Просмотр содержимого документа
««Елбасы мұраты- ел бақыты, гүлденген Қазақстан»»
Тақырыбы: «Елбасы мұраты- ел бақыты, гүлденген Қазақстан»
Мақсаты: оқушылардың алдарына қойған мақсаттарын біле отырып,оларға бағыт-бағдар, ақыл – кеңес беру.Елбасының еңбектегі ерліктері жөнінде білім бере отырып, Қазақстандық патриотқа тәрбиелеу. Гүлденген Қазақстан туралы білімдерін дамыту, болашақтың жарқын және ашық болатынына сенімділіктерін арттыру. Білімге деген құштарлықтарын ояту.
Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, карточкалар, музыка, шарлар т.б.
Өнеге сағатының түрі: ой бөлісу, кездесу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу. Мақсаты және міндеті. Әнұран орындалады.
2.Тренинг «Сиқырлы тілектер» (оқушылар өздерінің сыныптарына гүл
сыйлап,бір- біріне жақсы лебіз айтады.) Плакатқа гүлдің суреті
салынады.
Тәрбие сағатына кіріспе сөз.
Эпиграф:
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа!»
Н.Ә. Назарбаев
Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Елбасы мұраты- ел бақыты, гүлденген Қазақстан » Ән айту «Астана»
Жоспар:
- «Сыр ашу орындығы » болашаққа сенімділік ойыны.
Жастық маған от берді жалындат деп,
Жастық маған оқ берді жауыңды ат деп,- әр оқушы «Сыр ашу» орындығына отырып «Елбасы мұраты- ел бақыты, гүлденген Қазақстан» өз болашағын қалай елестетеді осы туралы ой толғауларын айтады.
- Ал, енді осы болашағымыз жарқын болсын десек, оның қандай болғанын қалар едің.... «Болашаққа хат» (оқушылар әрқайсысы бір шарға болашақтың қандай болғанын қалайтынын жазып ұшырады.)
- Егеменді , өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастар, жас жеткіншектер.Қазір екі топқа бөлініп іскерлік ойын бастаймыз. Мақсаты- құқықтық тәрбие бере отырып,тәуелсіз мемлекетіміздің жас жеткіншек-терін азамат ретінде көрсете білу.
Бірінші топ- «Азамат»
Ұраны: «Азамат атанған адам- өз туған мемлекеттің міндеті мен құқығына ие»
Екінші топ- «Президент»
Ұраны: «Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін күйе алады»
«Кім көп біледі» (слайд көрсетіледі.)
Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесің?
Құқықтық норма дегеніміз не?
Құқық дегеніміз не?
Тәртіп деген не?
Иман деген не?
Қандай құқықтық жүйені білесіңдер?
«Ойды аяқта» (мақал – мәтел айтудан жарыс)
Ұрлық түбі ..... (қорлық)
Біреуге ор қазба....... (өзің түсерсің)
Заңның құрығы ......(бәрінен ұзын)
Тура биде .....(туған жоқ)
Туғанды биде......(иман жоқ)
Қолыңмен істегенді .......(мойныңмен көтер)
Еңбек түбі.......(зейнет)
Өтірікшінің құйрығы ....(бір-ақ тұтам)
«Ұлттың ертеңі – бүгінгі ұрпақтың мойнында.Ел бірлігі! »
«Ұлттың ертеңгі- бүгінгі ұрпақтың мойнында. Ел бірлігі! Елге тұтқа болар елдің де көкейіндегі басты мақсат осы болса керек. Жастардың да көксегені бірлік, тыныштық, елдің тұтастығы. Халқын, киіз туырлықты қазақты ғасырлар бойы көксеген арманына қайтсем жеткізем деп жүретіндер қаншама! Елдің жастарды тірек санауының сыры неде? Себебі,Қазақстанның гүлденуі болашақ жастардың қолында екенін нақты айтуға болады.»
Биыл еліміздің ата заңына он бес жыл толады. Ендеше осы ата заң туралы қысқаша айта кетуге болады. Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
Қазақстан Республикасының заңы 9 бөлімнен 98 баптан тұрады.
I бөлім. Жалпы ережелер II бөлім. Адам және азамат III бөлім. Президент IV бөлім. Парламент V бөлім. Үкімет VI бөлім. Конституциялық кеңес VII бөлім. Соттар және сот төрелігі VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Психологиялық тренинг «Жаман қасиеттерден арылайық». Дұрыс тәрбие , сапалы білім алу үшін, еліне адал қызмет ету үшін әрбір жеткіншек өз бойындағы жаман қылықтардан арылу керек. Ендеше осы тренинг мақсаты өз бойымыздағы жаман әдеттерімізді өшіріп тастау. Әр оқушыға екі ақ парақ таратып, бір параққа жақсы, ал екіншісіне жаман қылықтарын жаздыру. Жақсы қасиеттері жазылған қағазды жан қалтасына салып, жаман қасиеттері жазылған парақты жыртып, қоқысқа тастайды. Осылайша тәрбие сабағын қорытындылаймыз. Куратордың қорытынды сөзі ретінде оқушыларға тәрбие сағатының ерекшеліктері, бүгінгі сабақта не білгені жайлы ойларын тыңдай отыра мына өлең жолдарымен аяқтаймын.