Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Менің отбасым және достарым | Мектеп: Богдановка негізгі жалпы орта білім беретін мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Мукашева М.Е. |
Күні: 14.11.2016 жыл Сынып: 1 | Қатысқандар саны: 10 Қатыспағандар саны: жоқ |
Сабақтың тақырыбы | Бұл кім? |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну. 1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауларын ауызша тілде қолдану. |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы:Отбасы мүшелерін атай алады. Отбасындағы адамдардың атын айта алады. Көбі:Отбасы суреті бойынша өзінің отбасындағы адамдар туралы ақпарат бере алады (суреттегі кім екенін және оның атын айту). Кейбірі:Кез-келген отбасы суреті бойынша отбасы мүшелерін еркін атай алады, өз отбасы туралы қосымша ақпарат бере алады. |
Жетістік критерийлері | Сұрақ қою мен жауап беру барысында таныс сөздерді орынды қолдана алады. Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсіне алады. |
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні. Тәуелдік жалғау: -ым, -ім, -м Мынау – менің атам. Мынау – менің әжем. Мынау – менің әкем. Мынау – менің анам. |
Құндылықтарды дарыту | Отбасы мүшелеріне сүйіспеншілік, мейірімділік, татулық қасиеттерін тәрбиелеу. Отбасы мен Отан сөздерінің байланыстыра отырып, отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. |
Пәнаралық байланыс | Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы, музыка, дүниетану |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиодиск: оқулық бойынша 3.1.1.; 3.1.4.; дәптер бойынша 3.1.3 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың отбасы /слайд/, сергіту сәті «Бес бармақ», Қазақстан картасы, қалыптастырушы бағалау парағы |
Бастапқы білім | Менің кітапшам. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 2 минут | Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. «Көңіл күйің қандай?» әдісі арқылы оқушылармен психологиялық дайындық жүргізу. Оқушыларды топқа бөлу. Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. |
Стикер, түрлі түсті бояу |
Сабақтың ортасы 5 минут
5 минут
10 минут
3 минут
2 минут
3 минут
| Оқушылардың назарын көрнекіліктерге аударамын. Мынау кім? - Мынау ата. Мынау кім? – Мынау әже. Мынау кім? – Мынау әке. Мынау кіс-м? – Мынау ана. т.б. /оқушылармен бірнеше рет қайталау/ Осы сөздерді қатыстырып, оқушылармен кластер құрастырырамыз. Көрсетілген суретті оқушы өзі атап, жазылған сөздердің үстіне жапсырады. Барлық суреттер орындарына қойылған соң, ортасындағы дөңгелек ашылып, «Отбасы» деген жазу шығады. Отбасы туралы түсінік беріледі. Әрбір адамның өз үйі, отбасы болуы тиіс. Отбасы мүшелеріне ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні, т.б. жатады. Ой шақыру: - Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Оқушылардың назарын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың отбасымен таныстыру. Менің Отаным – Қазақстан тақырыбында ой қозғау. Осы жерде оқушыларға «Мәңгілік Елдің – Мәңгілік тілі» атты тақырыпта түсінік беріледі. Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды. Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы және мемлкеттік рәміздер туралы айтылады. (картадан көрсетіледі) Оқушылар «Менің Отаным» тақырыбында өз топтарымен постер дайындайды. Салған суреттері бойынша айтып береді. Сергіту сәті: «Бес бармақ» «Бас бармағым-атам, Балалы үйрек-әжем, Ортан терек-әкем, Шылдыр шүмек-шешем, Титтей бөбек-мен Отбасымды сүйем! Оқушылармен өлең жолдарын қайталай отырып, қимылдарын көрсетеміз. Осы жерде оқушылардың назаыр тәуелдік жалғауға аудартамын. Менің ата+м Менің әже+м Дәптермен жұмыс: 3-тапсырма:
Оқушылар өздерінің отбасы туралы әңгімелейді. Тақтаға алдын-ала көрме ұйымдастырылады. Оқушылар өздерінің отбасының суреттеріне жақындап әңгімелейді. Үлгі: Мынау-менің атам. Атамның аты-... . Мыныу-менің әжем. Әжемнің аты-... . Мыныу-менің әкем. Әкемнің аты-... . Мынау-менің анам. Анамның аты-... . Мынау-мен. Менің атым-... . Жетістік критерийі: Дифференцация: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: берілген суретке қарап, сөйлем құрайды және айтады. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: берілген суретке қарап, өтілген жаңа сөздерді айтады. |
Суреттер Аудиодиск: 3.1.1.
Қазақстан картасы Плакат, түрлі-түсті қарындаштар Видиоролик Аудиодиск 3.1.3. Отбасы мүшелерінің суреттері, қалыптастырушы бағалау парағы |
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия «Өрмекші»әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақта нені үйренгендері туралы айтып өтеді. Осы жерде оқушылардың қойылған сұрақтарға берген жауаптары тесеріледі | Өрмек тоқу |
Қорытындылау | |
Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге? Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? | Сабақ барысында өзгертулер еңгізген жоқпын.
|
Қорытынды бағалау: Ең жақсы өткен екі нәрсе не? 1. Отбасы тақырыбына қолданған топтастыру әдісі. 2. Менің Отаным – Қазақстан тақырыбында топпен жұмыстану. 3. Кері байланыста жүргізілген «Өрмекші» әдісі. Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1. Интерактивті тақта болған кезде оқушыларға әлдеқайда қызығырақ және тиімді болады деп ойлаймын. |