kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Еңбек -өмір мәні өзін -өзі танудан ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

пппппппппппппппппппппппппппппппппппппп лллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллл ииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииии ееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееееее шшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшш

Просмотр содержимого документа
«Еңбек -өмір мәні өзін -өзі танудан ашық сабақ»

Мектеп:Благодар орта мектебі
Мұғалімі:
 Қасымхан Лаура

Мерзімі:22.10.2016ж Сабақ №8

Сыныбы:9ә Оқушылар саны:20

Тақырыбы: Еңбек - өмір мәні
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттері: қамқорлық, еңбексүйгіштік, мейірімділік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еңбек етудің адам өміріне маңыздылығын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығын ұғындыру.
Міндеттері:
1. Қамқорлық қасиетін үғындыру.
2. Еңбексүйгіштік қасиеттерін дамыту.
3. Қамқорлық жасауға,еңбексүйгіштікке,мейірімділікке тәрбиелеу. Ресурстар:
(нақыл сөздер, үнтаспа)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5Т

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
Сабақ барысын талдау:
2. Үй тапсырмасын тексеру:Аңыз
Аңыз әңгімені оқып, сұрақтарға жауап беру
1.Қалай ойлайсыңдар, аңыз әңгіме не жайында айтылған?
2.Ықылас не жайында уайымдады?
3.Егер ағайындылар жерден шынымен алтын тапқан жағдайда өзгерер ме еді?


1.Сіздерге ата - аналарыңыз еңбектенуді қалай үйретеді?
2.Қамқорлық жасаған кезің болды ма?

3.Мейірімділікті қайдан үйрене аламыз?

3. Дәйексөз.

«Еңбекті жан тәнімен сүймейінше ,ешбір талант та,ешбір кемеңгер де шықпайды.» Д.И.Менделеев
- Дәйексөздің мағынасын ашып, талдау.
Дәйексөзді жаттау. Дәптерге жазып алу.
4. Әңгімелеу. Сиқырлы жүзік
Бiр кедей күні бойы жұмыс iстеп, қатты шаршайды. Бiр арша ағашын әрең кесiп жерге құлатқанда, жоғарғы жағынан екi жұмыртқа домалап түседi де, жарылып қалады. Бiрiншiсiнен бүркiттiң балапаны шығады да, лезде өсiп, адам бойымен бiрдей болады. Екiншi жұмыртқа жарылып, одан алтын жүзiк шығады.
Бүркiт қанатын қағып - қағып қалады да, кедейге:
- Ей, адам ұлы! Сен менi құтқардың. Мен саған мынау алтын жүзiктi сыйлаймын. Бұл – сиқырлы жүзiк. Бiрақ жүзiктен өмiрiңде бiр - ақ тiлек тiлейсiң. Тiлегiң орындалған соң жүзiгiң сиқырын жоғалтып, жәй жүзiкке айналады. Сондықтан тiлегiңдi айтпастан бұрын жақсылап ойлан. Әйтпесе кейiн өкiнiп жүресiң, - дейдi. Осыны айтып, бүркiт ұшып кетедi. Егiншi қуаныштан жүрегi жарылардай боп үйiне қайтады. Жолда зергердiң дүкенiне соғып, зергерден өз қолындағы жүзiктiң қанша тұратынын сұрайды. Зергер: – Екi алтындай болатын шығар, – дейдi. Кедей қарқылдап күлiп жiберiп, бұл жүзiктiң сиқырлы екенiн, оған ешбiр баға жетпейтiнiн айтады. Зергер қара жүректi, арам адам едi. Ол кедейдi қоярда - қоймай қонаққа шақырады. Үйiнде ұйықтап жатқан жерiнде егiншiнiң жүзiгiн ұрлап алып, соған ұқсас жәй жүзiктi салып қояды. Келесi күнi кедей байғүс жөнiне кетедi, зергер есiк - терезесiн мықтап бекiтiп алып:
- Жүз мың алтыным болса, – деуi мұң екен, үстiне алтындар жауа бастайды. Зергер жанталасып, арлы - берлi қаша бастайды, бiрақ есiктi аша алмайды. Дүниеқоңыз зергер алтынға көмiлiп өледi, алтындарын көршiлерi бөлiсiп алады. Ал қайырымды егiншi болса, әйелiне жүзiктi көрсетiп:
- Аллаһ бiзге рақым еттi, ендi, біздің қалаған тiлегiмiз орындалады, – дейдi. Әйелi:
- Бiз жер тiлейiк. Егiстiкке жер жетпей жүр ғой, – дейдi. – Жоқ! Бiр жыл тырмысып еңбек етсек, жердi өзiмiз - ақ сатып аламыз, – дейдi күйеуi.
Сол жылы өнiмдерi мол болып, жер сатып алады. Егiншiнiң әйелi:
- Ендi жүзiктен ат пен сиыр тiлейiк, – дейдi. – Соны да жүзiктен сұраймыз ба?
Тағы бiр жыл ерiнбей еңбектенсек, оған да қол жеткiземiз, – дейдi кедей. Келесi жылы ат пен сиыр сатып алады. Әйелi тағы да:
- Бұрын сен Аллаһ Тағалаға жалбарынып, тiлек етушi едiң. Аллаһ тiлегiндi бердi. Қазiр патша боламын, зәулiм сарайда тұрамын десең де, бәрi қолыңда. Шаршап - шалдығып жүргенше, рахатқа батып, тыныш отырмайсың ба?- дейдi. Сонда егiншi тұрып:
- Бiз әлi жаспыз, өмiрiмiз алда. Аллаһқа шүкiр, бiзде қазiр бәрi бар. Жүзiктен бiр тiлек сұрасақ, сиқырын жоғалтады. Алдымызда қиын жағдайлар тап болмайтынына кiм куә? Бiздi қандай сынақтар күтiп тұрғанын қайдан бiлемiз? – дейдi. Ерлi - зайыптылардың арасындағы келiспеушiлiк осымен бiтедi. Кедейдiң қоймалары жыл сайын астыққа толып, бақытты да бақуатты отбасының бiрiне айналады. Жылдар зуылдап өтiп жатады, адал еңбекпен өмiр сүрген егiншi де өмiрден өтедi. Жерлейтiн кезде немерелерiнiң бiрi қолындағы жүзiктi шешiп алмақшы болады, екiншiсi оған қарсы болып:
- Атамыз өмiр бойы бұл жүзiктi қатты қадiрледi, өзi үшiн аса қымбат ескерткiш болса керек. өзiмен бiрге кеткенi дұрыс болар, – дейдi. Осылай үйге бақыт пен байлық әкелген жай жүзiк егiншiмен бiрге көмiледi.
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларға «Адам көркі - еңбек» тақырыбында өлең құрастыру ұсынылады.

6. Топпен ән айту.
«Еңбекке кел, қалқатай»
Сөзі: Т. Ысмайлов, Г. Сабиолдина
Әні: С. Мұхамеджанов

Кім сүйеді еңбекті, мен сүймесем,
Ту қададым тың жерге қол тимеген.
Жалқауланбай алыстан, ортаға кел,
Кім бар екен еңбекке бас имеген.

А - ей, күрегімді қолға алып,
Би билейін қуанып
Еңбекке кел, қалқатай,
Білегіңді сыбанып. 2 рет

Еңбек десе өзіңе тең келмеген
Бірге жүрші бидайға дестеленген
Жалқау болсаң ақ саусақ, қызыл тырнақ
Біз болар ек сендейді ескермеген

А - ей, күрегіңді қолға алып
Би билейін қуанып
Еңбекке кел, қалқатай, 2 рет
Білегіңді сыбанып.
7. Үй тапсырмасы
Еңбек-өмір мәні тақырыбына ойтолғау.

8. Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Еңбек -өмір мәні өзін -өзі танудан ашық сабақ

Автор: Қасымхан Лаура

Дата: 17.11.2016

Номер свидетельства: 359954

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "?зін-?зі танудан ашы? саба? жоспары "Адам е?бекпен шы?далады""
    ["seo_title"] => string(67) "ozin-ozi-tanudan-ashyk-sabak-zhospary-adam-ien-biekpien-shyn-dalady"
    ["file_id"] => string(6) "304315"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457699108"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Еңбек -өмір мәні өзін -өзі танудан ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(49) "ien_biek_omir_m_ni_ozin_ozi_tanudan_ashyk_sabak_1"
    ["file_id"] => string(6) "359955"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479410773"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Внеклассный урок на тему: "Физика п?нінен ойын саба?ы""
    ["seo_title"] => string(55) "vnieklassnyi-urok-na-tiemu-fizika-p-ninien-oiyn-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "269652"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450879964"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) "Жалпы білім беретін мектепте өзін-өзі тану пәнін психологиялық - педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ету"
    ["seo_title"] => string(80) "zhalpy_bilim_bierietin_miektieptie_ozin_ozi_tanu_p_nin_psikhologhiialyk_piedagho"
    ["file_id"] => string(6) "353579"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1477850881"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Е?БЕК-?МІР М?НІ (саба? жоспары)"
    ["seo_title"] => string(33) "ien-biek-omir-m-ni-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "275843"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452621069"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства