1. И и дыбысы мен ?рпін ме?герту. И дыбысыны? б?лек буын ??райтынын, И дыбысыны? ??сас Й дыбысынан айырмашылы?ын т?сіндіру
2. И дыбысы кездесетін с?здерді о?ыту ар?ылы с?здік ?орларын дамыту
3. Тап?ырлы??а, ізденімпазды??а, ?дептілікке баулу
Саба?ты? т?рі: жа?а саба?ты ме?герту
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"И дыбысы мен ?рпі"»
Сабақтың тақырыбы: И и дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: 1. И и дыбысы мен әрпін меңгерту. И дыбысының бөлек буын құрайтынын, И дыбысының ұқсас Й дыбысынан айырмашылығын түсіндіру 2. И дыбысы кездесетін сөздерді оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту 3. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, әдептілікке баулу Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту Өткізу әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, жұмбақтар, суретпен жұмыс Көрнекілігі: кеспе әріптер, оқулық, мазмұнды сурет, слайдтар. Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі - Оқушылармен амандасу - Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу - Сабаққа зейіндерін аудару
Психологиялық сәт. Кел, балалар оқылық Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық. Оқысаңыз балалар Шамнан шырақ жағылар Тілегенің алдыңнан Іздемей - ақ табылар
ІІ. Ой қозғау. — Сонымен бізде қазір қандай сабақ? — Сауат ашу сабағында нені оқып үйренеміз? — Оқуды, жазуды оқып үйрену үшін біз не білуіміз керек? — Әріп дегеніміз не? — Дыбыс дегеніміз не?
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау. — Сонымен өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық? Дидактикалық ойын «Сөз ойла, тез ойла» (мен сендерге текше көрсетем сол дыбысқа бір сөзден айтып, мазмұнды сөйлем құрастыру ) IV. Мақсатын ашу
V. Жаңа сабақ 1) Жұмбақ жасыру - Өзі төрт қанатты, Және алты аяқты, Сөйтсе де тікұшаққа ұқсайды. (инелік) - Тұмсығына жібін байлап Сүңгіп батып, сүңгіп батып, бұл мықты, Бүтіндейді жыртықты. (ине) - Ине, инелік сөздері қандай дыбыстан басталып тұр? - И дыбысынан басталып тұр.
Ендеше біз бүгін Ии дыбысымен танысады екенбіз. - И дыбысын айтып көрейік - И - и - и - Қалай айтылады? - Созылып айтылады. - Созылып айтса қандай дыбыс болады? - Дауысты дыбыс. - Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз? - Қызыл түсті текшемен. - И дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? - И дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі? - Осы әріпке ұқсас қандай әріппен таныстық? - Й әрпімен таныстық - И және Й әріптерінің айырмашылығын түсіндіру. V. Кітаппен жұмыс - И дыбысына байланысты сөздерді оқыту 4) Мәтінмен жұмыс - «Ит» мәтінін оқыту Ит – адамның досы. Олар иесін қорғайды. Балалармен ойнайды. Мал бағады. Аң да аулайды. Итке иесі – қамқоршы. - Мәтін не туралы? - Ит туралы - Ит не істейді? - Ит мал бағады, аң аулайды - Мәтінде неше сөйлем бар? - Мәтінде 6 сөйлем бар
Сергіту сәті
Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
VІ) Тақтамен жұмыс - «Ит» мәтінінің бірінші сөйлемін тақтаға жаздыру - Сөйлемді дауысты, дауыссыз дыбысқа ажырату - Екінші сөйлемді жаздырту - Сөздерді буынға бөлдіру VІІ) Дәптермен жұмыс - И әрпін ауада жазып көрсету - И дыбысының бас, кіші әріптерін тақтаға жазып көрсету - Ине, инелік, шие сөздерін жаздыру VІІІ. Сабақты қорытындылау Біз бүгін И дыбысы және әрпімен таныстық Мадақтау