kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты Интеллектуалды ойын Та?ырыбы: «?ш?ыр ой мен шешен тіл»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:  ?аза? тілінде ауызекі тілде с?йлеу да?дыларын ?дебиет п?німен ?штастыра отырып, ?алыптастыру ар?ылы ?з тілін, ту?ан жері мен а?ын- жазушыларымызды ??рметтеуге т?рбиелеу, мемлекеттік тілді? м?ртебесін к?теру.

/Б?л сайыс 7 «б» сынып о?ушылары арасында ?йымдастырылып, 4 топ?а б?лініп отыр. ?р топты? аты, топ басшысы болады/

Саба?ты? т?рі:  Интеллектуалды сайыс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты Интеллектуалды ойын Та?ырыбы: «?ш?ыр ой мен шешен тіл»»

М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектебі













Тәрбие сағаты

Интеллектуалды ойын


Тақырыбы: «Ұшқыр ой мен шешен тіл»










7 «Б» класс

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ердалиева Ж.Ж.



















Сабақтың тақырыбы: «Ұшқыр ой мен шешен тіл»

Сабақтың мақсаты: Қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын әдебиет пәнімен ұштастыра отырып, қалыптастыру арқылы өз тілін, туған жері мен ақын- жазушыларымызды құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

/Бұл сайыс 7 «б» сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, 4 топқа бөлініп отыр. Әр топтың аты, топ басшысы болады/

Сабақтың түрі: Интеллектуалды сайыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Құрметті ұстаздар, бүгінгі 7 «б» сыныбы оқушыларымен өткізгелі отырған «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Қазақ тілі – өте бай тіл. Ана тілінің күші мен құдіретін ата- бабаларымыз әуелден- ақ бағдарлап, сөз өнерін барлық өнердің басы деп санаған.

Сөз өнері – халық даналығының жемісі. Әдебиет – халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігі, ұлттығымыздың халықтығымыздың белгісі. Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың ой- өрісін, білімдерін, ептілігін сарапқа саламыз.


І топтың аты- «Сұңқар»

ІІ топ аты- «Тұлпар»

ІІІ топ аты- «Болашақ»

ІҮ топ аты- «Тапқырлар»


Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Сайыс болған соң, жеңіс те, жеңіліс те болады. Оған ренжімейсіңдер. Әділқазы алқалары өз әділ бағаларын береді. Қазір сіздерді әділқазы алқалары мен таныстырып өтейін. __________________

Ойын ережесімен таныстыру.

І айналым. Топтардың аттарымен, ұранымен, таңбасымен танысу.

5 ұпайдан беріледі.

ІІ айналым. Үй тапсырмасы болатын. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу сайысы. 5 ұпайдан беріледі.

Ұлы ақын Абайдың жыл мезгіліне арналған өлеңін жаттау.

«Жаз», «Қыс», «Күз», «Жазғытұры»


ІІІ айналым. «Ұшқыр ой»

Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.


«Сұңқар» тобына:

  1. Сын есімнің сұрақтары. (Қандай? Қай?)

  2. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. ( қатаң, үнді, ұяң)

  3. Бесінші септік қалай аталады, сұрақтары қандай?(жатыс)

  4. «Батыр» сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл)

  5. Қазақ тілінде неше әріп бар?(42)

  6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)

«Тұлпар» тобына:

  1. «Ұзын» сөзінің антонимі? (қысқа)

  2. Кіммен?Немен? қай септіктің сұрағы? (көмектес)

  3. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)

  4. Мағыналары бір- біріне қарама- қарсы сөздер (антоним)

  5. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?(жуан, жіңішке)

  6. Қазақ тілінде неше септік жалғауы бар? (7)

«Болашақ» тобына:

  1. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, септік, жіктік, тәуелдік)

  2. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді?(ашық, қысаң)

  3. Сөз таптары нешеу? (тоғыз)

  4. «Әдемі» сөзінің синонимі (сұлу)

  5. Етістіктің шақтарын ата (өткен, осы,келер)

  6. Толықтауыштың сұрақтары (септік сұрақтарына жауап береді Атау мен Ілік сертігінен басқа)

«Тапқырлар» тобына:

  1. Тұрлаусыз сөйлем мүшелерін ата (толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)

  2. «Биік» сөзінің антонимі (аласа)

  3. Етістіктің райларын ата (ашық, шартты, қалау, бұйрық)

  4. Пысықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (қайда? қашан? қайдан)

  5. Кімге? неге? қай септіктің сұрақтары (Барыс)

  6. Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (еріндік, езулік)


ІҮ айналым. «Жеті жұрттың тілін біл » жұмбақ жасыру. Шешуі үш тілде айтуларың қажет. Әр дұрыс жауап 10 ұпайдан беріледі.

1-топ: Керемет бір ит бар

Үй бағады үрмейді

Аяғы жоқ жүрмейді

Рұқсатсыз ол иттен

Ешкім үйге кірмейді (құлып- замок- lock)


2-топ: Тілден ұшып, құлаққа қонады

(сөз- слова-words)



3-топ: Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос- жаран. (әріп- буква-letter)


1-топ: Жұқа тақтай бөлшегі

Ұзындықтың өлшемі (сызғыш- линейка- ruler)


2-топ: Қалқиып ұзын құлағы

Елеңдеп, қорқып тұрады (қоян- заяц- carrot)


3-топ: Жолбарыстан аумайды

Тышқандарды аулайды (мысық- кошка- cat)


1-топ: Жеп көріп ем өзім мен

Жас шығарды көзімнен (пияз- лук-onion)


2-топ: Әттең, даусым, тілім жоқ

Құшағымда білім көп (кітап- книга- book)


3-топ: Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады

(күн- солнце- sun)


Ү айналым. «Ойлан, тап» ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділер беріледі. 5 ұпайдан беріледі.


  1. Бір құдайға сиынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей- ақ табылар. (Ы.Алтынсарин)


  1. Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс, көнсеңіз. (А.Құнанбаев)


  1. Ағын судың өлгені-

Алты ай қыста қатқаны.

Асқар таудың өлгені-

Басынан бұлттың жапқаны.

Ай мен күннің өлгені-

Еңкейіп барып батқаны.

Қара жердің өлгені-

Қар астында жатқаны.

Ажал деген атқан оқ,

Бір Алланың қақпаны.

Дүниеде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді,

Жаманның хаты өлмейді,- деп кім айтқан. (Жиренше шешен)

  1. О, Ақтан жас, Ақтан жас!

Сен де жетер ме екенсің?

Жетімдіктің белінен

Асып өтер ме екенсің?

Жарық сәуле көре алмай,

Сол бойы кетер ме екенсің?

Жапанға біткен жапырақ

Жамылсаң тоңар ма екенсің?

Жазғы шыққан бүлдірген

Сұғынсаң тояр ма екенсің? (Д.Бабатайұлы)


ҮІ айналым. Шығармашылық жұмысы. «Желсіз түнде жарық ай» әні.

10 ұпайдан беріледі.

Осымен сайысымызда аяқталды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасы береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты Интеллектуалды ойын Та?ырыбы: «?ш?ыр ой мен шешен тіл»

Автор: Ердалиева Жанна Жолшыбековна

Дата: 04.01.2016

Номер свидетельства: 271978


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства