Сабақтың тақырыбы: Ел рәміздері.
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды Отанын сүюге, ел рәміздерін қастерлеуге үйрету,
түсіндіру.
2.Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілетін арттыру,
білімдерін одан әрі дамыту.
3.Оқушыларды мемлекеттік белгілерді аса маңызды екенін, оны
ерекше құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді жетілдіру.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту технологиясы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, суреттер,
слайдтар.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
Амансыңдар ма, балалар,
Күн сайын өскен саналар,
Талапты бол, талантты,
Бүгінгі сабақ елімізге арналар.
2.Психологиялық дайындық.
Біз тілейміз бар балаға,
Бақытты өмір сүргенін
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын, күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер-білім нәрімен.
Әлемдегі баланың
Дос боламыз бәрімен.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
А) «Астана» тақырыбы бойынша түсінігін айту.
Ә) «Ой шақыру» әдісі.
егеменді
Қазақстан қандай мемлекет
тәуелсіз гүлденген
көп ұлтты бейбітшілікті сүйгіш
4.Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын шығарып алу үшін сөзжұмбақ шешу.
А)
1.Киіз үйдің жоғарғы бөлігі не? (шаңырақ)
2.Қазақстан қандай ел? (тәуелсіз)
3.1997 жылға дейін Астана қаласы қалай аталды? (Ақмола)
4.Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
5.Ұлттық мереке? (Наурыз)
6.Н.Ә.Назарбаев кім? (Президент)
7.Қазақстан неше елмен шектеседі? (бес)
8Музыкалық аспап? (домбыра)
Қазақстан туымен тұғырлы ,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Рәміз-белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге жанама сипаттапкөрсетуден туатын сырт таңба, эстетикалық категория, шартты белгі.
Ә) Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтың 177-бетін ашып тақырыппен танысу.
Б)Алғашқы бөлікті мұғалім оқып береді.
Мемлекеттік Ту-1- қатардан бір оқушы оқиды.
Мемлекеттік Елтаңба- 2-қатардан бір оқушы оқиды.
Мемлекеттік Әнұран 3- қатардан бір оқушы оқиды.
В) Суретпен жұмыс.
Г) «Сипаттау» әдісі.
1-қатар Мемлекеттік Туда не бейнеленгенін айтады.
2-қатар Мемлекеттік Елтаңбада не бейнеленгенін айтады.
3-қатар Мемлекеттік Әнұранда не жөнінде айтылатынын баяндайды.
( рәміздердің суреттері көрсетіледі)
Д) Сергіту сәтін «ПОЭЗИЯ МИНУТЫ» бойынша ұйымдастырамын. Туған жер,Отан, Тіл туралы өлеңді кім жатқа біледі?
Е) «Мың бір мақал» сайысы. Мұғалім мақалды бастайды,оқушы жалғасын табады.
Отан оттан да ...
Ел іші - ...
Отан от басынан ...
Туған жерге ...
Туған елдей ел болмас ...
5. Қорытынды. Сұрақтарға жауап беру.
Сәйкестендіру.
Н.Назарбаев Ж.Нәжімеденов Ш.Қалдыаяқов |
6.Үйге тапсырма:Ел рәміздері мазмұндау.
7.Бағалау.Смайликтер бойынша оқушыларды бағалау.