Аты – жөні жұмыс орны | Кожагулова Гүлайым Сахановна К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Талдықорған қаласы |
Сабақ тақырыбы: | «Кітап қалай жасалады?» Пән: дүниетану |
Жалпы мақсаттар: | Кітаптың шығу тегі туралы тарих деректеріне жүгіну және оқушыларға кітап түрлері жайында білім беру. Рухани байлықтың мөлшері кітап оқумен тығыз байланысты екенін меңгерту. Кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. |
Күтілетін нәтижелер: | Оқушылар өз қөзқарастарын дәлелдеуге, шығармашылық тапсырмаларды орындауға, белсенді жұмыс істеуге дағдыланады. |
Түйінді идеялар | Кітап ұлттық рухани сауаттылықтың көзі екенін ұғынады. |
| |
Уақыт | Мұғалімнің орындайтын іс-әрекеттері | Оқушы орындайтын іс-әрекеттер |
1минут | Ынтымақтастық атмосферасын құру. | Шаттық шеңберіне тұра, өлең жолдарын қайталайды. |
3 минут | Түрлі -түсті (қызыл, көк, сары) қалпақтар арқылы топқа бөлу, топ ережесін құрғызу.Түс ерекшеліктері айтып өтіледі. Көк түс сезімталдықты білдіреді. Көгілдір түсті жақсы көретіндер өте сақ адамдар. Сары түсті арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Үнемі ізденісте жүреді. Қызыл түс тасыған күшті білдіреді. Белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды. | Таңдаған түсіне қарай топқа бөлініп отырады, топ ережесін құрады. |
1-2 минут | Өлең жолы оқылады. Айдыны шалқар кейде бір Кітапты тұнған көл дейсің. Ауадай қажет бейне бұл, Татпасаң нәрін шөлдейсің Абай | Кітап ұғымына қатысты топ аттарын өздері қояды. «Достық», «Ақпарат», «Байлық» тобы |
10 минут | Оқулықпен жұмыс «Джигсо» әдісі арқылы оқулықтың 141-146 беттеріндегі мәтінді топтарға оқуға беру. | берілген мәтін бөлігін оқиды; топ ішінде талдайды; топқа берілген мәтін бөлігін түсіндіріп береді. |
1 минут | Формативті бағалау жүргізеді. Смайликтер таратылады. |  |  |  | Жалғастыруға дайынмын | Бір нәрсе түсіне мін, бірақ бәрін емес | Түсін беймін, қайта лап қарау қажет | |
минут | - Балалар, сендер естеріңді білгеннен-ақ кітапты көрдіңдер, мектепке келгеннен бастап, бүгінгі күнге дейін кітап сендерге-серік.Олай болса «Кітап» тақырыбында постер құрыңдар. | Топпен постер жасайды, оны қорғайды. Әр топ бір-бірін бағалайды. |
10 минут | «Достық» тобына «Кітап біздің досымыз» эссе жазу «Ақпарат» тобына «Біз оқыған кітаптар» тізім құрастыру «Байлық» тобына «Кітап шығарудың пайдасы мен шығыны» мақала жазу | Топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау. |
1 минут | Формативті бағалау жүргізеді | Топтар өз- өзін бағалайды. |
5 минут 1 минут | Сәйкестендіру тест ұсынылады. Кітап -...... тілсіз мұғалім. Кітап- ғалым,.... білім -оймақ Кітап -қаймақ, білім кітапта Кітап оқығандікі, алтын қазына Күш білімде,..... кітаппен дос бол Наданмен дос болғанша,.... білім тоқығандікі Ұпай санымен жеңімпаз топ анықталады. | Сәйкестендіру тест жұмысын орындайды.  Кітап -...... тілсіз мұғалім. Кітап- ғалым,.... білім -оймақ  Кітап -қаймақ, білім кітапта Кітап оқығандікі, алтын қазына Күш білімде,..... кітаппен дос бол Наданмен дос болғанша,...білім тоқығандікі |
3 минут | Рефлексия «Үміт ағашына» өз тілек,пікірлерін орналастырады. | Оқушылар сабақ туралы ой-пікірлерін стикерге жазып, «Үміт» ағашына іледі |