О?у іс-?рекетіні? ма?саты: бояулармен, олар?а т?н ?асиеттермен таныстыру; ?ыл?аламмен д?рыс ж?мыс істеу, бояу та?таны д?рыс пайдалану да?дыларына баулу; сурет салу?а ??штарлы?тарын арттыру; сызы?тар, с?йкей жа?у ??ымдарын т?сіндіру.
?ажетті ??ралдар мен материалдар:
Бояу ?арындашпен орындал?ан суреттер; ?а?аз, бояу та?та, т?рлі ?ыл?аламдар, гуашь, акварель бояу, су ??йыл?ан ыдыс, ?ол орамал.
балалар ?шін: ?а?аз, ж?мыс д?птері, жай ж?не т?рлі - т?сті ?арындаштар, акварель бояу, гуашь, ?ыл?аламдар, су ??йыл?ан ыдыс, ?ол орамал.
О?у іс-?рекетін ?йымдастыру.
1.Кіріспе ??гіме: Балалар?а ерте кезде адамдарды? суретті жерге, тастар?а сал?анды?ы туралы айту. Оларда ??ралдар, бояулар болма?ан, бертін келе бояу ретінде саз балшы?ты жа?ып, тастар?а сурет салып к?рген. Кейінірек ш?пті? бояуы шы?атынын бай?ап, оларды бояу орнына ?олданды.
?ыл?аламны? орнына сауса?тарымен ж?мыс жаса?ан. Сосын ??сты? ?анатын пайдаланды. ?арындаш жо? бол?анды?тан, бор немесе ?ор?асынмен сызды. Кейінірек т?рлі т?сті ?арындашты, акварель бояуларды алуан т?рлі т?с беретін ?оспалар ?осып, дайындай бастады.
Сурет, си?ырлы бояулар туралы ?ле?дер о?ып беріп, балаларды? сурет салу?а деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Бүгін бізде сауат ашу сабағы ерекше сабақ болмақ. Бізге көптеген конақтар келіп, сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді, алғырлықтарыңды тексеруге келіп отыр. Ендеше өз өнерімізді көрсетіп, сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабақта жаңа әріппен, оның дыбысталуымен танысамыз, ол әріпті сабақ барысында білетін боласыңдар. Сөздер оқып, дыбыстық талдау жасаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
— Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік?(ң)
— Қане дыбыстайық (ң, ң, ң)
— Кім айтады ң дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)
— Неліктен? (себебі кедергіге ұшырап айтылып тұр)
— ң дыбысына қатысты сөздер ойлайықшы. (аң,оң, тоң, жаңбыр, жаңғақ т.с.с.)
— өте жақсы
— Ендеше аң сөзін буынға бөлейік (1 буын) ң дыбысы қай жерде естіледі?
Сол мысалдардың ішінде ң дыбысынан басталатын сөз бар ма? (жоқ)
Ң дыбысы сөздің ортасында, соңында келеді екен, еш уақытта сөз басында кездеспейді екен.
Оқулықпен жұмыс
Оқулықта берілген сөздерді оқыту.
Сөздерді буынға бөлу.
Сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
3 балаға «Аңдар» мәтінін оқыту, не түсінгендерін сұрау.
Сонымен аңдардың пайдасы көп екен.
Оларды қорғау керек.
— Олардың қандай пайдасы бар?
— Олардың терісінен әдемі тондар тігеді.
— Балалар бұл аңдардан басқа қандай аңдарды білесіңдер? (қоян, түлкі, аю, тиін, т.с.с.).
— Балалар осы орманның шетінде 2 үй бар екен. Төбелерінің бірі көк шатыр, бірі қызыл шатыр. Бұл үйлерде дыбыстар тұрады екен.
— Балалар неге щатырлары көк, қызыл деп ойлайсыңдар? Себебі онда дауысты, дауыссыз дыбыстар тұрады.
Қане бұл үйлерде қандай дыбыстар тұратынын айтып жіберейік, ол үшін өтілген дыбыстарды қайталап жіберейік. Қандай дауысты дыбыстармен таныстық? (а,о,ы,у,ү) Олар қандай дауысты дыбыстар?
Қандай дауыссыз дыбыстармен таныстық? (т,п,н,ғ,л,р,ш,й,қ,м,д,б,с,ж)
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Балалар бүгін осы үйлердің бірін тағы да дыбыспен толтырамыз. Оның қандай дыбыс екенін білу үшін тоқылдаққа есін жиюға көмектесейік. Сонымен орманда тағы қандай аң болады дедік? (тиін, аю, қасқыр, қоян). Осы аңдардың ішінде қайсысы жидек, жаңғақ теретін? (тиін).
Дұрыс айтасыңдар?
— Балалар бүтін тиін басқа бір ағаштың жаңғағын тауып алыпты. Ол жаңғақ емен ағашынікі. Тоқылдақтың қонған ағашы сонымен қандай ағаш екен? (Емен ағашы). Емен ағашының басқа ағаштардан қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыңдар? (оның діңі жуан болады)
Балалар емен ағашына үш-төрт адам тұрып құшақтағандағы құлашы әзер жетеді. Оның діңі сондай жуан болады екен. Емен 1000 жылға дейін жасайды. 80 жылда биіктейді. Ол суда шірімейді, көпір сондықтан көпір салғанда, кеме, вагондарды емен ағашынан жасайды екен. Біз отырған парталар да емен ағашынан жасалады. Сонымен қатар емен ағашының емдік қасиеті да бар. Емен жаңғағынан крахмал, спирт дайындайды. Шеберлер неше түрлі бұйымдар жасайды. Ал енді балалар осы емен сөзін буынға бөлейікші.
Е-мен (2 буың)
— Емен деген сөзде бізге таныс емес дыбыс естіледі. Ол қандай дыбыс? (е)
Е дыбысын дыбыстату (е-е-е)
Е қалай естіледі? (Әндетіп, созылып)
— Ендеше ол қандай дыбысқа жатады деп ойлайсыңдар? (дауысты)
— Балалар ендеше бүгінгі танысатын дыбысымыз қандай дыбыс екен? (е)
Енді е дыбысын өз үйіне орналастырайық.
Біз «е» дыбысын дауысты дыбыстар үйінің екінші бөлмесіне орналастырамыз. Неліктен деп ойлайсыңдар? (Өйткені е дыбысы жуан дауыстыларға жатпайды, ол жіңішке дауысты дыбыс)
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен Теріп— теріп алайық, Қалтамызға салайық.
Оқулықпен жұмыс:
Е мен не ме ре ел жел
Е ден не ме не ер жер
Сөздерді буынға бөліп оқу.
Сөздегі е дыбысы буында естілетінін табу.
Дәптермен жарыс:
— Балалар біз е дыбысын естіп дыбыстадық, енді оны көзіміз көріп әрпін жазамыз.
Е-? көркем жазу
Элементтерімен таныстыру
Үлгі дәптерге е әрпін жазу
Сонымен біз бүгін қандай дыбыспен танысып, оның таңбалануын жаздық? (е)
Е қандай дыбыс болды? (дауысты жіңішке)
Қандай мықты ағашпын таныстық (емен)
Сабағымыздың соңында мен бір өлең оқимын. Не туралы екенін тыңдап отырыңдар.
Орманға бара жатқандар, Тіршілік дәмін татқандар. Орманды қорғаңдар, Аңдар мен құстарды атпаңдар. Оларда титтей жүрек бар, Өмірге деген тілек бар. Өтінемін түгел бәріңнен, Орманды өрттен сақтаңдар.
Сонымен балалар табиғатты, орманды, аңдарды қорғауымыз керек. Тоқылдақ құсап ерте тұрып еңбек етуіміз керек екен.