Ортасы 3 мин 2 мин 1 мин 2 мин 2 мин 2 мин 10 мин 2 мин 5 мин 5 мин | Үй тапсырмасын тексеру: жекелеп 5-жаттығу,43-бет Өлеңдегі хабарлы,сұраулы,лепті сөйлемдерді тап.Сөйлем түрлеріне ажырату Жаңа сабақ: Сөйлем мүшелерін еске түсіреміз Миға шабуыл: Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Бастауыш дегеніміз не Баяндауыш дегеніміз ? Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне нелер жатады? Жұмбақ жасыру: Өрік,алма, Жидек,жүзімпіседі. Қауын,қарбыз, Қияр, сәбіз дүкендерге түседі. Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады. Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? Оқушыларды алманың түстеріне байланысты топтарға бөлу 1.Қызыл алма 2.Сары алма 3.Көк алма Түстерге байланысты мінез-құлықтарын айтып өту Қызыл алма-көпшіл, мәдениетті, ойын анық жеткізе алады, бірақ тез ренжігіш. Сары алма-мінезі жұмсақ, кішіпейіл, анекдотты ұнатады,бірақ уайымшыл адамдар. Көк алма- көп білгісі келеді, көңілді, қонақжай, талғамы нәзік, бірақ қызғаншақтығы бар. Бағалау парақшаларын таратып беру. 1-жаттығу Сөйлемдерді оқытып,олардың жалаң немесе жайылма екенін анықтау.Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдыру.Оларды сөйлем мүшесіне талдау.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің мәтінді қалай өзгерткеніне назар аудар. Рөлдік ойындар -Балалар кім күз мезгілін жақсы көреді? -Неге -Ендеше ,балалар, күзге байланысты көптеген ертегілер бар.Сол ертегілерден көрініс көрсетіп жіберейік 1 Жеміс-жидектер 2. Дәнді-дақылдар 3.Жабайы аңдар Сергіту сәті "Қара жорға" биі Деңгейлік тапсырмалар (4 балл) Ассосациялық карта толтыру Қыс ,көктем,жаз мезгілдеріне жалаң сөйлем,күз мезгіліне жайылма сөйлемдер жаздыру Деңгейлік тапсырмалар (3 балл) Берілген сөздер тобынан сөйлемдер құрастырып жаз: 1.Жапырақтар,бастады,ағаштағы,сарғая 2.Ұшып,әнші,кетеді,жылы,құстар,жаққа 3.Қысқа,бастайды,тиіндер,дайындала Деңгейлік тапсырмалар (2 балл) Сөйлемдерді жалаң ,жайылма түрлеріне ажырат. Оларды сөйлем мүшелеріне талда. Күз түсті.Күн суыта бастады.Жиі-жиі Жаңбыр жауады.Жерді тұман басты. Топтық жұмыс: 1. "Күз" тақырыбына эссе жазу, 2."Күз" тақырыбына "Бес жолды өлең құрастыру 3. "Буреми" әдісімен 1 шумақ өлең құрастыруды тапсыру: ... ... қалыпты, ... ... толыпты. ... ... түсіпті ... ... пісіпті Оқушылардың құраған сөйлемдеріне байланысты сөйлем түрлеріне ажырату сәкіде күтіп Қандай? кім? қашан? қайда? Кімді? не істеді? Кім не істеді? Құрастырған сөйлемдерін жаздыру. Қандай сөйлем екенін ажырату. Берілген сөйлемдердегі тұрлаулы мүшелердің астын сызу. | Жарайсың! Бәрекелді! Жақсы! Жарайсың! Бәрекелді! Жақсы! "Екі жұлдыз , бір тілек" | Проектор, Ноутбук 2-слайд Проектор, Ноутбук 3-слайд Проектор, Ноутбук 4-слайд 5-слайд, Проектор,ноутбук 6-слайд 7-слайд 8-слайд Тапсырма жазылған парақшалар 7-слайд Проектор, Ноутбук 8-слайд Ватман,маркер Проектор, Ноутбук 9-слайд |
Аяқталуы 3 мин 2 мин 1 мин 2 мин | Сабақты қорытындылау "Кім жылдам?" ойынын ойнату Допты әр оқушыға лақтырып, сөйлем мүшелеріне байланысты сұрақтар қою: Сөйлем мүшесі дегеніміз не?Сөйлем мүшесі нешеге бөлінеді? Бастауыш дегеніміз не? Баяндауыш дегеніміз не? Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі қандай сұрақтарға жауап береді? Үйге тапсырма:5-жаттығу,46-бет Берілген сөздер тобынан сөйлем құрастырып жазу. Үйге берілген тапсырмаға түсініктеме беру Топбасшысының бағалауын тыңдап, оқушылардың берген жауаптарына қарай оқушылардың білімдерін бағалау | Жарайсың! Бәрекелді! Жақсы | Доп Проектор, Ноутбук 10-слайд |