kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?айырымдылы? жылы ж?ректе

Нажмите, чтобы узнать подробности

~~Ма?саты: Дені сау, ?лтты? сана – сезімі оян?ан рухани д?режесіне т?н иманды, ибалы, ?лкенге ??рмет, кішіге ізет, бойында игі ?асиеттері мол ?алыптас?ан т?л?аны т?рбиелеу. Халы?ты? тілін, салт – д?ст?рін о?ушыны? бойына сі?іру. О?ушыларды елжандылы??а, досты??а, ?айырымдылы??а баулу.
Т?рі: Д?ст?рлі емес.
На?ыл с?здер: «Адамгершілік т?рбиесіні? міндеті о?ушыны, ?айырымдылы??а т?рбиелеу» (И. Песталоций). «Адам ?з ?міріні? ?ожасы, сонды?тан ?з ба?ытын ?зі жасауы керек.» (?л - Фараби).
?дісі: Топтастыру, с?ра? – жауап.
К?рнекіліктер: На?ыл, даналы? с?здер, плакат, суреттер, шарлар т.б.

?ту барысы:
 Б?гінгі «?айырымдылы? жылы-ж?ректе» атты т?рбие са?атымызды ашы? деп жариялаймыз. Адам ?о?амда адамдар арасында ?мір с?реді. Бас?алар сенімен ?арым – ?атынас жасауы ?шін олар сені? бар ?асиеті?ді танып білуі тиіс. Сырт?ы келбетпен ж?ріс – т?рысын адамдармен ?дайы с?лемдесіп, кішіпейілдік, ?айырымдылы? к?рсетуінен ?дептілігін к?руге болады.
  ?дептілік – ?о?ам?а, ?орша?ан орта?а я?ни ?мір с?ріп жат?ан жерімізге сай ?алыптас?ан т?рбиесі. ?дептілік ол ?айырымдылы?ты? белгісі.
?дептілік ар – ?ят
  Адамды?ты? белгісі
 Т?рпайы мінез та?ы жат
 Наданды?ты? белгісі
   ?аза?та «Жа?сыдан – шарапат, жаманнан кесапат» деген ма?ал бар. М?нда?ы «Шарапат» с?зі  ?айырым, мейірім деген ма?ынаны білдіреді. Шарапатты іс жасау кез – келген адамны? ?олынан келеді, біра? оны тек адамгершілігі жо?ары, рухани ?лемі  бай, жан д?ниесі таза адамдар ?ана жасайды. Ол бас?аны? жа?дайын ?з ?амындай шынайы,  ж?регімен ?абылдап, ?андай ?иын болса да, амалын табу?а тырысады, не с?зімен, не ісімен ж?рдем береді, шарапатын тигізеді. Шарапатты адам – Абай арманда?ан кемел адам.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?айырымдылы? жылы ж?ректе »


Қайырымдылық адамгершілік белгісі.


Мақсаты: Дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған рухани дәрежесіне тән иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Халықтың тілін, салт – дәстүрін оқушының бойына сіңіру. Оқушыларды елжандылыққа, достыққа, қайырымдылыққа баулу.

Түрі: Дәстүрлі емес.

Нақыл сөздер: «Адамгершілік тәрбиесінің міндеті оқушыны, қайырымдылыққа тәрбиелеу» (И. Песталоций). «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек.» (Әл - Фараби).

Әдісі: Топтпстыру, сұрақ – жауап.

Көрнекіліктер: Нақыл, даналық сөздер, плакат, суреттер, шарлар т.б.


Өту барысы:

1 – жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қайырымдылық адамгершілік белгісі» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Адам қоғамда адамдар арасында өмір сүреді. Басқалар сенімен қарым – қатынас жасауы үшін олар сенің бар қасиетіңді танып білуі тиіс. Сыртқы келбетпен жүріс – тұрысын адамдармен ұдайы сәлемдесіп, кішіпейілдік, қайырымдылық көрсетуінен әдептілігін көруге болады.

Әдептілік – қоғамға, қоршаған ортаға яғни өмір сүріп жатқан жерімізге сай қалыптасқан тәрбиесі. Әдептілік ол қайырымдылықтың белгісі.

Әдептілік ар – ұят

Адамдықтың белгісі

Тұрпайы мінез тағы жат

Надандықтың белгісі

2 – жүргізуші: Қазақта «Жақсыдан – шарапат, жаманнан кесапат» деген мақал бар. Мұндағы «Шарапат» сөзі қайырым, мейірім деген мағынаны білдіреді. Шарапатты іс жасау кез – келген адамның қолынан келеді, бірақ оны тек адамгершілігі жоғары, рухани әлемі бай, жан дүниесі таза адамдар ғана жасайды. Ол басқаның жағдайын өз қамындай шынайы, жүрегімен қабылдап, қандай қиын болса да, амалын табуға тырысады, не сөзімен, не ісімен жәрдем береді, шарапатын тигізеді. Шарапатты адам – Абай армандаған кемел адам.

Өзек қуа ағады,

Өзен судың саласы

Алыстан сәлем береді

Әдепті елдің баласы.



1 – жүргізуші: Сөздің көркі мақал деп қазақ атамыз босқа айтпаса керек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізіп отырған. Енді қаншалықты білімді екендеріңізді мақал – мәтел айтудан байқап көрелік.


2 – жүргізуші: Аулақ жүріп жаман қылық әдеттен,

Үйреніңіз жақсы мінез әдеппен.

Бұл ойынның шарты оқушылар мақалдың бірінші бөлімін мен айтам, ал келесі бөлімін сіздер айтуларың керек.

1) Әдепті бала – арлы бала........ (Әдепсіз бала – сорлы бала).

2) Дос жылатып айтады ............(Дұшпан күлдіріп айтады).

3) Сыйлай білсең кәріні.............(Жарылқаймын бәріңді).

4) Аға әдепті болса іні әдепті, ............(Апа әдепті болса, сіңлі әдепті).

5) Ардагер аға алдында тұрсың ................(Әдепті іні ортасында тұрсын).

6) Балапан ұяда не көрсе .........................(Ұшқанда соны алады).


1 - жүргізуші: Адамгершілік тәрбиесінің міндеті оқушыны қайырымдылыққа тәрбиелеу деген. (И. Песталоций).

Яғни қазақ халқы қашан да жоғары бағалаған қасиетінің бірі – адамгершілік. Адамгершілігі бар адамды барлық жерде сыйлаған, дәріптеген қасиеттеген және үлгі тұтқан. «Адамгершілік – асыл қасиет», «Адамның ұяты бетінде, адамгершілік ниетінде» деп сол сияқты нақылдар халқымыздың адамгершілікті қаншалықты қастерлегендігін айқын байқатады.

Қайырымдылық – жетімдерге, мүгедектерге, қарт кісілерге рухани және материалдық көмек көрсету. (Жылы сөзбен қолдау, шаруашылық жұмыстарға көмек көрсету, жұмыс ұсыну және т.б.)

Адамгершілік қоғамның өмірінің заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым – қатынастарды реттеуге негіз болатын, белгілі бір ізгілік ұстанымдарын моральдық ұғыну. Адамгершілік адамның адамды құрметтеуінен оған сенуінен басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады.


2 – жүргізуші: Адамдық асыл қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек достық, адалдық, үлкенді сыйлау, кісілік жатады. Ал енді оқушылар мен сіздерге қағазға жазылған сұрақ берейін, соның жауабын мына бөлшектенген қағаздың ішінен шығарасыңдар.

1) Адамдар бірін – бірі көргенде қандай сөз айтады?

(Сәлемдесу)

2) Бала бойындағы жақсы қасиеттердің бірі?


(Әдепті)

3) Жақсы оқитын, көп білетін оқушыны қандай оқушы дейді?

(Білімді) 4) Отбасында ата – аналардың, мектепте ұстаздардың неге баулиды?

(Тәрбие) 5) «Өкпелемеңіз» сөзіне мағыналас сөз?

(Ренжімеңіз)

6) Қазақ халқында қыз балаларды қандай мінезді болуға тәрбиелеген?

(Инабатты)

7) Қиын жағдайда досыңа не істеуің керек?

(Көмектесу)

8) Әрбір бала көп нәрсені үйренгісі келіп тұрады, ондай балаларды қандай балалар дейміз?

(Талапты.)

1 – жүргізуші: Әдептілік туралы барлық тапсырмадан мүдірмей өттіңдер. Ендігі кезекте күнделікті өмірде болатын жағдайаттарға жауап берейік. Сынып оқушылары еңбек сабағында оқу тәжірибе участігінде жұмыс істеуге қажетті еңбек құралының бірі күректің сабын дайындап жатты. Оқушылардың барлығы ынтамен жұмыс істеп жатқанда, тек Арман ғана басқа жұмысқа алаңдаумен болды. Мұғалімнің ескертуіне ол «Мен болашақта дәрігер боламын. Маған күректің қажеті болмайды» - деп тәкаппарлықпен жауап берді. Мұндай ситуацияда мұғалім не істеуі керек деп есептейсіздер?

2) Сен автубосқа мініп, алдыңғы орындыққа отырдың. Себебі артқы орындықтар бос емес еді. Келесі аялдамада бір үлкен кісі мен балалы әйел адам мінді. Сеннен басқа адамдар үлкендер. Сен үлкен кісіге ме әлде балалы әйелге орын бересің бе? Сенің баратын жерің алыс. Өз ойыңды жеткіз.

3) Бірде Сәкен мен Мұрат мектептен шығып, автубосқа отырды. Соңғы орындыққа екеуі отырып алды. Сәлден кейін бір қарт әже кіріп, қастарына келіп тұрды .Осы кезде Сәкен мен Мұрат не істер еді? Олардың орнында сіздер болсаңыздар не істейсіздер?.

4) Света мен Самал жақын достар. Олар үнемі асханаға бірге барады. Бірде Самал самса алатын ақшасын жоғалтып алды. Ал Света дәмді самсаны алып жеп тұрды. «Самал мен саған ақша берер едім бірақ анам ұрсады » - деді Света. Қалай ойлайсыздар мұндай жағдайда не істеу керек еді? Нағыз достар қалай әрекет етер еді.





5) Велосипетпен жарысып келе жатқан, Қанат жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе жолдастарынан қалып қояды. Жарыстың аты жарыс, Қанат қарияның жолын кесіп кетеді, Қанаттың қылығы дұрыс па? Әлде бұрыс па?


Қортынды: Мынадай суреттерге көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсыңдар? Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер? Ауызша ойлап, айтып көрейік. Әрбір адамда намысоты болады. Игілікке бастаған іс намыс, қайрат, жігер береді. Бойыңда ерік – жігерің болса, бастықтырар ақылың болса, неден кемдік көрмексің. Еркін еңбегіңнің ертеңгі игілгі өзіңдікі емес пе? Соған жетер қайрат, адами асыл қасиеттер берсін деп тілейік. «Адам өз өмірінің қожасы сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек» дегендей бүгінгі «Қайырымдылық адамгершілік белгісі» атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.


























Адамның жағымды қасиеттері.


1. Ақыл – парасат.

2. Ар – ұят, намыс.

3. Адалдық, шындық.

4. Қанағат, ынсап, рахым.

5. Талап, мақсат.

6. Имангерлік, әдептілік.

7. Жомарттық.

8.Қарапайымдылық,ізеттілік,

кішіпейілдік.

9. Турашылдық, әділдік.

10. Мейірімділік.

11. Ұқыптылық, ұстамдық.

12. Еңбексүйгіштік.

13. Батылдық, табандық, қайсарлық.

14. Мәдениеттілік.

15. Ерік, жігер, сабырлық, қамқорлық.




Адамның жағымсыз қасиеттері.


1. Дөрекілік, өзімшілдік.

2. Менмендік, тәкаппарлық.

3. Озбырлық, зұлымдық.

4. Зымияндық, залымдық.

5. Екіжүзділік, аярлық.

6. Надандық, сараңдық.

7. Қатыгездік.

8. Еріншектік, жалқаулық.

9. Өсек, өтірік.

10. Мақтаншақтық.

11. Пайдакүнемдік, қулық.

12. Кекшілдік, басараздық.

13. Күншілдік.

14. Ашу, ызақорлық.

15. Қорқақтық.





С Ә Л Е М Д Е С У Ә Д




Е П Т І Б І Л І М Д І Т Ә

Ң І З И Н А Б Б А Т Ы

Р Б И Е Р Е Н Ж І М Е




К Ө М Е К Т Е С У Т А Л





П Т Ы






Ө.Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп



Тәрбие сағаты.

Тақырыбы:

«Қайырымдылық адамгершілік белгісі».








Орындаған: Самадинова.Б.Н

Тексерген: Қуаншалиева.М.Ж



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?айырымдылы? жылы ж?ректе

Автор: Самадинова Альфия Ни?метолла?ызы

Дата: 21.11.2014

Номер свидетельства: 133534


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства