kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "?ош бол, ?ліппе!" 1-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ош бол, с?йікті ?ліппе!» ?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі. 
Ма?саты: О?ушыларды? ?ліппеден ал?ан білімдерін орта?а салу. О?ушыларды ана тілі о?улы?ымен таныстыру ж?не ?зін-?зі бас?ару?а ?йрету. 
К?рнекіліктер: Шарлармен безендіру,слайдтар, на?ыл с?здер. Слайд 1.
Ж?ргізуші м??алім: 
-??рметті ата-аналар,?стаздар ж?не о?ушылар! Б?гінгі «?ош бол, с?йікті ?ліппе!» атты мерекемізге ?ош келді?іздер! Осыдан 4 ай б?рын мектеп табалдыры?ын ?ысылса да ?ызы?а атта?ан бірі отбасыны? т???ышы,бірі кенжесі, ата-?жесіні? с?йікті де еркесі болып ж?рген ?л-?ыздарымыз, ?здеріні? е? ал?аш?ы о?улы?ы бол?ан ?ліппемен б?гін ?оштас?ылы отыр. 
-Ендеше, кішкентай б?лдіршіндері?ізді? білім ?лкесіне ?арай бас?ан ал?аш?ы ?адамдары ??тты болсын! Сонымен «?ош бол, с?йікті ?ліппе!» атты ерте?гілігімізді? кейіпкерлері 1 А сынып о?ушыларын орта?а ша?ырамыз. 
(Сахна?а 1 А сынып о?ушылары шы?ады) 

М??алім:  - Бала  деген  шіркін-ай  балдай  екен,

              Т?ттілігі  жая  мен  жалдай  екен.

              Арып-ашып  даладан  келгені?де,

              Бал  иісін  таттырып  алдайды  екен, - деп  Кенен  атамыз  айт?андай, кішкене  б?лдіршіндерді?  бал  тіліне  кезек  берейік.

 (Балалар  ?здерін  таныстырады.) Слайд 2,3.
Аян: 
Жа?сы о?итын мен ?лгілі баламын, 
Азамат боп мен де ?сіп толамын. 
Бассам деймін даналарды? тек ізін, 
Мен Аян Тал?ат?лымын. 
Н?рболат: 
Н?рболат  деген баламын 
Таудай биік талабым. 
Жа?сы о?ып саба?ты, 
Білімді адам боламын. 
Айымг?л: 
Ай н?рынан жарал?ан, 
Ай мен к?ні анамны?, 
А?ылдысы баланы?, 
Кіле? бестік саба?ы 
Айымг?л деген с?луы? 
Мен боламын,а?айын! 
Ерн?р: 
Ерекше елге айтсам Е ?рпін 
Ерлікпен ел шы?арар елді? атын 
Асылы болсын ерді? деп 
Ерасыл ата-анамны? ?ой?ан аты 
 

Лаззат: 
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "?ош бол, ?ліппе!" 1-сынып »

«Қош бол, сүйікті Әліппе!» әліппемен қоштасу ертеңгілігі. 
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету. 
Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру,слайдтар, нақыл сөздер. Слайд 1.
Жүргізуші мұғалім: 
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. 
-Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ертеңгілігіміздің кейіпкерлері 1 А сынып оқушыларын ортаға шақырамыз. 
(Сахнаға 1 А сынып оқушылары шығады) 

Мұғалім: - Бала деген шіркін-ай балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып-ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.

(Балалар өздерін таныстырады.) Слайд 2,3.
Аян: 
Жақсы оқитын мен үлгілі баламын, 
Азамат боп мен де өсіп толамын. 
Бассам деймін даналардың тек ізін, 
Мен Аян Талғатұлымын. 
Нұрболат: 
Нұрболат деген баламын 
Таудай биік талабым. 
Жақсы оқып сабақты, 
Білімді адам боламын. 
Айымгүл: 
Ай нұрынан жаралған, 
Ай мен күні анамның, 
Ақылдысы баланың, 
Кілең бестік сабағы 
Айымгүл деген сұлуың 
Мен боламын,ағайын! 
Ернұр: 
Ерекше елге айтсам Е әрпін 
Ерлікпен ел шығарар елдің атын 
Асылы болсын ердің деп 
Ерасыл ата-анамның қойған аты 


Лаззат: 
Әліппені жатқа біліп бүгінде, 
Өз бетіммен оқи алам ертегі. 
Танысыңыз: әдепті қыз Лаззат  
Мен боламын еліміздің ертеңі. 
Рухия: 
Қыздар деген бола алады қыр гүлі, 
Қазақ қызы болу керек үлгілі. 
Жақсылыққа ұмтылатын әрқашан, 
Рухиямын Бауыржанның бір гүлі. 
Әлхәмбек: 
Жақсы әдепті, жақсы істі 
Бойыма әркез термекпін. 
Қиын-ау деп қайыспайтын, 
Ер мінезді Әлхәмбекпін. 
Аружан: 
Мен Аружан, атамның баласымын, 
Әжемнің тәттісімін, дарасымын. 
Қашанда қатарластың алды болып, 
Сенімін ақтаймын анашымның. 

