2 - топ: «Толықтыру» тесті. 1. Әлгінде оны мұғалім ___ деп мақтаған. 2. Мені мыналардан ____ өлтіретін болды ғой. 3. Күшікті ______ Мұхтар қуанышты. 4. Анасының жүзі жылып, ______ қарайды. 5. Әрине, әр кез солай _____ бол! 6. Өйтпесіңе сенем, жаным… деп, – ___ бетінен сүйді. Тәртіпті, таза; құтқарсайшы; құтқарғанына; мейірлене; қайырымды; баласының.
АӘБВГҒДЕЁЖЗИЙКҚЛМНҢОӨПРОСТУҮҰФХҺЦЧШЩЫІЭЮЯ
СҮНДЕТОВ МАҒЗОМ
(1936–1999)
29 қаңтарда Атырау облысы, Доссор кәсіпшілігінде туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін тамамдаған. «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1990–1996 жж. «Ана тілі» баспасының бас редакторы болды. Тұңғыш әңгімелер жинағы – «Жол айрығы» 1961 жылы шықты. Жазушының көптеген туындылары неміс, чех, венгр, югослав, тағы басқа тілдерге аударылды. 1977 жылы әдеби жабық конкурста жүлделі орынға ие болған «От ішіндегі адам» повесі 1978 жылы украин тілінде «Веселки» баспасынан, сол жылы орыс тілінде «Детгиз» баспасынан шықты. Мәскеу баспаларынан төрт кітабы жарық көрген. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағын алған. Шығармалары: Балық аулай барғанда. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1963; Күтем сені, Дидар. Повесть. А., «Жазушы», 1965; Ескексіз қайық. Роман. А., «Жазушы», 1968; Үзеңгі жолдас. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1969; Құмдағы ауыл. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1973; От ішіндегі адам. Повесть. А., «Жалын», 1976; Қызыл ай. Роман. А., «Жазушы», 1978; Еліктің лағы. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1981; Бесқонақ. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1985; Шайтан базар. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1997.