Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі 2 класс. Сөз таптары.»
Қазақ тілі 2 класс
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Сөз таптары туралы түсінік беру; Сөз таптарының сұрақтарын анықтау. сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; Сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін пысықтау; Дыбыстар туралы түсінікті қайталау.
2) Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. сөз таптарын ажырата білу қабілеттерін дамыту; сөз таптарының сұрақтарын білу қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін дамыту;
Мен қазір сендерге сурет көрсетем, ал сендер оның қалай дыбыстайтынын айтасыңдар.
Торғай, жылан, маса, бақа, мысық, бұзау.
Ал адам қалай дыбыстап белгі береді?
Ол сөйлейді.
Адам сөйлегенде сөздер айтады, сөздер неден тұрады?
Дыбыстардан.
ІІ. Өткенді қайталау
Дыбыстар қандай бөліктерге бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Олар қалай аталады?
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Олар қалай аталады?
Дыбыстар
Дауысты
үнді
қатаң
ұяң
жуан
Дауыссыз
жіңішке
Мына суреттердің атын жазыңдар:
алма, торғай, гүл, оқушы
алма сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Неше буын, әріп, неше дыбыс, қандай дыбыстар?
алма-2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс, а-дауысты, жуан, л,м-дауыссыз, үнді
(барлық сөздерге дыбыстық талдау жасау)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сұрақтарға жауап беріңдер:
Мынау не? кім?алма торғай гүл оқушы
не істеді? қызарды ұшты өсті оқыды
қандай? тәтті сүйкімді әдемі тәртіпті
нешеу? біреу біреу үшеу біреу
Ережені оқу
Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді.
Зат есім, етістік, сын есім, сан есім- сөз таптары.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту:
Көркем жазу (сөйлем құрастыру)
Ққ
Қ..... қ...... қ..... . (Қозыны қораға қамадым.)
Оқулықпен жұмыс
312 - жаттығу (ауызша)
Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қой
Заттың атын, қимылын, сынын , санын білдіретін сөздерді тап.
Кестені толтыр: Күн, ата, ақ, отыз, көк, екі, жазды, шықты, үлкен, жазушы, келді, қырық, адам, үй.
Кім ? не?
Не істеді?
Қандай?
Қанша?
Күн
жазды
ақ
отыз
Ата
шықты
көк
екі
адам
келді
үлкен
қырық
үй
жазушы
313- жаттығу
Жұмбақты оқып, жазу.Заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздерді тап.
Торы тай,
Табанында төрт ай. (таға)
Ойын «Артық сөзді тап»
Әр қатардағы сөздердің қайсысы артық? Неліктен?
Көк, он алты, қою, үлкен, дәмді.
Нешеу, жүзінші, жеті, жиырма.
Бұлбұл, жел, сатушы, мың, бояу.
Ұшырды, жазды, келмекші, аң, оянды.
Сергіту сәті
Бала, бала балақан, Кәне, қайсы алақан. Саусақтарын әйбат, Былай-былай ойнат. Топ-топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн
316-жаттығу "Байқоңыр- ғарыш айлағы" тақырыбына мәтін құрау.
-Балалар, біздер түнде аспанға қарасақ не көреміз?
-Аспандағы жұлдыздарға біз бара аламыз ба?
-Ал, аспанға ,ғарышқа адам ұша ала ма?
- Немен ұша алады?
-Ал ол ғарышқа ұшатын жерді не деп атайды?
-Біздің елде бар ма сондай космодром?
-Ия бар, ол Байқоңыр деп аталады.
-Ендеше сол байқоңыр туралы мәтін құрастыруымыз керек.
-Алғашқы Байқоңырдан Ғарышқа кім ұшты?
-Қазақстанның ғарышкерлері кімдер?
Байқоңыр
Байқоңыр касмодромы Қазақстанның Қызылорда облысында орналасқан. Байқоңырдан алғаш рет ғарышқа Юрий Гагарин ұшты. Кейін біздің жерлесіміз тұңғыш Қазақстан ғарышкері Тоқтар Аубакиров ұшты. Байқоңыр ғарышқа аттанатын ғарыш айлағы болып табылады.
V. Рефлексия
Сөз таптарын пысықтау үшін , семантикалық картамен жұмыс
есімдер
сөздер
Сан есім
Сын есім
Етістік
Зат есім
жүгірді
доп
әдемі
тоғыз
биік
оқушы
биледі
оныншы
тәтті
алты
лимон
үшеу
Сөздерді оқу. Осы сөздердің тиістісін пайдаланып, сыныптағы бір оқушыға мінездеме бер.