Ән: «Мектепке енді барамыз»
Мұғалім:
- Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші:

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті Әліппе.

Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық.

Оқушылар:- Әліппе, әліппе, әліппе!

(Ортаға әліппе шығады.)

Әліппе:

Армысыздар, жас достар,

Армысыздар, ата-аналар!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Менің атым - Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен

Ағаң, сенің әпкең де.

  • Балалар, сендер мені оқыдыңдар ма?

  • Менен не үйрендіңдер? Кане, ортаға салыңдар.

Әліппеге арналған тақпақтар:




Айымгүл: Ең алғаш алғанымда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерге.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Нұрболат: Әліппе-білім бұлағы,

Әліппе –өмір шырағы.

Әліппе-білім көзі,

Әліппе – мұғалімнің асыл сөзі.

Аян: Әке-шеше атын сен

Бізге үйреттің әліппе.

Бізге нағыз жақынсың

Сенен білдік әріпті.
Лаззат:  Келгенде алғаш мектепке 
Білмеуші едік әріпте. 
Оқимыз қазір ертекті 
Үйреткен оны «Әліппе». 

Аружан: Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті әліппем.

Сенің арқаң, оқи, жаза аламын.

Сауатты адам санатына кіргенім.
Мұғалім: Әліппе, бұл жерге сенің әріптерің сенен бұрын келіп қалыпты. 
Әріптердің сыры неде екенін мына көрермендерге айтып берейік. 
Балалар, ертегі тыңдағыларың келе ме?
Балалар: Ия 
Мұғалім: Ендеше ертегілер еліне саяхатқа барайық. 
Мұғалім: Ерте, ерте ертеде, 
Ешкі жүні бөртеде, 
Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты. Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөйлем пайда болыпты. Ендігі кезекті осы әріптерге берейік. 
А – Атыраудың айдыны,

Алтай таудың айбыны.

Астанамыз - Астана,

Алматымыз - бас қала.

Ө - Өнер іздеген өсер,

Өсек іздеген өшер.


С - Сыйламаған аз досын,

Сыйлай алмас өз басын.


Е - Еріншектің ертеңі,

Елге таныс ертегі.


Т - Тәп-тәтті нан таба нан,

Таба алмай қалдым табадан.


Р - «Р-рр» деп бір ит жолықты,

Раушан одан қорықты.


Ұ - Ұл атану ұрыншақ,

Ұят екен ұғынсақ.


Щ – «Щёткамен тазарт тісіңді»

Деп ағам маған бұйырды.


Ы – Ырысбек сүйер жұмысты

Ықыласпен жуды ыдысты


І – Ізбасар болар ініміз,

Ісінен оны біліңіз.


Х –Хат жолдады Ахмет

«Хакім саған рақмет!»

Д - Дәмежанға дәрігер,

Дәрі беріп әбігер.


Ш - Шабындық жер шалғай ма?

Шалғысы бар шал қайда?



Мұғалім: Балалар, ал енді осы уақытқа дейін не үйреніп, не білдік, қане ортаға салайық. 
Балалар мен қазір сендерге сұрақтар қоямын. Слайд № 4.

  1. Біздің елбасымыз кім? 
    (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев) 
    2. Ең алғаш қолыңа алған кітабың? 
    (Әліппе) 
    3. Қазақ тілінде қанша әріп бар? 
    (42) 
    4. У дыбысы қандай дыбыс? 
    (Дауысты да, дауыссыз да) 
    5. 2 дыбыстан тұратын әріптерді ата 
    (ю,я,ё) 
    6. Дыбыс бермейтін әріптер 
    (ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі) 

  1. Дыбыстар неше түрі бар?

(дауысты, дауыссыз дыбыстар)

  1. Дауысты дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?

  2. Дауыссыз дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?

  3. Сөз неден құралады? 
    (Буындардан, дыбыстардан, әріптерден) 

Ән: «Әліппе»

Мұғалім: Әліппе, біздің балалар мақал мәтелдер де біледі. Тыңдап көрейік:

А) Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол!

Ә) Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

Б) Оқу білім бұлағы,

Білім өмір шырағы.

В) Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

Әліппе: Рахмет сендерге, балалар. Енді балалар тек мені ғана оқып қоймай, математика пәнінен де оқыды, олай болса, математиканы арамызға шақырайық.

Математика келеді ортаға.

Математика:

Менмін есеп сабағы,

Менімен қояр бағаны.

Біткенімен әліппе,

Мен біткенім жоқ әлі.

Сәлемет пе, достарым!

Сабағы боп жоспардың.

Төрт амалды қолданған

Математика достарың.

Мұғалім: Балалар, енді математикадан не үйрендік көрсетейік.

0 – Дөңгелекке ұқсайды,

Доп сияқты, ұшпайды.

Досым нөлді О дейді ,

Десем «бұл нөл», ұқпайды.


1 – Біздің үйде бір тауық,

Бір жұмыртқа жүр тауып.

Бір сиыр бар қорада,

Бәтес тәтем жүр сауып.





2 – Екі аяқпен жүремін ,

Екі көзбен көремін.

Екі қолым бар менің,

Екеу құлақ, білемін.


3 – Үйімде бар үш қалам,

Үшеуінде ұштағам.

Үш досымды салдым мен,

Үш балықты ұстаған.


4 – Төрт дөңгелек арбада,

Төрт аяқ бар малда да.

Тауыса алмай бидайды,

Төрт тышқан жүр қамбада.


5 – «Бестік» деген бағаны.

Бақыт күнде алады.

Бәрі жақсы көреді,

«Беске» оқыған баланы.


6 – «Алақай!»-дер келді күн,

Алтыдамын мен бүгін.

Алты жасқа келмекші,

Алғы аптада енді кім?


7 – Жеті саны киелі,

Жұрттың бәрі біледі.

Жеті жасқа жеткендер,

Жығылмай-ақ жүреді.


8 – Сен де, мен де баламыз

Сегіз санын саламыз.

Сегіз деген екі төрт,

Сегіз жаста ағамыз.


9 – Тоғыз жасқа келгенім

Тоғыз жылды көргенім.

Тоғыз жаста тәнті еткен,

Талабымды көр менің!


10 – Он жыл,он жас-он деген,

Он жас кіші он менен.

Онды жаза аламыз

Он – тұрған бір нөл менен.


Көңілді есептер шығару. Слайд № 5
Мұз айдында жеті бала. 
Асыр сап жүр сырғанап. 
Сырғанамай екі бала. 
Жағалауда тұр қарап. 
Енді осы бар баланың 
Санын айтсаң –жарадың! (9) 

Көлден ұшты жеті қаз, 
Қайтып қонды екі қаз, 
Қонбады оның нешеуі? 
Кәне, кім тез шешеді? (5) 

Жаңа ғана шалғында, 
Алты бұзау жүр еді. 
Әлде шаршап қалды ма, 
Жатып қапты біреуі. 
Нешеуі енді жайылып, 
Айт, жүргенін айырып. (5) 
Әліппе:

Айналайын, балғындар,

Менен білім алдыңдар.

Жақсы достар оқыды,

Ойға білім тоқыды.

Әр сөзімді жаттаған,

Балалар үшін мақтанам.

Рахмет айтып, шаттанам,

Риза болып аттанам.

Оқумен өсіп толыңдар,

Аман есен болыңдар!
Мұғалім: Ал енді балалар әліппемен қоштастық. Енді қолымызға ана тілін алатын боламыз. 

Өмірбек Аян балалар атынан мұғалімдеріне алғысын білдіреді.
Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Мен қойған сұрақтарға тек оң қолыңызды көтеріп жауап бересіздер. Слайд № 6
-Балаңыздың аты кім? 
-Балаңыздың досы кім? 
-Балаңыз қандай? 
-Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді? 
-Балаңыз бос уақытында немен айналысады? 


Ой ұшқырлығына құрылған есептер 
Ата-аналарға қойылатын сұрақтар 
1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.) 
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді) 
3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады? 
4.Үй тышқанның неше құлағы бар? 
5.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз) 
6.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 тауық, 2 бұзау) 
7. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2 адам) 
Мұғалім:  Рахмет сіздерге, құрметті ата аналар, рұқсат етсеңіздер, балаларымызға Әліппені бітіргендері үшін куәлікті тапсыруға рұқсат етіңіздер.

Куәлікті тапсыру.
Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» ертеңгілігіміз аяқталып келеді! Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін ортаға мектеп директорын шақырамыз. 
Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі. 

Слайд № 7.

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,.

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып – оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың!

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейбін еңбекқор мықты болсын.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Т?рбие са?аты "?ош бол, ?ліппе!" 1-сынып

Автор: Касенова Жамиля Жаркамбаевна

Дата: 12.03.2015

Номер свидетельства: 185310


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства