kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қыстырма сөздің тыныс белгілері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: Қыстырма сөздің тыныс белгілерін дұрыс өз орнына қойып, сауатты жазуын қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:1) Оқушыларға тақырып туралы кеңінен түсінік беру.

2) Сауатты, таза, көркем жазуға машықтандыру.Ойлау қабілетін, есте сақтауын дамыту.

3) Ұқыптылыққа, адамгершілікке, тазалықа тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қыстырма сөздің тыныс белгілері»

Күні: 18.11. Пәні: қазақ тілі Сынып: 4 А Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөздің тыныс белгілері.

Сабақтың мақсаты: Қыстырма сөздің тыныс белгілерін дұрыс өз орнына қойып, сауатты жазуын қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:1) Оқушыларға тақырып туралы кеңінен түсінік беру.

2) Сауатты, таза, көркем жазуға машықтандыру.Ойлау қабілетін, есте сақтауын дамыту.

3) Ұқыптылыққа, адамгершілікке, тазалықа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ- жауап әдісі

Сабақтың көрнекілігі:Ереже жазылған плакат,қима қағаз, постер

Сабақтың техникалық көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, компьютер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

- Мен туралы 3 ақпарат. «2 шыңдық, 1 жалған»

«Қарлы кемел» ойыны арқылы топқа бөліп отырғызу. Бағалау парақшаларын тарату. (Дұрыс-жасыл, орташа-сары, дұрыс емес-қызыл)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

60-жаттығу 77 бет. Суретке қарап қыстырма сөз қатыстырып сөйлем құрастыру. (әр оқушының жауабын тыңдау) (Бағалау парақшаларына бағалау)

ІІІ.Өткенді пысықтау. «Ашық микрофон» бойынша журналист боламыз.

Топпен жұмыс: Әр топ қарсы топқа 3 сұрақтан дайындайды қыстырма сөз бойынша.

  • Қыстырма сөз дегеніміз не? (Қыстырма сөз- сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін, бірақ өздері сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер)

  • Қыстырма сөз қатыстырып 1 мысал келтір.

  • Қуанышты, ренішті білдіретін қыстырма сөздерді ата. (амал қанша, абырой бергенде, бағымызға қарай)

  • Ойды санамалап дәлелдеу үшін қолданылатын қыстырма сөздерді ата. (біріншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында)

  • - Қыстырма сөздер мағынасына қарай қандай топтарға бөлінеді? 

  • Қыстырма сөз сөйлем мүшесі бола ала ма?

(Бағалау парақшаларына бағалау)

ІҮ. Жаңа сабақ.

Дәптермен жұмыс

Бүгінгі күнді жазу.

Көркем жазу. Ққ

Мақсат қою

  • Ал енді бүз бүгінгі тақырыбымыз қандай болатынын табу үшін мына аннаграмманы шешейік.

ҚСЫЫТМРА СЗӨІДҢ ТЫЫСН БЛЕІГЕЛІР

Қыстырма сөздердің тыныс белгілері

Проблемалық ашу

«Сәйкестендір» ойыны (64-жаттығу)

1. Демек, кітапханаға таңертең барамыз ғой.  ....., , .... .... .


2. Болашақта мен ғарышкер болармын, бәлкім.  , .... ..... .... .... .


3. Сен, әуелі, есебіңді шығар.  , .... ..... .... .... .... .


4. Айтпақшы, мен ертең жол жүргелі жатырмын.  .... ..... .... ....,


5. Бүгін жаңбыр жауады-ау, шамасы.  .... ..... .... ,


  • Қыстырма сөзі бар сөйлем мен оған сәйкес келетін сызбаны тап. Жауабыңның дұрыстығын дәлелде.

  • Қыстырма сөздің тыныс белгілері қандай жағдайда қойылады екен?

(Бағалау парақшаларына бағалау)

Қорытындылайық.Ереже: Қыстырма сөздер сөйлемде үтір арқылы бөлінеді.

а) сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін,

ә) ортасында келсе, екі жағынан,

б) соңында келсе одан бұрын қойылады.

Мысалы:

Шынында, ол кезде бәріміз жас едік.

Осының бәрін, әрине, өзі жалғыз істеген жоқ.

Жақып түсінігі бар бала, меніңше.

Сергіту сәті: Видеоролик арқылы «Аяқпенен топ-топ»

Оқулықпен жұмыс

63-жаттығу Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз.

  1. Бәріміз ,шынында да, жас едік. 2. Рас, ол өте көп білетін. 3. Шамасы, бүгін сабаққа дайындалмай келгенсің-ау! 4. Дина , әдетте, көңілді жүретін. 5. Мені танымай тұрсың-ау, сірә.

  • Ойымызды дәлелдей білуді үйренеміз.

  • Бұл - қыстырма сөз, өйткені – ол сөйлемдегі ойға байланысты сөйлеушінің (қуанышын, ой сипатын т.б) білдіріп тұр және де ол сөйлем мүшесі бола алмайды.

(Бағалау парақшаларына бағалау)

Шығармашылық жұмыс

Әр қатардан қыстырма сөзді тауып, бос ұяшыққа жазыңыз:

Әрине

Тайынша

Бірге

Шындық

әркім

Жеңеше

Біреу

Шын

Әрекет

Көрпеше

Бірнеше

Шын сөзі

әрқашан

меніңше

біріншіден

Шынын айтсам







Сабақты қорыту:
Тест. 
1.Шынында, ол аса талантты әрі іскер адам. 
А) Шынында 
В) Талантты. 
С) Іскер. 
D) Адам. 
Е) Ол. 
2.Қыстырма сөздер қандай мағынада қолданылатынын анықтаңыз. 
Біріншіден, алдымен, ақырында, қорыта айтқанда. 
А) Ой тәртібін білдіреді. 
В) Қуаныш, аяушылық, өкінішті білдіреді. 
С) Растау, теріске шығару мағынасын білдіреді. 
D) Ойдың кімнен шыққанын білдіреді. 
Е) Күмәнді ойды білдіреді. 
3.Қыстырма сөздердің анықтамасын көрсетіңіз. 
А) Заттың түсін білдіреді. 
В) Заттың атын білдіреді. 
С) Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді. 
D) Ойдың кімнен шыққанын білдіреді. 
Е) Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын білдіреді.. 
4.Қыстырма сөздер сөйлемнің басында келсе қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз. 
А) Қос нүкте. 
В) Үтір және сызықша. 
С) Нүкте. 
D) Сызықша және қос нүкте. 
Е) Үтір. 
5.Қыстырма сөзден кейін қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз. 
Шындығында ол аса талантты әрі іскер адам. 
А) Қос нүкте. 
В) Үтір және сызықша. 
С) Үтір. 
D) Сызықша және қос нүкте. 
Е) Нүкте. 
6.Қыстырма сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз. 
А) Астана-жаңа қала. 
В) Шындығында, ол аса талантты әрі іскер адам. 
С) Табиғат – алтын бесік. 
D) Бүгін ауа-райы салқын болып тұр. 
Е) Мектеп оқушылары серуенге шықты. 
7.Қыстырма сөз қандай сөйлем мүшесі болатынын анықтаңыз. 
A) Қыстырма сөз сөйлем мүшесі болмайды. 
B) Қыстырма сөз бастауыш болады. 
C) Қыстырма сөз баяндауыш болады. 
D) Қыстырма сөз толықтауыш болады. 
E) Қыстырма сөз анықтауыш болады. 
8.Қыстырма сөзді сөйлемді анықтаңыз. 
A) Абай үшін оқу мен жазу оның тірлік-тынысы тәрізді.. 
B) Дұрысында, Абай осы әдетін тастамаған. 
C) Бұл күндері Абай ақын атын анық алған. 
D) Абай айналасына жиылған жас өнерпаздар да көп. 
E) Абай өлеңі – білім, ғылым, үлгі,өнеге,тәлім, тәрбие, адамдық кілті. 
9.Берілген сөйлемде қыстырма сөзді анықтаңыз. 
Меніңше, Асан - сабырлы, салмақты, мәдениетті адам. 
A) Меніңше. 
B) Сабырлы. 
C) Салмақты. 
D) Мәдениетті. 
E) Адам. 
10.Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөзді анықтаңыз. 
A) Біріншіден. 
B) Амал қанша. 
C) Мүмкін. 
D) Амал қанша. 
E) Рас. 
11.Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің көзқарасын білдіретін оқшау сөздерді қалай атайтынын көрсетіңіз. 
A) Қыстырма сөздер. 
B) Одағай сөздер. 
C) Қаратпа сөздер. 
D) Жалпылауыш сөздер. 
E) Айқындауыш мүше. 
12.Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөздерді белгілеңіз. 
A) Бақытына қарай, амал қанша. 
B) Сөз жоқ, әлбетте. 
C) Біріншіден, қорыта айтқанда. 
D) Сірә, мүмкін. 
E) Шынында, бәсе 
13.Ойдың кімнен шыққанын білдіретін сөзді анықтаңыз. 
A) Меңінше. 
B) Мүмкін. 
C) Әлбетте. 
D) Өкінішке брай. 
E) Қорыта айтқанда. 
14.Күмәнді ойды білдіретін қыстырма сөзді белгілеңіз. 
A) Меніңше. 
B) Әлбетте. 
C) Амал қанша. 
D) Бәлкім. 
E) Ақырында. 
15.Растау, мағынасын білдіретін сөзді көрсетіңіз. 
A) Біріншіден 
B) Амал қанша. 
C) Меніңше. 
D) Сірә. 
E) Шынында.

Слайдтан қарап жауаптарын тексеру.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

а

а

е

е

с

в

а

в

а

а

(Бағалау парақшаларына бағалау)

15 сұрақ дұрыс болса – жасыл түс, 11-14 сұрақ-сары, 10 сұрақтан төмен-қызыл.

Ауызша жұмыс

«Екі топ арасында» сұхбат

67-жаттығу

  • Сонымен, сүйінші дегеніміз не? Сүйінші сұрағанды жақсы көреміз бе?

  • Қандай жағдайда сүйінші сұрайды және береді?

Жаңа сабақты бекіту. 

  • Мен тақырыпты жақсы түсіндім – себет, тақырыпты тағы түсіндіріп жіберсе – еттартқыш, тақырыпты мүлдем түсінгенім жоқ – қоқыс жәшігі.

Х.Үйге тапсырма: 63-жаттығу, 78 бет. Берілген қыстырма сөздерден сқйлем құрап, тиісті тыныс белгілерін қою.

ІХ. Бағалау: Бағалау парақшаларына қарап бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қыстырма сөздің тыныс белгілері

Автор: Нуртазина Майгуль Мейрамовна

Дата: 27.01.2017

Номер свидетельства: 384377

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Саба?ты? та?ырыбы: С?йлем ішіне ?ойылатын тыныс белгілер. ?тір."
    ["seo_title"] => string(59) "sabaktyntakyrybysoiliemishiniekoiylatyntynysbielghilierutir"
    ["file_id"] => string(6) "307499"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1458359824"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Саба?ты? та?ырыбы: С?йлем ішіне ?ойылатын тыныс белгілер. ?тір."
    ["seo_title"] => string(60) "sabaktyntakyrybysoiliemishiniekoiylatyntynysbielghilierutir1"
    ["file_id"] => string(6) "307500"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1458359831"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері"
    ["seo_title"] => string(46) "soiliem_ishindie_k_oiylatyn_tynys_bielghilieri"
    ["file_id"] => string(6) "457011"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518508927"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері"
    ["seo_title"] => string(48) "soiliem_ishindie_k_oiylatyn_tynys_bielghilieri_1"
    ["file_id"] => string(6) "457012"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518509122"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері"
    ["seo_title"] => string(48) "soiliem_ishindie_k_oiylatyn_tynys_bielghilieri_2"
    ["file_id"] => string(6) "457013"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518509523"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства