Сабақтың тақырыбы : « Қайталау сабағы»
Сабақтың мақсаты :
Білімдік : Сабақ үстіндегі алған білімдерін грамматикалық ойын арқылы қайталап бекіте түсу .
Дамытушылық , :Ой-өрісін кеңейтіп , логикалық ойлауды тапқырлықты , шығармашылықты дамыту. Қабілетті балаларды көрсете білу .
Тәрбиелік :Ақыл – ой тәрбиесін беру , ұйымшылдыққа ,озық болуға тәрбиелеу .
Технология : Дамыта оқу .
Көрнекілігі : интерактивтік тақта , электронды оқулық, тест , т.б.
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару . Қонақтармен сәлемдесу
Үлкендерге де « сіз »,
Кішіге де « сіз » ,
Сәлем бердік сіздерге ,
Құрметпенен біз.
А) Психологиялық дайындық .
б) Топтарды таныстыру .
-Дыбыс туралы не білеміз?
(Кезекпен айту , бірін - бірі толықтыру )
- Оқушы атының бірінші дыбысына сәйкес топтарға бөлу .
1-сайыс: Сиқырлы дыбыс
-Қай дыбыс екі топқа да ортақ ?
- Оны қандай дыбыс дейміз ?
-Ендеше сиқырлы дыбысы бар сөздерді құрастырамыз .
1- топ « У » дауысты дыбыс болу керек .
2- топ « У » дауыссыз дыбыс болу керек .
2-сайыс : «Қызық сөздер » бәйгесі .
Сөз бөліктерінің ортасына а дыбысын қойып , мағыналы сөйлем құрастырып жаз .
Жыл қан уық бал шақ
ал қар бол шық
Сергіту сәті: Чунга – чанга
3- сайыс : « Баспалдақ ойыны »
Қай топ сүрінбей, жылдам баспалдақтан түседі ?
1 – топ 2 – топ
О Б
4- сайыс: « Бақытты сәт »
Не бірінші ?
1. Құлын , би, тай
2. Тақтай, ағаш , жиһаз
3.Жыл , апта , ай , тәулік
4 .Түн , күн , ұйқы
5 . Шаш, банти , бас
6 .Ауру , микроб , дәрігер .
7. Күнделік , жалқаулық , екілік , мұғалім .
8. Ағаш, топырақ , тұқым .
9. Сабақ , қоңырау, мұғалім .
10. Кітап, жазушы , баспа .
5 – сайыс : «Қызық сөйлем » бәйгесі
Әрбір сөзі бірдей дыбыстардан басталатын сөйлем құрастыру .
1—топ 2 - топ
А ..а..а....а. Ж....ж...
6- сайыс: «Сөз тапқанға » ойыны Жеңімпаз атанған балалар қатысады .
Б С О
А Қ Р
Сұрақтар :
- Болашақта кім боласың ?
- Ауа райы қандай ?
- Сайысқа қайдан келдің ?
- Қандай жаман әдетіңіз бар ?
- Жолда қалай жүру керек ?
- Қай пәнді ұнатасыз ?
-Бос уақытыңда не істейсіз ?
-Отан үшін не істейсің ?
-Осы отырған көпшілікке не тілейміз ?
Сабақты қорытындылау : - Ендеше , осындай жақсы тілектермен сабағымызды аяқтаймыз .
- Сабақтан алған үш жақсы әсерін айтқызу .
Рефлексия : Екі жұлдыз, бір тілек
Бағалау :Өзара бағалау
Үйге тапсырма : Қызық әңгіме құрастыру ;