Сабақтағы әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ-жауап, ой қозғау, көрсету,
түсіндіру, тақпақтар, сергіту сәті, қорыту.
Пән - аралық байланыс: дүниетану, өзін өзі тану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Балалар бүгін бізде әліппе сабағы ерекше сабақ болмақ. Бізге көптеген қонақтар келіп, сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді, алғырлықтарыңды көруге келіп отыр. Жыл мезгілін, ай аты, апта күнін пысықтау.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тақпақ арқылы қалыптастыру.
Сергіту сәті.
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Енді, балалар бүгін өтетін жаңа тақырыбымызға көшейік. Мен жаңа тақырыпты жұмабақ жасыру арқылы бастағым келіп, сендер жұмбақтың шешуін тауып көріңдер.
Жұмбақ шешу. 1- слайд. Жұмбақ арқылы Е әрпін таныту.
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды.
Балалар бұл не екен? (Ешкі)
Ашылып, жабылады,
әр үйден табылады.
(Есік)
Ешкі, Есік сөзідерінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? Міне, балалар бүгін біз Е дыбысы мен әріпімен танысамыз. Қане дыбыстайық (е, е, е). Мынау Е дыбысының әріп таңбасы, бас әрпі, ал мынау кіші әріп таңбасы. Е дыбысы жіңішке дауысты дыбыс. Бірге қайталайық. Е дыбысы жіңішке дауысты дыбыс.
Ой қозғау:
а) Дыбыс деген не?
ә) Әріп деген не?
б) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
в) Е дыбысы қандай дыбыс дедік?
ІV. Оқулықпен жұмыс.
а)
- Балалар қараңдаршы ненің суреті берілген?
- Елеуіш.
Елеуіш сөзі тақтаға жазылып, дыбыстық талдау жасалады.
ә) Келесі бағандағы буындарды кезектесіп оқиық.
Ал ар та қа са ла ма да
Ел ер те ке се ле ме де
б) «Лақ» мәтінін сөйлемге бөліп, кезектесіп оқимыз. Оқушыларға мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтып беруге мүмкіндік туғыза отырып, әңгімелеу үрдісін тұрақты тәжірибеге айналдырамыз.
в) ата, әже, әке, ана, аға, іні, сіңлі. Туыстық атауларды оқимыз. Жеке бір оқушыға оқытамын.
г) Біртіндеп бірінші жақтағы айтылған ойды, екінші, үшінші жақта айтуға үйрету жұмысы жүргізіледі. Оның үлгісі оқулық бетінің төменгі жағында берілген.
Менің лағым.
Сенің лағың.
Оның лағы.
V. Дәптермен жұмыс.
Балалар, біз е дыбысын естіп дыбыстадық, енді оны көзіміз көріп әрпін жазамыз.
Сергіту сәті.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп - түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
Алдымен, е әрпін ауада жазу. е әрпін тақтада жазу. Енді №2 жазу дәптерінің 24 бетіндегі е дыбысының кіші әрпін жазу жаттығулары жүргізіледі. е әрпінің салыну жолдарын бастырып жазу арқылы дәптерге жазамыз. Одан әрі ел, ер сөздерін көркем етіп жазу жұмысы қадағаланады.
Енді біз жаңа ғана үш жақта айтып өткенбіз, қайталайықшы. Менің лағым, сенің лағың, оның лағы. Осы сөздерді дәптерге жазамыз.
Келесі, оқушылардың көңілін дәптердің шетінде берілген шартты белгілерге аудара отырып, «Лақ» сөзіне бояу арқылы дыбыстық талдау жасалады.
Төменде берілген әке, әже сөздерін жазамыз.
Сергіту сәті.
Жаздық, жаздық өзіміз,
Талып қалды қолымыз.
Бір, екі, үш,
Жинап алдық күш.
VІ. Оқулықпен жұмыс.
Оқушылардың назарын оқулықтың 71 - бетіндегі мазмұнды суретке аударып, әңгіме құрауды тапсырылады. Әсем самауырға су құйды. Ермек суретші. Ермек аулада әдемі сурет салды.
Төменде берілген «Ойланайық» бөлімінде берілген әріптерді қосу арқылы сөздер мен буындарды оқимыз.
Сергіту сәті.
« Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
а) Е дыбысынан келетін сөздер айту: Ержан, Ермек, Ерлан, Ертіс, Есіл, емен, ел, елік, ешкі, еден.
ә) Е дыбысы бар сөздерді буынға бөлу: әже, әке, жер, бес, жел, немере, сурет, текемет.
б) Е дыбысын әр топтан 3 – 4 баладан оқыту.
VII. Сабақты қорытындылау
Е дыбысы – жіңішке дауысты дыбыс, тіл арқылы жасалады, сөздің басында, ортасында, аяғында да келеді.
VІII. Бағалау.
Оқушылардың білімінфигуралар, смайлик және гүлдер арқылы бағалау.