kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??стар ?алай ?ыстайды?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: Білімділік: ??старды? тіршілігіндегі басты ерекшелігі; е? ?ажетті жа?дайы ж?не ?лі таби?атта болатын ?згерістерді? тірі таби?ат?а ?сері туралы ?осымша м?лімет ар?ылы саба??а деген ?ызы?ушылы?ы артады; о?ушылар ??стар туралы ал?ан білімдерін толы?тырады ж?не пысы?тайды. Дамытушылы?: озы? технологияларды? ?дістерін, жабды?тарын ?олдана отырып,о?ушыны? ой-?рісін, д?ниетанымын,к?ру, шы?армашылы? ?абілеттерін с?здік ?орын, белсенділігін,?ызы?ушылы?ын, ?иялын, тілін дамыту. Т?рбиелік: о?ушы д?ниетанымындамыта отырып, таби?атты с?юге, ??старды ?ор?ау?а т?рбиеленеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??стар ?алай ?ыстайды? »

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Құстар қалай қыстайды?

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Құстардың тіршілігіндегі басты ерекшелігі; ең қажетті жағдайы және өлі табиғатта болатын өзгерістердің тірі табиғатқа әсері туралы қосымша мәлімет арқылы сабаққа деген қызығушылығы артады; оқушылар құстар туралы алған білімдерін толықтырады және пысықтайды.

Дамытушылық: озық технологиялардың әдістерін, жабдықтарын қолдана отырып,оқушының ой-өрісін, дүниетанымын,көру, шығармашылық қабілеттерін сөздік қорын, белсенділігін,қызығушылығын, қиялын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: оқушы дүниетанымындамыта отырып, табиғатты сүюге, құстарды қорғауға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, пәнаралық байланыс (еңбек, ана тілі),сөзжұмбақ, топтық жұмыс, ойын, СТО жобасының стратегиялары

Көрнекілігі: қыстап қалатын құстар туралы қосымша мәлімет

Сабақтың жабдығы:АКТ,бейнелі және заттық суреттер, жемшашар және оның үстіне әзірленген құстар дастарханы.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылығын ояту. Қоршаған ортамен сәлемдесу.

Сәлеметсіз бе, ашық аспан!

Сәлеметсіз бе, күннің көзі,

Сәлеметсіздер ме,өсімдіктер мен жануарлар!

Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!

II.Мағынаны ажырату.

-Балалар, бүгінгі сабағымызда құстар жайлы білімдерімізді толықтырамыз.

- Біз қандай құстарды білеміз? (Топтастыру)


ҚҰСТАР






Интерактивті тақтамен жұмыс:

Тақтадан құстарды көрсете отырып , қай құс екенін жазу.

Үй құстары.

Дала құстары:

  • Осы құстардың мектепке келе жатқанда немесе мектептен үйге бара жатқанда, аулада ойнап жүргенде қайсысын кездестірдіңдер?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінің қай айы?

  • Ал, қалған құстар қайда?

  • Дұрыс айтасыңдар, олар жылы жаққа ұшып кетті. Оларды «Жыл құстары» (суреттерін көрсетіп, атап шығу) деп атаймыз.

  • Ал,енді олар неге ұшып кетеді деп ойлайсыңдар?

  • Салқын түскенде құстардың жемі азаяды, суыққа төзімсіз.

  • Ал, неге қайтып оралады?

  • Себебі, біздің жақ олардың туған жері. Олар осы жерде пайда болды. Ол жақта өте ысық. Жұмыртқа басатын уақытта ыстықтан жұмыртқалары шіріп кетеді, сондықтан да осы жаққа қайтып оралады.

  • Ал, енді шымшық, торғай, қарға,сауысқан,тоқылдақ т.б. сияқты «....жылы жаққа ұшпайтын,біздің жақта қыстайтын» құстарды «Отырықшы құстар» немесе «Қыстап қалатын құстар» дейді. Ал неге құстар қыстап қалады?

Отырықшы құстарға тоқталу.

  • Бұл құстардың көбі суықтан қорықпайды. Суықтан олардың қалың мамықтары сақтайды. Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні,жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген.

«Құстар әңгімесіне» тоқталу.

Шымшық, құр,қарға,сауысқан,қаз, тауықтың әңгімесі.

  • Біз қай құстардың әңгімесін тыңдадық?

  • Құстардың тіршілігі жайлы не білдік?

Енді құстар туралы сөзжұмбақтар шешіп көрейік. Пысықтау.

Көлденеңінен:

Тұмсығымен шымшып Мықты құс бар сондай

Құрт тереді .....(шымшық) Суықта да тоңбай,

Іздеп жүріп, дән тапқан,

Ұшып-қонған ......(торғай)

Тігінен:

Қара түсті қарқылдақ Ала шапан киеді

Ұшып қонып жалпылдап Қыпылықтап жүреді

Қоқыстарды шоқиды Секектеп бір тұрмайды

Жем іздейді там-тұмдап Өреден құрт ұрлайды

Тамағы егер кездессе, Қалдықты жеп тауысқан

Екі шоқып бір қарар, Аты оның .......(сауысқан)

Қар үстінде жорғалар

Дейміз оны- .......(қарғалар)

Тоқылдатып, мазаны ап

Тұмсығымен шоқып қап,

Ағаштарды емдейді

Емші атанған .......(тоқылдақ)

Топпен жұмыс: Ал, енді екі топқа бөліне қойып, мынадай тапсырманы орындап көрейік:

Мына құстардың суретін ақ қағазға түрлі түсті қағазбен жапсыру

(әр топқа ақ қағаз және түрлі түсті қағаз салынған конверттер таратылады. Сол қағаздардан құрастырған өлеңдері қай құсқа арналса «сауысқан», «суықторғай»), сол құсқа арнап, өлең жолдарын жалғастыру.

Ала қанат ........... (сауысқан) Жем іздейді .......... (тоңбай)

Қалдықты жеп ........... (тауысқан) Аязда ............ (суықторғай)


Әр топ қыстап қалатын құстардың аттарын жазады.

Қыстап қалатын құстар: шымшық, құр, қарға, ала қарға,сауысқан, кептер, суықторғай.

Жақсы орындаған топқа құстардың суретін беремін.

Сергіту сәті.

Ептеп-ептеп жерден бидай терейік

Тергеніңді торғайларға берейік.

Торғай-торғай томпаң-томпаң секірсін,

Ол да біздей үлкен болып жетілсін.

Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал

Енді менің әңгімеме құлақ сал.

III. Ой толғаныс.

«Сәйкесін тап!» ойыны (Қыстап қалатын құстардың дауыстарын сәйкестендір)

Қарға шиқылдайды

Сауысқан тоқылдайды

Шымшық қарқылдайды

Тоқылдақ шақылдайды

Құр құрқылдайды

-Құстар болмай қалса не болады ?

Апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Құстар туралы жаңа өлеңдер мен тақпақтар жазылмайды. Зиянды жәндіктермен кеміргіштер қаптап, бақша мен бақтарды қаңыратып тастайды. Құрттар, қабық қоңыздар ормандарды кеміріп тастайды. Орман жемістерінің тұқымдарын таратын ештеңе қалмайды.

  • Ал ондай болмас үшін біз не істеуіміз керек ? ( құстарға көмек жасау туралы әңгіме).

Жемшашар жасап, ағашқа іліп қоюымыз керек. Жемшашарға құстарға арнап тағам қалдықтарын тастау керек.

Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа! –деп, бүгінгі білген құстарымызды «Құстар дастарқанына шақырайық» (құр, сауысқан, қарға, тоқылдақ, ала қарға, кептер, суықторғай, шымшық).

Балалар , жыл құстары мен отырықшы құстарды салыстырып өтейікші:

Жыл құстары Отырықшы құстар

Жыл құстар Дала құстары

Суыққа төзімді Ұшады

Алыс жерлерге Қоректенеді

Ұшады Көбейеді

Отырықшы құстар

Суыққа төзімді

Мамықтары қалың







Бағалау.

Қуанышты хабарлама.

Үйге тапсырма беру

Қыстап қалатын құстарға қамқорлық көрсету, олардың бір күндік тіршілігін бақылау, дәптерге жазу. Мәтінді оқып келу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
??стар ?алай ?ыстайды?

Автор: Калибекова Райхан Орынтаевна

Дата: 29.10.2015

Номер свидетельства: 245333

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "урок на тему "??стар ?алай ?ыстайды?""
    ["seo_title"] => string(30) "uroknatiemukustarkalaikystaidy"
    ["file_id"] => string(6) "295215"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455793606"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "конспект урока на тему: ??стар ?алай ?ыстайды?"
    ["seo_title"] => string(40) "konspiekturokanatiemukustarkalaikystaidy"
    ["file_id"] => string(6) "295034"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455775632"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Құстар қайда қыстайды""
    ["seo_title"] => string(25) "k_u_star_k_aida_k_ystaidy"
    ["file_id"] => string(6) "362308"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1480006513"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "?ыс. ??старды? ?ыс?ы тіршілігі. "
    ["seo_title"] => string(36) "k-ys-k-u-stardyn-k-ysk-y-tirshilighi"
    ["file_id"] => string(6) "205463"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429893597"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "перспективное планирование"
    ["seo_title"] => string(29) "pierspiektivnoieplanirovaniie"
    ["file_id"] => string(6) "268844"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450705024"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства