Сұрақтардың жауабын болжау. Диалогті рөлге бөліп оқу. -Сен кітапханада болдың ба? -Қандай кітаптар алдың? -Кітаптарды таңдауға кім көмектесті? Слайдтан мектеп кітапханасын көрсету, түсінік беру. «Қол шапалақтау» ойынын ойнау. Хор, қол, халат, салат, хат, зат, саяхат, парасат, хабар, сабыр, шахмат, хоккей. Жаңылтпаш. Хабиба сумка көтерген Хат хабар күнде әкелген Жаңылтпашты оқу, х дыбысы бар сөздерді табу. Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық. Салақтықтан қашайық, Әдемі етіп жазайық. Х әрпінің жазылуын түсіндіру. 2-тапсырма электр оқулық Х х әрпін дәптерге жазу «Сөз ойла, тез ойла» Х дыбысына сөздер ойлау. Хат, хабар, хан, хор, халат, шахмат, саяхат, хайуан, хайуанат, хаттама, хадис, Хамит, Хадиша, Халел, асхана, кітапхана, емхана, шайхана, дәріхана, аурухана Сұрақтарға жауап беру. Мектепте оқушылар қайда тамақтанады? Асханада Дәріні қайда сатады? Дәріханада Үй ішінде күнделікті аналарымыз киетін жеңіл киім. Халат Әнді бірнеше адам қосылып орындау Хор Ақыл ойды дамытатын спорттық ойын. Шахмат Біреуге хабар жіберу үшін жазылатын жазбаша мәтін. Хат. Сабақты қорытындылау: - Х дыбысы қандай дыбыс? - Х қатаң дауыссыз дыбыс. - Х дыбысы сөздің қай жерінді кездеседі? - Сөздің алдын да, ортасында да кездеседі. |