Кіріспе тапсырма. Әр топ әріптер жазылған кестеден "Кері есепті құрастыру және шығару" деген сөзді тауып , тақырыпты ашады. - Кері есеп құрастыруды және оны шығаруды үйренесің. (Қыздар мен ұлдарды топқа бөлу) 1. Тақтаға бір сызықтың бойына сыныпта қанша ұл болса, сонша сары шаршыларды және қанша қыздар болса, сонша қызыл шаршыларды желімдейді. - Барлығы қанша шаршы шықты? Кері есеп: 2. Сыныпта 14 оқушы бар. Қоңырау соғылды да, 6 ұл шығып кетті. Сыныпта неше оқушы қалды? 3. Сыныпта 14 оқушы бар. Қоңырау соғылды да, 8 қыз шығып кетті. Сыныпта неше оқушы қалды? Қосу амалымен берілген есепке кері есеп азайту амалымен шығарылады. - Кері есеп құрастыруды және оны шығаруды үйренесің. 1 тапсырма. Топтық жұмыс Есептердің шартын оқы. Есептердің сызбасын құрып, оларды шығар. Әр тапсырманы орындаған сайын оқушылар өздерін мақтайды. 2-тапсырма. Топтық жұмыс. Орындап көр Сызба бойынша есеп құрастыр Сергіту сәті Мен бір сан ойладым - одан 5-ті азайтып едім, 3 қалды.(8) - одан 7-ні азайтып едім 3 қалды (10) - одан 30-ды азайтып едім 40 қалды (70) - оған 40 -ты қосып едім 80 болды (40) - оған 10-ды қосып едім 30 болды (20) - одан 50-ді азайтып едім 50қалды (100) -оған 8-ді қосып едім 16 болды (8) - одан 10-ды азайтып едім 50 қалды (60) Шығарып көр . Жұптық жұмыс. Есептің сызбасын құрастыр және оны шығар. Берілген есеп қандай амалмен шығарылады? Неге? Мерекеге арнап 17 шар сатып алынды. 6 шар жарылды. Неше шар қалды? Азайту амалымен берілген есепке кері есеп қосу амалымен шығарылады. Дәптермен жұмыс |