Конспект открытого урока по казахскому: " Сын есім."
Конспект открытого урока по казахскому: " Сын есім."
Саба?ты? ма?саттары: а) Білімділік: О?ушыларды? шы?армашылы? ойлау ?абілетін,грамматикалы? тапсырмалар ар?ылы теориялы? ойлауын , тілін дамыту;?)Дамытушылы?: Шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту , жа?а технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру;б)Т?рбиелік:Бір-біріне ты?дай білуге , ?зара ынтыма?тасты??а,сыйласты??а т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Конспект открытого урока по казахскому: " Сын есім." »
Жанбулатова Қуаныш Айдарбековна
Солтүстік-Қазақстан облысы Петропавловск қаласы
№1 арнайы (түзету) мектеп-интернатының
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Пәні: Қазақ тілі
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы : Сын есім.
Сабақтың мақсаттары: а) Білімділік: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін,грамматикалық тапсырмалар арқылы теориялық ойлауын , тілін дамыту;ә)Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту , жаңа технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру;б)Тәрбиелік:Бір-біріне тыңдай білуге , өзара ынтымақтастыққа,сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Талдау-жинақтау , сұрақ-жауап , деңгейлеп , саралап оқыту , өзіндік , көрнекілік әдісі.
Сабақтың барысы
Алғашқы ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.
Қатар-қатар тізіліп,
Оқушыға лайық,
Түп-түзу боп тұрайық.
1 - қатар жәй отыр,
2 - қатар сен де отыр,
3 - қатар тез отыр,
Сабақ бастар кез боп тұр!
Үй тапсырмасын тексеру. 390-жаттығуды тексеру , бір-екі оқушыдан ереже сұрау.
Жаңа материалды меңгерту.
Ертеде ана мен бала өмір с ріпті.Анасы бір күні науқастанып, жатып алыпты. Төсек тартып жатып баласынан бір жұтым су алып беруін сұрапты.Ерке өскен баласы анасын тыңдамай ойнап кетіпті.Анасын қара құс алып кетеді.Ойыннан келсе анасы жоқ , ал өкініп көп жылайды.Кәне , балалар, бала анасына қауышу үшін не істеуіміз керек ? «Көмектесу» ойынын ойнап жәрдем берейік.
Сөзжұмбақ.
1.Қандай сұрағына жауап береді? 2.Заттың түсің білдіреді? 3. Қандай жолдас болуы мүмкін? 4.Бөлме қандай болады? 5.Алманың түсі қандай? 6. Қай сұрағына жауап береді? 7. Жемдеп қойған мал?
ж а қ С ы
қ Ы з ы л
Н а ш а р
к Е ң
С а р ы
т ү с І
с е М і з
-Кәне, балалар, сонымен сөзжұмбақтың шешуі «Сын есім» болды.Олай болса, топтастырып көрейік:
Қандай ? Түрі
Көлемі Сын есім Дәмі
Пішіні Түсі
Дәптермен жұмыс.
Жері байдың – елі бай (мақалды түсіндіру).
392-жаттығу.
Алма – қызыл , тәтті , домалақ.
Пияз – сары , ащы , сопақ.
Бұрыш –қара , ащы , домалақ.
(Жазып жатқанда жеке тапсырма беру , карточкалар тарату.)
№1.Мақал ішінен сын есімді тап.
№2.Өлең ішінен сын есімді тап.
№3.Сын есімге зат есім қой.
№4.Сын есімге зат есім , сан есім , етістік жаз.
№5.Жұмбақ , жаңылтпаштан сын есімді табу.
Ойын «Кім зейінді?».Сурет таратылып , ауызша сын есім айту.
Мысалы: Мынау қу түлкі.Ол өте айлакер , мақтаншақ.Оның түсі қызғылт.Ол өте сүйкімді.(Қоян , құмырсқа , аю, жылқы.)
Терме диктант (үнтаспа).
Көктем қандай көңілді!
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күн пердесі сөгілді.
Сергіту сәті.
Жаңбыр , жаңбыр себелеп,
Тырс-тырс етіп төбеме
Күркіре күн тарсылда
Найзағайым жарқылда.
Көк шалғынды аралап
Тәтті жидек теремін,
Жуып берсең жидекті
Өлең айтып беремін.
393-жаттығу.Топпен жұмыс.
Ойын «Кім шапшаң?»
1)Зат есім.2)Етістік.3)Сын есім.
Сабақты бекіту.Сынау жұмысын орындау.
1. Сын есім дегеніміз не?
А) заттың аты ;ә) заттың қимылы; б) заттың сапасы.
2. Туынды зат есімді тап.
А) қала; ә) малшы; б) тау.
3. Көптік жалғаулы сын есміді тап.
А) батыр ;ә) оқушылар; б) ағаш.
4. Туынды сын есімді тап.
а) аспан; ә) желсіз; б) темір.
5.Сын есім тобы.
а) ащы, көк , үлкен; ә) үй , тал , есік , бас; б) темірлер , күректер.
6.Туынды сын есімді тап.
а)аспан; ә)желсіз; б)темір.
«Жаз» суретімен жұмыс.
Шайдай ашық аспан. Айнала көкорай шалғын шөп. Әп - әдемі, әсем гүлдер. Қызылды - жасылды көбелектер т. б.
Сын есім, етістік.
ҮІІІ. Бағалау. Жеке - жеке сабаққа қатысқан оқушыларға баға беру, кемшіліктерін болашақта жоюды ескерту.