Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты «Елбасы м?раты – ел ба?ыты, г?лденген ?аза?стан!» »
Сабақтың тақырыбы:
«Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан!»
Сабақтың эпиграфы: «Сүйер ұлың болса , сен сүй – сүйінуге жарар ол»
Абай Құнанбаев.
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол –Тәуелсіз Қазақстан!»
Н. Назарбаев
Сабақ жоспары:
І.Кеше
1.Тарихты білмеу-тамырсыздық.
ІІ.Бүгін
1.Тәуелсіздік-тұғырым
2.Қазақстан - біздің Отанымыз
3.Елбасы мен Елорда егіз ұғым
4.Рәміздерді насихаттау.
ІІІ.Ертең.
1.Білімді ұрпақ – ел ертеңі.
Біз қазақ деген-бір ұяның балапаны едік,
Сұңқар болып жетіліп,самғап ұшайық
Біз қазақ деген-бір тоғайдың ағашы едік,
Орман болып жайқалып,жасылданайық!
Біз қазақ деген-бір биенің құлыны едік,
Тұлпар болып жетіліп,бәйгеден озайық
Біз қазақ деген-бір дастархан едік,
Ата мекенді түгел қамтиық!
Әйтеке би.
Халық күші керемет десек те,ерек,
бір перзент биіктеп,өсер бөлек.
Қанша ақылды,қанша көп болғанымен,
әр халыққа кемеңгер көсем керек.
Күләш Ахметова
Теңдіктің тезі теңселме,
Еркіндік жолы-егес-ті.
Бақыттың жолы-бәсеке,
Ырыстың жолы-бейнет-ті
Азаттық жолы – азапты,
Төземісін,қазағым!
Азаттықтың қамы үшін!
Болашақтың бағы үшін!
Ұлы жорық бастаймын,
Айналайын қазағым!
Бастай алмасам -маған серт!
Қостай алмасан-саған серт!
Қазақтың қайран даласын
Жағасын жайлау ел қылам
Қара сирақ боласын
Басқалармен тең қылам.
Кеткен кегін қайтарып,
Іргесі тыныш,төрі кең,
Мерейі биік,бағы зор.
Ырысы шалқар кол қылам
Осы жолда қазағым!
Тойсалар болсам маған серт!
Тайқып кетсен-саған серт!
Еремісін әлумет!
Абылай хан.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Н .Ә.Назарбаев
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы,Қарасай ауданы,Шамалған ауылында дүниеге келген.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым,Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
Қызмет жолы:
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960 – 69 жж. – Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969 – 73 жж. – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия – комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973 – 77 жж. – Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977 – 79 жж. – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2 – ші хатшысы.
1979 – 84 жж. – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984 – 89 жж. – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
1989 – 91 жж. – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы.
1990 ж. ақпан – сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен – Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1 –інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен ( 98,7 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29 ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10 – ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4 – інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.