарлары
Олардың көпшілігі ағаштың жапырағымен және шөппен қоректенеді.
Жануарларды аулап, етпен қоректенетіндерді жыртқыштар деп атайды.
Ең маңыздысы Анықтама
Ақбөкен шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына байланысты. Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды.
Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады
Саршұнақ . Далада және тауда мекендейді. Інінен шыққан күйі артық аяғымен шоқиып тұрып, жан-жағында қауіптің бар-жоғын барлайды. Төңірек тыныш болса, тұқымдар, шөптермен қоректене бастайды. Егер маңайда жүгері немесе егістік болса, саршұнақ сол жерге қоныстанады. Ол астықтың дәні мен сабағын жеп, егіске зиян келтіреді.
Барыс мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 – 135см, биіктігі 60см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 – 100см, салмағы отыз – қырық килограммдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000м-ден астам) кездеседі. Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген.
Қасқыр Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі – түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.
Қабан сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жануар.
Қызылорда облысының қамыс-құрақты қопалар мен батпақты жерлерінде, өзен аңғарларында көп кездеседі. Денесі ірі, екі бүйірі қысыңқы, мойыны жуан, басы сүйір, тұмсығы конус тәрізді көлденеңнен кесілген болып келеді. Ұшында жұп тұяғы бар, аяғы мықты, екеуі жақсы жетілген төрт саусағы болады. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі кішкентай, танауы таңқы. Денесін қалың қылшық басқан. Аталығының арқасында жалы болады. Қорек таңдамайтын жануар, топырақты қазып құрт-құмырсқа, өсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақ тышқандармен қоректенеді. Денесін ірі қылтан қаптаған. Ересек қабан шошқаларынын түсі коңыр, торайларының терісінде ұзынан орналасқан ақ жолақтары бар. Ірі қабандардың ұзындығы 2 м, салмағы 300 кг. Топтасып өмір сүреді. Үй шошқасының арғы тегі. Кәсіпшілік жануар
Сергіту сәті.
б
а
ө
к
т
ү
л
б
ұ
ғ
а
қ
б
е
т
и
к
Қ
е
ы
р
а
р
н
н
і
і
п
р
і
ы
с
ы
қ
б
о
к
і
л
к
с
т
а
о
с
р
е
р
І
к
ү
ы
н
я
ы
к
і
р
п
і
к
і
т
н
қ
а
ю
н
а
с
Жаңа сабақты бекіту.
Сын тұрғысынан сұрақтар қою.
Мұғалім оқушыларға сұрақ қойған кезде әдейі қате жауаптарымен береді. Дұрыс болса- «иә», қате болса- «жоқ» деп жауап беруі керек. Сын тұрғысынан сұрау кезеңі диагностикалық болып есептеледі. Бұл кезеңде мәтінмен жұмыс істеудің сапасы анықталады. Бұл кезең балалардың жұмыс істеу деңгейін, яғни, оқу техникасының көлемін және жылдамдығын көтеруді қалыптастырады.
Сын тұрғысынан сұрақтар
1. Жануарлар аңдар, құстар, балықтар, жәндіктер, қосмекенділер, жорғалаушылар болып бөлінеді.+
2. Аңдарды үш топқа бөлеміз.-
3. Ағаштың жапырағымен және шөппен қоректенетін жануарларды шөпқоректілер дейміз.+
4. Қасқыр- шөпқоректі жануар.-
5. Ақбөкен-жыртқыш жануар.-
6. Оның тұмсығы етті, кеңсірігі дөңес.+
7. Денесі сымбатты, аяғы жіңішке, әрі мықты+
8. Ақбөкендер тауда тіршілік етеді.-
9. Олар шөппен қоректенеді.+
10. Саршұнақ тауда, далада мекендейді.+
11. Саршұнақ етпен қоректенеді.-
12. Саршұнақ егістікке пайда келтіреді.-
13. Өсімдікпен қоректенетін жануарларды жыртқыштар деп атаймыз.-
14. Жыртқыштарға қасқыр, түлкі, барыс жатады.+
15. Барыс – жабайы , мысық тұқымдас аң.+
16. Ол далада тіршілік етеді.-
17. Ол арқар, таутекелерді аулайды.+
18. Қасқырлар аңды жеке аулайды.-
19.Қасқыр тек ұсақ жануарларды аулайды.-
20. Қыс қатты жылдары олар малға жиі шабады.+
21. Аю жаңғақпен қоректенеді.-
21. Борсық пен кірпі талғаусыз қоректілер тобына жатады.+
22. Кірпі жыланды көрсе қорықпай бас салады.+
23. Қабан – жыртқыш жануар.-
24. Талғаусыз қоректілер өсімдікпен ғана қоректенеді.-
25. Талғаусыз қоректілерге борсық пен кірпі жатады.+
26. Түлкі, барыс, қасқыр-үй жануарларлары.-
27. Шөпқоректілер етпен қоректенеді.-
28. Барыс – ақылды, сымбатты, мықты жыртқыш.+
29. Саршұнақ шөл далаға қоныстанады.-
30. Түлкі – жыртқыш аңға жатады.+
Қорытындылау:
- Жануарлар топтарын ат
- Қандай жануарларды шөпқоректілер, қандай жануарларды жыртқыштар дейді.
- Қандай талғаусыз қоректілерді білесің?
- Үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы әңгіме құрастыр
Құспанкөл бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Журалиева Акнур Жумагелдиевна
Менің әжем
Менің әжем – Тасымбетова Тәтті 75 жаста. Бес ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсірген ардақты ана. Әжемнің 14 немері, 9 жиені, 7 шөбересі, 8 жиеншары бар. Әжем күнде әр түрлі ертегілер айтып береді. Бәрімізді еркелетіп жүреді. Үлкендерге ақыл-кеңесін береді. Әжеміздің айтқан тілін алып, ренжетпейміз. Әрдайым қуантып жүреміз. Бізді еркелетіп қасымызда жүре берсін. Өйткені, әжем ешкімге жамандық ойламайды.