kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Интеллектуалды ойын " Ұшқыр ой мен шешен тіл"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың білімдерін жинақтап, терекдету

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Интеллектуалды ойын " Ұшқыр ой мен шешен тіл"»


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Интеллектуалды ойын " Ұшқыр ой мен шешен тіл"

Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, үзінділер,интерактивті тақта, слайд,.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.

4) Топтардың аттарымен , ұранымен танысу.


Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда - дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 3 сыныптар арасынан 2 топ қатысады. Ойын 6 айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.

1 айналым «Ұшқыр ой» логикалық сұрақтар.
2 айналым «Құпия сандық» 3 тілде жұмбақ шешу.

3 айналым «Ойлан, тап» Кадр арқылы тақырыптық тапсырма

4 айналым «Сұрақ бізден-жауап сізден» қазақ тілі пәнінен 6 сұрақ

5 айналым «Ойлы болсаң, озып көр!» видио сұрақтар және тапсырмалар) 4 сұрақтан

6 айналым «Қас - қағым сәтте» пазл құрастыру. 3 мин

Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.


Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін , ұранымен таныстырады.


І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
ІІІ топ Топтың аты «Болашақ»

Топтың ұраны: Болашақ тобы алға,

                        Биіктерге самға

                    Достығымыз барда

                        Жүреміз тек алда. 



Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.
1 - айналым «Ұшқыр ой» Әр топқа 6 логикалық сұрақтар беріледі.

Тапсырманы орындау үшін 2 минут беріледі. (Слайдпен көрсету)

І-топ. «Сұңқар»

1. Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе,

Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен? (Данияр 3 жас)

2. Әкесі , шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70 жас. Ал төрт жылдан кейін

үшеуінің жастары нешеге жетеді? ( 82жас )

3. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды. Екі құс ұшып кетті. Неше және қандай құстар

ағашта қалуы мүмкін. (3 ұзақ қалды)

4. Жол бойына үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылған. Әрбір екі үйеңкінің ортасына

екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйеңкі 20 болса, жөке ағашы нешеу?

(20 жөке ағашы)

5. Ажем , анам және мен –үшеуміз фотосуретке түстік. Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр.Біздің фотосуретте қалай тұрғанымызды тап.

(Әжесі анасы баласы)

6.Жібек матаның 1 метрі сәтеннен 2есе қымбат. Енді 8 метр сәтенге көп ақша кете ме,

әлде 4 метр жібекке көп ақша кете ме? (Тең)

7. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?

12 құс. (Тордан ұша алмайды)

ІІ-топ. «Тұлпар»
1. Арман мен Темірханда 15 марка бар. Арман Темірханға 3 марканы сыйға берді,

сонда оларда неше марка қалды (15)

2. Сөздерді дұрыс құрастыр және артық сөзді алып таста: ҚРАЫБЗ,АУҚЫН, МАЛА,

ЛАМАҚ, МҰТРЛА (қарбыз, қауын,алма,алмұрт,ҚАМАЛ артык)

3. Бір қария 34 балмұздақ алған. Ол өзінде 4 балмұздақ қалдырып, әр біреуіне 6

балмұздақтан келетіндей етіп өз немерелеріне бөліп берді. Қарияда қанша немере

болған? (4 атасында 30/6=5) (5 немере)

4. Үстелге 3 ваза қойды: қызыл,көк және жасыл. Бұл вазаларға 6 алмұртты салу керек.

Әр вазада кем дегенде 1 алмұрт болу керек. Қанша амал бар? (3 амал бар)

5. 2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды? 2 сағат ойнайды

6. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? 

(шырпы)

7. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

(жоғары)

ІІІ топ Топтың аты «Болашақ»

1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? 

Жауабы: Жанат - ұзын

2. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? 

Жауабы: Медет

3. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: үш

4. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса,

бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық

5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан

8. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем,әрқайсының жасы нешеде? Жауабы: 36;12 

6. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу

7. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? 

Жауабы: екі сағат



2-айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша ағылшын тілде ) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады. (Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)


1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз - )


2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - )


3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква )


1- топ Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка )


2- топ Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц )


3- топ Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды. (мысық – кошка )


1- топ Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга )

2- топ Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса )

3- топ Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (ауа )


3 - айналым «Ойлан, тап» видио сұрақтар
Бұл кезеңде қандай фильм, қандай мультфильм екенін табындар.(3 минут беріледі.)


4 - айналым «Сұрақ бізден-жауап сізден»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен 6 сұрақ қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.

(Слайдпен көрсету)

«Сұңқар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

«Тұлпар» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)


«Болашақ» тобына: 
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір) 
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен) 
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?) 
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?) 
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем) 
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі) 

5- айналым «Ойлы болсаң, озып көр!» видио сұрақтар (логикалық тапсырмалар) 2 сұрақтан


6 - айналым «Қас - қағым сәтте» пазл құрастыру.





Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет

айтамыз. Осымен ойын аяқталды. Әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Марапаттау.














І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
ІІІ топ Топтың аты «Болашақ»

Топтың ұраны: Болашақ тобы алға,

                        Биіктерге самға

                    Достығымыз барда

                        Жүреміз тек алда. 















































Тақырыбы:

«Ойлы болсаң,озып көр»

Танымдық жарыс.

3 сыныптар арасында




Жауапты Абдиманова А.Ж.

Мұхамедқали Т.М











 











































































































1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)


1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)


1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп.


2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.


1-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран.


2- топ Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.


1- топ Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады.


2- топ Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.


1- топ Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп.

2- топ Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы.








І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,Ертең әлі шарықтаймыз қияда.


ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.





1 айналым «Ұшқыр ой» логикалық тапсырмалар
2 айналым «Құпия сандық» 3 тілде жұмбақ шешу.

3 айналым «Ойлан, тап» видио сұрақтар. (қандай фильм,қандай мультфильм)
4 айналым «Сұрақ бізден-жауап сізден» қазақ тілі пәнінен 6 сұрақ

5 айналым «Ойлы болсаң, озып көр!» видио сұрақтар (логикалық тапсырмалар) 2 сұрақтан

6 айналым «Қас - қағым сәтте» пазл құрастыру.













Бұл айналым 2 бөлімнен тұрады. Математика және дүниетану пәнінен сұрақтар беріледі. Бірінші математика пәнінен 2 топка 4 ден логикалык есеп беріледі. Ойланып, жауабын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)
1 – топ: «Сұңқар»

Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

2 – топ: «Тұлпар»

Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)

«Ойлы болсаң, озып көр!» 4 айналым бойынша 2 бөлім
дүниетану пәні бойынша екі топқа 4 ден сұрақтар беріледі. 1 топ сұңқар тобына. 2 топқа.

5. Ойынымыздың келесі айналымы «Талапкер» деп аталады.

Сөз мәйегін жұмбақпен өрнектеген,

Астарын сөз бұйдалап суреттеген.

Ұшқыр ой қиялына жетелейтін,

Жұмбақ шешу кезеңіне кезек берем.

1 – топ: «Сұңқар»

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігіне бойлаған,

Қанбайды адам құмары. (Білім)

Білімнің жол басшысы,

Шәкірттің қолбасшысы Мұғалім)

Қырық екі жауынгер,

Сапын түзеп тұрады.

Бүлдіршіндер

Қауымды ел,

Сырын терең ұғады.( Алфавит)

2 – топ: «Тұлпар»

Ұшымен қазық

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып. (Дәптер)

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (Ұстаз)

Күміс алмұрт тілі бар,

Сыңғырлаған үні бар.

Шақыратын білімге,

Сағаты бар, күні бар. (Қоңырау)

Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (Кітап)

6. Айналым «Мақал сөздің мәйегі» деп аталады.

Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолды топ жалғастырады. Әр топқа 4 ден мақал беріледі.
1 – топ: «Сұңқар»
1. Өз үйім ... (өлең төсегім)
2. Батыр туса ел ырысы, ... (Жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шығады, ... Өнер жастан шығады.
2 – топ: «Тұлпар»
1. Отан ... (оттан да ыстық)
2. Ғылым теңіз, .... (білім кеме)
3. Оқу инемен .... (құдық қазғандай)

7. Айналым «Қас - қағым сәтте» деп аталады. Екі топқа 10 сұрақтан беріледі. Осы сұрақтарға нақты жауап беру керек.

1 – топ: «Сұңқар»

1 2 қабат пен 5 қабат үйдің қайсысы биік?

  1. Үшбұрыш пен дөңгелектің қайсысында бұрыш көп?

  1. “Орман дәрігері”?

4 Қой қалай дыбыстайды?

5 6  алманың  екеуі желініп нешеуі қалды?

6 Биенің сүті қалай аталады?

7 Қызыл түсті жемістерді ата?

8 Банан түсі қандай?

  1. Үш санының көршісі?

10 Екі күшікте неше құлақ бар?

2 – топ: «Тұлпар»
1 Екі мысықта неше аяқ бар?

2 Қоян қыста неге ақ болады?

3 Аң патшасы не?

4 Шыршаның түсі қандай?

5 9 шардың біреуі жарылды неше шар қалды?

  1. Ит қалай дауыстайды?

7 Қарбыздың түсі қандай?

8 9 санының көршісі?

9 Кітаппен дәптердің қайсысы жұқа?

10 Ең үлкен балық түрі?

Қорытынды:
Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілік қасиеттерге ие болды. Жеңімпаз топ анықталып мектеп әкімшілігінен мақтау қағазы тапсырылды. Жеке оқушыларға да аты аталып, мақтау қағазы тапсырылды.Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды. Әділқазылар алқасына береміз кезекті. Марапаттау.

«Ұшқыр ой мен шешен тіл» зияткерлік сайысы

Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.                                                                    

Түрі: Топтық сайыс                                                                                                                

Қатысатын сыныбы:  4 «Ә».

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау)

2. Кіріспе бөлім.                                                                                                                     

Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!                                              

Ал келіңдер, келіңдер,                                                                                                            

Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады - дей отырып, «Зерде» атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымызды бастаймыз.

Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар – 1.
Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.   Оқушылар ақ, қара сөзі арқылы топқа бөлінеді. 

Ақ сөзі «Алғырлар» тобы,  Қара сөзі «Тапқырлар» тобы

Бөлімдермен таныстырып өтейін:

1 кезең - Таныстыру

2 кезең - "Сұрақ бізден-жауап сізден» әдебиеттік оқу пәнінен

3 кезең -«Қанатты сөз қазына»

4 кезең -"Айшықты сөздер"                                                                                                                  

5 кезең - "Суреттер сөйлейді"

6 кезең -" Поэзия минуты"

7-кезең- «Құпия сандық»

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.

І – кезең: Таныстыру. Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (әр топ – топ аты, топ ұранын, сәлемдесуімен таныстырады, әр топта 7 оқушыдан қатысады)

1-топ:  «Алғырлар» тобы

Ұраны:  «Алғырлар» алға                                                                                         

Қарсыластан қалма                                                                                                      

Батылдыққа баста                                                                                                  

Жарыстардан қашпа

2-топ: «Тапқырлар» тобы

Ұраны:  Біз тапқырлар тобымыз                                                                              

Ойланамыз табамыз                                                                                                  

Қарсыластан біз жеңілмеуге                                                                                              

Жеңуге біз талпынамыз

ІІ – кезең: «Сұрақ бізден- жауап сізден»

Ұшқыр ойға ерік болып шеберлік,

Сөз кезегін әдебиетке берелік

Арамызда тапқыш достар көп екен

Солардың енді жауаптарын көрелік

Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.

1-топ  «Алғырларға»                                                                                      

1. Ұлыстыңұлы күні қай күн? (22 наурыз)                                                                           

2. Төрт жыл мезгілдеріне байланысты өлең жазған ақын? (Абай)                                 

3. Ақ күріштің атасы кім? (Ыбырай Жақаев)                                                          

4. Түркістан қаласы қай өңірде орналасқан? (Оңтүстікте)                                                        

5. Небары 27 жас қана өмір сүрген дарынды ақын кім? (С.Торайғыров)

6. Шығармада кейіпкердің кезектесіп сөйлеуін қалай атайды? (диолог)  

7. Жиб-жица күресі қай қалада өтті? (Харбин)                                                             

8. Қазына көтерген бала кім еді? (Қаныш Сәтбаев)                                             

9 .Спандияр Көбеевтің орындалған арманы қандай еді? (оқуға алынуы) 

10. Абай туралы төрт томдықроман эпопеясын жазған ұлы жазушы кім? (М.Әуезов)

2-топ  «Тапқырларға»

1. Б.Соқпақбаевтың  «Менің атым-Қожа» шығармасындағы Қожаның сынып жетекшісі кім? (Анфиса Михайловна) 

2. Ұлы жүздің биі кім? (Төле би)                                                                         

3. Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен-өзі сөйлескен сөзі (монолог)

4. Әлемге әйгіліқазақтың паланы Қажымұқанның барлық медалі қанша? (48)

5. Азан шақырып қойған аты - Ибраһим кім еді? (Абай)                                                      

6. Б.Соқпақбаевтың «Компас» әңгімесіндегі балалардың есімі? (Қанат, Бодан) 

7. «Алтын балық әңгімесіндегі   бала Шөкі қандай тілек тіледі? (анасының жазылып кетуін)

8. Қанат туралы хикаяны кім жазған? ( Ф.Оңғарсынова)                                                          

9. Ө.Тұрманжановтың «Қарлығаш» өлеңінде қарлығашқа не көмек береді? (дәуіт)

10. Суықторғайды тауып алған кісінің есімі кімеді? (Максим Звереев)

Әділқазылардың берген ұпай саны.

3 кезең -«Қанатты сөз қазына»                                                                                                 

Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай.

Білімдіден шыққан кез,                                                                                              

Талаптыға болсын тез.                                                                                                    

Нұрын, сырын білуге,                                                                                                      

Көкірегінде болсын көз-дей келе келесі бөлімге кезек берсек. Топ басшылары келіп мына қағаздан  мақал тақырыптарын таңдайды.Таңдаған тақырыптарына байланысты 4 мақал айтады.                                                                

Еңбек туралы 4 мақал.                                                                                                      

Отан, туған жер туралы 4 мақал.                                                                                          

Оқу, білім туралы 4 мақал.                                                                                                     

Ана туралы 4 мақал

Әділқазылардың берген ұпай саны.

4 кезең -"Айшықты сөздер" бұл айналымда бірнеше сөз тіркесі беріледі оқушылар бір сөзбен айтуы керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.

1-топ. 

1. Төбе шашы тік тұрды.  (қорықты)                                                                              

2. Қолды болды (Ұрланды)                                                                                                      

3. Жүрек жұтқан (батыр)                                                                                                                  

4. Қоян жүрек (қорқақ)                                                                                                                                

5. Көз ілінбеді  (ұйықтамады)                                                                                                   

6. Бетінен оты шықты  (ұялды)                                                                                                    

7. Қой аузынан шөп алмас (жуас)                                                                                                      

8. Төбесі көкке жетті (қуанды)

2-топ. 

1. Күлін көкке  ұшыру (құрту)                                                                                                 

2. Жүрек жалғап алды (тамақтанды)                                                                                          

3. Көзін-ашып жұмғанша  (лезде)                                                                                              

4. Беті бүлк етпеді (ұялмады)                                                                                                      

5. Ит терісін басына қаптады  (ұрысты)                                                                                               

6. Тісіңнен шығармау  (айтпау)                                                                                         

7. Қабағынан қар жауды (ашуланды)                                                                                                 

8. Ит өлген жер (алыс)

Әділқазылардың берген ұпай саны.

5 кезең -"Суреттер сөйлейді»      Әрбір дұрыс жауап  5 ұпай.

1-топ.                                          2-топ.

1. М. Дулатов                             А. Құнанбаев                                                       

2. С.Сейфуллин                          Т. Молдағалиев                                                    

3. М.Әуезов                               Ж. Аймауытов                                                                                                        

4. Айдын Айымбетов                  Т. Аубакиров                                                                             

5. Ф.Оңғарсынова.                     Ш. Уәлиханов

6 кезең -"Поэзия минуты"

Әр топтан  2 оқушы жаттаған өлеңдерін мәнерлеп  айтады.  Әрбір мәнерлеп айтылған өлеңге 5 ұпай беріледі.

Әділқазылардың берген ұпай саны.

7-кезең- «Құпия  сандық» бұл кезеңде екі топ мозайка құрастырады. Сол құрастырған суретте қандай ертегі шықса, сол ертегіден үзінді айтып өтеді.

Әділқазылардың берген ұпай саны.

Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау. –
деп сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Жеңімпаздарға марапаттау айтылады. .























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Интеллектуалды ойын " Ұшқыр ой мен шешен тіл"

Автор: Абдиманова Айман Жумабаевна

Дата: 08.02.2019

Номер свидетельства: 498984

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""ұшқыр ой мен шешен тіл"тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(46) "u_shk_yr_oi_mien_shieshien_til_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "454417"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1517643012"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) ""Алтын сақа" интеллектуалды ойын"
    ["seo_title"] => string(33) "altyn_sak_a_intielliektualdy_oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "466404"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1523879368"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Алтын ?а?па" интелектуалды ойын "
    ["seo_title"] => string(34) "altyn-k-ak-pa-intieliektualdy-oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "221325"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1435205503"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Т?рбие са?аты  Интеллектуалды ойын    Та?ырыбы: «?ш?ыр ой мен шешен тіл»"
    ["seo_title"] => string(64) "trbiiesagatyintielliektualdyoiyntakyrybyushkyroimienshieshientil"
    ["file_id"] => string(6) "271978"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451877494"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "?УЫР,?УЫР,?УЫРМАШ (ОЙЫН-САБА?) "
    ["seo_title"] => string(32) "k-uyr-k-uyr-k-uyrmash-oiyn-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "204152"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429614158"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства