Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Юю дыбысы мен ?рпі»
Абиева Анаргуль Калиаскаровна
Қарасай ауданы Шалқар ауылы
«М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ю ю дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушыларға ю әріпінің айтылуы мен жазылуын түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқу және жазу дағдыларын дамытуды , таным белсенділігін дамыту, өз ойларын жеткізе білу, сұрақтарға жауап беру, ойлау жүйелігін арттыру.
3. Тәрбиелігі: Қазақтың ұлттық салт – дәстүрін сақтауға тәрбиелеу, әдемі, көркем қатесіз жазуға қалыптастыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа , бірлікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: денешынықтыру, музыка, математика
Түрі: Жаңа сабақ түсіндіру
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, ой жию, топтық, үштік әдісі.
Көрнекілігі: слайд, әріптер, оқулық,доп.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:1.Балалар бүгін ерекше күн. Себебі, сабағымызға көп қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтармен сәлемдесейік.
Құтты қонақ келіпті, төремізге еніпті.
Амандасу үлкенге , тәрбиенің басы ғой.
Ал , қанекей бәріміз, сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Психологиялық дайындық.
1 дегенім – жаман баға, алады оны жаман бала
2 дегенім – нашар баға, інішегім нашарлама
3 дегенім – орта баға , сапасы да орта баға
4 дегенім – жақсы бала, алады оны жақсы бала
5 дегенім – үздік баға, оқимыз тек үздік қана
(цифрмен көрсету)
Сабақтың ұранын еске түсіру:
Әнімізге ұласар
Әннің аты Әліппе.
Бәрімізге тілашар
Кітабымыз Әліппе.
Ертегілер әлеміне саяхат (слайд)
2. Үй тапсырмасын тексеру:
1) Қоянның тапсырмасы
«Сұр қоян» өлеңін жатқа айту. (хормен)
2) Қасқырдың тапсырмасы.
1) «Бес сөз» ойыны
«Я» дыбысы бар сөздерді ойлап табу.
1 – қатар – Бес қыздың аты;
2 – қатар – Бес ұлдың аты;
3 – қатар - Жер – су аттары;
3. Түлкінің тапсырмасы.
1) «Я» дыбысы қандай дыбысқа жатады?
2) «Я» дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
3) «Я» дыбысы қандай дыбыстардың қосылуы арқылы жасалады?
Сергіту сәті:
«Қара жорға» әні (қимылмен)
3. Жаңа сабақ.
Жұмбақты шешу:
Қыс бойына жатады
Тәтті ұйқыға батады (Аю)
Ю дыбысы – дауысты дыбыс. Ю дыбысы созып айтуға болады. Ю дыбыс сөздің аяғында, ортасында келеді. Ю дыбысы екі дыбыстан құралған «й» + «у».