Күні:27.01.2017 Сынып: 1 | Қатысқандар саны: 23 Қатыспағандар саны:0 |
Сабақтың тақырыбы | «Х» еліне саяхат. Х дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | музыка, математика, дүниетану сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | Хат-письмо-letter |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 8 минут | Күніміз сәтті өтсін, Аспанымыз ашық болсын. Тәртіпті жақсы болайық, Сабақтан бестік алайық! – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! «Сандық сыры» ойыны. (бота, домбыра, балық, балға) | Шаттық шебері |
Сабақтың ортасы 10 минут | а)Суретпен жұмыс. ә)Ішінде тапсырмалары бар хат келеді. №1. Тақтамен жұмыс. Қарамен жазылған сөздерді оқу және жазу. №2.Дәптермен жұмыс. | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
Сергіту сәті 2 минут | Видиоролик | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Аяқталуы 15 минут Қызықты тапсырма 8 минут | №3.Топтық жұмыс. Әр топқа адасқан әріптерден сөз құрау. Кітапхана, ұстахана, дәріхана, асхана. Постер қорғау. №4. «Балық аулау» ойыны. Сұрақтарға жауап алу. 1)Х дыбысы қандай дыбыс? 2)Х дыбысы бар сөздер? 3)хана деген қосымшасы бар сөздерді ата. 4)хабар сөзіне дыбыстық талдау жаса. | Оқулық, дәптерлер. |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия | |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Оқушылар Х дыбысымен танысты. Х дыбысынан сөздер айта алады.Дыбыстық талдау жасай алады. | |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін келесі сабақтарда Х дыбысымен сөздерді қайталап отыруды қажет санаймын. Оқушыларға жұптық тапсырмаларды көбірек дайындау қажет екенін түсіндім. Әр сабақ сайын келесі сабақтағы тапсырмаларды үйде ізденуге жұмыстануын қадағалау. | Музыка, математика, дүниетану сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |