kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі аша? саба? 4- сынып?а

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба? барлы? бастауыш сынып м??алімдеріне ?дістемелік к?мекке ?ажет.

Ашы? саба?.

Та?ырыбы: К?мектес септік.Сыныбы: 4

Саба?ты? ма?саты:А) Зат есім бойынша ал?ан білімдерін ке?ейту,к?мектес септігіні? жал?аулары мен с?ра?тарын таныстыру;

?) ??ыптылы??а,ізеттілікке,?айырымдылы??а т?рбиелеу,

Б) С?п саптау м?нерін,с?йлем ??рау,септік туралы білімдерін ке?ейту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі аша? саба? 4- сынып?а»



Сыныбы: 4 Пәні: Қазақ тілі. Уақыты: 23.01.16ж Бекітемін:

Тақырыбы: Көмектес септік.
Мақсаты: а) зат есімнің септелуі туралы алған білімдерін әрі қарай жалғастыру.
Көмектес септігі туралы түсінік беру, сұрақтарын, жалғауларын меңгерту. Көмектес септігінің қызыметінің өрісінің кеңдігін жаттығуларды орындау барысында түсіндіру.
ә) Сөздерді септей білу дағдыларын, олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Танымдық ой - өрісін дамыту. Сөздік қорын дамыту.
б) Халқымыздың ұлттық құндылықтарын пайдалану арқылы балаларды ұлттық салт - дәстүрді сүюге, оны білуге ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ертегі желісімен құрылған слайд, тапсырмалар.АКТ.
Түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:
1.Қызығушылықты ояту: Психологияляқ дайындық.

Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Ертеде Зат есімнің жерінде Септік деген бір шал болыпты.Оның 7 ұлы болыпты. Бір жылы елде жұт болып ,елді ашаршылық жайлапты.Бұл ашаршылық шалдың үйіне де келіп жетіпті де, ол ұлдарынан айырыла бастапты. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылың ішек орнына керіп тағыпты да, үнсіз егіліпті.

Ай өткен соң Ілік деген баласы өлгенде тағы бір ішек тағып: «Ненің зияны,кімнің көзі тиді екен?»-деп егіледі.

Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді.Сонда шал тағы да үшінші ішекті тағып: «Кімге айтып жылайын,неге ғана өлді екен?»-деп жоқтау айтыпты.

Табыс атты ұлы өлгенде: «Нені айтып,кімді қарғайын?»-дейді.

Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде: «Кімде кетті обалың,неде жатып көз жұмдың?»-деп бесінші ішек тағып егіледі.

Шығыс ұлы қайтыс болады сонда алтыншы ішек тағылып: «Неден қайтыс болдың,кімнен сені сұраймын?»-деп егіледі.

Ал жетінші Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда: «Кіммен өмір сүрмекпін,енді немен шұғылданамын?»-деп жоқтау айтып егіледі.Содан жеті ішек, жеті тиек тағылып Жетіген аспабы пайда болыпты.

Жетіген сөзінің септелуі. АКТ Перде қолданып «шторы»

Оқушы бір жағына өз жауабын жазады ,болғасын дұрыс жауабы корсетіледі.








Оқушы жауабы : Дұрыс жауап.

А.с. -

  • А.с. Жетіген

  • І.С. Жетігеннің

  • Б.с. Жетігенге

  • Т.с. Жетігенді

  • Ж.с. Жетігенде

  • Ш.с. Жетігеннен

  • К.с. Жетігенмен



І.С. -

Б.с. -

Т.с. -

Ж.с. -

Ш.с. -

К.с. -



2.Мағынаны тану. «Кім шапшаң » ЦИФРОГРАММА шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы шығады.

« Көмектес септігі »

(60:3)-18

(10*3)-26

(100*10)-0

(100:2)+0

(5*2)+2

400

1050

42:7+2

2-әріпі

2-әріпі

1-әріпі

1-әріпі

4-әріпі

1-әріпі

4-әріпі

1 –әрпі-с





Психологиялық дайындық.
Өткен сабақты қайталау.
- Балалар біз қандай тақырыпты өтіп жатырмыз?
- Зат есімнің септелуі.
- Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
- Зат есімге септік жалғауларының жалғануын зат есімнің септелуі дейміз.
- Қазақ тілінде неше септік бар? Және ол туралы қандай ертегіні өтіп жатырмыз?
- қазақ тілінде 7 септік бар, және ол туралы «Септік шалдың жеті ұлы» деген
ертегіні өтіп жатырмыз.
- ендеше ертегіні есімізге түсірейік.(ертегіні еске түсіре отырып, өтілген септіктерді сұрағымен қайталаймыз.)
- олай болса, балалар, ертегімізді әрі қарай жалғастырайық. Елде жұт әлі жайлап жатса керек. Тағы 1ай өткенде ажал Септік шалдың кенже ұлына да келіп жетіпті. Кенже ұлы кім еді, кім айтады? – «Көмектес»
Жаңа сабақ
- Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз - Көмектес септігі туралы болмақ. Дәптерімізді ашып күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазып қоялық.
Интерактивті тақтадан слайдты ашамыз. Ертегімізді жалғастырамыз.
- Сендер, міне, соңғы үмітінен де айырылған қаралы септік шалды көріп отырсыңдар
Көмектес атты ұлынан айрылған ол тақтайға тағы бір қылды ішек қылып тағып, «енді кіммен өмір сүремін, немен шұғылданамын?» деп зар жылап, 7 ішекке асықты тиек қылып тағып «ЖЕТІГЕН» аспабын жасап шығарыпты. Содан бері

Көмектес септігінің сұрақтары: кіммен?, немен?, кімдермен? нелермен?
ал жалғаулары: – мен,- бен,- пен болыпты.

Слайдтан Жетіген аспабын көрсетіп, оның бүгінгі таңда қолданылуы жөнінде әңгімелеу. Қарақат Әбілдинаның осы аспаппен ән айтып, шәкірт тәрбиелеп жүргенін айта кетемін.
- қазір ЖЕТІГЕН сөзін дәптерімізге септейік. (септеп болған соң, дәптерлерін алмасып, бірін - бірі тексереді.)
- Балалар Септіктің ұлдары неден қайтыс болды? - жұттан
- жұт дегеніміз не?
Топтастыру.

Слайдтан көрсету.
Мақалмен жұмыс.
1. Жұт - жеті ағайынды. (мақалдың мағынасын ашып, сөйлем мүшесіне талдау.)

2. Жұт - жетеу, содырмен сегіз, салақпен тоғыз, олақпен он.
(бұл мақалда табиғат апатының зардабы адамның өзіне де байланысты екенін аңғартқан. Мақалдан көмектес септігіндегі сөздерді табу.)

Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табу.
2 - жаттығу (ауызша) Жұмбақты оқып, көмектес септіктегі сөздерге сұрақ қою.

Ой шақыру - Балалар Септік шал ЖЕТІГЕН аспабын не үшін жасады деп ойлайсыңдар? (Балаларын жоқтап, мұң - зарын шерту үшін)
- ЖОҚТАУ – дегеніміз не?(балалар өздерінің білгенін айтады.)
Жоқтау дегеніміз - ауыз әдебиетінің бір түрі. Слайдтан анықтамасын оқыту.
Жоқтау - адам қайтыс болған кезде айтылатын жыр.
Ертеректе қадірлі азаматы өлген қаралы ауыл киіз үйдің түндігіне, кейде жапсарына аза туын іліп қоятын. Егер өлген адам жас болса, қызыл түсті жалау, орта жастағы адам болса, қара түсті жалау, қарт адам болса, ақ түсті жалау іліп қоятын болған.
Қаралы ауыл көшіп - қонғанда, үй жығып жатқанда, жүк артылып болып, көш жолға шығарда дауыс салып жоқтау айтатын болған. Мұнда үлкен мән бар. Өлген адамның соңғы күндері өткен жерді қимай, сол ата мекені мен өлген адамның арасындағы байланыстың үзілгенін қайғылы түрде паш етуді білдіреді.
Жоқтау мұңлы, зарлы болып келеді.

Сергіту сәті. Музыкамен пәнімен байланыс.
- балалар, қазір көзімізді жұмып, бір әннен үзінді тыңдап көрейік.(Елім - ай әнінен үзінді тыңдау.)
- Бұл қандай ән? Шығу тарихы жөнінде не білесіңдер?(әңгімелеу)
- Бұл жоқтау ән. Тұран этно - фольклорлық ансамблінің орындауында орындалған.
Құрамында жетіген аспабы да бар. (слайдтан Фотосуретін көрсету.)
Жаттығу жұмыстарын жалғастырамыз.
4 - жаттығу. (ауызша ) Тиісті қосымшаларды орнына қойып, сөйлемдерді оқу.
5 - жаттығу. Суретте бейнеленген зат атауларына жалғау жалғап, әр сөзбен байланыстырып жазу. Осы сөз тіркестерін қатыстырып, 5 сөйлем құрап жазу.

Сабақты қорытындылау.
- Қазақ тілінде неше септік бар?
- Оларды кім атайды?
Слайдтан Қадыр Мырза Әлидің фотосуретін көрсету. Ақын туралы әңгімелеу
- Қадырдың «Септеу» атты өлеңімен сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: 3 - жаттығу және «киелі 7 саны» ұғымына қатысты мақал - мәтелдерді, ұғымдарды жазып келу.
Оқушыларды бағалау.
Сабақты аяқтау.

Ертегі:
«Ерте - ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?» - деп егіледі.
Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып, кімді ғана қарғайын?» - дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі? - деп жылайды. Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?»деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «Жетіген»аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.

Кері қайту

Материал рейтингісі:




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? тілі аша? саба? 4- сынып?а

Автор: Нугманова Наркес Кабиевна

Дата: 16.02.2016

Номер свидетельства: 294348

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ашы? саба?    "Жала? ж?не жайылма с?йлем" "
    ["seo_title"] => string(42) "ashyk-sabak-zhalan-zh-nie-zhaiylma-soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "160276"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422022686"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ашы? саба? "Азы? т?лік д?кенінде""
    ["seo_title"] => string(30) "ashyksabakazyktulikdukienindie"
    ["file_id"] => string(6) "262486"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449337546"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "?аза?стан тарихынан ашы? саба? "Т?рт т?лік мал"  6-сынып"
    ["seo_title"] => string(47) "kazakstantarikhynanashyksabaktorttulikmal6synyp"
    ["file_id"] => string(6) "290725"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455016135"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(223) "Ашық сабақ.Тақырыбы: "ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар тарауын қайталау.Саяхат сабақ.""
    ["seo_title"] => string(80) "ashyk_sabak_takyryby_khkh_gasyrdyn_bas_kezindegi_kazakstandagy_saiasi_partiialar"
    ["file_id"] => string(6) "495453"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547566342"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "?аза? ?дебиетінен ашы? саба? жоспары "Ш?к?рім ??дайберді?лы""
    ["seo_title"] => string(68) "k-azak-diebiietinien-ashyk-sabak-zhospary-sh-k-rim-k-u-daibierdiu-ly"
    ["file_id"] => string(6) "304463"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457716593"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства