kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ош бол, ?ліппе" ?ліппемен ?оштасу

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ЛІППЕМЕН ?ОШТАСУ
Ма?саты: О?ушыларды? сауат ашу п?нін о?у барысында ал?ан білімдерін тияна?тау; ?з ?нерлерін ата — аналар?а к?рсету, эстетикалы? тал?амдарын тере?дете т?су, ?зін ?зі бас?аруы мен ана тілін с?йіп, ?астерлеуге т?рбиелеу

М??алім: Армысыздар ??рметті  ата-аналар, ?стаздар, о?ушылар! Б?гін бізді? ?уанышымыз?а шек жо?. Ш?кірттерді? ?олдарына т???ыш рет ?стап, бетін аш?ан о?улы?ы «?ліппе». Б?гін сіздер 1- сынып о?ушыларыны? «?ліппемен ?оштасу» ерте?гілігіне келіп отырсыздар!  Барлы? ?ылымны? атасы, болаша?ымызды? негізі- ?ліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ерте?гілігімізді бастайы?.Ана тіліні? ?ажайып, ірі шынайы ?леміне б?лдіршіндерді д?л жетелейтін ?з тілін о?ып ?йренуге, о?и алсам деген ?мтылыс?а ша?ыратын, б?кіл білім, ?ылым?а бастайтын жол, ?лемдік ?ылым со?па?ыны? басы - ?ліппе о?улы?ы. Осы о?улы?тан білім н?рін ал?ан бал?ын б?лдіршіндерімізді ?ошеметпен орта?а ша?ырайы?.
М??алім:

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ош бол, ?ліппе" ?ліппемен ?оштасу»

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу


Мұғалім: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар! Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.Ана тілінің ғажайып, ірі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын, бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол, әлемдік ғылым соқпағының басы - Әліппе оқулығы. Осы оқулықтан білім нәрін алған балғын бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.
Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың,
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.


Абдулла:

Қайырлы күн, уа, халайық!

Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.

Айнұр:

Шашу шашу шашыңдар,
Ақ сандықты ашыңдар.
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасаңдар.
(Шашу шашылады)

Ислам :

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Гүлназым:

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
-Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?!

Оқушылар хормен:   

Болашаққа  жол бастар

Ол сүйікті әліппе!


Мұғалім:   Олай болса бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық

Хормен:      «Әліппе, Әліппе, Әліппе ! »

Әліппе(Мәди ) :     

   Армысыздар,  жас достар

Армысыздар ата-аналар

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Менің атым Әліппе

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып, ер жеткен

Ағаң сенің, әпкең де

Балалар сендер оқыдыңдар, менен не үйрендіңдер?

Ерланбек: 

Ең алғаш  алғанымда әліппені

Қызығып қарай  бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Ұстазым оның кілтін алып берді.

 Нұралы:

Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің «Әліппе»!

 Тұрлыхан:

Әліппем менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен

 Айнұр:

Бар кітапқа  бас болған

Әліппе ғылым атасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

 

Мухаммад:

Алфавиттің

                                 А тұрады басында

Әрқашан да

                                 Ә тұрады қасында.

Байқадың ба?
                                 Б тұрады үшінші.

Ал осының сыры неде ?

 

                                А деген  ол- аналар ғой ардақты,

                                Ә деген ол-әкелер ғой салмақты,

                                Б деген ол-балалар ғой  әдемі.

Біздің  елде  үшеуі  де кәделі.

Алшақ кетпей…

Сондықтан да, расында ,

Тұрады олар

Алфавиттің  ба  сында.

Іңкәр:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.


Камила:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!

Мәди:

Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым данасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Расул :
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Енді бәріміз «Әліппе» әнің жырлайық балалар.

Келесі қандай әніміз бар еді: «Отан»

МҰҒАЛІМ:
Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.

Енді ортаға әріптерді шақырайық.
1-оқушы:
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
2-оқушы:
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
3-оқушы:
Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.
4-оқушы :
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.

О
Ораз барды орманға
Оншақты оған бала ерді
Омарташы оларға
Ожау, ожау бал берді.
Т
Таңданысты есіткен
Түлкі тәсіл тауыпты
Төбедегі тесіктен
Тағы әкетті тауықты.
А
Асқар аға астанаға
Асанды алғаш ала барды
Алып тауды алатауды
Алматыны аралады.

Бастасын кәне айтысты,
Жібермесін намысты.

А: А дегенің ана ғой,
Ана деген дана ғой.
Ә: Әжем әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
Б: Б дегенің бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой.
Г: Гу деп алғаш бөбектер,
Гуілдейді ақырын.
Ғ: Ғалым ғылым ғасырды,
Ғ білімге асырды.
Д: Дүлдүл аттар баптаған,
Дәркенді жұрт мақтаған
Е: Елге есті ер керек ,
Ер жет өсіп ертерек.

Ж: Жасұланбыз, жастармыз
Жарқын істер бастармыз,
Жерімізді түлетіп,
Жайнатып –ақ тастармыз .
З: Зауза ұшады зыңылдап,
Зымыранша зырылдап.
Қ: Қарқа қол бер,
Жасқа жол бер.
Л: Лашын биік самғайды,
Лашын көкті шарлайды.
М: Мақтанышым ұдайы,
Маңғыстаудың мұнайы.
О конструктор
Ойнайтын бөлшектер
Ойнайтын бөбектер.
Е-ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жарандар.

Ұ Ұшақ ұшатын
Бұлтарды құшатын.

Ө Өгіз өңкиген
Өн бойы дөңкиген.
Ф Футбол ойыны
Аяқ доп дейді оны.

Мұғалім:
Рахмет балалар, Дымбілмес болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Дымбілмес келеді)

Дымбілмес:
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Дымбілмес! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Дымбілмес:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.

Дымбілмес:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Дымбілмес. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Дымбілместің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
Кәне,балалар! Сендер тек ғана әліппемен достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика,дүниетнау оқулығымен де таныстыңдар.
Мұғалім:
-Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)

Табақта бес алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма?
Хор: Жеті алма.

Аулада жүр төрт үйрек,

Шығармақ боп кеше есеп,

Қорада жүр бір үйрек,

Сонда барлығы неше үйрек?

Үшбұрыштың неше бұрышы бар?

Шаршы дегеніміз не?

5+5

10+9

1+9.т.б.

Ал, енді дүниетанудан сұрақтар қояйын?

-Ел призиденті кім?

- Рәміздерді ата?

- Жануарлар нешеге бөлінеді?

- Жыл мезгілін ата?

Жақсы енді бәріміз слайдқа назар аударайық.Дымбілмес бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.
Мұғалім: Міне Дымбілмес, көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі. Менің балаларым оқудың арқасында бәрін біледі.

Дымбілмес: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.

Дымбілмес: Жарайды.(шығып кетеді)

  • «Әліппе» саған арналған біздің қыздардың биі бар екен. Би: «Ойпырмай»

 Әліппе: - Осы сендер қандайсындар?
-Талабы биік таудаймыз.
-Мың бұралған бишіміз.
-Біз шеберміз.
-Ақылдымыз.
-Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
-Көп оқимыз.
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз

Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Рахмет саған «Әліппе».(хормен).
1-оқушы:
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
«Ұстазым» әні.
Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады. «Ана»
Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ол досым алыс жолдан келе жатыр. Кәне ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі(Нұртілек):
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.

Ақыл ойы дананың

Ана тілі боламын

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей  анамыз

Өсірген ой білімді

Мәнін  терең  білуде

Мейірімі  мол  балаға

Барлық, барлық  балаға.

Әліппеден оқып  білгендерді  ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар!
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.

Би «Күзгі вальс»
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

1-сынып оқушылары біз нені үйрендік:

-Оқуды, жазуды, тртіпті болуды, сыйлауды, кішіпейіл болуды, тыңдауды, адал болуды, ән айтуды..т.б.
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! Балалар, сендер бүгін көрсеткен өнерлеріне білімдеріне, құрметтеріне көп рахмет, әліппені жақсы меңгергені үшін,  менің қолымдағы куәлікті табыс етуге рұқсат етіңдер .

 Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Абдулла:

Қош бол, құтты әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің


Таныстырған 42 әріппен.

 Қош бол менің қасиетті әліппем

Сенің арқаң оқып-жаза білгенім,

Сауатты  адам  санатына кіргенім.

 

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға басқа кітап  аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты  боп шықты міне, балаңыз.

 

Әліппе: «Қош, сау болыңдар!»

Хормен: Қош  бол әліппе! (2 рет)

Хор: «Айгөлек» әні

Енді балалар біздің досымыз Ана тілі оқулығы. Соны табыстауға рұқсат етіңіздер. Иа, осы оқулықты таза, ұқыпты, жыртпай ұстаймыз. ! Тәртіп пен білім егіз, тәртіп болмаған жерде ешқандай білім болмайды. Сондықтанда ең алдымен тәртіпті болуларың керек.
Оқушылар: Сабақты жақсы оқып, үлгілі оқушы боламыз деп ант береміз. Балалар, мен се: Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң , арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан , - деп Абай атамыз айтқандай алдымызда «Әліппе» ұстап, санамақ ойнап тұрған бүгінгі бүлдіршіндер, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар.
Білім негізі бастауышта дегендей, осы бүлдіршіндерді алға сүйреп, білімнің , өмірдің шыңына жетелеу - біздің міндетіміз.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын
Білімдерін ары қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!, - дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. «Қош бол сүйікті, Әліппе!» атты  мерекеміз осымен аяқталады, назар қойып тыңдағандарыңыздарға көп рахмет!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"?ош бол, ?ліппе" ?ліппемен ?оштасу

Автор: Кожанова Динара Айбековна

Дата: 04.02.2016

Номер свидетельства: 288122

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Т?рбие са?аты "?ош бол, ?ліппе!" 1-сынып "
    ["seo_title"] => string(40) "t-rbiie-sag-aty-k-osh-bol-lippie-1-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "185310"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426168997"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Презентация на тему "?ліппемен ?оштасу" "
    ["seo_title"] => string(45) "priezientatsiia-na-tiemu-lippiemien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "156294"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1421405514"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Әліппемен қоштасу"
    ["seo_title"] => string(20) "lippiemien_k_oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "363148"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1480264701"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Бастауыш сыныпта?ы "?ліппемен ?оштасу""
    ["seo_title"] => string(36) "bastauyshsynyptagylippiemienkoshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "314209"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459657295"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "?ош бол,  ?ліппе! "
    ["seo_title"] => string(18) "k-osh-bol-lippie-2"
    ["file_id"] => string(6) "180960"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425284288"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства